Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007



бет6/19
Дата14.03.2018
өлшемі4.77 Mb.
#21125
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Бақылау сұрақтары:

  1. Корпоративтік бағалы қағаздар деген ұғым.

  2. Вексельдер.Оның басқа қарыз міндеттемелерінен айырмашылықтары.

  3. Қолдану аясына қарай вексель неше түрге бөлінеді?

  4. Акция деген не? Ол қандай жағдайларда шығарылады?

  5. Акцияның жіктелу тәсілдері қандай?

  6. Акцияның түрлері?

  7. Дивидендтің түрлері қандай?

  8. Артықшылықты акциялардың түрлері қандай?

  9. Облигация деген не? Оның акциядан өзгешіліктері?

  10. Облигацияның түрлері қандай? Олардың айналу мерзіміне байланысты бөлінуі.

  11. Бағалы қағаздардың басқа түрлері: опцион, варрант, депозитарлық қолхат.

  12. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздары: чек, банктік сертификаттар. Олардың түрлері.

  13. Еурооблигацияның сипаттамасы және оның түрлері.

  14. Қазақстан еурооблигациясы неше рет және қандай мерзімге эмиссияланды?

  15. Коносамент және оның түрлері.

  16. Туынды бағалы қағаздар түсінігі, оның түрлері.


III ТАРАУ I Мемлекеттік бағалы қағаздар
3.1. Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудағы әлемдік тәжірибе
Мемлекеттік бағалы қағаздар - ол үкіметтің қарыз міндетте-месі. Ол - қарызды бағалы қағаз, оның эмитенті мемлекет. Өзінің экономикалық мәні жөнінен мемлекеттік бағалы қағаздардың барлығы қарызды бағалы қағаздар болганымен іс-жүзінде олар­ды бір-бірінен ажырататын әрбіреуінің өз атауы болады. Әдетте, «облигация» деген терминнен басқа «қазынашылық вексель», «сертификат», «займ» және с.с. атаулар да қолданылады. Әрбір ел мемлекеттік бағалы қағаздар шығарғанда өзінің терминдерін пай-даланады.

Мемлекеттік бағалы қағаздар кез-келген мемлекеттің бағалы қағаздар нарығының маңызды кұрамдас бөлігі болып есептеледі. Бағалы қағаздардың бұл түрі мемлекеттің экономикалық қызметінің дамуына байланысты пайда болады. Оны атқару үшін мемлекеттің қаржы жүйесі кұрылады. Қаржы жүйесі бірін-бірі толықтырып тұратын екі бөлімнен - бюджеттік және несиелік жүйелерден тұрады.

Қазіргі мемлекеттерге тапшылық бюджеті тән, яғни шығыны кірісінен артық. Мемлекеттік бюджеттің тапшылыгын дәл осы тарихи кезеңде осы мемлекеттің даму ерекшеліктеріне байланысты қарастырған жөн. Егер бюджет тапшылығы соғыс, экономиканы милитаризациялау және т.б. келеңсіз жағдайлардың салдарынан, ұлттық өндіріс деңгейінің төмендеуінен туындаса, онда ол теріс тапшылық. Егер бюджет тапшылығы ел экономикасының өркендеуін көрсетсе, онда ол жағымды тапшылық. Мүндай тапшылықты аздаған қиындықтармен жоюға болады. Ал кірісі мен шығыны бойынша балансталған бюджет - ұлттық экономиканың пропорционалды тұрақты дамуының көрсеткіші. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын елдің Орталық банкінен алған несиемен жоюға болады. Егер несие алу мүмкіндігі болмаса, я ол жетіспесе, онда ақша белгілерін эмиссиялауға болады (әрине ол қажетсіз, се-бебі ол инфляцияға соқтыратын жағдай) немесе мемлекеттік қарыз міндеттемесін шығаруға болады.

Мемлекеттік қарыз деген мемлекеттің өтелмеген займдары мен олар бойынша төленбеген проценттердің жалпы сомасы. Займдарды орналастыру аясын есептегенде мемлекеттік қарыз ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Мемлекеттік қарыздың түрлері: а) үкімет алған несие; э) мемлекеттік займдар, яғни үкімет атынан эмиссияланган бағалы қағаздар; б) үкімет кепілдік берген басқа қарыз міндеттемелері. Мемлекеттік қарызды ел үкіметі басқарады және қарыз оның барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Мемле-кеттік қарыз мемлекеттік

бюджет есебінен өтеледі, яғни мемлекеттік қарыз міндеттемелерін өтеу мерзімі келгенде займдар жойылып, олар бойынша процент төленеді.

Мемлекеттік бағалы қағаздарды айналысқа шығарудың мақсаты:

а) айналысқа косымша ақша массасын шығармай-ақ белгілі-бір күнтізбектік датаға бюджеттік шығын кассадағы бар қаражаттан көп болғанда (кассалық тапшылық); бір айда немесе тоқсанда түскен табыс, осы мерзімде бюджет шығындарын қаржыландыру үшін қажетті қаражаттан кем болғанда (маусымдық тапшылық); жыл қорытындысында бюджетке түскен табыс бюджет шығындарынан кем болып, ол тапшылық келесі жылы бюджетке түсетін түсіммен өтелмегенде (жылдық тапшылық) мемлекеттік бюджеттің тапшылығын инфляцияға соқтырмай қаржыландыру;

ә) түрғын үй құрылысы, инфрақүрылымдар, әлеуметтік қамтамасыз ету және с.с. мемлекеттік максатты бағдарламаларды қаржыландыру;

б) айналыстағы ақша массасын, инфляция мен бағаны, инвестиция бағытын, экономикалық даму, төлем балансын және т.б. экономикалық өрлеу процестерін реттеу.

Әлемдік тәжірибеде мемлекеттің кұжат түріндегі қарыз міндеттемесі алғашқыда Таяу Шығыс мемлекеттерінде, Грецияда, Римде пайда болған.

Қазіргі кезде әрбір елде езінің мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының тарихы қалыптасқан. Онда шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздардың түрлері, шығарылым мерзімі, оларды шығарушьглар, ұлттық мемлекеттік бағалы қағаздар нарығынаң масштабы, оган қатысушылар және с.с. жағдайлар көрініс табады (3.1. Сурет).

АҚШ-та бағалы қағаздар нарығы қарқынды дамыған. Онда мемлекет ең ірі қарыздар болып саналады. АҚШ-та мемлекеттік бағалы қағаздар эмитентіне қарай:


  • федеральдық үкіметтің (казынашылық) бағалы қағаздары;

  • үкіметтік мекемелердің, агенттіктердің және т.б. бағалы қағаздары болып екіге бөлінеді.

Сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздар қор нарығында айналыска түсу қабілеттілігіне қарай бастапқы калпына қайтымды (обратимый) және қайтымсыз (необратимый) бағалы қағаздар бо­лып та бөлінеді. Қайтымды қағаздар деген олармен сауда-саттық қор нарығының кез-келген бөлімінде жүргізілетін қағаздар. Олар

- қазынашылық вексельдер (мерзімі 3 айдан 12 айға дейінгі, қазынашылық ұзақ мерзімді облигациялар мерзімі 10-30 жылға дейінгі). Қайтымды бағалы қағаздар, әдетте, алдын-ала белгіленген мерзімде үнемі ашық аукциондарда сатылады.

Қазынашылық вексельдер қағазсыз формада, яғни шоттарға жазу (компьютер жүйесі арқылы бір шоттан басқасына өткізу) түрінде жүргізіледі. Қазынашылық үзақ мерзімді облигациялар олар я купонсыз, я баланстағы кері қайтарылатын облигациялар. Олар тек мерзімі аяқталған соң өтеледі.

Қайтымды бағалы қағаздар бойынша табыс төлеу формасы әртүрлі болады: өзгермелі ставка бойынша (олардың табыстылық деңгейіне және инфляцияға қарай), бекітілген купондық процент немесе дисконттық табыс формасында (кейде соңғы екі табыс түрі үйлестіріліп төленуі мүмкін). Мемлекеттік бағалы қағаздар ұсынушы және атаулы қағаз болып шығарылады.

Немістің қор нарығында мемлекеттік бағалы қағаздардың үлесі зор, атап айтқанда, олардың айналымдағы үлесі 40 процентке тең. Мемлекет ішкі қарыздың 50 процентін қарыз міндеттемелерін шығару арқылы өтейді. Германияда бюджеттің шығынын өтеу үшін мемлекеттік бағалы қағаздарды пайдалану пайдалырақ деп есептеледі. Сондықтан бүл елде федеральдық қарыз міндеттемелері де қарқынды шығарылуда. Мемлекеттік ба­ғалы қағаздарды орналастырумен Облигациялык банктік консорциумға кіретін Бундесбанк шұғылданады. 1986 жылдан консорциумға шетел банктері де қатысуға (олардың үлесі - эмис-сияның 20 процентіне дейін) рұқсат етілген. Мемлекеттік бағалы қағаздардың барлығы да нақты эмиссиялық бағаммен орналастырылады.

Германияда мемлекеттік бағалы қағаздармен қатар нарықтық емес қағаздар да шығарылады. Оларға А және Б сериялы қазынашылық сертификаттар (А сериялыға проценттер жыл сайын төленеді, ал Б сериялыға проценттер жинақталып, оны өтегенде төленеді) және федеральдық үкіметпен оның мекемелерінің қысқа мерзімді қаражат қажеттілігін өтеу үшін мерзімі 1-2 жылға шығарылатын қазынашылық қаржылық міндеттемелер жата­ды. Қазынашылық қаржылық міндеттемелерді заңды және жеке тұлғалар (банктер мен несие институттарынан басқа) сатып алуына болады. Бұлар қор нарығының процентсіз құралдары болып есептеледі (олар дисконтпен сатылады) [3;29-31.].

Сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясын экономикасы дамыған басқа да мемлекеттер кең қолданады. Мысалы, Жапонияда тұрғын үй және жол құрылысы, инфрақүрылымды да-мыту, әсіресе, энергетика корпорациялары, сондай-ақ аймақтық мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыратын үкіметтік меке-мелер. Ұлыбританияда Англия банкінің облигациялары жалпыға кеңінен мәлім.

Қорыта айтқанда, әрбір елдің мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы, бір жағынан, отандық нарықтың нақты жағдайларына сай болса, екінші жағынан, көптеген елдердегі тәрізді мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының жалпы экономикалық негізін және оның қазіргі жаңалықтарын қамтып көрсетеді.


3.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы

қағаздары
Қазақстанда мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының пай­да болуын және қалыптасуын түсіну үшін оны тарихи түрғыдан қарастырып өтелік. Жоспарлы-әкімшілік экономика жағдайында дамыған КСРО-да барлық шаруашылық субъектілері өздеріне қажетті капиталды я орталықтанған бөлу бойынша бюджеттен, я үкімет бекіткен несиелік жоспар бойынша мемлекеттік банктен алып дамыды. Ол кезде бағалы қағаздар нарығы механизмі арқылы кәсіпорындардың бос капиталды алатын қарыз алу жүйесі, сондай-ақ мемлекеттік займдардың нарықтык өтімділігі болған жоқ. Мемлекеттік облигациялар мәжбүрлі түрде халыққа сату арқылы таратылды.

Егеменді Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі кезінде мүлікті жекеменшіктендіру нәтижесінде мүлікке мемлекеттік меншіктің қысқаруы, халық шаруашылығының құрылымдық өзгеруі, инфляция деңгейінің шарықтауы және басқа да тың өзгерістер мемлекетті қарызды бағалы қағаздарды шығаруға шарасыз әкеп соқтырды.

Төменде мемлекеттік бағалы қағаздарға сипаттама беріліп, оларды шығарудың мақсаты және міндеті айқындалып, сондай-ақ Қазақстан қор нарығындағы мемлекеттік бағалы қағаздардың не-гізгі түрлері сипатталады.

Мемлекеттік бағалы қағаз - ол мемлекеттің ішкі қарызын білдіретін құжат формасы. Қазақстанда алғашқыда 1995 жылғы 21 сәуірдегі «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығының 3 бабында «Мемлекеттік бағалы қағаздар Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес ішкі мемлекеттік қарыз шамасында шығарылатын ішкі мемлекеттік займ облигациялары, сондай-ақ басқа бағалы қағаздар» деген сипаттама берілген. 2003 жылғы 2 шілдедегі «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңның 1 бабында «мемлекеттік эмиссиялык бағалы қағаздар - қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алуға қатысы жөнінен ұстаушының құқықтарын куәландыратын эмиссиялык бағалы қағаздар» делінген. Заң негізінде ұлттық мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын қалыптастырудың мақсаты - халықтың, коммерциялық банктердің, қаржы ұйымдарының уақытша бос ақша қаражатын республикалық бюджеттің кемшілігін қаржыландыруға жұмылдыру және Ұлттық Банктің Қаржы министрлігін тікелей несиелеу көлемін азайту.

Мемлекеттік бағалы қағаздардың мәні олар мемлекеттің қаржы-несиелік катынастарының жиынтығы болып саналады. Бұл қатынастарда мемлекет қарыз алушы ретінде негізінен халықтың уақытша бос ақша каражатын қарызға алып, оны бағалы қағаздар шығаруға жұмылдырады. Әрбір мемлекеттік бағалы қағаздың экономикалық мәні бірдей, яғни олар қарызды бағалы қағаздар болғанымен, іс-тәжірибеде олардың әрқайсысының өз алдына атауы болады. Мемлекеттік бағалы қағаздар, әдетте, бюджеттің ағымдағы кемшілігін қаржыландыру; мемлекеттік қарызды жою, атап айтқанда, бұрынғы займды өтеу; мемлекеттік бюджеттің кассалық орындалуын қамтамасыз ету; коммерциялық банктерді өтімді резервтік активтермен қамтамасыз ету; жергілікті әкімшілік органдарының атқаратын мақсатты бағдарламасын қаржыландыру және әлеуметтік мекемелер мен ұйымдарды қаражатпен қамтамасыз ету мақсатында шығарылады.

Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару - Ұлттық банктен қарыз алу және ақша белгілерін эмиссиялаумен салыстырғанда - бюджет кемшілігін қаржыландырудың экономикалық тиімді әдісі. Себебі нарықтық экономика жағдайында Ұлттық банктің несиелік қорын пайдалану оның капитал нарығын реттеу мүмкіндігін шектейді. Ал бюджет кемшілігін ақша эмиссиялаумен жою айналымға нақты тауарлармен қамтамасыз етілмеген төлем құралдарын шығарумен бара-бар. Ол әрине, инфляцияны туындатады.

Мемлекеттік қарызды бағалы қағаздарды шығарумен өтеу оны банктік несиемен өтеуден анағұрлым арзан. Себебі мемлекеттік қарыз міндеттемелері жоғары өтімді болғандықтан инвесторлар оларды екінші нарықта оңай орналастыруға мүмкіндігі бар. Сондықтан мемлекеттік бағалы қағаздар - ішкі қарызды қаржыландырудың негізгі қаражат көздерінің бірі.

Мемлекеттік бағалы қағаздардың басқа бағалы қағаздармен салыстырғанда екі артыкшылығы бар. Біріншіден, оның жұмсаған қаражат үщін сенімділігі өте жоғары және соған сәйкес жұмсаған негізгі капйталды және түсетін табысты жоғалту тәуекелі төмен. Екіншіден, басқа бағалы қағаздарға немесе басқаға жұмсаған капиталға салынатын салықпен салыстырғанда бұл бағалы қағаздарга жеңілдетілген салық салынады. Әдетте мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларға және олардан түсетін табысқа салық салынбайды.

Мемлекеттік бағалы қағаздар шығару формасы, өтеу мерзімі, процент түріндегі табысты есептеу және төлеу жағдайлары, айна­лыс сипаты және эмитентінің түрі бойынша жіктеледі (3.2. Сурет)..


проценттік таоысты есептеу және төлеуге байланысты
шығару формасы бойынша құжатты бағалы қағаздар және құжатсыз бағалы қағаз болып бөлінеді. Құжатты бағалы қағаз - ол құжатты нысанда шығарылған (қағаздағы немесе арнайы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ бағалы қағаздардың мазмұнын тікелей оқуға болатын өзге де материалдық берілім көзіндегі) бағалы қағаздар. Құжатсыз бағалы қағаздар - ол құжатсыз нысанда (электрондық жазбалардың жиынтығы түрінде) шығарылған бағалы қағаздар;

өтеу мерзімі бойынша: қысқа мерзімді - айналыс мерзімі 1 жылға дейінгі, орта мерзімді - айналыс мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейінгі және ұзақ мерзімді - айналыс мерзімі 5 жылдан артық бағалы қағаздар болып бөлінеді;

процент түріндегі табысты есептеу және төлеу бойын­ша проценттік ставкасы белгіленген, сатылы және ауыспалы бағалы қағаздар болып үшке бөлінеді. Басқаша айтқанда, бағалы қағаздарды ақшаға айналдырғанда онда көрсетілген күнынан кемітіп сатады;

айналыс сипаты бойынша нарықтық және нарықтан тыс бағалы қағаздар болып бөлінеді. Нарықтық бағалы қағаздар биржада да, биржадан тыс нарықта да еркін сатылады және қайта сатылады. Нарықтан тыс бағалы қағаздар тек алғашқы нарықта ғана сатылады, екінші нарықта қайта сатылмайды. Олар негізінен халыққа сату үшін шығарылады. Олар мемлекеттік әлеуметтік, сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз ету қорларының бағалы қағаздары;

эмитентінің түрі бойынша бағалы қағаздар казынашылық, муниципальдық болып бөлініп, оларды сәйкесінше үкімет және жергілікті атқарушы органдар шығарады.

Әдетте, мемлекеттік бағалы қағаздарды таратып орналастыру:

Біріншіден, мемлекеттің Ұлттық банкі немесе Қаржы минис-трлігі арқылы жүзеге асырылады. Шығарылған облигациялардың түріне қарай олардың негізгі инвесторлары болып халық, бан-ктер, зейнетақы және сақтандыру компаниялары мен қорлары, инвестициялық компаниялар мен қорлар саналады.

Екіншіден, құжатты (бланктік) немесе құжатсыз формаларда (арнаулы шоттарға жазу түрінде) шығарылады. Қазіргі кезде мем-лекеттік бағалы қағаздарды құжатсыз формада шығару бағыты өрістеуде.

Үшіншіден, аукциондық сауда, бекітілген бағамен барлық са­тып алуға тілек білдіргеңдерге ашық түрде сату (ашық сауда), бел­гілі бір инвесторларға жабык саудада үлестіру (жабық сауда) және басқа да әртүрлі әдістерді қолдану арқылы айналысқа түсіріледі.

Е
л экономикасының нарықтық қатынастарға өтуінің алғашқы кезеңінде, яғни 1994 жылдың сәуірінде Қаржы министрлігі айна­лыс мерзімі 3 айлық қысқа мерзімді вексельдерді шығарды. 1996 жылдың сәуірінде ол мемлекеттік қазынашылық міндеттеме деп, ал 1997 жылдың 22 сәуіріндегі №621 Үкімет қаулысымен МЕК-КАМ-дар - Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер деп атауы өзгертілді. 1995 жылдың шілдесінен бастап Ұлттық Банк айналыстағы ақша массасын реттеу мақсатында қысқа мерзімді ноталарды шығарды (3.3. Сурет).

1995-96 жылдардағы бағалы қағаздар нарығының қалып-тасуында мерзімі үш айлық МЕККАМ-дарға сұраныс ұсыныстан 4,8-5,6 есе көп болғанын көрсетеді. Осы кездері инвесторлар аукци­онная алғашқы делдал-дилерлер арқылы МЕККАМ эмиссиясының 57% -тен 84%-ке дейінгі көлемін сатып алған [2; 113.]. Ұлттық мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы осындай жағымды тенденцияларды ескеріп, үкімет МЕККАМ-дардың айналыс мерзімі ұзақтау жаңа түрлерін: 1995 жылғы шілдеден - мерзімі 6 ай, 1996 жылғы шілдеден - мерзімі 12 ай, ал 1997 жылғы шілдеден - мерзімі 2-3 жыл болатын МЕОКАМ-24 деп аталатын мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелерді шығарды. Оларға қоса, 1996 жылы айналыс мерзімі 364 күн болатын - ішкі мемлекеттік займның ұлттық жинақ облигациясы (ҰЖО) шығарылды. Егер айналыс мерзімі 3, 6, 12 ай болатын мемлекеттік казынашылық міндеттемелер (МЕККАМ) бағалы қағаздардың дисконттық (яғни дисконтпен - номиналынан кемітіп сату) тобына жатса, ҰЖО про-центтік бағалы қағаздар тобына кіреді. Бүл ҰЖО-ның МЕККАМ-дан ерекшелігі. Әр тоқсан сайын купондық процент есептеуді про-центтік бағалы қағаз деп атайды. Ұлттық жинақ облигациясына есептелген проценттер олардың айналыс мерзімі 91, 182 және 364 күн болғанда төленеді. Өзгермелі проценттік ставка МЕККАМ-3-тің орташа есептелген дисконттық аукциондық бағасы бойынша есептелген табыс ставкасына тең бекітіледі. Мысалы, егер 1996 жылы 26 желтоқсанда ҰЖО-ның бірінші шығарылымы бойынша бірінші табыс 27,4 жылдық процент көлемінде болса. онда МЕК-КАМ-ға төленетін табыс көлемі де 27,4% болады.

Проценттік бағалы қағаздарға сондай-ақ МЕОКАМ және МЕАКАМ (мемлекеттік арнаулы қазынашылық міндеттемелер) жатады. МЕОКАМ - ол көрсетілген құны (номиналы) 1000 теңге болатын және жылына екі рет купондық процент төленетін мем-лекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер. МЕОКАМ аукциондарға бірдей проценттік жағдайда кесілген баға бойынша (эмитент шығарған бағалы қағаздар көлеміне қойылған баға) ор-наластырылады.

МЕАКАМ - ол үкіметтің алған несиесі бойынша қарызын қайта рәсімдеу мақсатында 1998 жылы қаңтардың 8-де шығарылған мемлекеттік арнаулы қазынашылық міндеттеме. Оның купоны эмиссияланғаннан кейінгі айналыс мерзімі аралығында әрбір 6 айда төленеді. МЕАКАМ-дар шығарылған бағалы қағаздар көлеміне кесілген бағамен арнаулы аукциондарға орналастырылады.

МЕКАВМ - ол индекстелетін мемлекеттік қысқа мерзімді арнаулы валюталық міндеттеме, 1999 жылы айналыс мерзімі 3,6,9 және 12 ай болатын Қазақстан қор нарығының валюталық құралы.

МЕИКАМ - ол үкіметтің 1999 жылғы І0 наурызындағы қаулысына сай айналыс мерзімі 3,6,12 ай болатын, көрсетілген құны (номиналы) 1000 теңгеге тең мемлекеттік индекстелген кысқа мерзімді қазынашылық міндеттемесі. «Индекстелген» дегенді таратып айтсақ, бұндай бағалы қағаздар бойынша төленетін сыйақы инфляция деңгейіне байланысты индекстеледі (өзгереді), яғни бағалы қағаздың иесі болашақтағы инфляцияның әсерінен алатын табысын жойылту қаупінен сақталады.

АВМЕКАМ - ол көрсетілген құны 100 АҚШ доллары болатын және өтелу мерзімі 2004 жылдың 8 сәуірі деп белгіленген арна­улы валюталық мемлекеттік облигация. Оның міндеті - теңгенің емін-еркін өзгермелі бағамына өтуіне байланысты жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін қорғау - делінген 1999 жылдың 5 сәуірінде қабылданған Үкімет каулысында. 1999 жылдың 3 сәуіріне дейін Жинақтаушы зейнетақы қорларының портфеліндегі мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер, яғни МЕККАМ, МЕОКАМ, МЕАКАМ және ҮЖО АВМЕКАМ-ға еркін айырбасталады. Басқаша түсіндірсек, Қаржы Министрлігі МҚО мен ҰЖО-ын ағымдағы құнымен сатып алып, одан теңгемен түскен түсімді АҚШ долларына шаққандағы 88,3 теңге бағамымен АВМЕКАМ-дарды көрсетілген құны бойынша өтеу үшін жұмсады. Сөйтіп, осы аталған бағалы қағаздарды 5 жылдан кейін өтегенде көрсетілген кұнын алуға, сондай-ақ 1999 жылдың 12 сәуірінен бастап әрбір жарты жылда (яғни 12.10.1999 және 12.04.2000) 6, 14 жылдық процент мөлшерінде сыйақы (мүдде) алуға да құқығы сақталды.

Дәл осындай айырбас үлгісі көрсетілген құны 100 АҚШ дол­лары болатын және айналыс мерзімі 35 күн, яғни 1999 жылдың 12 сәуірінен 13

мамырына дейін деп Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 1999 жылы 6 сәуіріндегі қаулысы бекіткен арнаулы валюталық ноталар айналысқа түсірілді. Сыйақы (мүдде) бекітілген ставка бойынша 5,4 жылдық процент мөлшерінде төленді.

Қорыта айтқанда, 1994 жылы алғашқы мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелер шығарылса, 1996-1997 жылдары Қазақстан Республикасында мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. Ол қазіргі кезде Қазақстан бағалы қағаздар нарығының ең қарқынды дамыған сегменті. Әйтседе мемлекеттік бағалы қағаздар нарығында негізінен қаржы құралдарының құрылымына және сауда-саттықтың нәтижесі бойынша бағалы қағаздардың табыстылығына байланысты маңызды өзгерістер байқалуда. Бұл, біріншіден, Қаржы Министрлігінің шеттен алған қарыз көлемінің төмендеуінің және екіншіден, Жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы активтерінің корпоративтік облигациялар секторына құйылуының айғағы.
3.3. Қазақстан Республикасының муниципальдық бағалы қағаздары
Мемлекеттік бағалы қағаздардың келесі түрі - жергілікті атқарушы органдардың бағалы қағаздары. Олар муниципальдық бағалы қағаздар деп те аталады. Муниципальдық бағалы қағаздар, әдетте, муниципальдық облигациялар формасында шығарылады. Әлемде муниципальдық бағалы қағаздар шығару жөнінен АҚШ елдердің көш басында келеді. Бұл елде соңғы екі жүз жылда ел штаттары мен жергілікті үкімет органдары бағалы қағаздар шығаруда. Муниципальдық бағалы қағаздар нарығында олардың ойлап тапқан қаржы құралдарының түрлері кейіннен басқа дамыған және дамушы елдерде шығарылып, зор табыспен қолданылуда.

Муниципальдық бағалы қағаздар деген жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджет тапшылығын жоюды және территориялық бағдарламаларды қаржыландыру мақсатында шығарылатын қарызды бағалы қағаздар.

Жергілікті атқарушы органдардың қосымша қарыз қаражатын тарту мақсатын төмендегідей топтастыруға болады:



  • жергілікті бюджеттің уақытша тапшылығын жоюға;

  • әрі жылғы бюджетте қаражат болмауынан, бірақ бір жолы ірі қаражат жұмсауды кажет ететін табыссыз объектілерді қаржыландыруға, атап айтқанда: әлеуметтік бағыттағы объектілердің (мектептер, ауруханалар, кітапханалар, мұражайлар және с.с.) және жергілікті инфрақұрылым объектілерінің (жолдар, көпірлер, жылу және су жүйелері және с.с.) құрылысына, жаңартылуына, оларды жөндеуге;

  • түсірген пайдасы есебінен бірнеше жыл аралығында жұмсаған шығындардың орнын толтыратын табысты объектілерді қаржыландыруға;

  • шығынын өзі толтыратын (салынған үйді немесе оның бірнеше бөлігін сатқаннан түскен түсіммен) үй құрылысы, жөндеу, жаңарту жобаларын қаржыландыруға арналған.

Әлемдік тәжірибеде муниципальдық бағалы қағаздарды шығарудың негізі муниципальдық займ (қарыз алу) болып саналады. Бұндай бағалы қағаздарды шығарушыларға заң негізінде салық жеңілдігі беріледі. Сондықтан қарыз міндеттемелерін эмиссиялап, қарыз қаражатын тарту екінші деңгейдегі банктерден алған несиеден анағұрлым арзан. Муниципальдық бағыты қағаздарды негізінен жергілікті халық, коммерциялық банктер, сақтандыру және зейнетақы қорлары, инвестициялық компаниялар және басқа да жергілікті кәсіпорындар мен ұйымдар сатып алады.

Муниципальдық бағалы қағаздар жоғары сенімділігі жөнінен тек үкіметтің бағалы қағаздарынан кейінгі орында деп саналады. Әдетте, муниципальдық облигациялар жергілікті бюджеттің табысымен, муниципальдық мүліктермен немесе осы облигацияларды шығару арқылы инвестициялық жобаларды орналастырудан түскен табыспен қамтамасыз етіледі.



Муниципальдық бағалы қағаздардың инвесторлар үшін тартымды болуының екі түрлі себебі бар:

  • салықтық жеңілдіктер есебінен банктік несиеден гөрі олардың жоғары табыстылығы;

  • уақытша бос ақша қаражатын акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздарына немесе банктерге орналастырумен салыстырғанда олардың жоғары сенімділігі.

Муниципальдық бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру жөнінде жергілікті атқарушы үкімет органдары шешім қабылдайды. Қазақстанда алғаш рет бұндай бағалы қағаздарды шығарғанда Маңгыстау облыстық және Алматы, Астана қалаларының әкімшіліктері Қазақстан Республикасы Заңының не-гізінде өз шешімдерін қабылдады. Муниципальдық облигациялық займдарды орналастыру бір немесе бірнеше өкілетті коммерциялық банктердің немесе басқа коммерциялық құрылымдардың делдалдық етуімен жүргізіледі.

Жергілікті үкімет органдарының облигацияларын шығаруға және айналысқа түсіруге қажетті шығындарды азайту есебімен делдалдарды таңдау конкурстық негізде іске асырылады. Өкілетті банк өзінің бөлімшелері, басқа банктердің бөлімшелері немесе басқа қаржы компанияларымен муниципальдық займдар­ды орналастыруға шарт жасасады. Содан кейін облигацияларды ұстаушыларға, бірінші кезекте, халыққа, әртүрлі қаржы қорларына және т.б. сатады. Әдетте бұндай облигациялар еркін айналысқа түсіріледі, яғни оларды ұстаушылар шығарылган облигациялық займдардың айналыс мерзімі аралығында биржада немесе биржадан тыс нарықта еркін сатуына және сатып алуына болады. Мер-зімі аяқталған соң эмитент облигацияларды өз құнымен сатып ала­ды (өтейді). Займ шартында келісілген жағдайда табыс төленеді. Облигациялар негізгі бағалы қағаздардың бір түрі, сондықтан муниципальдық облигацияларға жалпы теориялық жағдайлардың бәрі тән.

Қазақстан Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын 1999 жылдың 1 сәуіріндегі «Бюджеттік жүйе туралы» және 1999 жылдың 2 тамызындағы «Мемлекеттік қарыз және мемлекет кепілдігімен алынған қарыздар туралы» Заңдарға сәйкес шығарылған муниципальдық облигациялар толықтыруда. Осы заңдар жергілікті атқарушы органдарына нақты инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін заңды және жеке тұлғалардан, шетел мемлекеттерінен қарыз алумен қосымша қаражат тарту мүмкіндігін ашты.

Сөйтіп, Қазақстанда алғашқы жергілікті атқарушы органының валюталық дисконттық облигацияларын аталған жылдың 27 шілдесінде Маңғыстау облысының әкімшілігі шығарды. Облигацияның:



  • Эмиссиялау көлемі - 400 млн. тенге;

  • Бір облигацияда көрсетілген құн - 100 АҚШ доллары;

  • Айналыс мерзімі - 12 ай;

  • Купондық ставкасы - 14,71%;

  • Өтеу уақыты - 2000 жылдың 28 шілдесі.

Бұл облигациялар Қазақстан инвесторлары арасында «Қазақстан қор биржасы» ЖАҚ-ы арқылы орналастырылған. Аук­цион нәтижесі бойынша қанағаттандырылған мәлімдеме 399683,4 мың теңге құраса, ал орташа өлшенген табыстылығы 14,71% болған.

Екінші жергілікті атқарушы органының валюталық дисконттық облигацияларын сол жылдың 26 желтоқсанында нақты инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін Алматы қаласының әкімшілігі шығарды. Оның:



  • Эмиссиялау көлемі - 400 млн. теңге;

  • Бір облигацияда көрсетілген құн - 100 АҚШ доллары;

  • Айналыс мерзімі - 12 ай;

  • Купондық ставкасы - 13,01%;

  • Өтеу уақыты - 2000 жылдың 25 желтоқсаны.

Бұл облигациялар Қазақстан инвесторлары арасында «Қазақстан қор биржасы» ЖАҚ-ы арқылы орналастырылған. Аук­цион нәтижесі бойынша қанағаттандырылған мәлімдеме 399990,3 мың теңге құраса, ал орташа өлшенген табыстылығы 13% болған.

Үшіңші болып жергілікті атқарушы органының облигация­ларын Астана қаласының тұрғын үй құрылысы Бағдарламасын инвестициялауға қаражат тарту мақсатында 1999 жылдың 27 желтоқсанында Астана қаласының әкімшілігі шығарды. Купондық облигациялардың:



  • Эмиссиялау көлемі - 150 млн. тенге;

  • Бір облигацияда көрсетілген құн - 100 АҚШ доллары;

  • Айналыс мерзімі -12 ай;

  • Купондық ставка -13%;

  • Өтеу уақыты - 2000 жылдың 26 желтоқсаны. Облигациялар Қазақстан инвесторлары арасында «Қазақстан

қор биржасы» ЖАҚ-ы арқылы орналастырылды. Аукцион нәтижесі бойынша қанағаттандырылған мәлімдеме 149988,5 мың теңгеге тең, ал орташа өлшенген табыстылығы 13% болды.

Жоғарыда айтылған Қазақстан жергілікті атқарушы органдарының алғашқы облигацияларының көрсетілген құнының барлық сомасы 858 млн. теңге болды. Алайда, олар мемлекеттік бағалы қағаздарды эмиссиялау мәселелерін реттейтін құқықтық-нормативтік базаның жоқ жағдайында шығарылды. Бағалы қағаздардың басқа эмитенттеріне қарағанда (акционерлік қоғамдар, екінші деңгейдегі банктер және т.б.) жергілікті атқарушы органдар бағалы қағаздарды шығару жөнінде іс-әрекеттерін ақпарат құралдарында жарияламайды. Сондықтан потенциалды инвесторлардың мем-лекеттік бағалы қағаздарды сатып алу үшін қажетті шешім қабылдауға мүмкіндігі бола бермейді. Бағалы қағаздар нарығы дамыған шетелдерде, мысалы, АҚШ-та 1933 жылы қабылданған бағалы қағаздар туралы заңға сәйкес эмитенттің ақпаратын ашық жариялау міндетті деп саналады.

Содан кейінгі жылдарда, атап айтқанда, 2000 жылы Атырау облысының, 2001 жылы Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары шығарған муниципальдьіқ облигациялардың сатылуы және табыстылығы күткендегідей болған жоқ. Жергілікті атқарушы органдардың алғашқы бағалы қағаздарын шығару үшін асығыс, әрі жедел дайындалған қолданыстағы шығарылым Ере-жесі қазіргі талаптарға сай келмейді. Сонымен бірге Қазақстанда муниципальдық бағалы қағаздар жөнінде мамандар жоқ, қарыз қаражатын қайтару кепілдігі туралы, тәуекелді қамсыздандыру ту­ралы, баға кесу туралы мәселелер шешімін таппаған.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет