Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007


Клиринг және есеп айырысу



бет17/19
Дата14.03.2018
өлшемі4.77 Mb.
#21125
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Клиринг және есеп айырысу мына сипаттарға байланысты жіктеледі:

а) биржалық тауардың түріне қарай:



  • бағалы қағаздар нарығының клирингі;

  • фьючерстік шарттар нарығының клирингі;

ә) орталықтандыру деңгейіне қарай:

  • бөлек бір биржаның клирингі;

  • ұлттық биржааралық клиринг;

  • халықаралық клиринг;

б) қызмет көрсету аясына қарай:

  • Клиринг палатасының мүшелері арасындагы клиринг;

  • Биржа мүшелері арасындагы клиринг.

Клиринг және есеп айырысуды ұйымдастыру процесі бірсыпыра принциптерге негізделген. Олар:

Біріншіден, клиринг және есеп айырысуды, әдетте маманданған органдар жүзеге асырады. Ол дербес маманданған ұйым - Клирингтік (есептеу) палатасы немесе биржаның маманданған құрылымдық бөлімі болуы мүмкін.

Екіншіден, биржа клиенттерінің мүддесін қорғау тұрғысынан алғанда клиенттер қаржысын делдалдар қаржысынан бөлек жүргізу мен есептеу туралы талаптарды орындауға көп мән берілуі керек.

Үшіншіден, бекітілген биржалық мәмілелердің бүкіл реквизиттері тексеріліп және тіркеуден өткізгеннен соң ғана олар есеп айырысу - клиринг жүйесіне түседі. Ондай болмаған күнде олар клирингке қабылданбайды.

Төртіншіден, клиринг және есеп айырысудың қатаң кестесі бо­луы тиіс. Клиринг және есеп айырысудың әрбір операциясы қатаң шектелген уақытта өту керек. Кестені бұзушы айыппұл төлеуге мәжбүр болады.

Бесіншіден, биржада бекітілген мәміленің орындалуына кли­ринг және есеп айырысу механизмі кепілдік береді. Егер мәмілеге келген екі жақтың бірі өз міндеттемесін орындай алмаса, онда оны биржа құрылымы өзі орындайды.


13.2. Тәуекелдің негізгі түрлері
Есеп айырысу - клирингтік жүйенің қызметін пайдаланушы биржалық нарыққа қатысушылар мәміленің нарықтық сипатына байланысты әрдайым өз капиталын немесе акша қаражатын жойылтып алу қаупіне тәуекел етіп пайдаланады. Бұндай тәуекелдің нарықтық, несиелік және жүйелік деп аталатын үш түрі бар .

Нарықтық тәуекел - ол бүкіл қор нарығында немесе фьючерстік нарықта бағаның ауытқуына, мысалы, банктік процент ставкасының өзгеруіне байланысты болатын тәуекел. Клиринг- есеп айырысу процесі бірсыпыра уақыт алады, сондықтан осы уақыт аралығында бағаның өзгеруінен біраз шығын болуы мүмкін.

Осындай тәуекелдің бір түрі - әлемдік бағалы қағаздар және фьючерстік шарт нарықтарында есеп айырысу мерзімі бойынша келіспеушіліктен пайда болатын - халықаралық нарықтық тәуекел. Мысалы, басқа елден бағалы қағазды сатып алган брокер екі елдегі есеп айырысу мерзімдерінің бір-біріне дәл келмеуінен оларды өз елінде бірден сата алмайды. Сайып келгенде біраз шығынға ұшырайды.



Несиелік тәуекел - ол клиринг және есеп айырысу процесінің бір буынында келісілген уақытта есеп айырыспаудан туындайтын тәуекел. Биржа нарығы және оның инфрақұрылымы дамыған жағдайда тәуекелдің бұл түрі сирек кездеседі. Алайда, брокердің көрсеткен қызметіне клиенттің сыйақы төлемеу қаупі тұрақты түрде болып тұрады.

Жүйелік (операциялық) тәуекел - ол компьютерлік және байланыс жүйелерін қолдануға байланысты болатын шығын тәуекелі. Мысалы, кенет электроэнергиядан ажырату, клиринг-есеп айырысу жүйесі қызметшілерінің жіберген қателері. Сондай-ақ, алаяқтық, бұзықтық, ұрлық және т.с.с. кездесетін келеңсіз жағдайлар да шығынға соқтырады.

Қазіргі кезде биржалық жүйелерді ұйымдастырушылар айтылған тәуекелдерді азайту жолдарын қарастыруда. Ең алды­мен биржалық процеске қатысушылардың арасындағы бір-біріне деген сенімнің мықты болуы қажет. Өз әріптестерінің сенімін ақтамаған брокер, әдетте, келесі мәмілеге жіберілмейді. Мәміле ауызша да, жазбаша да бекітілетіндіктен саудаға қатысушылардың өзара қатынасындағы сенімді сөзінің маңызы зор. Сондықтан сенімділік жоғары болған сайын, биржалық айналым да көп бо­лып, нәтижесінде пайда да артады.

Тәуекелді төмендетудің (минимизациялау) келесі жолы - биржалық делдалдар есебінен сақтандыру қорларын құру. Егер есеп айырысу процесінің бір бөлігінде төлем жүргізілмей қалса, онда төлемеу қаупін сақтандыру қорлары өзіне алады.

Қорыта айтқанда, клиринг - есеп айырысу технологиясын және оны ұйымдастыруды жетілдіру биржа ісін дамытуға көп әсер етеді. Клиринг және есеп айырысудың барлық процесін компьютерлендіру реквизиттерді тексеру мен құжаттарды рәсімдеуді жеделдетіп, ойда болмаған қателерден сақтандырады, ақпараттарды есептеп, сондай-ақ оларды сақтауды қамтамасыз етеді.


13.3. Бағалы қағаздар нарығындағы клиринг және есеп айырысу
Биржа қызметінде клиринг және есеп айрысудың біртектес типтік жүйесі қалыптаспаған. Сондықтан клиринг және есеп айрысуды әрбір ірі биржа өзі ұйымдастырады. Оның бүкіл биржаларға бірдей жалпы белгілері болуымен бірге, кез-келген биржаның тек өзіне тән ерекшеліктері де бар. Одан басқа бағалы қағаздар нарығындағы клиринг және есеп айырысу фьючерстік шарттар нарығындағы клиринг және есеп айрысудан өзгеше болады.

Бағалы қағаздар нарығындағы есеп айырысу-клиринг процесінің ең басты ерекшелігі - сатылған бағалы қағаздарды оның алдыңғы иесінен басқа иесіне қайта тіркеудің қажеттігі. Есеп айырысу-клиринг уақытын, яғни мәмілені бекіту мен ол бойынша есеп айырысу уақытын әдетте есеп айырысу кезеңі деп атайды.

Қор нарығының инфрақұрылымы дамыған елдерде есеп айы­рысу кезеңі алдын ала бекітіледі. Дегенмен ол бағалы қағаздардың типіне байланысты өзгеруі мүмкін. Есеп айырысу күні мынадай формуламен анықталады.
Д = Т+n

мұнда: Т - мәмілені бекіткен күн;

n - есеп айырысу жүргізілетін күндер саны.

Мысалы, Англияда бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу мерзімі 10 күн, облигациялар бойынша - 2, фьючерстік шарттар бойынша - 1 күн.

Есеп айырысу кезеңінде брокерлер бір жағынан өз клиенттерінен олар үшін сатып алынған акцияға ақша қаражатын алса, екінші жағынан сатылған бағалы қағаздарды немесе оларды алмастыратын құжаттарды (сертификаттар, куәліктер, трансферттік құжаттар және т.б.) алады.

Есеп айырысу күні сатушы-брокер Есеп айырысу палатасына бағалы қағаздарды береді де, олардың орнына Есеп айырысу палатасынан ақша қаражатын (мысалы, чек) алады. Сол кезде сатып алушы-брокер Есеп айырысу палатасына сатып алынған бағалы қағаздар үшін ақша қаражатын береді. Бірақ сатып алынған бағалы қағаздарды жаңа иесі депозитарийде қайта тіркеуге қажетті бірнеше күн өткеннен кейін ғана алады. Акция сатып алушыға акция бойынша дивиденд aлу құқығы оны сатып алу мәмілесі бекітілген кезде беріледі. Алайда, акция иесі өз құқығын оны шығарған акционерлік қоғамның акционерлерінің реестрінде акцияны тіркеген датадан бастап алады. Акционерлердің реестрін компания сайлаған тіркеуші жүргізеді.


13.4. Фьючерстік шарт нарығындағы клиринг және есеп

айырысу
Фьючерстік шарт нарығындағы есеп айырысу-клирингтік процесінде негізгі екі ерекшелік бар. Олар:

Біріншіден, Есеп айырысу палатасы биржада бекітілген және тіркелген кез-келген фьючерстік шартты тапсыратын орын (13.1. Сурет). [8; 163].

Екіншіден, ол бекітілген мәмілелердің орындалуынын кепілі, яғни ол маржалық жинақ механизмі арқылы кепілдік беру.


Биржада

фьючерстік

шартты

сатып


алу-сату

мәмлесі

1 брокер – сатып алушы

1 брокер – сатып алушы





Есеп айырысу палатасында бектілген мәмілені тіркеу


Есеп айырысу палатасы









2 брокер – сатушы


2 брокер -сатушы





13.1. Сурет. Биржалық фьючерстік шарттар нарығындағы Есеп айырысу палатасының рөлі
Жалпы Есеп айырысу палатасы фьючерстік саудада сатып алынған және сатылған барлық шарттар бойынша клиринг және есеп айырысу қызметін атқарады. Сондай-ақ олардың орындалуын ұйымдастырып, оған кепіл болады.

Клиринг және есеп айырысу жүйесін дамытудың міндеттері:



  • клиринг және есеп айырысу бойынша бір мәмілеге қатысты шығынды азайту немесе оның өсуін тежеу;

  • клиринг және есеп айырысу процесін осы операцияларды жүргізу мерзімін қысқарту жолымен жеделдету;

  • әлемдік қор нарықтарында және фьючерстік нарықтарда клиринг және есеп айырысуды интернационалдандыру.

Осы міндеттерге жету үшін:

Біріншіден, бағалы қағаздарды бейматериалдандыру керек, яғни компьютер жүйесіндегі шотқа электрондық жазу арқылы бағалы қағаздардың қағазсыз (құжатсыз) формасына өту ке­рек. Болашақта ол біртұтас ұлттық (кейіннен әлемдік) бағалы қағаздар электрондық депозитарийіне көшуге мүмкіндік береді.

Электрондық жүйе атаулы бағалы қағаздарды сатып алу-сатуға бай­ланысты оларды қайта тіркеудің барлық процестерін оңайлатып, әрі шығындарды азайтады. Бағалы қағаздардың қағазсыз формасын пайдалану бағалы қағаздардың жоғалуын, жалған жасалуын, жеткізіп беруді тежеуді және басқа келеңсіз проблемаларды жо­яды.

Екіншіден, бағалы қағаздармен және фьючерстік шарттармен жүргізілетін электрондық саудаға өту экономиканы компьютерлендіру және байланыс құралдарын дамыту нәтижесінде жүзеге асты. Бұл биржалық нарықты кеңітуге және оны жаһандандыруға, сауданы арзандатуға, биржалық сауданың көптеген процедурасын оңайлатуға, клиринг және есеп айырысу процестерін автоматтандыруға мүмкіндік ашты. Болашақта электрондық сауда биржалық делдалдар институтынсыз қор нарығында әрбір клиент өзі тікелей мәміле бекітуіне мүмкіндік береді.

Үшіншіден, әлемдік биржалық нарықта есеп айырысу кезеңін үйлестіру керек. Әр түрлі елдердің есеп айырысу кезеңдерін бір ізге келтіру (унификация) деген ұлттық нарықтарды интернационалдандыру үшін қажетті негіз құру.
Бақылау сұрақтары:


  1. Клиринг және есеп айырысудың анықтамалары.

  2. Клирингтің негізгі түрлерініц сипаттамасы.

  3. Клирингтің принциптері.

  1. Мәміле бойынша есеп айырысу кезіндегі тәуекел түрлеріне сипаттама.

  2. Бағалы қағаздар нарығындағы клиринг және есеп айырысудың ерекшеліктері қандай?

  1. Фьючерстік мәміледегі клирингтің ерекшеліктері

  1. Клиринг және есеп айырысу жүйесін дамытудың міндеттері (бағыттары) қандай?

  2. Осы міндеттерге жету жолындағы жүргізілетін іс-шаралар қандай?


XIV ТАРАУ Биржалық бағаны айқындау
14.1. Биржалық баға белгілеудің мәні және маңызы
Биржалық баға белгілеуде екі жақты көзқарас қалыптасқан:

Біріншісі, баға белгілеу - ол биржалық сауда кезінде бағаны айқындау процесі.

Екіншісі, баға белгілеу - ол биржалық сауда процесінде белгіленген баға туралы мәліметтерді өңдеу, оларды биржалық бюллетеньдерде жариялау үшін дайындау және саудага қатысушыларға көрсету.

Биржалық саудада бағаның белгіленуі - тіркелген сауда жүргізушілердің өзара қызметтерінің нәтижесі. Сөйтіп, бир­жа бағаның объективті қалыптасуына мүмкіндік жасап, тек оны айкындаумен шұғылданады.

Биржа бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуға түскен ұсыныс пен сұранысты шоғырландырып, ағымдағы сұраныс пен ұсыныстың ара-қатынасын анықтап, соның нәтижесінде уақытша және салыстырмалы тепе-теңдіктің көрінісі түрінде бағаны айқындайды. Бекітілген мәмілелер бойынша бағалы қағаздардың қолдан қолға өту бағасы оның бағамы деп ата­лады. Сондықтан биржалық бағам биржалық мәміле бекіткенде де және биржадан тыс айналымда да бағдар ретінде қолданылады.

Биржа туралы заңдар мен нормативтік актілер бағалы қағаздардың биржалық бағамын бекіту ережесін ұсынбайды. Баға белгілеудің негізі болып саналатын принциптерге байланысты баға белгілеуде әртүрлі әдістер қолданылуы мүмкін.

Әдетте биржалық бюллетеньдерде мәміле бағасының барлығын тіркемей, биржалық күні бойғы баға динамикасын толық сипаттайтын ең ақырғысын тіркейді. Ең ақырғы баға вертикаль және горизонталь тұрғысынан алынады, яғни биржалық күн бойғы жоғарғы және төменгі; сондай-ақ алғашкы минуттардағы және биржалық күн соңындағы қорытынды баға алынады.

Тіркелген мәмілелердің көрсеткіштері мен инвесторлардың мәлімдемелерін сараптап баға белгілеуші комиссия бағалы қағаздардың түрлері бойынша жоғарғы және төменгі ең ақырғы бағаны анықтайды. Әлемдік алдыңғы қатардағы биржаларда баға белгілеу қағазына енгізілген жабылу алдындағы баға немесе соңғы мәміле бағасы биржалық баға болып есептеледі. Биржалық баға көпшілік ақпарат құралдарында жарияланады.

Экономикасы дамыған Батыс елдерінің қор биржасында бағалы қағаздармен сауда автоматтандырылған жүйе арқылы жүргізіледі. Акция бағамының оның көрсетілген (номинал) құнынан көтерілуін лаж немесе ажио, ал бағамның көрсетілген құннан төмен ауытқуын дизажио деп атайды.

14.2. Аукционда баға белгілеу
Биржалық сауданы ұйымдастырудың тиімділігі аукцион­да баға белгілеу мүмкіндігімен анықталады. Биржалық сессия кезінде биржалық сауданы ұйымдастыру биржалық нарықтың тұрақты, әрі өтімді болуына әсер етеді. Биржалық сауданы ұйымдастыру формасы негізінен қор нарықының жағдайына, атап айтқанда, оның тереңдігіне, кең ауқымдылығына және төтепберушілігіне (төзімділігі) байланысты болады. Таратып айтсақ, багалы қағазадарға сүраныс пен усыныс көлемі улғайған сайын нарық та кеңи түседі, инвесторлар мәлімдемесінің көлемі үлкейген сайын және сұраныс пен ұсыныс шоғырланған сай­ын, екінші нарық та тереңдей түседі. Төтепберушілігі бағаның әртүрлілігіне байланысты нарыққа қатысушылардың бағалы қағаздарды сатып алуға немесе сатуға дайындығын білдіреді. Егер нарықтың қызмет ету жағдайы және сұраныс пен ұсыныстың арасындағы алшақтық пайда болуының әсерінен баға өзгерсе, онда биржалық сауда аукцион формасында ұйымдастырылады.

Ол 14.1. Суретте өрнектелген. Аукцион деген көпшілік алдында кім бағаны асырса, соған сатылатын бәсеке сауданың түрі.

Сұраныс немесе ұсыныс көлемі онша көп болмаса онда сауда жай аукцион формасында ұйымдастырылады. Ондай аукционды сатып алушының ұсынысы бойынша я сатушы ұйымдастырады, я көптеген сатушылардан тиімді ұсыныс іздеген сатып алушы ұйымдастырады. Сатушы ұйымдастырған аук­ционды сатушы аукционы, ал сатып алушы ұйымдастырған аукционды сатып алушы аукционы деп атайды.

Жай аукцион типін ағылшын аукционы деп атайды. Онда сатушылар қор құндылықтарын бастапқы баға бойынша сату үшін өздерінің мәлімдемелерін сауда басталғанға дейін беріп қояды. Олар баға белгілеу бюллетеньдерінде топтастырылып, биржалық саудаға қатысушыларға үлестіріледі. Аукцион барысында сатып алушылар бәсекесінің негізінде баға бірден бірге көтеріліп, соңында бағалы қағаздар ең жоғарғы бағамен саты­лады.



Голландиялық аукционда сатушының алғашқы ұсынған бағасы жоғары болады, сауданы жүргізуші бірден бірге төменгі ставка ұсынып, ақырында соның біреуін қабылдайды. Бұл жағдайда бағалы қағаздардың ұсынылған бағамы көңілінен шыққан бірінші сатып алушыға сатылады.

Тәуекелге салу немесе сырттай аукционында барлық сатып алушылар бір уақытта бірден өз ставкаларын ұсынады. Бағалы қағаздарды ең жоғары ұсыныс жасаған клиент алады.

Қорыта айтқанда, жай аукцион я сатушылар, я болмаса сатып алушылар аукционы, ол сұраныс пен ұсыныс көлемі аз жағдайда ұйымдастырылады. Ал қор нарығы кең ауқымды дамыған жағдайда қос аукцион жүйесін ұйымдастыру тиімді болады. Онда сатушылар арасында да, сатып алушылар ара­ұсында да бәсекелестік болады. Қос аукцион «бір дүркін» және үздіксіз аукциондар болып бөлінеді.


Аукциондардың жіктелуі







Жай аукцион

Аукцион барысындағы баға

Қос аукцион

Сауда жүргізетін уақыты бойынша






Көтеріледі (сатып алушылар бәсекелеседі)



Төмендейді (сатушылар бәсекелеседі)

Берілген мәлімдемелерге байланысты белгіленеді

«бір дүркін» («дүмпу») аукционы

Үздіксіз аукцион



Ағылшын аукционы



Голландия аукционы

Құр тәуекелге салу аукционы

Аукциондық сауда жүргізудің техникасы бойынша



«айғалау» аукционы немесе дауыс аукционы

Жартылай ауызша, жартылай жазбаша аукцион

Жазбаша аукцион




Негізіндегі аукцион

14.1. Сурет. Аукциондардың жіктелуі
Болашақта бағалы қағаздар нарығының жағдайын, атап айтқанда, оның өтімділігін қамтамасыз ететін қос акцион фор­масы деп есептеледі. Егер нарықта мәміле-шарт сирек жасалса, биржалық баға белгілеуде «спрэд» деп аталатын сатып алушы мен сатушы бағалары қабыспай алшақтаса, мәміледен мәмілеге дейінгі бағаның ауытқуы ауқымды және үнемі қайталанып тұрса, онда бұндай нарықты өтімді деп айтуға және де биржалық сауда­ны үздіксіз аукцион формасында ұйымдастыруға болмайды. Бүл жагдайда биржалық сауданы «бір дүркін» аукцион формасында ұйымдастырған тиімдірек болады. Себебі нарықтың өтімділігі төмен, әрі аукцион сирек өткен жағдайда бағалы қағаздарды са­тып алу-сатуға түскен мәлімдемелерді жинақтау мерзімі ұзақтау болғандықтан, кейін барлығын бір уақытта орындау үшін сауда залында «бір дүркін» аукцион жүргізіледі биржалық делдалдар өз сатып алу мен сату мәлімдемелерінің арасындагы тепе-теңдікті анықтау. Дауыс аукционындағы у-шуда дұрыс бағыт алу оңай емес, сондықтан биржалық аукциондарда тарихи қалыптасқан белгілі бір дене қимылын (мысалы, «жұлқынып сөйлеу» аукцио­ны) пайдаланбай сауда жүргізу мүмкін емес.

Брокер алдын-ала мәлімдемені ауызша беріп қойғанымен, егер кейін оны жазбаша берген жағдайда алдын-ала ауызша берген уақыты өз маңызын жояды. Жазбаша берген мәлімдеме бойынша мәміле жасалады. Сөйтіп, «дүркін-дүркін» аукционы нарықты көптеген тапсырыстан «тазартады». Өтімді нарықта бір биржалық күнде «дүркін-дүркін» аукцион бірнеше рет өткізіледі. Жиі-жиі өтетін бұндай аукцион бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныстың тұрақты болып тұратының нарықтың өтімді екенін білдіреді. Сондықтан үздіксіз аукцион өткізуге болады. Үздіксіз аукционның үш түрі бар:

Біріншісі, тапсырма кітабын пайдалану. Оған брокерлердің ауызша берген мәлімдемесі жазылып, оны кейін клерк (биржа өкілі) орындайды.

Екіншісі - табло, онда әрбір шығарылганда екі жұп баға көрсетіледі (яғни, сатылғанда - ең жоғары, сатқанда - ең төменгі). Маклер түскен мәлімдемелерді топтастырып, бағалы қағаздардың әрбір түрі бойынша бағамын айқындайды (яғни, сатып алғанда - ең жоғары, сатқанда - ең төменгі). Осы бағалар таблоға шығарылады.

Үшіншісі - «тобыр» немесе «жиын» аукционы. Онда саудаға шығарылған бағалы қағаздарды хабарлайтын клерктің айналасына трейдерлер жиналады. Кейін олар «тобырдың» ішінен контрагенттерін табу мақсатында бағаны айғайлап хабарлап, сөйтіп өздері тауып алады.

Сонымен аукциондардың жіктелуін қарастыра отырып, баға нарығы тұрғысынан алғанда «бір дүркін» аукционы бірыңғай, әрі ең дұрыс бағаны белгілеуге мүмкіндік береді. Ал үздіксіз аукционда бағаның бір мәміледен келесіге дейін үнемі ауытқуы, сұраныс пен ұсыныс көлемінің аздығы, немесе саудаға қатысушылар санының шектеулілігі, мәлімдемелердің бір қалыпты түспеуі бағаның өсуіне соқтыруы мүмкін. Нарықта бұл әдісті қолдану әрекеті тіпті биржалық дүрбелеңге тіреуі мүмкін.


14.3. Бірыңғай бағам белгілеу әдісі
Бірыңғай бағам белгілеу әдісі бірыңғай баға белгілеуге негізделген. Мысалы, ол жабыққос аукцион негізінде неміс биржаларын­да қолданылады. Бұндай жағдайда биржалық бағаны белгілегенде бағамдық маклер деп аталатын ресми делдалдардың мәмілелері ғана ескеріледі. Қор құндылыктарының әрқайсысына сұраныс пен ұсыныс мәлімдемелерін арнаулы маклерлер қабылдайды. Олар белгілі-бір уақытта биржа залының бір нақты жеріне жиналып, нақты бағалы қағаздарды алуға мүдделі жактардың қатысуымен сұраныс пен ұсыныстың ең көп сомасын өтей алатын бағамды белгілеуге кіріседі. Егер нарықта мәлімдеме саны аз болса, онда олар нарықты теңестіре алатын тапсырысты залда айғайлап айтады. Егер ол мәлімдемені өз атынан шығаратын қолдаушы бос маклер тапса, онда осы мәлімдемені бағамдық маклер компьютерге енгізеді. Сонда ғана осы нақты бағалы қағаз бойынша нарық тепе-тең қалыпқа келеді.

Бағам белгілегенде белгілі-бір тәртіпті қолдану керек:



  • биржалық бағамды ең көп мәміле санын қамтамасыз ететін деңгейде белгілеу керек;

  • барлық мәлімдемелер алғашқы баға ұсынысы шыққанда «кез-келген бағаммен сату», «кез-келген бағаммен сатып алу» деген ұсыныспен жүзеге асырылуы керек;

  • сатып алғанда бағаның ең жоғарғы деңгейі және сатқанда ең төмен баға көрсетілген барлық мәлімдемелер жүзеге асырылуы керек;

  • сатып алғанда бағаның ең жоғарғы, ал сатқанда ең төменгі деңгейі көрсетілген барлық мәлімдемелер жарым-жартылай сатылуы мүмкін;

  • сатып алғанда көзделіп отырған бағамнан төмен немесе сатқанда жоғары баға көрсетілген барлық мәлімдемелер сатылмайды.

Сонымен, бірыңғай бағам белгілеу әдісі бойынша белгіленген биржалық бағаны акпарат құралдарында жариялау үшін қосымша өңдеудің және дайындаудың қажеті жоқ. Тек алдыңғы саудамен салыстырғанда бағаның өсуін немесе төмендеуін, яғни баға қозғалысын есептеу қажет.

Жай және үздіксіз аукциондарға тіркеу әдісі бойынша белгіленген баға бір-біріне сәйкес келеді. Себебі биржалық бюллетеньде биржалық күнде мәмілелердің нақты тіркелген бағасы көрсетіледі.


14.4. Фиксинг баға белгілеу тәсілі ретінде
Фиксинг деген шетел валютасын сату мәлімдемелерінің көлемі оны сатып алу мәлімдемелерінің көлеміне тепе-тең келген сауданың жағдайы. Фиксингке жету сәті - сауданың (аукционның) аяқталу сәті. Фиксингке жету үшін бірсыпыра ережелерді орындау керек.

  1. Егер ұсыныс сұраныстан көп болса, онда маклер валюта бағамын төмендетеді; ал ұсыныстан сұраныс көп болғанда керісінше, маклер шетел валютасының ұлттық валютаға шаққандағы бағамын көтереді. Мысалы, валютаны сатып алу көлемі 1200 шарт­ты бірлікке тең, ал сату көлемі - 800, яғни сатып алу көлемі сату көлемінен көп. Бұл валюта бағамын көтеру керектігін көрсетеді. Осындай жағдайда фиксингке жету үшін я сатып алу көлемін азайту, немесе сату көлемін көбейту керек.

Егер сатып алу көлемі 800 шартты бірлікке теңгерілсе, ал сату көлемі - 1200 болса, яғни сату көлемі сатып алу көлемінен жоғары, онда валюта бағамы төмендей бастайды. Осындай жағдайда фик­сингке жету үшін, я сату көлемін азайту, немесе сатып алу көлемін көбейту керек.

2. Шетел валютасының ұлттық валютаға шаққандағы алғашқы бағам өзгерісінен кейін бағамның қозғалысы бағытын өзгертпеу керек.

3. Сауда барысында шетел валютасының ұлттық валютаға
шаққандағы бағамының өзгерісін тек маклер айқындайды.


  1. Саудаға қатысушылар сатып алу немесе сату сомасының өзгеруі туралы қосымша мәлімдемелерді өз дилерлері арқылы береді.

  2. Қосымша мәлімдемелерді өзгерткенде олардың мына түрлері қолданылады:

а) сатуға валютаны қосатын;

ә) валютаны сатып алу көлемін арттыратын;

б) валютаны сатып алу көлемін төмендететін;

в) валютаны сатудан шығаратын.

Қорыта айтқанда, фиксингке жеткеннен соң бағамдар валюта залының кестесіне енгізіледі. Биржа сатып алушы мен сатушыныц орташа бағамын баспасөзге дереу шығаруды ұйымдастырады.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет