"Ислам мемлекеті" (ИГИЛ) ұйымы немесе ДАИШ (бірқатар елде тыйым салынған) 2024 жылғы 3 қаңтарда Иранның Керман қаласында генерал Қасым Сүлейманиді еске алуға арналған шеру кезінде болған жарылыстар үшін жауапкершілікті өз мойнына алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі The Times of Israel-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: yjc.ir

Соңғы мәліметтер бойынша Қасым Сүлейманидің зираты маңындағы екі жарылыс кезінде кемінде 84 адам қаза тапты, ал 280-нен астамы ауыр жарақаттар алған.

Айта кетейік, "Құдс" арнайы күштерінің экс-қолбасшысы генерал Қасым Сүлеймани бұдан 4 жыл бұрын, яғни 2020 жылғы 3 қаңтарында Иракта АҚШ-тың әуе соққысынан қаза тапты. Кейінірек Пентагон оның АҚШ-тың сол кездегі президенті Дональд Трамптың бұйрығымен өлтірілгенін растады.

Бұл жағдай Иранның Израильмен және АҚШ-пен қарым-қатынасындағы шиеленіс күшейген уақытта болып отыр. "Ислам мемлекеті" (ИГИЛ) немесе ДАИШ Telegram парақшасындағы аккаунттарында жарылысты екі жанкешті әрекетті ұйымдастырғанын хабарлап отыр.

 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.