Балл сомасын анықтаудың мысалы
3 кесте
Көрсет-
кіштер
|
Рейтинг көрсеткіштері %
|
1 нұсқа
|
2 нұсқа
|
3 нұсқа
|
|
сынып
|
балл
|
сынып
|
балл
|
сынып
|
балл
|
Өк
|
40
|
1
|
40
|
2
|
80
|
3
|
120
|
Өтк
|
30
|
1
|
30
|
2
|
60
|
3
|
90
|
Мққк
|
30
|
1
|
30
|
2
|
60
|
3
|
90
|
Жиыны
|
|
|
100
|
2
|
200
|
3
|
300
|
Барлық мәні 1-ші сыныпқа сәйкес келетін коэффициенттер мен көрсеткіштер кезіндегі балдардың саны 100-ге тең болады, ал 2-ші сыныпта – 200 және 3-ші сыныпта – 300-ге тең (1,2,3 нұсқалар). Сондықтан балдардың аралық шамасына қатысты, яғни 100-ден 150-ге дейін 1-ші сынып (сенімді қарыз алушы), 151-ден 250-ге дейін – 2-ші сынып (тұрақсыз қарыз алушы), 251-ден 300-ге дейін – 3-ші сынып (сенімсіз қарыз алушы) беріледі. 4-ші нұсқадағы 180 балдық көрсеткіштердің мәні 2-ші сынып беруге, 5 нұсқадағы 280 балл кезінде – 3-ші сынып, ал 6 нұсқадағы 140 балл жағдайында 1-ші сынып беруге мүмкіндік береді.
Қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігін анықтаудың қосымша көрсеткіштерін есептеп шығарудың банктер үшін маңызы зор. Төменде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі ұсынған клиенттердің несие төлеу қабілеттілігінің қосымша көрсеткіштері келтіріліп отыр (4-ші кесте).
Қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігінің қосымша көрсеткішетірі
4 кесте
|
Көрсеткіштер атауы
|
Экономикалық
мазмұны
|
Есептеу
алгоритмі
|
Толық
|
Қыс-қар-тылған
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
Инвестицияланатын капиталға пайда
|
И к.п.
|
Қарыз алушының негізгі және айналым қаржыларын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Егер Ик.п 1-ден көп болса, онда бұл қарыз алушының меншікті айналым қаражатының жеткілікті екендігін білдіреді.
|
И к. п. =
|
Баланстық пайда
|
Жалпы активтер
|
|
2.
|
Жалпы пайда қалыпы
|
Ж п.қ
|
Кірістегі пайданың үлесін көрсетеді. Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, қарыз алушы соғұрлым рентабельді болады.
|
Ж п. қ. =
|
Баланстық пайда
|
Өнімдерді өткізуден түскен түсім-НДС
|
|
3.
|
Таза пайда қалыпы
|
Т п.қ
|
Кірістегі таза пайда үлесін көрсетеді. Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, қарыз алушы соғұрлым сенімді болады.
|
Т п. қ. =
|
Пайыздар мен салықтарды шегергеннен кейінгі пайда
|
Өнімдерді өткізуден түскен түсім-НДС
|
|
4.
|
Актив-тер айналы-мының коэффициенті
|
А а.қ.
|
Активтерді пайдалану тиімділігін сипаттайды. Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, инвестициялық капиталдың айналымдылығы соғұрлым жоғары болады.
|
А а. к. =
|
Өнімдерді өткізуден түскен түсім-НДС
|
Инвестициялық капитал
|
|
5.
|
Негізгі қаржы-лар айналымының коэффициенті
|
Н қ.а.қ.
|
Қарыз алушылардың негізгі қаржыларды пайдалануының тиімділігін сипаттайды. Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, негізгі қаржылардың айналымдылығы соғұрлым жоғары болады.
|
Н қ. а. =
|
Өнімдерді өткізуден түскен түсім-НДС
|
Негізгі қаржылар
|
|
6.
|
Несие берушілер айналымының кезеңі
|
Н а.қ
|
Жабдықтаушылармен жеткізген тауарлары мен қызметіне есеп айырысу үшін қанша уақыт қажет екендігін көрсетеді. Егер несие қарыздары өткізілген өнімдер көлемінің өсуі есебінен төмендеген жағдайда ғана несие қарыздарын төлеу айналымы жақсаратын болады.
|
Н а. к. =
|
Есепті кезеңдегі күндер санындағы есепті кезеңдегі несие қарыздарының орта арифметикалық мәні
|
Өткізілген өнімдерді өндіруге жұмсалатыншығындар
|
|
7.
|
Меншікті және қарызға алынған қаржы-лардың арақа-тынасы
|
М. Қ.
|
Қарыз алу көздеріне қарыз алушының қаржылық тәуелсіздігін сипаттайды. Бұл көрсеткіш неғұрлым төмен болса, қарыз алушы соғұрлым сенімді болады.
|
М. Қ. =
|
Қарызға алынған қаржылар
|
Меншікті қаржылар
|
|
8.
|
Деби-торлар-дың айна-лым кезеңі
|
Д а.к.
|
Сол кезең аралығында қарыз алушы сатылған тауарлар ақысын ала алатын, яғни ақша қаражаттарының қозғалысын қамтамасыз ететін және борыштық міндеттемелерді орындайтын уақыт кезеңін сипаттайды.
|
Д а. к. =
|
Есепті кезеңдегі (есепті кезеңдегі күндер саны) дебиторлық қарыздың орта арифметикалық мәні
|
Өткізілген өнімдерден
түскен түсім
|
|
9.
|
Тауар қорла-рының айна-лым-дылық кезеңі
|
Т қ.а.к
|
Тауар қорларының айналымдылығын сипаттайды. Бұл көрсеткіш неғұрлым төмен болса, соғұрлым қарыз алушы сенімді болады.
|
Н а. к. =
|
Орташа қорлар (есепті кезеңдегі күндер саны)
|
Өткізілген өнімдерді өндіруге жұмсалатыншығындар
|
|
10.
|
Несие қарыз-дары-ның айна-лымдылығы
|
Н қ.а.
|
Несие қарыздарындағы іс жағдайының өзгеруі мен белгілі бір кезеңнің динамикасын көрсетеді.
|
Н қ. а. =
|
Жыл ішіндегі өткізілген өнімдерден түскен түсім
|
Жыл ішіндегі несие қарызының орта арифметикалық сомасы
|
|
11
|
Айна-лым қаржы-лары-ның айна-лымдылығы
|
А қ. а
|
Айналым қаржыларын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды. Айналым қаржыларының айналымдылығы неғұрлым жоғары болса, қарыз алушы соғұрлым сенімді болады.
|
А қ. а. =
|
Жыл ішіндегі өткізілген өнімдерден түскен түсім
|
Жыл ішіндегі орта арифметикалық сомасы
|
|
12.
|
Деби-торлық қарыз-дардың айна-лымдылығы
|
Д қ. а
|
Талданып отырған кезеңдегі дебиторлық қарыз жағдайының өзгеруін көрсетеді.
|
Н а. к. =
|
Есепті кезеңдегі өткізілген өнімдерден түскен түсім
|
Есепті кезеңдегі дебиторлық қарыздың орта арифмети- калық сомасы
|
|
Оқулық әдебиеттерде несие төлеу қабілеттілігі негізгі өлшем көрсеткіші ретінде қазіргі коммерциялық банктердің оны жеткілікті түрде зерттейтіндігі ашып көрсетілді. Бұл тұрғыда әртүрлі көрсеткіштер мен коэффициенттер есептерін пайдаланып, басқа елдердің тәжірибесін зерттеп-үйренгеннің пайдасы мол.
Ресей тәжірибесінде (сол сияқты әлемдік тәжірибеде де) қарыз алушыны бағалау банк клиенттерінің ерекшеліктерімен, болуы мүмкін қаржылық қиындықтардың себебімен, банктің несие саясатымен анықталады. Қолданылатын коэффициенттерді бес топқа топтастыруға болады:
І - Өтімдік коэффициенті.
ІІ – Тиімділік және айналымдық коэффициенті.
ІІІ – Қаржылық левераж.
ІV – Пайдалық коэффициенті.
V – Берешекке қызмет көрсету коэффициенттері.
Әрбір топта бірнеше коэффициенттер анықталады және оны төмендегі 5-ші кесте арқылы беруге болады.
5 кесте
|
Көрсеткіштер
|
Нормативтік деңгейлер
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
Өтімдік коэффициенті: ағымдағы өтімдік коэффициенттері тез (жедел) өтімді коэффициенттер
|
2,0-1,25
|
2.
|
Тиімділік (айналымдылық) коэффициенттері: қорлардың айналымдылығы дебиторлық қарыздардың айналымдылығы активтердің айналымдылығы
|
|
3.
|
Қаржылық левераж коэффициенті:
бүкіл борыштық міндеттемелер (қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік) мен активтердің арақатынасы;
бүкіл борыштық міндеттемелер мен меншікті капиталдың арақатынасы;
бүкіл борыштық міндеттемелер мен акционерлік капитал (АК) арақатынасы;
бүкіл борыштық міндеттемелер мен материалдық акционерлік капиталдың (АК – материалдық емес активтер) арақатынасы;
ұзақ мерзімдік борыштар мен қаржылық (негізгі) активтердің ара қатынасы;
меншікті капитал мен активтердің арақатынасы;
меншікті айналым капиталы мен
ағымдағы активтердің арақатынасы.
|
0,25-0,6
0,66-2,0
0,5-1,5
|
4.
|
Пайдалылық коэффициенттері:
-
пайда қалыптарының коэффициенті;
-
рентабельділік коэффициенттері;
-
акцияға пайда қалпының коэффициенттері.
|
|
5.
|
Берешекке қызмет көрсету коэффициенттері:
-
пайызды өтеу (жабу) коэфиценті;
-
белгіленген төлемдерді жабу коэффициенті
|
7,0-2,0
|
|
Әлемдегі банк мамандары әртүрлі кезеңдерді ұсынған
|
|
Өтімдік коэффициенттері (ағымдағы және жылдам) өзінің борыштық міндеттемелері бойынша және банк алдындағы борышын мерзімінде қайтару үшін өзінің айналымынан ақша түрінде қаржыларды босатудағы қарыз алушылардың қабілетін көрсетеді.
Тиімділік (айналымдылық) коэффициенттері бірінші топты (Өк) толықтырады, мұнда күндермен есептегендегі айналымның ұзақтығы, айналымдардың саны есепке алынады, бүкіл көрсеткіштер динамикада және бәсекелесуші кәсіпорындармен салыстыра отырып талданады.
Қаржылық левераж коэффициенттері қарыз алушының меншікті капиталмен қамтамасыз етушілік дәрежесі мен клиенттің тартылған ресурстарға тәуелділігін көрсетеді.
Пайдалылық коэффициенттері оның қатыстырылған бөлігін қоса отырып, барлық капиталды пайдаланудың тиімділігін сипаттайды.
Рентабельділік коэффициенттері пайыздар мен салықтардың кәсіпорынның (фирманың) рентабельділігіне тигізетін әсерінің дәрежесін көрсетеді.
Берешекке қызмет көрсету коэффициенттері пайданың қандай бөлігі пайыздық және бүкіл белгіленген төлемдерді қайтару үшін пайдаланылатындығын көрсетеді.
Атап көрсетілген коэффициенттердің бүкілі нақты есеп деректері немесе жоспарланатын болжам мөлшерлері негізінде есептеліп шығарылады.
Ақша ағымына (поток) талдау жасау, несие төлеуге қабілетті қарыз алушыны бағалау тәсілі ретінде есепті кезеңдегі клиенттің қаражат айналымын қамтиды.
Қарыз алушы қаржысының кетуі мен ағылып келуі салыстырылады.
Клиент қаржысының құйылуы мен кету элементтері
Талданатын кезеңдегі қаржының құйылуы
|
Талданатын кезеңдегі қаржының кетуі
|
1. Аталмыш кезеңде алынған пайда
|
1. Салықтар төлеу
|
2. Есептелген аммортизация
|
2. Пайыздар төлеу
|
3. Қаржылардың қорлардан босатылуы
|
3. Дивидендтер төлеу
|
Қаржылардың дебиторлық қарыздан босатылуы
|
4. Айыппұлдарды төлеу.
|
Қаржылардың негізгі қорлардан босатылуы.
|
5. Қорға қаржы салу.
|
Қаржылардың өзге активтерден босатылуы
|
6. Дебиторлық берешекке салу.
|
Несие қарыздардың көбеюі
|
7. Өзге активтерге салу.
|
Өзге пассивтердің өсуі.
|
8. Негізгі қорларға салу.
|
Акционерлік капиталдың көбеюуі
|
9. Несие қарыздарын қысқарту
|
Жаңа ссудалар беру
|
10. Өзге пассивтерді азайту
|
|
11. Акционерлік капиталдың кетуі.
|
|
12. Ссуданы қайтару.
|
Қаржылардың құйылуы мен кетуі арасындағы айырмашылықтар жалпы ақша ағынының ауқымын анықтайды. Ақша ағынына (қозғалысына) талдау жасау кәсіпорынды (фирманы) басқарудың әлсіз тұстарын білуге мүмкіндік береді. Талдау жасауға соңғы үш жыл немесе болжам жасалып отырған кезеңдер алынады.
Қызметпен байланысты тәуекелге талдау жасау – қор жинақтау, өндіру мен өткізудің жекелеген сатыларында қорлардың айналымын баяулатқаны үшін болатын тәуекелге барудың себептері мен факторларын ашып көрсетеді.
Кәсіпорындардың (фирмалардың) несие төлеу қабілеттілігін бағалау жоғарыда атап көрсетілген өлшемдер мен көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Осыған ұқсас барлық мұндай көрсеткіштерді шағын кәсіпорындардың несие төлеу қабілеттілігін бағалау үшін де пайдалануға болады. Дегенмен, шағын кәсіпорындардың қызметі туралы аудиторлық қорытынды мен лицензияның жоқ болуынан, банктер қарыз алушының сипатын, оның беделін зерттеп-білуді және сұхбат алуды, фирмаларда болуды жиі пайдаланады. Ұсақ қарыз алушыларға жалпы баға беру келесілерден тұрады:
-
қызмет бабына байланысты тәуекелдерге баға беру;
-
клиенттің жұмысын қадағалау;
-
кәсіпорын (фирма) иелерімен жеке сұхбат жүргізу;
-
кәсіпорын иесінің жеке қаржылық жағдайын бағалау.
Жеке тұлғаның несие төлеу қабілеттілігін бағалауды клиенттің мүлкі мен қаржылық жағдайын, отбасылық құрамын, жеке мінездемесін, кірісі мен ссудаға деген қажеттілігін және т.б. зерттеулер негізінде банктер жүргізеді. Сондай-ақ қарыз алушының несие төлеу тарихы, табысының тұрақтылығы, бір орында ұзақ жұмыс жасауы, тұрғылықты мекен-жайы мен капитал мөлшері зерттеледі.
Түйін
1. Коммерциялық банк клиентінің несие төлеу қабілеттілігі – бұл пайыздарды қоса төлеу арқылы толық сомада және белгіленген мерзімде қарыз алушының ссуда үшін банк алдындағы берешегін қайтара алу қабілеті.
2. Қарыз алушының (клиенттің) несие төлеу қабілеттілігі несие беруші – банк үшін несиелік өзара қатынастарды белгілеудегі негізгі сапалық өлшем болып қатысады.
3. Әлемдік тәжірибеде, ресей және қазақстан банктерінің қабілеттілігін бағалау әдістерінің бар екендігін көрсетеді.
4. Коммерциялық банк клиенттерінің (5 топ) несие төлеу қабілеттілігін бағалаудың қаржылық коэффициенттері кәсіпорынның (фирманың) қаржылық есептерін талдау кезіндегі маңызды құрал болып саналады.
5. Банк клиенттері несие төлеу қабілеттілігі дәрежелері бойынша үш сыныпқа (класқа) бөлінеді және бұл тетік (механизм) банктердің қарыз алушылардың несие төлеу қабілеттілігін талдау жөніндегі Әдістемелік нұсқауларында (Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі) қаланған.
6. Әрбір банк үшін тән болып саналатын көрсеткіштердің өлшемдік деңгейі мен олардың рейтингі несие төлеу қабілеттілігін анықтаудың негізі болып қызмет етеді.
Негізгі коэффициенттердің мөлшеріне қатысты қарыз алушылардың жиналған балының саны несие төлеу қабілеттілігі бойынша үш сыныпқа бөлінеді.
7. Әлеуетті қарыз алушыға тән тәуекелдерді бағалау негізі қарыз алушының беделін, оның несиені қайтарудағы қаржылық мүмкіндіктерін, фирмалардың капиталын және оны қамтамасыз етудің сапасы мен жеткіліктілігін, жалпы экономикалық жағдайын анықтайтын әртүрлі көрсеткіштердің көмегімен қалыптасады.
8. Клиенттер туралы ақпараттық базаларды талдау өзіне банк мұрағатынан клиент туралы мәліметтерді, қызмет бабына байланысты әріптестерден алынған ақпаратты, мамандандырылған агенттіктер есептерінің деректерін, қаржылық есеп талдауларын, несие инспекторының жеке пікірін, клиентпен әңгімелесу кезінде қалыптасқан пікірді енгізуі қажет.
Білімін өз бетімен тексеру үшін тестілік сұрақтар
-
Қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігін бағалау кезінде қанша және қандай коэффициенттер қолданылады?
а) өтімдік, активтерді басқару
ә) өтеу, пассивтерді басқару, пайдалылық коэффициенттері
б) меншікті айналым қаржыларымен қамтамасыз етілу көрсеткіші
в) рентабельділік коэффициенті
г) өтімдік коэффициенті, өтеу коэффициенті, меншікті қаржылармен қамтамасыз етілу көрсеткіші.
-
Достарыңызбен бөлісу: |