«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға облыс әкімі аппараты мен облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік



жүктеу 285.78 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі285.78 Kb.
түріКонкурс

«Б» корпусының бос әкімшілік

мемлекеттік лауазымдарына орналасуға облыс әкімі аппараты мен облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
Д-3 санаты үшін: Жоғары білім.

Келесі құзыреттер болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;*

4) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы.*

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері және «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.


Д-О-1 санаты үшін: Жоғары білім.  

Келесі құзыреттер болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-2, C-2, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың аға басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-2, B-2, C-2, C-O-2, D-2, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес.*

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері және «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Д-О-2 санаты үшін: Жоғары білім.  

Келесі құзыреттер болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.*

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері және «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Д-О-3 санаты үшін: Жоғары білім.  

Келесі құзыреттер болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;*

4) жоғары оқу орынынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы.*

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.



Д-О-4 санаты үшін: Жоғары білім.

Келесі құзыреттер болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жарым жылдан кем емес;*

4) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы.*

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.


Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақылары


Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

D-3

123 257

166 564

D-О-1

182 387

246 514

D-О-2

163 233

220 697

D-О-3

109 932

148 242

D-О-4

83 282

112 431

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты 160023, Шымкент қ., Нұрсәт ш/а, Астана даңғылы, ӘІО ғимараты «В» корпусы, 302 бөлме. Анықтама үшін сымтетік: 24-71-72, 24-71-74, эл. почта a.shoketaeva@ontustik.gov.kz
1. Облыс әкімі аппараты персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) бас инспекторы, Д-3 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Азаматтарды, соның ішінде көп балалы аналарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен, облыс әкімінің наградаларымен наградтау үшін материалдар мен ұсынымдар дайындауды қамтамасыз ету. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградтауға ұсынылған көп балалы аналардың наградалық құжаттарын берілген деректердің ақиқаттығы, нақтылығы және толықтығы, награда қағаздарының белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысында тексеру және сараптау. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградтауға ұсынылатын көп балалы аналарға қатысты деректерді интеграцияланған электронды базаға (ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы веб-порталындағы «Мемлекеттік наградалар» ақпараттық жүйесі) енгізу жұмыстарын ұйымдастыру. Облыс әкімі жанындағы наградалар жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз ету. «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағын беруге ұсынылған кандидатуралар бойынша материалдар дайындауды қамтамасыз ету және облыс басшылығының, нәтижесі бойынша облыстық мәслихаттың қарауына енгізу. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын, облыс әкімі наградаларын салтанатты түрде табыс етуді ұйымдастыру. Облыс әкімі наградаларын, Оңтүстік Қазақстан облысы Құрметті азаматының төсбелгілерін және олардың құжаттарын дайындаумен байланысты жұмыстарды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградаларының, облыс әкімі наградаларының есепке алынуын, сақталуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік наградалар бойынша жоғары тұрған органдарға тоқсандық, жылдық есептер дайындауды және беруді қамтамасыз ету. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының іске асырылуын қамтамасыз ету. Аудан, қала әкімдері аппараттары, облыстық басқармалар қызметкерлерінің награда ісі мәселелері бойынша қызметін үйлестіру және консультативтік-әдістемелік көмек көрсету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Мемлекеттік және жергілікті басқару, құқық, экономика, білім, гуманитарлық ғылымдар, техникалық ғылымдар және технологиялар.
2. Облыс әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және өңірлік даму бөлімінің бас инспекторы, Д-3 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Облыс әкімінің ұйымдастырушылық-ақпараттық қызметін, оның облыс өңірлерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. Облыстық атқарушы органдармен, министрліктер мен ведомствалардың аумақтық органдарымен, қалалар мен аудандардың өкілді және атқарушы органдарымен өзара іс-қимыл жасайды. Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімінің актілері мен тапсырмаларының уақытылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жүргізу, анықталған заң бұзушылықтарды жою, оның орындалмау себептері мен жағдайлары бойынша шаралар қабылдау. Жетекшілік ететін жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіреді. Облыс әкімі хаттамалық тапсырмаларының орындалуына бақылау жасайды. Облыс әкіміне ұсынылатын материалдардың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды және жеке қабылдау жүргізеді. Қала, аудан, ауылдық округтер (поселкелер) әкімдерінің аппаратындағы атқарушылық тәртіптің жағдайына жұмыс тәсіліне талдау жасайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, өнер, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, қызмет көрсету, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету, ветеринария.
3. Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының басшысы, Д-О-1 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Мәдениет, өнер саласында мемлекеттік саясаттың жүзеге асыруын қамтамасыз ету. Театр, музыка өнерін, мәдени-демалыс қызметін және халық шығармашылығын, кітапхана және музей ісін дамыту жөнінде облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдау бойынша жұмысты қамтамасыз ету. Тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал ету. Жаңа объектілер мен заттардың анықталуына қарай ескерткіштерді (тарихи, археологиялық, сәулет және басқа) зерделейді және облыс әкімдігіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тізілімге енгізілуге жататын объектілер туралы қажетті мәліметтер ұсыну бойынша жұмысты қамтамасыз ету. Облыстың мәдениет ұйымдарының қызметiне мониторингін және уәкiлеттi органға ақпаратты, сондай-ақ белгiленген нысанда өзге де есептерді ұсынуды жүзеге асыру. Мәдени құндылықтарды әкету және әкелу жөнiнде сараптамалық комиссиясының жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету, олардың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру бойынша мемлекеттiк қызметті көрсету. Бағыныстағы қызметкерлердің жұмысын болжамдау және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және негіздеу қабілетінің болуы.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім, гуманитарлық ғылымдар, өнер, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, қызмет көрсету.
4. Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының орынбасары, Д-О-2 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік саясат жүргізу бойынша бағдарламаны іске асыруға қатысу. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру. Құрылыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және дамытуға қатысу. Тиісті аумақтағы құрылыстың сапасына қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ салынып әрі қайта жаңартылып жатқан объектілердегі авариялар мен қираулардың себептерін тексеру жөніндегі комиссияның жұмысына қатысу. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында заң бұзушылықтарға жол берген заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты белгіленген тәртіпте шаралар қабылдау. Басқарма бөлімдерінің қызметіне жалпы сипаттағы бақылауды жүзеге асыру. Басқарманың қарауына түскен құжаттардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялауды жүзеге асыру. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын құқығы бар сарапшыларын жұмыстарын заңға сәйкес тексеріп, шаралар қолдану. Басқарма басшылығы белгілеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Басқарма бөлімдерінің жұмысын ұйымдастыру, бақылау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құрылыс немесе құрылыс материалдары, бұйымдары және құрастырмалары өндірісі, сәулет және имарат, құқықтану, мемлекеттік және жергілікті басқару
5. Оңтүстік Қазақстан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы, Д-О-3 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), тасымалдаулар маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту. Жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық автомобильмен тасымалдаулар маршруттарын және жүру кестелерiн келісу. Автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің тiзiлiмiн жүргiзу. Жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), автомобильмен тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзу. Жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзiрлейу. Жолаушыларды ауданаралық (облысішілік қаларалық), қатынастарда әлеуметтiк мәні бар тасымалдауларды жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асыру. Халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдану. Өз құзыреті шегінде тиiстi аумақта жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету.Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес автомобиль көлігі саласында лицензиялауды жүзеге асыру. Өз құзыреті шегінде халықаралық техникалық байқау сертификаттарын беру. Техникалық байқау операторларының қызмет өңірі шегінде міндетті техникалық байқаудан өткізу кестесін келісу. Шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілердің даярлау жөніндегі курстарды есепке алу. Шағын көлемді өздігінен жүзетін кемелерді басқару құқығына куәліктер беру. Жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық), тасымалдауды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзу. Интеллектуалды көлік жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді маманданушы ұйымдар ұйымдастыру бойынша облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу бойынша жұмыстарын ұйлестіру және бақылау. Бағынышты қызметкерлерінің жұмыстарын жобалау және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және дәлелдеу қабілеті.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономикалық, металды қысу арқылы өндеу машиналары мен технологиясы, көлік, көлік техникасы және технологиялары, жүк көтеру, транспорт құрылыс, жол машиналары және жабдықтар, автомобильдер және автомобиль шаруашылығы, темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару, тасымалдауды және басқаруды ұйымдастыру, көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, құрылыс, автомобиль жолдарының және аэродром құрылысы, көпірлер мен өткел құрылысы.
6. Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы әкімшілік-құқықтық және құжаттандыру жөніндегі жұмыс бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалысы кезеңіне), Д-O-4 санаты 1-бірлік:

Функционалдық міндеттері: жоғары тұрған органдар тарапынан, оның ішінде: ҚР Президеті әкімшілігінен, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі және оның орынбасарлары тарапынан т.б келіп түскен хаттамалардың орындалуын ұйымдастыру және қадағалау. республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдарға сәйкес медиа-жоспарды тоқсан сайын ішкі саясат басқармасына ұсыну және шығуын қадағалау. басқарманың номенклатурасын бекіту.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Заңгерлік, құқықтану, жергілікті мемлекеттік басқару, экономика, қаржы, саясаттану, менеджмент, биотехнология, биология, орыс тілі мен әдебиеті мамандықтары бойынша.
7. Оңтүстік Қазақстан облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің бас маманы-Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекторы, Д-О-4 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының орындалуын тексеруді уақтылы және сапалы жүргізуге. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою жөніндегі шараларды қабылдау мақсатында осындай бұзушылықтар туралы жұмыс берушілерді (олардың өкілдерін) хабардар етуге. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақтылы қарауға. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына әкеп соғатын себептер мен мән-жайларды анықтауға, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру жөнінде ұсынымдар беруге. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге қатысуға. Еңбек заңнамасының бұзылу себептерін жинауды, талдауды және қорытуды жүзеге асыруға, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтуге бағытталған шараларды әзірлеу мен қабылдауға қатысуға. Еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияны, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге. Және өзгеде міндеттер.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономикалық, қаржы, есеп және аудит, құқық, техникалық ғылым және технология, білім, мемлекеттік және жергілікті басқару.
8. Оңтүстік Қазақстан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Д-О-2 санаты, 1 бірлік :

Функционалдық міндеттері: Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында энергетика, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, ауыз сумен қамтамасыз ету, табиғи газбен, жылумен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, санитарлық тазалық салаларын мемлекеттік реттеу мен басқару саласындағы мемлекеттік саясатты Оңтүстік Қазақстан облысның аумағында іске асыру. Өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыстық, аудандық және қалалық әкімдіктерімен бірлесіп жұмыс ұйымдастыру. ҚР Президентінің Жарлықтарының, Үкіметі мен жоғарғы органдардың, облыс әкімдігінің қаулыларының, өкімдері мен шешімдерін, тапсырмаларының орындалуына басшылық жасау, басқарма басшысының хаттамалық тапсырмаларының орындалуын үйлестіру. Басқа ұйымдармен өзара тиімді қарым-қатынастарды жүзеге асыру, басқарма қызметкерлерінің атқарымдық міндеттері мен қызметтік этикасының орындалуына, еңбек және қызметтік ішкі тәртіптің сақталуын қадағалау. Қолданыстағы заңнамада және басқарманың Ережесінде қаралған функциялардың, сонымен қатар Басқарма басшысы айқындайтын басқа да функциялардың орындалуын қамтамасыз ету. Бағынышты қызметкерлердің жұмыстарын жобалау және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және дәлелдеу қабілеті.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Мемлекеттік және жергілікті басқару, жылуэнергетика, электроэнергетика, құрылыс саласындағы мамандықтар, экономика және қаржы саласындағы мамандықтар.
9. Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасының діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы, Д-О-3, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Облыста жұмыс істеп тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң қызметiн зерделеуді және талдауды жүргiзеді. Уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзеді. Діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады. Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды. Облыс бойынша жергілікті деңгейде ақпараттық-түсiндiру топтардың жұмыстарын жүргiзедi. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу жөнінде облыс әкімдігіне ұсыныстар енгiзеді. Діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді. «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жұмыстарды жүзеге асырады. Облыс, қала, аудан әкімдіктері жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестердің жұмысын үйлестіреді. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы бірлескен іс-шаралар жоспарларын жасайды, ұсыныстар әзірлейді, орындалуын жүзеге асырады. Бөлім қызметкерлерінің жұмысын бақылайды. Бөлімге жүктелген функционалдық міндеттердің орындалуын және мамандардың жұмысын үйлестіреді.


Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жергілікті мемлекеттік басқару, теология, дінтану, шығыстану, шетел филологиясы, құқықтану, саясаттану, әлеуметтану және экономика мамандықтары.
10. Оңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының орман қорын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және жануарлар дүниесін күзету, қорғау және пайдалану бөлімінің басшысы, Д-О-3 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Тоқсандық, жылдық қорытындыларымен бағалау туралы есептерді жасау. Басқарманың ағымдағы және перспективалық индикативтік жоспарларын әзірлеуге, сол сияқты жоспарланған жылдың ішінде түзетулер енгізуге басшылық жасау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың айналасына, осы аумақтардың экологиялық жүйесінің жай-күйіне теріс әсер ететін кез-келген қызметке осы аймақтардың шегінде тыйым сала отырып, қорғаныш өңірлерін белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу. Орманды өрттен, орман заңдылықтарын бұзушылықтан орман зиянкестері мен аурулардан қорғау шараларын ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Орманды қалпына келтіру және табиғи көбеюіне, орманды өңірлерді ұлғайту шараларын ұйымдастыру және орындалуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік орман қорында орманды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және жануарлар әлемін қорғау, күзету, дамыту және орман пайдалануды реттеу шараларын ұйымдастыру. Мемлекеттік мекемелердегі қатаң есептегі бланкілердің есебінің жүргізілуіне бақылау жасау (ағаш кесу билетін, ұсақ ағаш босату ордері). Орманды орналастырудың ұсыныстарының орындалуы мен ендірілуіне бақылау жүргізу. Орман шаруашылығы саласы жөніндегі өңірлік бағдарламаны әзірлеп бекіттіру және орындалуын қамтамасыз ету, олардың орындалуы жөнінде ақпараттарды беру. Бөлім құжаттарының орындалуын, бағыныстағы қызметкерлердің жұмыстарының нақтылығын бақылау және орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы уәкілетті органдармен өзара әрекетті үйлестіру, бөлімге жүктеген міндеттердің орындалуын үйлестіру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқықтану немесе заңтану, қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылық ғылымдары, зооинженер, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша.
11. Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының әкімшілік бөлімінің бас маманы, Д-О-4 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Басқармаға жоғары органдардан және жергілікті мемлекеттік органдардан, мердігер кәсіпорындардан, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша өтініштерді, жалпы алғанда жай кіріс хаттар мен тапсырмаларын тіркеу, мерзімінде орындалуына қадағалау, оларды талдау-сараптау жұмыстарын (апта, ай, тоқсан т.с.с.) жүргізу. Жоғары органдардың, облыс әкімі мен оның орынбасарларының, басқарма басшысының тапсырмаларының орындалуын қадағалау. Басқарма басшысы мен оның орынбасарларының жеке қабылдаулары бойынша заң талаптарына сәйкес жұмыс жүргізілуін ұйымдастыру. Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың арыз, өтініш, тапсырыстарының мерзімінде орындалып, бақылаудан алынуын күнделікті қадағалау, ол бойынша статистикалық 1-ОЛ, ОГ есептіліктерді қалыптастыру және тапсыру. «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар құжаттармен жұмыстарды жүргізу. Басқармада «е-лицензия», «е-gov» порталдарымен жұмыс істеу, электронды құжат айналымның тұрақты, үзіліссіз, сапалы жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Басқарма және басқармаға қарасты мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардағы рейтингілік бағалау жұмыстарын жүргізіп, нәтижесін бөлім басшысына табыстау; Басқарманың заңнама талаптарына сәйкес істер номенклатурасын бөлімдердің ұсыныстары негізінде жинақтап, бекітуге әзірлеу және ведомстволық мұрағатқа жауапты, эсперттік комиссияға хатшылық жасау. Басқармада ҚР «Тіл туралы» заңнамалары аясында жұмыс жүргізу ол жөнінде айлық, тоқсандық, жылдық есептерді түзу және тапсыру. Басқарма басшысы және оның орынбасарларының, бөлім басшысының заң шеңберінде берілген басқа да тапсырмаларын сапалы және мерзімінде орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқықтану немесе заңтану, экономика, гуманитарлық, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша
12. Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бухгалтерлік есеп, бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің басшысы, Д-О-3 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Ұйымның бухгалтерлік есебін және қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын, оның теңгеріміндегі ұйым мүлкінің сақталуын ұйымдастырады. Қаржы-экономикалық қызметті қалыптастыру және реттеу жөніндегі бөлімшенің жұмысын бағыттайды және үйлестіреді, өз құзыреті шеңберінде әкімшілік мәселелерді шешеді, ұйымның бірінші басшысының және жетекшілік ететін орынбасардың жалпы басшылығымен және басқа бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара қызмет ете отырып өз міндеттерін атқарады. Есептердің жұмыс жоспарын (қаржыландыру жоспарларын), үлгі нысандар көзделмеген, шаруашылық операцияларын ресімдеу үшін қолданылатын бастапқы есеп құжаттарының нысандарын дайындау және қабылдау жөніндегі жұмысқа, ішкі бухгалтерлік есептілік құжаттарының нысандарын әзірлеуге, сондай-ақ түгендеу жүргізу тәртібін,шаруашылық операцияларын жүргізуді бақылауды, бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясын сақтауды және құжат айналым тәртібін қамтамасыз етуге басшылық етеді. Жетіспеушіліктердің, ақша құралдары мен тауарлық-материалдық құндылықтарды заңсыз жұмсаудың, қаржы және шаруашылық заңнаманы бұзудың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды. Ақша қаражаты мен тауарлық-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі мен ұрлануы бойынша қаржылық зерттеулер жүргізуге мен материалдар ресімдеуге қатысады, қажет болған жағдайларда материалдардың тергеу және сот органдарына берілуін бақылайды. Штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің, әкімшілік-шаруашылық және басқа да шығыстар сметасының, жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешектер мен басқа да шығындарды бухгалтерлік есептен шығарудың заңдылығының қатаң сақталуын, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, олардың белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүргізеді. Баланс жасауды және қаражат табысы мен шығысы туралы, бюджеттің пайдаланылуы туралы жедел жиынтық есептерді, басқа бухгалтерлік және статистикалық есептерді жасауды, оларды белгіленген тәртіппен тиісті органдарға ұсынуды қамтамасыз етеді және есептік ақпараттың шынайылығын қамтамасыз етеді. Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласы бойынша стратегиялық жоспарды әзiрлемейтiн бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттік бағдарламасын әзірлеуге басшылық жасау және оны бекітуге ұсыну. Басқарманың, басқарма бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің және мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның қаржы шаруашылық жұмыстарының есебін, бюджет қаражаты және ақылы қызмет көрсетуден түскен қаржылардың жоспарының заңдылығын тексеру және бекітуге ұсыну. Бөлім қызметкерлерінің құжаттары сапалы даярлануын қадағалау, келіп түскен ағымдағы ақпараттар мен құжаттардың тиісті мекемелерге дер кезінде, уақытылы тапсыруын қадағалау және ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Экономикалық, жоспарлау мамандықтары бойынша.
13. Оңтүстік Қазақстан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы сәулет бөлімінің басшысы, Д-О-3 санаты, 1 бірлік:

Функционалдық міндеттері: Өндіргіш күштерді жайғастыру және орналастыру жүйесін мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын ескере отырып, аумақтарды пайдаланудың мәртебесін, мақсаты мен сипатын белгілеу. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру арқылы әлеуметтік-экономикалық және шаруашылық даму бағдарламалары жөніндегі аймақаралық және салааралық мемлекеттік мүдделерді үйлестіру. Елді мекендердің аумақтарын дамыту және оған құрылыс салу белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарлар негізінде жүзеге асыру. Облыстық аудандық жобалау схемаларын, облыстық аудан орталықтарында және елді мекендерінде құрылыс салу жобаларын дайындау жұмыстарын ұйымдастыру. Сәулеттік нысандар (ескерткіштер, монументтер) бойынша ұсыныстар әзірлеу, эскиздерін әзірлеу. Облыс аудан, қала, елді мекендерінің келбетін жақсарту бойынша абаттандыру, көгалдандыру, саябақтарды жандандыру жұмыстарын үйлестіру. Жоғарғы органдардан, облыс әкімі және оның орынбасарларының, басқарма басшысының берген тапсырмаларының бөлімге қатысты тармақтарының уақтылы орындалуын қамтамасыз ету. Бақылау функциясы: бөлімнің жұмыстары мен тапсырмаларының мерзімінде орындалуын бақылау. Аудандар мен қалалардың сәулет және қала құрылысы бөлімдеріне нақты және әдістемелік көмек көрсету және жұмысын үйлестіру. Лауазымға жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті арнайы білімдер: мемлекеттік тілді білу және компьютерде істей білу лазым.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Сәулет
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері министрінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi (ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні).

Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар – оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде өтеді.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

«Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін мемлекеттік орган осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізеді, оған оның ведомствосының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері де, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметiнің құқықтық негіздерін, сондай-ақ оның жұмысын ұйымдастыру тәртібiн белгілейтін заңда айқындалған өзге де адамдар қатысуға құқылы.

Адам мемлекеттік әкімшілік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге де жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған болса, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге шықпаса, ішкі конкурстың қорытындылары бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға құқылы.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурс комиссиясының хатшысы байқаушыларды әңгімелесу басталғанға дейін осы Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік қызмет істері министрінің  2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес нысандағы байқаушыларға арналған жадынамамен таныстырады.

Байқаушылар конкурс комиссиясы отырыстарының хаттамаларымен танысады және тиісті мемлекеттік органның басшылығына және уәкілетті органға конкурс комиссиясының жұмысы туралы өздерінің пікірлерін жазбаша түрде бере алады.



Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www. kyzmet.gov.kz


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет