Мәжілісте медициналық маска тағу міндеттелді. Мұндай шешім парламенттің төменгі палатасының спикері Ерлан Қошанов пен тағы басқа бірнеше депутат коронавирус жұқтырып алғаннан кейін қабылданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: parlam.kz

Коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық ахуал нашарлауына байланысты президенттің іс басқармасы медициналық орталығының бас санитария дәрігері Айгүл Темірғалиева 7 ақпаннан бастап парламент мәжілісі ғимаратында маска тағу мен басқа да алдын алу шараларын міндеттеді. 

  • Қазақстан қызылша ауруын жұқтырғандар саны бойынша алғашқы үштікке енді
  • Қытай ғалымдары коронавирустың қалай пайда болғанын тағы жасырып қалды

Мәжілістің баспасөз қызметі жиналыс пен басқа да бұқаралық іс-шаралар онлайн-форматқа ауысатынын немесе маска тағу тәртібі мен санитария нормалары қатаң сақтала отырып өтетінін мәлімдеді. 

Бұған дейін мәжіліс спикері Ерлан Қошанов коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Сонымен қатар тағы да 5-6 депутаттың ПТР-тесті инфекция бар екенін көрсетті. Сол себепті олар мәжілістің пленарлық отырысына қатыса алмады. 

Бұған дейін дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Гебрейесус әлемде COVID-19 ауруының қайтадан өршуіне байланысты маска режимі мен вакцина салуды жалғастыру керегін айтқан еді.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.