«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға



Дата29.04.2019
өлшемі88 Kb.
#123575
түріКонкурс







«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға

төменгі болып табылмайтын бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына

орналасу үшін жалпы конкурс.
Қазақстан Республикасының қаржы Министірлігінің мемлекеттік кірістер Комитетінің Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Қостанай қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі, 11007 инд., Қостанай облысы, Қостанай қ., Мәулен көш., 21 үй, анықтама телефоны: 8 (7142) 28-85-36, E-mail: D.Nygmetzhan@kgd.gov.kz «Б» корпусының төменгі болып табылмайтын бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:
1. (2018 жылғы 09 қазан айына дейін негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңінде) «Жеке тұлғалардың ақпаратың қабылдау және өңдеу және өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру Орталығы» бөлімінің бас маманы, санаты С-R-4, 1 бірлік.
Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:

- 2-н есебін құруда қатысу, уәкілетті мемлекеттік органдармен (Қостанай облысы бойынша жол полициясы, Қостанай облысының әділет басқармасы, Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі) салыстыру актілерін жасауда қатысу.

- Тексеріс материалдарының таратылуын, сонымен қатар қаржы полициясы департаментіне іс жүргізу шешімін қабылдау үшін заңнамада белгіленген тәртіпте мамандармен тексеру материалдарын тапсыруды бақылауды жүзеге асыру.

- ҚР БСАЖ бағдарламасының ЭКНА модуліне салық тексеру және салық бақылау актілерін, хаттамалар мен қаулыларды уақытылы және сапалы енгізу.

- Көлік құралдарының салығы бойынша жеке тұлғаларға салық салу жөнінде уәкілетті органдардан келіп түсетін мәліметтері қабылдау және өңдеу.

- Мемлекеттік органдардан келіп түскен жер, мүлік, көлік құралдары салығы бойынша мәліметтерді РНИОН МФУ3 АЖ-не енгізу. Жеке тұлғалардан мүлік және жер салығына есептеу жүргізу, сәйкес жылда салық соммасы жөнінде хабарлама дайындау және оларды жеке тұлғаларға берілуін қамтамасыз ету.

- Қостанай облысы бойынша жол полициясы, Қостанай облысы бойынша сот орындаушыларымен бірлесіп іс-шараларда қатысу.

- Мүлік, жер, көлік салықтары бойынша, сыртқы жарнама, тіркеу алымдары, қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем, автокөлік құралдарының жолы үшін алым, қалааралық (халықаралық) телефон байланысын ұсыну үшін төлем, кеме жүзетін су жолдарды пайдалану үшін төлем, ҚР аумағы бойынша автокөлік құралдарының жолы үшін алым, жеке қызмет түрлерімен шұғылдану құқығы үшін лицензиялық алым, жануарлар әлемін пайдалану үшін төлемдер бойынша есептелген соммалардың тізімін құру және тапсыру.

- Бекітілген КБК бойынша асыра төлеудің төмендеуін уақытылы жүзеге асыру.

- Бекітілген мерзімде салықтық міндетті орындамаған жеке тұлғаларға мүлік, жер, көлік салықтары бойынша салық заңнамасының бұзушылығы туралы хабарламаларды уақытылы шығарылуын қамтамасыз ету.

- Салық заңнамасын бұзған жеке тұлғалар бойынша сот органдарына мүлік, жер, көлік салықтары бойынша салық заңнамасының орындалмаған соммасын өндіріп алу туралы сот бұйрығының шығарылуы жөнінде арыздар шығару және беру.

- Уәкілетті органдардың мәліметтері бойынша салық салу объектісі бойынша есепке уақытылы қою.

- Мемлекеттік қызметкерлерден жеке табыс салығы бойынша, осы кызметкерге сәйкес келетін және жұбайларына қатысты декларацияны қабылдауды жүзеге асыру.

- Декларациянын тіркелуін жүргізу. Декларацияның екінші данасында құжаттың қабылданған күнін, нөмірін, маманның аты-жөнін, қолын қою. Декларацияны қабылдау туралы анықтама беру. Декларацияны қабылдаған соң 5 күн ішінде САЭБ АЖ-не декларациядағы мәліметтерді енгізу.

- Мемлекеттік органдарға сәйкес жылдың 1 қаңтарынан 10 қаңтарына дейін штаттың есебі туралы сұрау жолдау, 28 ақпанға дейін «мүлік және жеке табыс салығы» (230.00 нысаны)есептілігін құру сұрағы бойынша семинарлар өткізу, 30 сәуірге дейін декларациялардағы мәліметтерді тексеру үшін уәкілетті органдарға сұраулар жолдау.

- Уәкілетті органдардың ұсынған ақпараттарының негізінде осы көрсетілген декларацияның мәліметтерінің шынайлығын тексеруді жүзеге асыру. Декларацияда толық емес және жалған ақпаратты берген салық төлеушілерге хабарламаларды уақытылы таратуды қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметкерлерге немесе оларға қатысты тұлғалармен және жұбайларына қатысты, салық заңдарын бұзушылықты жіберген ҚР ӘҚКО 532 б. 2 бөлімі бойынша әкімшілік ықпал ету шараларын уақыты қамтамсыз ету, ҚР ӘҚКО 532 б. 2 бөлімі бойынша ведмостволық сотқа материалдарды бағыттау үшін заң бөліміне уақытылы табыстау.

- Салық төлеушілерді тіркеу есебіне қою, шығару және өзгерістер енгізу.

- МКД бақылауындағы тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау.

- ҚР салық кодексінің ережесіне сәйкес салықтық құпияны сақтау.

- Жеке және заңды тұлғалардың үндеулеріне бекітілген мерзімде жауап беру.

- Салық төлеушілердің қоңырауларына жауап беру.

- Өндірістік емес төлемдерді есептеу сұрағы бойынша тех.оқыту жүргізу.



  • Басқарманың басқа бөлімдеріне қажеттілікке байланысты сұраулар жолдау.


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғарғы білім: әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика, менеджменьт, есеп және аудит, қаржы), кеден ісі, салық ісі.

Орта білімді немесе техникалық және кәсіби білім жіберіледі:

Қаржы (банк ісі, қаржы менеджменті, қаржыны бақылау және аудит, салық және салық төлеушілер, салық менеджменті), есеп және аудит (бухгалтер, бухгалтерлік-тексеру (аудитор), экономист бухгалтерлік есеп бойынша және шаруашылық қызметін талдау) мемлекеттік қызмет біліктілігі бір жылдан кем емес бар болу немесе облыстарда жұмыс өтілімі екі жылдан кем емес, нақты қызмет нұсқауымен дәрежесі сәйкес жіберіледі.

Келесі құзырлықтардың болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген ««Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. жарияланған деректердегі қосымшаға сәйкес үлгі бойынша өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

  3. білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білім туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқытуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;


  1. еңбек қызметін растайтын құжаттын нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі;

  2. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  3. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  4. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  5. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  6. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  7. Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжатты толық түрде ұсынылмаған болса, конкурстық комиссияның қарауына бас тартылады.

Азамат өзіне қатысты қосымша ақпарат, олардың біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби дәрежесіне және беделіне (біліктілігін жоғарлату, ғылыми дәрежесі мен атағы берілген, ұсыныстар, ғылыми жарияланымдар, басқада ақпараттар, олардың кәсіби қызметінің айқындайтын біліктілігі құжаттардың көшірмесін) ұсына алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлға конкурс жариялаған мемлекеттік органға келу арқылы, почта немесе D.Nygmetzhan@kgd.gov.kz электрондық почтаның мекен-жайына электронды түрде, «Е-gov» Үкімет электрондық порталы арқылы құжаттар қабылдау уақытында құжаттарды ұсынады.

Е-gov» Үкімет электрондық порталы арқылы мемлекеттік органға электрондық почта арқылы құжаттарды ұсынған кезде, олардың түпнұсқасын әңгімелесуге бір жұмыс күн қалғанда табыстау керек. Құжаттарды ұсынбаған жағдайда конкурстық комиссияға әңгімелесуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі – 7 жұмыс күні, жалпы конкурс өткізу туралы жарияланған соңғы жарияланымнан кейінгі келесі есептелген жұмыс күні.

Әңгімелесу өткізу орыны: кандидаттар, жалпы конкурсқа қатысушылармен және әңгімелеуге жіберілгендер, Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер ғимаратына, мына мекен-жай бойынша: Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Мауленова көшесі, 21 үй, әңгімелесуге жіберілгені туралы қатысушыларға хабардар еткенен кейін 3 жұмыс күні аралығында келеді.

Конкурстық комиссиясының жұмысының объективті және ашық түрде өтуін қамтамасыз ету үшін, оның отырысына бақылаушылар шақырылады.

Конкурстық комиссиясының отырысына бақылаушылар реттінде Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихаттың барлық дәрежесіндегі депутаттар, БАҚ өкілдері, аккредитив тәртібінде Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген, басқада мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдар (мемлекеттік емес ұйымдар), коммерциялық ұйымдармен және саяси партиялар, мемлекеттік қызмет (қарай-уәкілетті орган) істері жөніндегі уәкілетті органдардың қызметкерлері қатыса алады.

Конкурстық комиссияның отырысына бақылаушы тұлға реттінде қатысу үшін, әңгімелесу өткізу басталғанан бір күн бұрын қызметкерлерді басқару қызметінде (кадрлық қызмет) тіркеледі. Тіркеу үшін тұлға қызметкерлерді басқару қызметіне осы Тәртіптің 26 бөлімінде көрсетілген ұйымға қатысы барын айғақтайтын, электрондық құжаттар көшірмесін немесе көшірмесін, жеке басын куәландыратын электрондық құжаттардың көшірмесін немес көшірмесін ұсыну қажет.

Сарапшылар реттінде тұлға, конкурс жариялаған мемлекеттік органда қызметкер болып табылмайтын, осы салада тәжірибесі бар, бос орындар лауазымына бағытталған атқарымына сәйкес, соның ішінде ғылыми салада, сонымен қатар қызметкерлерді жылжыту және іріктеу мамандары, басқа мемлекеттік органдардан мемлекетік қызметкерлер, Қазақстан Республикасының және мәслихаттың депутатары болып табылады.

Конкурсқа қатысуға кеткен шығындарды (әңгімелесу өтетін орынға барып келу, тұрғын үй ғимаратын жалға алу, байланыс қызметінің барлы түрлері қолданылғаны үшін) азамат өз қаражатын қолданады.

Конкурстың комисиясының шешімімен келіспеген қатысушылар және кандидаттар уәкілетті органға немес оның аумақтық бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шағымдануына болады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

1 қосымша 

Мемлекеттік орган

______________________________________________________________________




Өтініш
Мені_______________________________________________________________________
______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.
     

Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

    


 Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен-жай және байланыс телефоны: ______________________________________________


_______________________________________________________________________________
______________                       ____________________________________
   (қолы)                              (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«____»_______________ 20__ ж.



2 қосымша 
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК

ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)

ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)

_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)




ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері/
Дата и место рождения



2.

Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)




3.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения




4.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)




5.

Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками




6.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)




7.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)




8.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)




9.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)




ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған/
приема

босатылған/
увольнения




Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата

күні/дата

Каталог: sites -> default -> files -> u1362
u1362 -> 1 Ксения Аскаровна Шаденова Сұхбаттасу 2016 жылдың 18 қараша 15-00 сағатта өтеді Жітіқара қ., Таран көшесі 18А, анықтама телефоны 8(71435) 2-50-18
u1362 -> «Қазақстан Республикасында өнімдердің сәйкестігін міндетті түрде растау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі №367 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
u1362 -> Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы республикалық мемлекеттік мекемесі


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет