«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурсқа хабарлама



жүктеу 213.08 Kb.
Дата22.09.2017
өлшемі213.08 Kb.
түріКонкурс








«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурсқа хабарлама
«ШҚО Күршім ауданыәкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 071200, ШҚО Күршім ауданы Күршім ауылы Ибежанов көшесі 23,

анықтама телефоны 8(72339)2-16-79, факс 8(72339)2-17-80,

e-mail: a.dusupova@akimvko.gov.kz:

«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға Күршім ауданының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды.
      1.«Күршім ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (санаты Е-R-1) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 142412 теңгеден 192381 теңгеге дейін;

Функционалдық міндеттері: Өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»   Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын, мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады. Мекемені басқарады, жұмысына басшылық жасап ұйымдастырады.Мекемедегі қызметкерлердіңжәне мемлекеттік орган қарамағындағы ұйым басшыларының міндеттері мен өкілеттерін айқындайды.Лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі, автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағытын іске асыруды қамтамасыз етеді. Аудан көлемінде сәулет, құрылыс мәселелерін шешеді, аудандық сәулетші міндеттерін қоса сәулет – қала құрылысы, құрылыс саясатын жүргізеді. Тапсырушыларға құрылыс паспорттарын дайындау, алдын ала жер учаскелерін бөлу, сәулеттік жобалық тапсырмалар және құрылыстардың барлық түрлеріне жобалау жұмыстарын жүргізуге керекті құжаттарды дайындайды. Мекемелер мен кәсіпорындарға, шарушылық субъектілерге, жерге мемлекеттік акт алуға, жерді сатып немесе жалға алуға керекті құжаттарды дайындайды. Белгіленген тәртіпте барлық құрылыс нысандарын орналастыруға жобалау ұсыныстарын және осыған сай жер болу туралы жергілікті әкімдіктердің қаулысын дайындайды. Шарт негізінде кәсіпорындар мен мекемелер, шару қожалықтары және жеке меншік құрылыс жүргізушілермен құрылыс, жөндеу, қайта салу және қалпына келтіру жұмыстарын тұрғын үй- азаматтық, өндірістік, ауыл шаруашылық саласында, тарихи мәдени ескерткіштер, қаладағы көркемдеу әсемдеу жұмыстары, интерьерлер мен және де басқа жобалық – сметалық құжаттар дайындайды. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары негізінде жергілікті маңызы бар жол жүйелерін дамытуды және қызмет етуді қамтамасыз етеді, мемлекеттік реттеуді әкімшілік-территориялық бірлік негізінде іске асырады. Қолданылып жүрген заңдар негізінде сәулет, қала құрылысы, құрылыс және жолаушылар көлігі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамытады. Елді мекендердің бас жоспарларының сақталуына, құрылыс жүргізілетін және күрделі жөндеуден өткізілетін нысандардың сапасына бақылау жасайды. Құрылыс нысандарына қатысты әртүрлі комиссиялардың жұмыстарына қатысады. Жергілікті деңгейде бөлім бағдамаларын қаржыландыруды жүзеге асырады. Жетекшілік ететін салалардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдайды, болжайды және ақпарат жинайды Аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы БАҚ арқылы халықты хабардар етеді. Пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) заңдарда белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектілер құрылысын тоқтап қою, объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдайды. Қала құрылысы кадастарын және мекен-жай тіркелімін жүргізу үшін ақпараттар жинайды және өңдейді. Аудандағы құрылыс қызметін үйлестіреді, құрылыс қызметі саласындағы әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар жоспарларын әзірлеп, келісуге қатысады. Бірыңғай тапсырыс берушінің қызметін орындаумен байланысты мәселелерді шешеді. Аудан аумағындағы жобалық-сметалық құжаттамаларды, құрылыс жүргізілуге тиіс ғимараттар мен құрылыстарды қайта салуды, күрделі жөндеуді бюджеттік қаржылар есебінен қарайды және келіседі. Аудан аумағында мақсатты және аймақтық бағдарламаларды жүзеге асырады. Сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі, автомобиль жолдары саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты, инвестициялық саясатты қамтамасыз етеді. Аудан бойынша ғимараттар мен ғимараттарды қайта жаңғырту және күрделі жөндеуге бюджеттен жасалатын жобалық сметалық құжаттамаларды қарайды және бекітеді. Уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып, аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісін, елді мекендердің көшелерін басқаруды іске асырады. Аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елді мекендеріндегі көшелерді дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады. Аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын салу, қайта жаңғырту, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жол-көпір шаруашылығы саласындағы заңнамалардың сақталуына бақылау жасап, жүзеге асырады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жол-көпір шаруашылығы нысандары бойынша күрделі және ағымдық жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге тапсырма береді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарының жұмысына меншік түріне қарамастан жетекшілік етеді. Бекітілген жылдық мемлекеттік сатып алу жоспары негізінде мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асырады. Тұрғын үй-коммуналдық нысандарына, аудандық маңызы бар жолдарға ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстарына бақылау жасайды. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жолдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімін жасайды. Заңда белгіленген мерзімге сәйкес тізімді аудандық баспасөз беттеріне жариялайды. Аудандағы коммуналдық меншіктегі тұрғын үй қорын есепке алады, апатты жағдайларда тұрған үйлер жөніндегі ақпараттарды жинайды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жол-көпір шаруашылығы саласында жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын қарайды. Елді мекендердің санитарлық тазалық, көгалдандыру және көріктендіру жұмыстарын, ауданішілік қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастырады және орындалуына бақылау жасайды. Әлеуметтік-мәдени нысандарын, тұрғын үйлерді, коммуналдық меншіктегі жылу нысандарын, магистралдық кәріз және су жүйелерін, электр жүйелерін, инфрақұрылым нысандарын, аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін жылу маусымына дайындайды және бақылау жасайды. Мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтау, олардың коммуникакацияларын күтіп-ұсталуына бақылау, сонымен қатар мемлекеттік тұрғын үй қорындағы үйлерге тұрғызу құқығына құжаттарын дайындап, жалға алу және жалдау келісім шарттарын жасауға, тұрғын үй қорына түгендеу жасау сұрақтары бойынша ұсыныс дайындайды. Мемлекеттік айырбастау және қызметтік тұрғын үйлерді жекешелендіру, сонымен қатар бюджеттен бөлінетін қаражатқа тұрғын үйлерді (пәтер) сатып алуға құжаттарды рәсімдеу жүргізеді. Ортақ кондоминиум нысандарына техникалық тексеріс жүргізуді ұйымдастырады және ортақ кондоминиум нысандарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге тізім жасап, кезегін анықтайды. Тұрғын үй көмегі арқылы қаражыландырылатын, кондоминиум нысандарына басқарма ұйымдарымен көрсетілген күрделі жөндеудің жеке түрлеріне жобалық сметалық құжаттамаларды келіседі.«Күршім», «Теректі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының жұмысын қадағалайды. Бюджеттік өтінім, сметалық шығындарын жасап, бюджеттік бағдарламаларды дайындап, бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты пайдалануын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің актілері мен тапсырмаларының, облыс әкімі, аудан әкімі мен облыстық және аудандық әкімдіктердің актілері мен тапсырмаларының, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, аудан аумақтарын дамыту бағдарламасының іске асырылуының, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы көрсеткіштерінің, мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары («Әлеуметтік ғылымдар және бизнес»- экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, «Қызмет көрсету»-көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, «Өнер»-сәулет, «Құқық»-заңтану, құқықтану, «Техникалық ғылымдар және технология»-техникалық мамандықтар) білім.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың орталықдеңгейдегілауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес.



2.«Күршім ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының орынбасары (санаты Е-R-2) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 127422 теңгеден 172394 теңгеге дейін;

Функционалдық міндеттері: Мекеменің жұмысын ұйымдастырады. Бөлім басшысы демалыста, іс-сапарда немесе т.б. себептермен болмаған жағдайда басшының міндетін уақытша атқарады. Аудандағы сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселері бойынша жұмыстарды үйлестіреді. Мемлекетті басқару жүйесі аумағында құрылыс нысандарының жоспарын жасау,жобаға дейінгі, жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу шараларын өткізу, жобаларды құрылыс, реконструкция, күрделі жөндеу жұмыстары мемлекет бюджетінен қаржыландырылатын нысандармен, сәулет құрылыс нысандары иелерінің қызметін үйлестіру.Аудан аймағында құрылыс мәселелеріне, оның ішінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын құрылыс, тұрғын үй саясаты сұрақтарына, жылыту кезеңіне дайындық жұмыстарына жетекшілік етеді. Ауданда аяқталмаған объектілер құрылысын тоқтатып қою, объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу. Аудандағы жолаушы тасымалының маршрутын анықтап, конкурс өткізу. «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес конкурс құжаттарын дайындайды, мердігерді анықтаудың заңдылығын сақтауына жауап береді. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары негізінде жергілікті маңызы бар жол жүйелерін дамытуды және қызмет етуін қамтамасыз ету, жолаушылар көлігі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында мемлекеттік реттеуді іске асырады. Жолаушылар көлігі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамытады. Уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып, аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісін, елді мекендердің көшелерін басқаруды іске асыру. Аудандық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елді мекендердегі көшелерді дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеп, іске асырады. Аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елді мекендердің көшелерін және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын салу, қайта жаңғырту, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Аудан нысандарының күзгі – қысқы кезеңге дайындық, санитарлық тазалық, көгалдандыру және көріктендіру жұмыстарының іске асырылуын ұйымдастырады. Жетекшілік ететін салалардағы әлеуметтік – экономикалық жағдайды талдап, болжап, ақпарат жинайды. Бюджеттік сұраныс, сметалық шығындарын жасап, бюджеттік бағдарламалардың төлқұжатын дайындап, бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты пайдалануын жүзеге асырады. Бөлім қызметкерлерінің жұмысын қадағалайды. Бөлім жоспарының орындалуын бақылайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Жоғары («Әлеуметтік ғылымдар және бизнес»- экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, «Қызмет көрсету»-көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, «Өнер»-сәулет, «Құқық»-заңтану, құқықтану, «Техникалық ғылымдар және технология»-техникалық мамандықтар) білім. 

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3,Е-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3,Е-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

      3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, Е-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған"А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.



3.«Күршім ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маман-есепшісі (санаты Е-R-4) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін;

Функционалдық міндеттері: Бөлімге бөлінген қаржыларды игеруге жауапты. Қазынашылық, банк, пошта мекемелерімен жұмыс істейді, салық, статистика органдарына,экономика және қаржы бөлімдеріне есеп береді. Бухгалтерлік құжаттамалардың жүргізілуіне жауап береді. Негізгі қорларға, тауар-материалдық құндылықтарға есеп жүргізеді. Іссапар, жолсапар құжаттарына қаражаттар бойынша есеп қабылдайды. Төлем тапсырыстарын рәсімдейді, бөлімнің қызметкерлеріне, жұмыскерлеріне еңбекақы, сыйақы, демалыс ақыларын есептейді, жұмысқа шығу табелін, ведомость толтырады. Қызметкерлерге жеке әлеуметтік код берілуін және зейнетақы қорына қаражаттардың аударылуын қамтамасыз етеді. Жанар-жағармай, жылу, жарық үшін төлемдерді аударады. «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес, конкурс құжаттарын дайындайды, заңдылығының сақталуына жауап береді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары («Әлеуметтік ғылымдар және бизнес»-қаржы, экономика, есеп және аудит, статистика, менеджмент мемлекеттік және жергілікті басқару; бухгалтерлік), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі («Әлеуметтік ғылымдар және бизнес»-қаржы, экономика, есеп және аудит, статистика, менеджмент мемлекеттік және жергілікті басқару; бухгалтерлік) немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



4.«Күршім ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджеттің шығыс бөлігіне есеп және мониторинг жүргізу бойынша бас маманы(санаты Е-R-4) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін;

Функционалдық міндеттері: Белгіленген тәртіпте, мерзім сайын, бюджеттік рәсімдер бойынша мәліметтерді табыс етеді. Мемлекеттік мекемелердің жеке жоспарларының орындалуына ай сайын мониторинг жасайды. Бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы бойынша есепті қабылдайды және құрастырады. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетін олардың иелігінде қалған түсімдер мен ақша шығыстарының жоспарын тексереді, жоспарларға өзгеріс енгізеді, қолма-қол ақшаның бақылау шотын ашады. Бюджеттің шығыстарының атқарылуына бюджеттік мониторингі жасайды. Бюджеттік қаражаттарды басқарады. Бюджеттік қаражаттарды басқару бойынша аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметі тиімділігінің жыл сайынғы бағалауын іске асырады. Кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі арқылы жұмыс жүргізуді ұйымдастырады. «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталдарында ақпаратты уақытында орналастыруға және жаңартуға жауап береді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Жоғары («Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» - қаржы, экономика, есеп және аудит, статистика, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент; бухгалтерлік), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі («Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» - қаржы, экономика, есеп және аудит, статистика, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент; бухгалтерлік) немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



5.«ШҚО Күршім ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің экономика жөніндегі бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты уақытша орнына) (санаты Е-R-4) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін;

Функционалдық міндеттері: Аудан әкімінің, Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы басқармаларының тапсырмасы бойынша негізгі бағдарламаларды әзірлейді. Экономикалық даму, әлеуметтік, аймақтық, инвестициялық, өнеркәсіптік саясатты жетілдіруді және бюджеттің әдістемесін енгізуді іске асыруға қатысады. Ауданның аумақтарын дамыту бағдарламасын әзірлейді және оған өзгертулер мен толықтыруларды енгізеді. Ауданның аумақтақ бағдарламасын іске асыру бойынша іс шаралар жоспарын әзірлейді және оған өзгертулер мен толықтыруларды енгізеді. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді фискалдық саясатының жоспарын әзірлейді. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 3 жылға бюджеттік өтінімді табыстайды. Ауданның аймақтық даму бағдарламаларына бағалау жүргізеді. Ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық дамуын бағалаудың рейтингтік жүйесін жүргізу бойынша материалдар әзірлейді, оны аудандық бюджеттік комиссияға және аудан әкіміне қарастыру үшін енгізеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары («Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» - қаржы, экономика, есеп және аудит, статистика, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент; бухгалтерлік), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі («Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» - қаржы, экономика, есеп және аудит, статистика, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент; бухгалтерлік) немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



6.«Күршім ауданының Балықшы ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман-есепшісі (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты уақытша орнына) (санаты Е-G-3) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94108 теңгеге дейін;

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ әкімі аппаратының шығыс сметасын құрайды. Бюджеттің барлық сұрақтары бойынша бухгалтерлік есеп жүргізеді, жалақы есептейді. Тауарлар мен қызметті мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады, келісім-шарттар жасайды. Бюджеттік қаржыны мақсатты пайдалануға бақылау жасайды, бюджет бойынша айлық, тоқсандық, жылдық есептерді құрайды және сәйкес ұйымдарға ұсынады. Берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының қамтамасыз етеді. «Ашық бюджеттер» порталдарында ақпаратты уақытында орналастыруға және жаңартуға жауап береді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары («Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» - қаржы, экономика, есеп және аудит, статистика, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент; бухгалтерлік), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі («Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» - қаржы, экономика, есеп және аудит, статистика, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент; бухгалтерлік), немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



7.«Күршім ауданының Құйған ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман-есепшісі (санаты Е-G-3) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94108 теңгеге дейін;

Функционалдық міндеттері:Ауылдық округ әкімі аппаратының шығыс сметасын құрайды. Бюджеттің барлық сұрақтары бойынша бухгалтерлік есеп жүргізеді, жалақы есептейді. Тауарлар мен қызметті мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады, келісім-шарттар жасайды. Бюджеттік қаржыны мақсатты пайдалануға бақылау жасайды, бюджет бойынша айлық, тоқсандық, жылдық есептерді құрайды және сәйкес ұйымдарға ұсынады. Берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органда әкімдердің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруына бағытталатын ақшаны есепке жатқызуға арналған, жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотының қамтамасыз етеді.«Ашық бюджеттер» порталдарында ақпаратты уақытында орналастыруға және жаңартуға жауап береді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:Жоғары («Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» - қаржы, экономика, есеп және аудит, статистика, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент;бухгалтерлік), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі («Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» - қаржы, экономика, есеп және аудит, статистика, мемлекеттік және жергілікті басқару, менеджмент;бухгалтерлік), немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.



Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

1) Е-R-1, Е-R-2 санаттары үшін мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2) Е-R-4, Е-G-3 санаттары үшін мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

3) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптары;

4) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары;

5) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары;

6) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді қамтиды.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не a.dusupova@akimvko.gov.kz электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш (нысан қоса берілген);

2.Тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «ШҚО Күршім ауданы әкімінің аппараты» ММ өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар ШҚО Күршім ауданы Күршім ауылы Ибежанов көшесі 23, анықтама телефоны 8(72339)2-16-79, факс 8(72339)2-17-80,e-mail: a.dusupova@akimvko.gov.kz мекенжайы бойынша ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссия шешімімен келіспеген жағдайда конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар 5 жұмыс күннен кешіктірмей Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл бойынша департаментіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалары негізінде өткізіледі.

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының2-қосымшасы

Нысан


__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш
     

Мені___________________________________________________________


____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуконкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттікәкімшілік лауазымынаорналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, оларменкелісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:


____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     


Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________
________                         ____________________________________
  (қолы)                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.










Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет