Орал кафесіндегі жарылыс орнынан үшінші адамның денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, апаттық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

"Жұмыс құлаған конструкция санының көп болуына байланысты қиындауда. Оқиға орнында ғимараттың қиындылары құтқарушылардың өміріне қауіп төндіріп отыр. Ғимаратты толықтай қирату жұмыстары жүргізіліп жатыр. БҚО ТЖ департаменті, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жедел медициналық жәрдем күштерінен барлығы 190-нан аса адам және 50 техника жұмылдырылды. Оқиға орнында зардап шеккендер мен қайтыс болған адамдардың туғандарына психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. БҚО ТЖД штабында 8 (7112) 55-40-88 нөмірі бойынша жедел желінің жұмысы жалғасып жатыр", – деп хабарлады ведомстводан.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қаңтарға қараған түні Орал қаласында Rizyq кафесінің екі қабатты ғимараты қираған еді.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.