Б., Медет М. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ



жүктеу 89.33 Kb.
Дата27.03.2019
өлшемі89.33 Kb.

ӘОЖ 81.39
ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЛЕКСИКАЛАРДЫҢ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Елеусіз А.Б., Медет М.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.
Әлем халықтары арасында өзінің өткен тарихын, әдет -ғұрыпымен, салт дәстүрін, материалдық мәдениетін жаңғырту үрдісіне бет бұру байқалады.

Бұл жазу сызуды ерте дамыған өркениетті халықтарды былай қойғанда, Африка мен Азияның және Латын Америасының бұратана халықтарында да байқалады.

Осы ортада Орталық Азияның ірі этностарының бірі, Евразияның үлкен кеңістігін алып жатқан қазақ эпосының өткен тарихы мен мәдениетіне байланысты көптеген мәселелердің зерттелмей жатқандығына назар аударылуда.

Этнос өміріндегі тіл фактілері этносқа тән заттар мен құбылыстарды, ұғымдар мен түсініктерді, халық жадындағы тіршіліктің мәні мен маңызын айқындайды.

Өз тілінен айырылған этнос өзінше өмір сүруде де, тіпті жан жақты дамуы да мүмкін емес. Ана тілін, тіл байлығын, сөздің құрамын ұмытқан этнос өзінің шығу тегін де азаматтық тарихын да ұмытады, басынан өткен өмірің, бүкіл мәдени рухани байлығынан мақұрым қалады. Ғасырлар бойы қалыптасқан моральдық, этикалық дәстүрін, әдет -ғұрпын, елдігін жоғалтады, кім болса сол билік жүргізіп, езгіге түсіреді.

Тіл қоғамда тек сол эпостық қарым қатынас құралы ғана емес, ал этностық бүкіл рухани мәдени байлығын, барлық болмысы мен өмір тіршілігін, дүниетаным мен әдет ғұрпын, ата мұра, асыл қазына ретінде ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші құрал.

Ол этностың өткен өмір тәжірибесі мен өнегесі, дәстүр жалғастығы мен мұрагерлік болмысы, этностың тарихи тұтастығы мен даналығы және дүниетанымы. Этнос болмысы этнографиялық қат қабат арқылы ғана ашылады, этнографиялық мазмұн мен дәстүрлер сипатталады.Этнографиялық этюдтер, яғни этномәдени мұраның қыр сырын танытатын тілдік факті мазмұны арқылы, еліміздің өткен тарихынан сыр шертер дүниетанымдық мәліметтер арқылы айқындалады.

Этнолингвистиканың маңызды зерттеу нысаны этнографиялық деректер, қазақ халқының ежелгі материалдық мәдениеті, дүниетанымы, әдет ғұрпы, шаруашылық дәстүрі, әлемдік өркениеттің ықпалы, халқымыз ХХІ ғасырға қандай дәрежеде аяқ басқалы тұрғаны жөнінде арнайы зерттеу жүргізіп, қорытынды жасау.

Этнографиялық деректерге этнолингвистикалық зерттеу жүргізу үшін бүкіл қазақ жерінің экономикасын, шаруашылығын, халықтың қоныстану жүйесін, географиялық ортасын егжей - тегжейлі талданған мәліметтерге, бұрын жүргізілген экспедиция материалдарына назар аударып, ең бастысы этнографиялық деректерді мазмұны мен тарихи жүйе бойынша жіктеп, топтастырып, өзара байланысты сала салаға бөліп қарастыру қажет.

1. Төрт түлік мал.Төрт түлік мал қазақ этносының нәрі, азық түлігі, киім кешегі денсаулығының емі, псмхологиялық күйі мен мінез құлқы, көлігі.

Жылқы көшпенділердің өмір серігі, қазақтың көне заманнан бері ең көп өмір сүрген малы және төрт түлік малдың ішіндегі қастерлеп пір тұтқаны. Халқымыздың жылқы малын жеті қазынанің бірі санауы, айбынды елтаңбамыздан орын алуы, жыл қайыруда жетінші орында тұруы тегін емес.

Сондықтан жылқы еті мен қымызы қазақтың негізгі тағамы болса, терісі киім, шегінен музыка аспаптарының ішегін жасаған, ана сүтімен пара пар бие сүті мен қымызын ішіп, көптеген ауруларға емдік қасиеті керемет екендігін осыдан үш мың жыл бұрын білген.

Ежелден қазақтың көш көлігі түйе малы болып, түйенің жүні де, еті де, мол, сүті қою, майлы, өзі өте құнарлы. Түйенің мойын терісі өте бағалы. Онымен құранды, ерлерді қаптайды, керегені көктейді, таспа тіледі және су тосуға пайдаланатын, құдықтан су тартатын қауға ыдыс, «көнек» істейді, өкпесін тұздап, ем- домға пайдаланады.

Қазақ өмірінде сиыр малы мен ешкінің де алатын орны ерекше.

Төрт түлік малдың этнолингвистикалық мәні сан саналы, өмірде алатын орны ерекше, олар мына нәрселерден көрінеді, өткен өмірде бейнелейді.

а) төрт түлік малдың иелері (пірі) жылқышы ата Қамбар, Зеңгі баба, Ойсыл қара, Шекшек ата туралы аңыз әңгімелер,өлең жырлармен сипатталып, оларға байланысты жер аттары, әулелі орындар аталып, өткен өмір тіршілігінен сыр шертеді, қасиетті малдарымызды қадірлеп, пір тұтады.

ә) мал семіз, қоңды болу үшін көшіп қонады, көш жолдары, оның ара қашықтығы, көш мерзімімен қалай өткізілетіні туралы мәлімет береді

б) көш көліктері, әдістері, арба түрлері, оның бөлшектерінің атаулары, бағасы туралы анықтайды.

в) жайылым түрлері, азық түрлері, үйілген шөп атауларынан түсіндіреді

г) соғым сою, қасапшыларға беретін ақы туралы айтылады.

ғ) жылқы бағу, жылқы түрі, атақты бәйге аттары, олар туралы аңыз әңгімелер.

Әр түрлі ырымдар, ідет ғұрыптар, салт дәстүрлер туралы сипатталады.



Қазіргі уақытта төрт түлік мал туралы айтылмай шет қалып жүр.

  1. Егіншілік мәдениеті. Ас адамның арқауы. Сондықтан Дихан баба, Қызыр ата туралы аңыз әңгімелер айтылады. Егіншіліктің басында наурыз мейрамы тойланып, салт дәстүрлер орындалып, тасаттық беріліп, қырман той мен сабан той өткізіледі. Дәнді дақылдарды егу, оның түрлері және егіншілік құралдары туралы тереңнен біліп, дәннен жасалған тағам түрлерін еске түсіріп, атақты тоғаншылар мен мұраптар өмірімен танысамыз. Қазіргі техникалық заманда бұлар туралы ұмытылып, тіл байлығымыз шетінеп барады.

  2. Ас су. Ас су туралы көне этнографизмдерден сүт өнімдерінен жасалған тағамдар, олардың жасалу жолдары, түрлері (пісіру, іріту, ашыту, ұйыту) сақтау амалдары, ақ тағамға байланысты ырым тиымдар ұмыт болуда.

  3. Ет тағамдары. Қазақ халқының ішінде тағамдарға ең көп пайдаланылатын мал еті. Мал еттерін сақтау амалдары: кептіру, сүрлеу, ыстау қазір аз қолданылады, ішек-қарыннан жасалған тағамдар: үлпершек, жаргон т.с. сый-қонақтарға берілетін кәде мүшелері, қоспалар, ет тағамына байланысты ырым-тиымдар қолданылмай ұмыт болып барады, этнолингвистикалық зерттеу азайып, оны білу маңызы ерекше болып тұр.

  4. Сусын түрлері. Қазіргі өмірмен салыстырсақ көп нәрсе ескерілмей, шәй түрлері бір сипат алып, боза, тағам түрлері ботқа, быламық, таңертеңгі ас, түскі ас, кешкі ас мәзірлері батыстық сипат алып, бас тарту, құда табақ, бас табақ, той бастар, тамағы ұмытылып, ыдыс түрлері шәйнек, қазан, саба, күбі, ожау, шөміш, тегене, шара, саптыаяқ, астау, шелек, көнек, аяққап, шынықап күнделікті тұрмыстан қалып, оларды табиғи қасиеті, темір ыдыстармен, шыны заттармен алмастырып, денсаулыққа зиянды жағы көбейіп тұр. Өткен өмір тіршілігінен мәніне жете көңіл бөлмей келеді. Өткенді ұмыту-табиғи тазалықты ұмыту болып табылады.

  5. Киім кешек. Қазіргі киім кешек пен ертедегі киім-кешек арасында көп айырмашылық болып, оның көне атаулары ұмытылып, сән-салтанаты, әшекей атаулары жадымыздан шығып, ұмыт болып бара жатыр. Саптама, байпақ, шәркей сияқты аяқ киім түрлері не екенін білмей, кебіс, мәсі, етік тұрмыстан алынып, кебенек, шекпен, тон, ішек, шапан, жақы, пима, ұйық, шылғау, байпақ, тері шалбар казір киілмей, балалар киімі ерте де қандай болғаны айтылмай, талай асыл дүниеміз көнеріп, казір формасы бар қазақы киімдер көбейгенімен, түп сәні келіңкіремей жүр.

  6. Қадым қамал ескерткіштері. Көненің көзі болатын тас мүсіндер, сыни жазулар, мәдени ескерткіштер: бейіт, қабырхана, құлпытас, қорған, әулие, күмбез, там, мола, сағана, қойтас, мазар, бол бол қадым заман ескерткіштеріне айналып,айналамыздан аластатылып, музейлерден орын алып, жөндеу жұмыстары жүргізілмей, тіршілік өмірімізден алшақтап барады. Бұл да өткенімізді ұмыттырып, санамыздан алынып, көне күйге түсуде, ескерткіштерге байланысты әдет ғұрыптар сақталмай, таза дүниеге айналуда. Бұл ұмыт қалатын ескерткіштер емес, өмірімізден ойып орын алатын заттар, адам құндылықтары.

  7. Тоқымашылық өнер. Қол өнер мәдениеті дамыған қазақ даласы тұрмыстан аластатылып, кәсіпорынның дайын өнімдеріне ауыстырып, қазақы сипат, өнер жойыла бастады. Археологиялық деректер қазақ даласында энеолит дәуірінде (б.з.б. ІҮ, ІІІ ғ. басы).

Орталық Қазақстан түсті металдар өндіріп, тауарлық қажеттілігін өтегенін дәлелдейді. Оған 4-мыңға жуық алтын әшекейлері бар «Алтын киімді адам» мысал бола алады, ал дүниежүзілік мәдениеттің інжу маржандарының қатарына жатады.

Зергерлік өнер о баста сән салтанат үшін емес, тұмар ретінде адам денсаулығына арнап жасалып, әр түрлі үғымдарды білдіреді. Салт дәстүр,әдет ғұрыпты айқындайды, адам тегін, лауазымын, кәсіби, қай ру тайпаға жататындығын, туған жерін сипаттайды.

Зергерлік өнер лексикасы астам құрып, тіл байлығын көбейтіп отырған сәндік қызмет атқаратын бас киім, сырт киім, аяқ киім әшекейлерінің атауларының өзі асып түседі.

Тоқымашылық өнерге жататын түрік кілем, тақыр кілем, текемет, алаша тоқу, сырмақ ою, сәнді бау, желбаулар - асыл дүниелеріміз. Бірақ бұл өмірден көбі жойылып, аты ұмтылуда.



  1. Ыдыс аяқтар. Бағзы заманда қырушылық кәсіп гүлденіп, ағаштан қырып ыдыс аяқ жасалып, ол ыдыстар тағамдардың ыстық қалпын ұзақ сақтап, тамақ дәмін бұзбай, әр тағам түріне лайықталып жасалады. Қазір ыдыс аяқ көп болғанмен, олар техникалық дүниелер.

  2. Шежіре.Көне тарихымыздың тізбесі, жергілікті ел жұрт туралы аңыз әңгімелер, би, батыр, атақты адамдардың өмірбаяны этнос өмірімізде өмірлік маңызы ерекше. Қазір шежіре жазылмайды, көне ұмыт дүние деп қарайды.

  3. Баспана, үй – жай. Қазақ халқының күнделікті тұрмыс қажетін өтейтін, тіршілігін іске асыратын үй құрылысын өтеу кәсібі, киіз басу,киіз үйге қажетті бау басқұр, алаша, кілем, аяққап тоқу, сырмақ сыру, шие тоқу, кесте тігу, яғни бұлар үйдің жылы, сәнді болу, адам денсаулығына тиімді болу, қонақ күтуде лайықты, ауа райының кезкелген өзгерісіне шыдамды, жеңіл тиімді болды. Қазір өмірден алынып, ескі көзі болып қалды.

12. Қоныстану жүйесі. Бір ата бабаның ұрпақтарының мал жай, тіршілік көзінің ыңғайына қарай қоныстанып, жайлау, күзеу, қыстау, көктеме алқаптарына бөлініп орналасады. Қоныстану жүйесі қазір мүлдем бұзылып, отырықшылыққа айналған. Отырықшылық жерді аздырып,тоздырып, малдарын жай күйі бүлініп,көп күтімді қажет етеді. Бұл жүйе этнолингвистиканың күрделі мәселесі қазір айтылып та, жазылып та жүрген жоқ. Қазір тек малшылар ғана жайлауға шығып,отырықшылық жүйемен сонда орналасып қалған.

13. Әскери өнер. Халықтың дәстүрлі әскери өнері ер бала дүниеге келгеннен басталған. Ер балаға атты құлын кезінен бәсіре, енші т.б. беріп, атап қояды.

3 жасынан атқа мінгізіп, өлең жыр айтылып, бата берген. 5-7 жасындақ қару жарақ ұстататып, қару тойын өткізген. Ру, тайпа ұрандары айтылып,туға табындырған, мергендік өнерге баулыған.

Ұлттық ойындарға қатыстырып, аударыспақ, сайыс,найзагерлік, алтын қабақ, көкпар тартқызған. Бәйгеге қатыстырған. Ат мініп жүру нағыз дене шынықтыру болған.Ол көптеген ауруларға ем дом болған. Аламан, дауыл, қысқаш, торуыл, сол қол, оң қол,жортуыл, шабуыл, атой сияқты әскери соғыс тактикасы өнерін үйренген. Алдаспақ, наркескен,қылыш, найза, шоқпар, сойыл сияқты қару жарақ түрлерін беріп, қолын жаттықтырып, қолдану тәсілдерін үйреткен. Бірақ бұл әскери өнер аясындағы қару жарақ, ту, ру тайпа ұрандары ескі күйге түсіп, мұражайдан көретін көне жәдігерге айналды.

14. Той томалақ, мереке.Кеңес үкіметі ортақ мәдениетке тоғытып,ортақ дәстүрге шегіндік. Алтын дария әжелеріміз, жаны нәзік жеңгелеріміздіңғасырлап сіңірген ұлттық мінез,салт дәстүріміз дүбәра күйге түсті.Ұлттық уызынан нәр алған,ұлттық тәрбие бесігінде тербеліп өскен,қаны, тілі,ділі таза, тәні шымыр,ойы өрелі ұрпақ тағдырында орын алатын той томалақ, мереке қазір жанданып орныға бастады.Құда түсу тойы,есік төр көрсету тойы, ұрын тойы, қыз ұзату тойы, келін түсіру тойы сияқты тойлар тойлана бастады.

Ерте кезден қалыптасқан кәделер, ырымдар, жол жоралғылар орындалып, үкі тағар,бас жақсы, сүт ақы, сәукеле байғазысы, шатыр байғазысы, ат байлар, ентік басар,отау жабар, төсек салар, шаш сипатар, кемпір өлді, ит ырылдар, күйеу аттандырар, т.б. салт дәстүр өз мәнінде өмірге енді. Өшкеніміз жанып, өміріміз мерекелі шаттыққа айналды.

Той бұрынғының қалдығы емес, қазіргінің нағыз мерекесі болды, этномәдени өміріміз гүлденді.

15. Туыс, жекжат. Отбасын құрып, әулетіміз туысқандық қарым қатынасымыз берікте ұлттық сипаттағы қарым қатынас орнықты. Неке қию, отау тігу, шілдехана, балаға ат қою, тұсаукесер, тоқым қағар, баланы оқыту т.б. сән салтанат бар мерекелер туысқандығымызды бекітіп,құда жекжаттарымызды сыйлап, бір туысқа айнала бастадық. Этнолингвистикалық білім іліміміздің пайдасында, ескі көне салт дәстүрімізді жаңғартудан орныға бастады.

16. Халық медицинасы. Халық ветеринариясы. Халық астраномиясы. Халық медицинасы қазір белгілі жүйе құрып, жұмыс істеуде. Ел ішінен шыққан атақты тәуіптер, емшілір, әулиелер, сынықшылар, бақсылар, қобыз, қамшы, түрлі құралдар алысып, әулие бұлақ, құдық, сағаналарға барып, талай адамдарға игі істер істеп, емдеп, түшкіріп, құран оқып еңбек етуде. Бұл да халық пен емшілердің қарым-қатынасын ашып, құмалақ, сүйек, т.б. жолын ашып, психологиялық биотоктары арқылы талай адамға көмектесуде.

17. Халық ветеринасы да, мал пішіп, мал ауруларын емдеп жүр.

18. Халық астрономиясы өз маңызын қазір де жойған жоқ. Ауа-райын болжап, жұлдызнамазшылар күн түн демей еңбек етіп, алдын ала болатын ауа-райы туралы нақты болжам айтып, қазақша жұлдыз атаулары, ай, жыл, мүшелге бөлу сияқты көне атаулардың мәні мен табиғи өмірмен байланыстыруды, қазақша жыл санауды жаңғыртып жүр.

Этнолингвистика этнографиялық деректердіңдің мәнін ашып, мазмұнын түйіндеп, этнографиялық лексиканы жинап, өткенімізді жаңғыртып, тіл білімінде сүбелі тіл біліміне айналды. Біз баяндап, сипаттап шыққан тек этнографиялық лексиканың негізгі тектері, топтық жүйесі, оның түрлері мен тіл бірліктерінің табиғаты әлі де болса, толық ашылмай, өз зерттеушілерін күтуде.


Әдебиет


  1. Қазақ совет энциклопедиясы. – Алматы, 1973. – VII т. – 544 б.

  2. Қазақ тілі: энциклопедия, – Алматы: Қазақстан Республикасы білім, мәдениет және денсаулық сақтау министірлігі. Қазақстан дау институты. – 1998. – 509 б.

  3. Қайдаров Ә.Т. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы: Ана тілі, 1998. – 304 б.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> Urkumbaev IIt
Urkumbaev IIt -> Қарынбаев А. К., Бақтыбаева А. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
Urkumbaev IIt -> Қарынбаев А. К., Егембердиева Б. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
Urkumbaev IIt -> Гербицидтердің топырақ микроорганизмдеріне әсері
Urkumbaev IIt -> Әок 28. 12: 591. Талас өзені алабында тұтыну суын пайдалануды экологиялық ТҰРҒыда негіздеу
Urkumbaev IIt -> Қазақ тіліндегі антропонимжасамдық мағынаның танымдық сипаты мұсабаева А.Қ. Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қ
Urkumbaev IIt -> ҚҰрамы мен қҰрылымының Қазіргі жағдайы және оның малазықТЫҚ-жайылымдық маңызы
Urkumbaev IIt -> Єлеуметтік-гуманитарлыќ
Urkumbaev IIt -> Кеңес империясының КҮйреу логикасының желтоқсан көтерілісімен ұласуы жаңақұлов Т., Құламанова З


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет