«Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» кмм ғаа және құжаттарды пайдалану бөлімі



жүктеу 0.75 Mb.
бет4/4
Дата04.03.2018
өлшемі0.75 Mb.
1   2   3   4

Айы, күнi белгiсiз атаулар:



  1. Алаш қайраткері Отыншы Әлжановтың туғанына 145 жыл. (1873 - 1918)

Отыншы Әлжанов – белгілі қоғам қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, фольклорист. Ол Семей облысы Зайсан уезі, Нарын болысында дүниеге келген. 1918 жылы қайтыс болады. 1887 жылы орыс-қазақ училищесін аяқтайды. 1890-1894 жылдары Омбы гимназиясын және мұғалімдер семинариясын оқиды. 1894-1895 жылдары генерал-губернатордың аудармашы-кеңесшісі, 1895-1907 жылдары Ақмола облыстық сотының аудармашысы, 1907-1909 жылдары Көкпекті ауданындағы қазақ-орыс училищесінің меңгерушісі болып қызмет етеді. 1907 жылы Санкт-Петербург қаласында бұратана халықтарының мектептері туралы комиссия отырысында қаралған сұрақтар бойынша, қазақ халқының дамуындағы мәселелер туралы баяндама оқиды. О.Әлжанов қазақ даласындағы көші қон, ұжымдастыру мәселелеріне қарсы шықты. Осы үшін О.Әлжанов Лепсі уезі Семиреченск ауданына 5 жыл жер аударылады. 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін ол Семиреченск облысындағы «Алаш» қозғалысының басшыларының бірі болады. 1917 жылы 5-13 желтоқсандағы Орынбор қаласында өткен екінші бүкіл қазақ сьезінде Алашорда үкіметінің мүшесі болып сайланады. О.Әлжанов Семиречьеде большевиктерге қарсы күресте, Алаш милиция жасағын басқарып жүргенде қайтыс болады. Кеңес үкіметі оның отбасын саяси-қуғынға ұшыратады.

Әдебиеттер:

1. Бегалин К. В составе империи: детская энциклопедия Казахстана. - Алматы: Аруна, 2011. - С.84

2. История казахстана: энциклопедический справочник. - Алматы: Аруна, 2010. – С.46

3. «Казахстан» Национальная энциклопедия. Том.1 / гл. ред. Б.Аяган. - Алматы: Главная редакция «Қазақ энциклопедиясы», 2006. – С.203

4. Қапаева А. Отыншы Әлжанов // Қазақ тарихы. - 2001. - №3. - Б.58-64; №5. - Б.47-52; №6. - Б.53-57

5. Кәрімов М. Алашқа қызмет еткен Отыншы Әлжанов // Семей таңы . - 2016. - 15 сәуір. - Б.17

6. Кемеңгер Қ. Қымбатты Отыншы... сендей ұл туған ел ешкімнен кем болмас // Абай. - 2014. - №3. - Б.41-45

7. Сәтиев Х. Отыншы Әлжановты білесіз бе? // Семей таңы. - 2009. - 4 маусым. - Б.3

8. Сәтиев Х. Алаш арыстарының аты жаңғырды // Семей таңы. - 2015. - 3 қараша. - Б.3

9. Тайжігіт Б. Алаштың ардақтысы: отыншы Әлжановты лайықты бағалай алып келеміз бе? // Ертіс өңірі. - 2015. - Б.11Альжанов Отынши – общественный деятель, член Алашординского правительства, просветитель, фольклорист.



1878 Облыстық статистика комитетінің құрылғанына 135 жыл
1878 жылы Семей қаласында алғашқы облыстық статистика комитеті құрылады. Ол өлкенің мәдениеті мен тұрмыс тіршілігін зерттейтін, қызығатын тұңғыш мекеме болатын. Семей статистика комитетінің алғашқы хатшысы және басшысы болып Е.П.Михаэлис тағайындалды. Ол қалада 1869-1882 жылдар аралығында тұрып бүкіл қазақ халқының тарихын, мәдениетін зерттеп танып біледі. 1875-1882 жылдары Михаэлис жыл сайын облыстың әлеуметтік жағдайына есеп беріп, әкімшілік қаулылардың жобасын жасап отырған. Ол Семей қаласындағы 1883 жылы қоғамдық кітапханалармен өлкетану музейлерінің ашылуына негіз болған ұйымдастырушылардың бірі болды.

Комитетте белсенді роль атқарған, қазақ халқының этнографиясын зерттеуге ұзақ уақытын арнаған жергілікті судья П.Е.Маковецкий болды. Ол Ұлы Абаймен дос болған және А.Л.Блек, С.С.Гросс, Н.И.Долгополов және басқа саяси өкілдермен араласты.1887 жылы П.Е.Маковецкий жалпы статистикалық комитеттің отырысында Семей облысының этнографиялық жағдайын зерттеу мақсатында жасалған бағдарлама ұсынды. Комитеттің жалпы отырысы бұл ұсынысты қолдап, оған осы бағдарлама негізінде ғылыми материалдар жинауға жоғары жақтағы чиновниктерге ұсыныс айтуға кеңес берді. Алайда, Маковецкий және басқа өкілдер Семей қаласынан кетіп олардың қызметі ешкім жалғастырмайды. Статкомитет Семей музейіне қазақ тұрмысынан көрініс беретін заттарды жинастыруға үлкен көңіл бөледі. 1887ж комитеттің ұсынуымен Екатеринбург қаласында өткен Сібір-Орал ғылыми-өнеркәсіптік көрмесіне қазақтың этнографиясын көрсететін құнды заттарды қойды. 1894-1898 жылдары комитеттің хатшысы болып В.П.Никитин, одан кейін Н.Я Коншин болады. Осы азаматтардың бастауымен комитет үнемі жұмыс есептерін, отырыс хаттамаларын «Памятные книжки Семипалатинской области» кітапшасына жазып отырды, кітапшаның екінші бөліміне зерттеу материалдары да енгізіліп отырды. Комитеттің басқа мүшелеріне Семей облысы бойынша экономика, статистика, этнография бойынша мәліметтер жинау үшін іс-сапарларға шығу ұйымдастырылып отырды. Ауыл тұрғындарының саны, тұрғылықты тұрғындардың және көшіп келген тұрғындардың тұрмыс тіршілігін терең зерттеумен комитет хатшысы Н.Я Коншин айналысты.




Әдебиеттер:

  1. Бюллетень Семипалатинского Губернского Статистического Бюро №1, № 2, №3 15 октября 1923 г. - Семипалатинск: Типогр. Коопер. изд.-ва "Степная Правда", 1923. - 15 с.

  2. Поаульныя таблицы статистических сведеній Семипалатинской области на 1909 годъ. - 1909. - 753 с.

  3. Семипалатинскiй областной Статистическiй Комитетъ за 1894 годъ. - Семипалатинск: Типографiя Семип. Обл. Правл., 1895. - 62 с.

  4. Таблицы Статистическихъ сведеній Семипалатинской области за 1914 годъ. - 84 с.

  1. Зулхаров Г. Изучавший обычаи казахов // Наше дело. - 2015. - 1 октября. - С.10

  2. Кашляк В.Н. Семипалатинск. Три века истории. - Новосибирск, 2002. – 371 с.

  3. Палу Д. Статистика – муза итогов // Вести Семей. - 2010. - 1 декабря. - С.4

  4. Рамазанова Ф.С, Дауконова Р.Т Научное описание края в материалах деятелей Семипалатинского подотдела Западно-Сибирского Отдела Русского Географического Общества // Вестник Государственного Университета имени Шакарима города Семей. - 2016. - №3. - С.273-277

  5. Сазонова А. Здесь царил дух просвещения // Спектр. - 2008. - 18 июня. - С.16

  6. Семипалатинску 285 лет / сост. К.А. Байгужинов, М.А. Галиев. - Семипалатинск. - 2003. - 116 с.

  7. Сердалина С. Экскурс в историю казахстанского краеведения // Вести Семей. - 2017. - 31 января. - С.6

  8. Тусунбаева Т.У. Они были первыми // Арна. - 2002. - 29 марта. - С.



  1. Этнограф, өлкетанушы, суретші Виктора Белослюдовтың туғанына 130 жыл

(1883-1916)

Виктор Николаевич Белослюдов 1883 жылы Семей қаласында дүниеге келді. Әкесі облыстық правлениеде чиновник болып қызмет етті. Белослюдовтар отбасында тәрбиемен анасы айналысқан, сондықтан Виктор Николаевич әрқашанда мінезі нәзік еді. Виктор әкесінен ерте жасында айырылған. Барлық ауыртпалық жалғыз анаға батып отырды. Бірақ, Варвара Васильевна Белослюдова – Виктордың анасы барлық өмірлі ғұмырын балаларының тәрбиесіне арнады. Ол балаларына қызықты әңгімелер, тақпақтар ж.т.б кітаптар оқытуды талап етіп отырды. Өз күнделігінде Виктор былай деп жазады «Спасибо маме за воспитание. Она умная и добрая. Она никогда нас не наказывала, хотя мы, дети, может быть, и частенько заслуживали наказания». 1891 жылы күзде Викторды бес кластық қалалық училищеге оқуға береді. Ол сабақты жақсы оқиды, сурет салуға деген ынтасы жоғары болады. Сурет сабағында кейде мұғалімнің орнында қалып жүретін.

Гимназия ішіндегі курсты бітірген соң әрі қарай не істеймін деген сұрақ туады. Осылай үйіндегі отбасы мүшелерімен ақылдаса отырып, Виктор Мәскеу қаласына суретшілік білімін жетілдіруге оқуға баруға шешім қабылдайды. Виктор жолына аздап қаражат жинап 1899 жылы Мәскеу қаласына Строгановск өнер училищесіне оқуға түседі. Оның туындылары Парижде және Бүкілресейлік сурет көрмелеріне жіберілді. 1906 жылы Строганск училищесін аяқтаған соң өзінің отанына, туған өлкесі Семей қаласына келеді. Өз туған жерінде қызмет жасауға бел байлайды.

1906 жыл ағайынды Белослюдовтар музейі ашылады. Викторды туған өлкенің тарихы өте қатты қызықтырады. Оған ерекше қызықты болған өлкенің археологиясы мен тарихы болады. Көптеген коллекциялар жинақтайды. Музейде жиналған тарихи заттарды Виктордың жинауы арқылы жүзеге асқан. Музейдің көпшілігі картина галереясынан тұрды. Барлығы 4000 мыңнан аса заттар қойылды. Ол Семейдің орыс географиялық қоғам мүшесі бола жүріп облыстық тарихи-өлкетану музейінің құрылуына ат салысты. Қазақстанның белгілі өлкетанушысы Б.Г.Герасимов Виктор Николаевичпен қатты жолдас болған. Ол Виктор Николаевич туралы былай деп жазады. «Некоторые сибирские литераторы обращались с просьбой иллюстрировать их рассказы рисунками, и он охотно соглашался, - раз дело касалось родного края».

1910 жылы Томск қаласында поляк жазушысының поэмасы жарық көреді, оған Виктором Николаевичем Белослюдовтың 50-ге тартар иллюстрациялық суреттері дайындалған. Виктор Николаевич Шығыс Қазақстанның этнографиясы мен тарихын жинап, зерттеген аса айқын, өлкетанушы, археолог.

В.Н. Белослюдов тек сурет салумен айналысып қана қойған жоқ, оның қаламынан бірнеше өлеңдер жарық көрді. Өлеңдері «Семипалатинский край» газетіне басылып шығып тұрды. В.Н. Белослюдовтың өмірі қысқа болады, ол 23 наурызда 1916 жылы 33 жасына қараған шағында өмірден озды. Ол артына үлкен мұра қалдырды, қазақ және орыс ұлтының өкілдері арасындағы мықты достық сезімін келесі ұрпаққа үлгі қылып қалдырып кетті.

Виктор Николаевичтің оның шәкірттерінің салған сурет альбомдары, этнографиялық экспонаттары, киімдер, үй тұрмысына қатысты заттар, минералдар коллекциясы, палеонтологиялық қалдықтар, т.б көне жинақталған заттары Семей қаласындағы тарихи-өлкетану музейінің алтын қорында сақталған. Бұл экспонаттар зерттеушілермен өлке тарихын қызығатын азаматтардың қызығушылығын туғызады.

Әдебиеттер:

1. Джуманбаева Айнур. Они стояли у самых истоков // Вести Семей. - 2013. - 12 марта. - С.3



  1. Дурново Ирина. Исследователь Прииртышья // 7 дней. - 2013. - 4 июля. - С.9

  2. Дьяконова О. Его вдохновляла родина: о художнике и краеведе В.Н.Белослюдове // Голос народа. - 1998. - 7 мая

  3. Жуков П. "Бывают странные сближенья..." // Казахстанская правда. - 2006. - 17 февр. - С.11



Әнші, драмалық актер Әміре Қашаубаев, туғанына 130 жыл (1888-1934)
Әміре Қашаубаев - 1888 жылы (кейбір деректерде 1886 жылы) Семей облысы, Абыралы ауданына қарасты Дегелең тауының етегінде туды. Әкесі Қашаубай кедей адам болған. Әміре тұрмыстың үлкен ауыртпалығын бастан кешкен. Қандай ауыр жалшылық жұмыста жүрсе де Әміре мойыған жоқ. Жастайынан әнге үйір болып, ыңылдап ән салатын. Әрі-бері өтетін қала жұрты керемет дауысты естіп тыңдап тұрып қалады екен. Кейіннен қаладағы болатын ойын сауық Әміресіз өтпейтін болды. Тұрмыс тауқыметі қаншалықты қиын болса да мейірімді әке-шеше өнерлі баланың маңдайын қақпады. Сөйтіп, әке-шешенің батасын алған өнерлі бала жалшылықтан босап, Арқа әншілерінің Меккесі болған Қояндыға жол тартады. Бұл Әміренің ән сапарына, музыкаға жол тартқан кезі болды. Онда жаяу Мұса сияқты әншілермен кездесіп, үйреніп, репертуарын байытады. Әншілерден үйрене жүріп өзінің ән айту стилін байытуға күш салады. Сөйтіп, он үш жасынан ән салып, Жаңа Семейдің шала қазақ, татарлар арасында "әнші бала" атанып, жасы он сегізге таянған Әміре үшін үлкен жаңалықтар болды.

Әнге байып Семейге қайтқан Әмірені қалалықтар қызу қарсы алды. 1921-1924 жылдары Семейде құрылған "Ес-аймақ" ұйымына кіріп, әншілігін шыңдай түседі. Онда ол әнші Майрамен кездесіп домбырамен, гармонға қосылып Семейдің жәрмеңкесін қыздыра түсті. Әміре дауысы Мәскеуге дейін жетіп:

"Қазақ өншісі Әміре Қашаубаев Парижде болатын жержүзілік көрмеде қойылатын этнографиялық концертке қатысуға келісім бере ме екен? Соның хабарын тез білдіруіңізді сұраймыз. Жол қаражаты, гонорары төленеді. Мерзімі - июнь, июль айлары. РСФСР Халық Ағарту Комиссары - Луначарский" деген Семейдің губерниялық ағарту бөліміне телеграмма келеді.

Әміре Мәскеуге жол тартады. Парижде болатын концертке қатысу үшін астанаға басқа ұлт республикаларынан белгілі өнерпаздар келеді. Париж концертіне дайындық есебінде өткен Үлкен театрдағы концерт табысты етті. Ол туралы: "Керемет концерт. Керек болса - башқұрттың қурайшысы Исенбаев, қазақтың әншісі Әміре Қашаубаев, өзбектің бишісі және әншісі Тамара Ханум. олардың өнерлері еуропалықтардың нөмірлерінен кем түспейді, ал қолдарындағы қандай жұпыны құрал десеңізші- деп жазады "Правданың" 1925 жылғы 26 июнь күнгі номерінде.

Әміре этнографиялық ансамбльмен Парижге барып қайтады. Парижде 11 концерт береді. Сол коцерттерде Әміре өзінің сүйікті әндері "Ағаш аяқ", "Үш дос", "Екі жирен", "Дудар", "Қос барабан", "Қызыл бидай" тағы басқаларын айтады.

Ансамбльдің концерті бұрын-соңды ондай музыканы тыңдамаған Париж халқына қатты ұнайды. Ол туралы "Қазақтың әншісі Әміре Қашаубаев өзінің халықтық манерада айтылатын емін-еркін даусына ұлт аспабы домбырасының сүйемелін қосып өз елінің жаныңды толқытатын әндерін орындады", - деп жазады.

Француздың белгілі музыка зерттеуші ғалымы "Лемюзикаль" журналында Әміренің дауысы сирек кездесетін музыкалық көрініс екенін жазады. Әміре Қызылордадағы театр труппасына жұмысқа кіріп, 1926 жылы январьдың 13-күні М.Әуезовтің "Еңлік-Кебек" пьесасы мен қазақ тарихында бірінші рет қойшы Жапалдың ролін сомдайды. Сөйтіп, Әміре әрі әнші, әрі актер ретінде де таныла бастайды.

1927 жылы сәуір айында Әміре тағы Мәскеуге шақырылып, советтер съезінде концертке шығып, тағы бір үлкен табысқа ие болады. Сол жылдың жазында әнші Германияның Майнадағы Франкфурт қаласында болатын Жержүзілік музыкалық кермесіне жіберіледі. Мұнда Әміре тоғыз концерке қатысып, көрермендердің үлкен сүйіспеншілігіне бөленеді. Сөйтіп, шетелге екінші рет өнер көрсетуге шыққан әнші өнер қайраткерлерінің ішінде ерекше табысқа ие болады.

Әміре қайтып, Қызылордадағы театрына келеді. 1928 жылы театр Алматыға көшкенде де бірге жүреді. Концерттерде басты артист болып белгіленеді. 1933 жылы драма театрының жанына құрылған "Музыкалық студияның" ішінде бірінші болып жүреді. Ол студия келесі 1934 жылдың 13 қаңтарында "Музыкалық театр" болып, М.Әуезовтің "Айман-Шолпан" атты музыкалық пьесасымен ашылды. Онда Әміре басты рольдің бірін атқарады. Бірақ өмірі ұзақ болмай сол жылдың күзінде қайтыс болады.

Сөйтіп, замана көшінде аққан жұлдыздай із қалдырған өнер саңлақтарының бірі- Әміре Қашаубайұлы болды. Оның есімі қазақ өнері тарихында алтын әріппен жазылды. Әміренің керемет қайталанбас даусын шетелдіктер өте жоғары бағалады. Франция ойшылдары Анри Барбюс: "Мен Әміредей әншіні сирек кездестірдім"-десе, Ромен Роллан Әміре даусына қайран қалып: "Мен Шығыста әншіні бұлбұл құсқа неге теңейтінін енді түсіндім"- деп жазады. Ал, Мұхтар Әуезов 1920 жылдарда "Ес-аймақ" ұйымында жүргенде-ақ: "Сен, Әміре, Семей өңірінің ғана емес, бұған қоса Ұлы жүз бен Кіші жүз өндерін, романс сияқты ырғағы мол, сезімі зор Мұхит әндерін үйренуің керек. Сонда ғана сен жалпы қазақ әншісі атанасың. Ал қазақ атынан ән айтсаң есімің әлемге танылады"- деп сол кезде-ақ көрегендік танытқан.

Ал, Әміре туралы жазушы, өнер зерттеуші Жарқын Шәкерімов: "Әміре ғасыр кешіндегі замана тудырған дара тұлға. Халқымызда әйгілі әншілер жүздеп саналады, өсіп келеді, әлі де туар. Ал, Әміре жалғыз. Ол халқымыздың мәңгілік тарихында солай сақталуы тиіс", - деп бағалайды.

Әдебиеттер:
Әміренің Париж сахнасында тартқан домбырасын жасаушы шебер [Мәтін] // Ертіс өңірі. - 2016. - 24 ақпан. - Б. 17

Ескекбаев, Д.Мәскеу мұрағаттарындағы Әнші Әміре деректері [Мәтін] / Д. Ескекбаев // Ертіс өңірі . - 2016. - 12 тамыз. - Б. 10-11

Иманбаева А. Ән атасы Әміре // Мәдениет.-2010.-№ 2.-43-45 б.

Нұғманбекова, Р. Әміренің Отаны - әннің Отаны: семейде Әміре Қашаубаевтың 125 жылдығына орай бірқатар шаралар өтуде. // Дала мен қала. - 2013. - 14 қараша. - Б. 16

Нұрқасым, Қ.Спектакльден кейінгі ойлар [Әміре туралы] // Ертіс өңірі. - 2013. - 18 желтоқсан. - Б. 10

Нұрқасым Қ.Әнші тағдыры - ұлт зиялылардың тағдыры // Театр.кz. - 2015. - №1. - Б. 54-56



1898 Ақын Иса Биназаровтың туғанына 120 жыл (1898-1964)
Иса Биназаров - кезінде әрі ақын,әрі күйші атанған өнерпаз адам. 1898 жылы Абай ауданының Абыралы совхозында дүниеге келген. Арғы атасы Байжан да, өз әкесі Биназар да кезінде елге мәлім, дәулетті адамдар болған. Иса жастайынан-ақ аңыз, қиссаларды жатқа айтатын болған. Бертін келе Абайдың және оның төңірегіндегі ақындардың өлеңіне ден қойып, жаттап, өзі де өлең шығара бастайды.Ескіше білім алса да, оқығанынан тоқығаны көп Иса кейінірек тағы да бір үлкен өмір мектебіне тап болады. Бұл Иса 1917-1919 жылдары екі жылдық педкурста оқиды. Көкірек көзі ояу, өнердің дәстүрлі мектебінен тәлім алып келген ол, озық ойлы, танымы мол замандастарымен танысып, оларға жақын жүруге ұмтылады. Әртүрлі үйірмелерге қатысып, халық алдына шығып өнер көрсете бастайды.

Жаңа заман, жаңа дәуір ықпалына орай енді оның өлеңдерінде де жаңа тақырып, тың ойлар бой көрсетеді.Осында өткен екі жылда ол қазақтың тарлан ұлдары Қ.Сәтбаевпен, Ж.Аймауытовпен, Ә.Қашаубаевпен танысып, араласады. Сол кездегі қазақ жастарының зиялылары атанған осы адамдардың касына еріп, жаңа өмір идеяларын насихаттауға бейімделеді.

Ақынның замандастарының айтуына қарағанда, ол әсіресе, Ж.Аймауытовпен жақсы қарым-қатынаста болған екен. Аз ғана бірге болғанмен олардың өмірге деген көзқарастары, жалпы ой-пікірлері тоғысқан тәрізді. Сол кісінің ақылымен Иса сол кезде шығып тұратын «Қазақ тілі» газетіне ел өмірі туралы хабарлар жіберіп тұрған.

Иса Биназаров ғұмырының негізгі арқауын әділдікті қорғауға, қараңғылық жайлаған ел көкірегін оятуға бағыштаған адам.

Айтыс - ақындардың өнер сайысы, ұрпақтан ұрпаққа қанаты талмай шарықтап келе жатқан ауыз әдебиетінің - шеберлік пен тапқырлықтың, өлең өнерінің кестесі.

Иса да өзінің шеберлігімен, тапқырлығымен, ұшқырлығымен айтыс ақыны атанған сөз зергері, Иса мұрасымен таныс жанашыр қауым оның бірнеше айтыс-сайыстарын біледі.Ол Қазақ ССР Ғылым академиясы М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ұйымдастыруымен 1961 жылы тамыздың 3-5-күндері Алматыда өткен ақындардың республикалық мәслихатына қатысты. Өлеңді өмірлік серік еткен Иса оның әртүрлі жанрларына қалам тербеген. Акынның «Ақылға бағынышты», «Қарқаралы-Қазыбек» тәрізді бірнеше поэмалары бар. Өкінішке орай бұл өлеңдер баспа бетін көрген жоқ. Өлеңдері «Халақ ақындары»,(1953). «Пернедегі термелер» (1965), «Айтыс» (3-т., 1965) жинақтарына енген.

Иса өнерінің сабақтас тағы бір саласы - оның күйшілігі. Абай, Абыралы өңірінің жұртшылығы оны Толеуғожа күйшінің ізбасары, дәстүрлі Тоқа күйлерінің насихатшысы ретінде жаксы біледі.

Иса Биназаров - ақындығымен, күйшілігімен ел аузына іліккен өнерпаз ғана емес, ұйымдастырушылық қасиеті мол, ел басқарған қадірменділердің бірі. Ол кісінің өмірбаянында мұғалім, мектеп директоры, қызыл отау басшысы, сот қызметкері болғандығын көрсетеді. Оның осындай қоғамдық өмірі мен қызметі туралы белгілі жазушы С.Бегалиннің «Замана белестері» деген романында жан-жақты ашып көрсетеді. Иса Биназаров 1964 жылы Алматы қаласында өмірден кайтты.


Әдебиеттер:
Асабаев З. Иса ақынның ұлы Амантай ғалым // Мәдениет. - 2012. -№4. - Б.44-45; Парасат. - 2011. - №11. – Б.10-11

Әлімбек Қ. Атадан ұл туса игі еді // Қазақ әдебиеті. - 2005. - 20 мамыр. – Б.І2

Биназаров И. Ақылға бағынышты // Семей таңы. - 2003. - 14 наурыз. –Б.14

Дүйсембаев М. Иса Байназаров: естен кетпес есімдер // Семей таңы.- 1990.-18 тамыз.



Елдің елдігі мен берекесін жырлаған: [ақын Иса Биназарұлының туғанына 100 жыл] // Үш анық. - 1998. - 1 тамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет