Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. Алматы: 2007



бет7/19
Дата14.03.2018
өлшемі4.77 Mb.
#21125
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19

Бақылау сұрақтары:

  1. Мемлекеттік бағалы қағаздардың экономикалық мәні қандай?

  2. Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығарудың мақсаты қандай?

  3. Әлемдік тәжірибедегі мемлекеттің қарыз міндеттемелерінің түрлері қандай және оларды шығарушылар кімдер?

  4. Қазақстанда 90-шы жылдардың екінші жартысында шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарың түрлері және олар қандай мақсаттарға шығарылды?

  5. Мемлекеттік бағалы қағаздардың бір-бірінен айырмашылығы неде?

  6. Жергілікті атқарушы органдардың бағалы қағаздары және оларды шығарудың мақсаты. Оларды шығаруда қандай кемшіліктер болды?


IV. Бағалы қағаздарды шығару жне олардың айналысы
4.1. Бағалы қағаздардың түрлері мен эмитенттері. Оларды шығару
Бағалы қағаздар - ең алдымен мүлікті иемденуге құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі. Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрлі болуы мүмкін: не заң жүзінде бекітілген жеке құжат түрі, не есепшотқа енгізілген жазу түрі. Егер басқа адамға иемденуге берілсе бағалы қағаздардың екінші түрі бойынша ере-кше куәлік толтырылып беріледі. Оны иемдену құқығын беретін құжатты сертификат деп атайды.

Шығарылуы жөнінен бағалы қағаздар нарықтық және нарықтан тыс болып екіге бөлінеді. Нарықтан тыс бағалы қағаздар - әлеуметтік- нарықтық қатынастардың ерекше дамуы негізінде пайда болған қағаздардың ерекше түрі. Оларға жинақ об­лигациялары, зейнетақы қорларының облигациялары, депозиттік облигациялар және с.с. жатады. Жинақ облигациялары негізінен жеке тұлғалар арасында орналастырылады. Бұл бағалы қағаздар қазіргі кезде АҚШ-та кең тараған. Зейнетацы корларының об­лигациялары және жеке зейнетақы облигациялары, оларға, мы­салы, АҚШ-та біреуге жалданбай-ақ өз алдына қызмет істейтін адамдардың ақшасына шығарылған облигациялар жатады. Ал депозиттік облигациялар қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді болып үшке бөлініп, тек жергілікті баскару органдарына ғана сатылады. Бұл ұйымдар шамалы болса да табыс әкелетін, бірақ салық төлеуден босатылған өздерінің облигацияларын шығаруы мүмкін.

Нарықтан тыс бағалы қағаздар әртүрлі қорларға немесе банктерге, оның ішінде шетел банктеріне және кәсіпорындарға, ұйымдарға салған капиталдан түскен табысты иемденуге құқық береді. Бұл бағалы қағаздарды шығару шарты бойынша иемденуші - заңды немесе жеке тұлғалар - оларды басқа иемденушіге беру­ге құқығы жоқ. Сондықтан бұл қағаздар нарықта еркін айналымға түсе алмайды.

Сонымен қатар, нарықтан тыс бағалы қағаздарға (мысалы, АҚШ-та және кейбір басқа елдерде тараған) басқа мемлекеттердің Орталық банктерінде орналастыру үшін шығарылуы кең өрістеген облигациялар жатады. Соңғы кездерде барлық дамыған елдерде нарықтан тыс бағалы қағаздарды шығаруды кеңейту және олардың түрлері мен санын көбейту тенденциялары байқалуда.

Ал айналысқа түсетін бағалы қағаздарды нарықтың бағалы қағаздар деп атайды.

Б

ағалы қағаздарды шығарып, оларды орналастырушыны эми­тент деп атайды. Эмитенттер кімдер? ( 4.1. Сурет). Г"


Жекеменшіктенген кәсіпорындар

Осы секторда жаңа құрылған қоғамдар
Республикалық

баскару


органдары


Несие аясындагы қорлар


Жергілікті

басқару


органдары

Бігожалао


Инвестициялык компаниялар
Кагокы күоылымдаоы

Инвестициялық қорлар


4.1. Сурет. Бағалы қағаздарды шығарушылар
Қазіргі әлемдік стандарттарға сәйкес эмитенттер - негізінен коммерциялық құрылымдар иесіне мемлекеттік органдар. Олар бағалы қағаздарды шығару және орналастыру жөнінде шешім қабылдайды. «Бағалы қағаздар эмиссиясы туралы» шешімде мына мәліметтер көрсетіледі:

  • шығарылым мөлшері;

  • эмиссия проспектісін дайындау және оны ақпарат құралдарында жариялау;

  • шығарылымды тіркеу;

  • бағалы қағаздар бланкін шығару;

  • шығарылым туралы хабарландыруды жариялау.

Акция шығарылымының мөлшері акционерлік қоғамның жарғылық капиталының мөлшерімен және оны қосымша өсірумен анықталады. Ол мөлшерді жарғылық капиталдың немесе оны қосымша өсіру мөлшерін акцияның көрсетілген бағасына бөлумен есептеп шығарады. Ал қарыз міндеттемелері шығарылымының мөлшері займ сомасын облигацияның, сертификаттың немесе вексельдің көрсетілген бағасына бөлумен есептеп шығарылады.

Бағалы қағаздарды шығарып, оларды бірінші иемденушілерге (инвесторларға) сату мына түрде жүзеге асырылады (инвесторлар жеке немесе заңды тұлға болуы мүмкін):

Біріншіден, қоғам құрып олардың акцияларын құрылтайшылар арасында орналастырғанда;

Екіншіден, қоғамның алғашқы жарғылық капиталының көлемін жаңадан акция шығарып ұлғайтқанда;

Үшіншіден, заңды тұлғалардың, яғни мемлекеттің, мемлекеттік органдардың немесе жергілікті әкімшіліктердің облигация және басқа қаржы міндеттемелерін шығару арқылы қарыз капиталын пайдаланғанда.

Сонымен, қоғам құрылганда оның жарғылық капиталы құрылтайшылар арасында толығынан үлестірілуі қажет. Қоғам құрылған кезде оның акцияларына жазылуға болмайды.

Эмитент және сонымен қатар эмитенттің келісімімен бағалы қағаздарды алғашқы иемденуші инвестициялық институттар әрбір бағалы қағаз орналастыру тәртібін түсіндіретін эмиссия проспек­ты алдын-ала шығаруы тиіс. Оны акпарат құралдарында жари­ялау міндетті.

Эмиссия проспектінің бірінші тарауында эмитент туралы жалпы деректер, яғни эмитенттің атауы мен ұйымдық-құқықтық формасы және эмиссия проспектінде деректердің дұрыстығына жауапты адамның аты-жөні көрсетіледі. Ал екінші тарауында ипвестициялық мәліметтер жарияланып, онда инвестицияның маңызы және инвестициялық саясаттың бағыты немесе бағалы қағаздар нарығындағы эмитенттің қысқаша жұмысы баяндалады. Үшінші тарауында бағалы қағаздар шығару жөнінде мәліметтер жарияланады. Ол мәліметтердің арасында:



  • кәсіпорын құрылған кездегі оның жарғылық капиталының мөлшері;

  • шығарылатын бағалы қағаздардың түрі, оның номиналы, жазылу бағасы;

  • бағалы қағаздарды сатуды бастау және аяқтау күндері;

  • бір инвестор сатып алуға рұқсат етілген бағалы қағаздың саны;

  • бағалы қағаздарды сату түрі (қолма-қол ақшаға немесе қолма-қол ақшасыз есеп арқылы сату);

  • кейбір инвесторларға сатып алуды шектеу;

  • эмитенттің адресі мен телефоны көрсетіледі.

Эмиссия проспектінің келесі тауарларында бұдан бұрынғы эмиссия туралы, эмитенттің құрылтайшысы, басқарушылардың аты-жөні және олардың қоғамның жарғылық капиталындағы үлесі, сонымен қатар басқарушылардың қазіргі уақыттағы жұмыс лауазымы мен соңғы 5 жыл ішіндегі қызмет орны, оның ішінде басқару органынан тыс жердегі қызметі туралы мәліметтер көрсетіледі. Бұдан басқа, проспектіні тіркеу кезінде болған (егер ондай болса) эмитент пен оның басшыларына сотқа берілген арыз және жазалау шаралары көрсетіліп, қоғамның қаржылық жағдайы жөніндегі есеп пен қызмет нәтижесі баяндалады.

Ал қорытынды тарауларында бағалы қағаздарды сатып алу шарттары, иемденушінің құқығы және сол сияқты инвесторларды қызықтыратын баска да хабарлар орын алады.

Қорыта айтқанда, эмиссия проспектін шығару эмитенттің сенімділігін, инвесторлар мүддесінің қорғалуын, сайып келгенде, бағалы қағаздар нарығы қызметін бақылауға көмектеседі.

Эмитент пен инвестициялық институттар, яғни бағалы қағаздарды алғашқы иемденушілерге сатушылар олардың бағасын барлық сатып алушыларға бірдей белгілеулері міндетті. Бұл жағдайда бір уақытта шығарылған бағалы қағаздардың бағасы бірдей болуы шарт.

Бағалы қағаздарды шығаруды мемлекеттік органдар қатаң бақылап отырады.
4.2. Бағалы қағаздарды орналастыру және айналыска

түсіру
«Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасы заңында «эмиссиялқ бағалы қағаздар - бір шығарылым шегінде біртекті белгілер мен реквизиттері болатын, осы шығарылым ұшін бірыңғай жағдайлар негізінде орналастырылатын және айналысқа түсетін бағалы қағаздар» деп көрсетілген. Эмитенттің бағалы қағаздарды шығару туралы шешімі тіркеуден өткізіледі. Бағалы қағаздарды мемелекеттік тіркеу деген бағалы қағаздарға ұлттық бірдейлендіру номерін беру. Ол - эмиссиялык. бағалы қағаздарды бірдейлендіру және есепке алуды жүйелеу мақсатында оларға уәкілетті орган беретін әріптік-сандық код. Қазақстанда мемлекет-тік тіркеуді Орталық депозиторий жүргізеді.

Эмиссияланған бағалы қағаздар ең алдымен алғашқы бағалы қағаздар нарығына орналастырылады. Онда бағалы қағаздарды эмитент алғашқы иемденушілерге, яғни инвесторларға береді. Демек, бағалы қағаздардың эмитенттері қаржыны инвесторлардан тек алғашкы бағалы кагаздар нарығында алады. Ал қайталама нарықта бағалы қағаздар айналысқа түседі, оларды иемденушілер үнемі өзгеріп отырады. Бұл қағаздарды қайталама нарықта сатудан қаражат эмитенттерге емес, оларды сатушыларға (алғашқы иемде-нушілерге) түседі.



Бағалы қағаздарды орналастыру (андеррайтинг) деген бағалы қағаздар эмитенттен алғашқы иемденушіге өтетін айна­лыс аясындағы алғашқы мәмілеге келу процесі. Басқаша айтқанда, бағалы қағаздарды орналастыру - ол бағалы қағаздарды эмитенттің иелігінен алып андеррайтердің оларды алғашқы ұстаушыларга беруі. Андеррайтер деп эмитент атынан немесе өз атынан, бірақ эмитенттің тапсырмасы бойынша және оның есебінен бағалы қағаздарды орналастыруға өзіне міндет алған жақты айтады. Эмиссияны орналастырудың негізгі формалары мыналар:

  • жазылғысы келген жақтардың ашық түрде жазылуы. Ашық жазылу жолымен орналастырылатын бағалы қағаздарды шығару туралы қаулыда алушылардың біреулеріне басқаларға қарағанда қандай да болмасын артықшылық жағдай қарастырылмауы тиіс;

  • тек акционерлік қоғамдардың мүшелері үшін жабық түрде жазылу;

  • аукционда сату;

  • инвестициялық конкурс;

  • акционерлерге бөліп беру;

Акционерлік қоғам құру шартына сәйкес қоғам құрған кезде барлық акциялар құрылтайшылар арасында орналастырылуы тиіс. Акцияларды орналастырғаннан кейінгі үш күн мерзімде бағалы қағаздарды иемденушілердің жеке арызы негізінде олар тура­лы мәліметтер реестрге (тізімге) енгізілуі керек. Тізімді реестр ұстаушы жүргізеді. Егер акционерлерінің саны 500-ден аспаса, ре-естрді акционерлік қоғамның өзі жүргізеді. Ал акционерлер саны 500-ден асса, онда реестрді маманданған ұйым жүргізуі тиіс. Реестр ұстаушы тізімге енгізумен, одан үзінді көшірме және анықтама бе-румен, сондай-ақ дивиденд төлеу үшін және дауыс беру үшін акци­онерлер тізімін дайындаумен шүғылданады.

Бағалы қағаздардың айналысы деп оларды сатып алу-сатуды және заң жүзінде олардың иемденушісін өзгерту әрекеттерін айтады.

Әлемдік тәжірибеде нарықтың, оның ішінде бағалы қағаздар нарығының, бірсыпыра белгілеріне, айналысқа түсетін активтер түріне, сондай-ақ олардың сатылу тәсілдеріне қарай көптеген түрлері кездеседі. Төменде әрқайсысының мазмұны қарастырылады.

Нарық географиялық белгілеріне және қоғамдық танылуына

қарай:


  • халықаралық және ұлттық;

  • жергілікті және аймақтық нарық болып бөлінеді. Сондай-ақ қолданылатын қаржы құралдарына байланысты

нарық, мысалы, бағалы қағаздардың нақты түрінің (акция, облига­ция, және т.б) немесе опциондар, фьючерстер, валюта нарығы деп те бөлінеді.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде бағалы қағаздарды сату тәсіліне қарай төмендегідей бағалы қағаздар нарықтары да-муда.



  • алғашқы және екінші нарық;

  • ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған;

  • биржалық және биржадан тыс;

  • жай және қос аукциондық нарық;

  • дәстүрлі және компьютерленген нарық;

  • кассалық және мерзімді нарық.

Алғашқы нарықта бағалы қағаздардың жаңа шығарылғандары орналастырылады. Олардың эмитенттері корпорациялар, үкімет және жергілікті басқару органдары.

Екінші нарықта бұрын шығарылған бағалы қағаздар қайта са­тылады. Екінші нарық- ол барлық сатып алу және сату актілерінің жиынтығы, немесе бағалы қағаздардың бүкіл айналысы кезіндегі оның бір иемденушіден басқаға ауысу формасы.

Ұйымдастырылған нарық - ол заңнама негізінде бекітілген ережеге сай бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар - делдалдар арасында нарыққа басқа қатысушылардың тапсырысы бойынша бағалы қағаздардың айналысы.

Ұйымдастырылмаған нарық - ол нарыққа қатысушыларға арналған ережені сақтамай-ақ бағалы қағаздардың айналысы.

Биржалық нарық - бағалы қағаздарды кор нарығына саудаға түсіру, ол - әдетте, ұйымдастырылған нарық.

Биржадан тыс нарық-бұл бағалы қағаздарды қор нарығынан тыс саудаға түсіру. Ол ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған да болуы мүмкін.

Аукциондық нарық - ол өзіне жай аукцион, голландиялық аукцион және қос аукционды біріктіретін нарық. Олар бірінен-бірі сауда ережелерінің жариялылығымен және ашықтығымен, сондай-ақ қатысушылардың өзара жарысқа түсуімен ерекшеленеді.

Жай аукциондық нарық деген қор құралдарына сұраныс жасаушы көптеген жоғары төлем қабілетті сатып алушылары бар және монополиялы жағдайдағы аздаған сатушылары бар нарық. Сатушылары аз болғандықтан және тауарларының біркелкілігінен олар қағаздарды сату туралы өздерінің ұсыныстарын алдын ала баға белгілеу бюллетеніне енгізу үшін береді. Баға белгілеу бюллетені бағалы қағаздарға қызығушылық білдірген сатып алушыларға үлестіріледі. Сөйтіп олар аукционға негізгі қатысушылар бо­лып, жүйелі түрде өз бағаларын ұсынып, қағаздарды сатып алу құқығына"'ие болу үшін бәсекелеседі. Тауарларын басқалардан бұрын сатуға түсірген сатушылар айырықша жағдайда болады. Себебі алғашқы сатып алушылар сатып алу құқығына ие болу үшін ең жоғары баға төлеуге дайын. Сөйтіп аукционнан сатып алушылар азайған сайын тауар бағасы да төмендейді. Біркелкі тауарларды сатушылардың саны көбейген сайын оларды алдын ала келісілген бағамен сату мүмкіндігі және соған сәйкес жай аук­ционды өткізудің мәні төмендейді. Осы айтылған жағдайға мемлекеттік бағалы қағаздарды алғашқы нарықка орналастырғанда ұйымдастырылатвга жай аукцион жатпайды. Себебі оларды моно­полиялы түрде мемлекет орналастырады.

Голландиялық аукционда сатып алушылардың мәлімдемесі күні бұрын жинақталады. Содан соң оларды эмитенттер немесе делдалдар сырттай талдаудан өткізіп, бағалы қағаздарды сатып алу мәлімдемесін қанағаттандыратын біркелкі ресми баға бекітеді.

Қос аукционды нарықтың жай нарықтан айырмашылығы - онда бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату құқына ие болу үшін өзара жарысқа түсетін көптеген сатушылар мен сатып алушы­лар болады.

Дәстүрлі және компьютерленген нарықтың бірінен-бірінің айырмашылығы мынада:

  • компьютерленген нарықта сатушы және сатып алушы кездесетін орын болмайды, демек олар бір-бірімен тікелей кездеспейді;

  • сауда жүргізу және оған қызмет ету процестері түгелдей автоматтандырылған;

  • саудаға қатысушыларға бағалы қағаздарды сатып алу-сату туралы мәлімдемені компьютердегі сауда жүйесіне енгізеді.

Кассалық нарық (немесе «кэш» нарық, я «спот» нарық) - ол мәмілені дереу (1-2 жұмыс күнінде) орындау. Ал мерзімді нарық -ол мәмілені орындау мерзімі (2 жұмыс күнінен бастап 3 айға дейін) бекітілген нарық.

Қазіргі кезде әлемде осы аталған нарықтардың қосындысы іс-петтес төрт нарық концепциясы кеңінен мойындалуда.



Алғашқы нарық кор биржасы деп аталып, онда тіркеуден өткен қор құндылықтарымен мәміле жүргізіледі. Эмитент-компания бағалы қағаздардың жаңасын шығарып ұсынғанда оны сату процесіне көптеген қаржы институттары қатысуы мүмкін. Өркендеген елдерде бағалы қағаздарды орналастырумен инвестициялык бан­ктер шұғылданады. Әдетте,инвестициялық банктер андеррайтер ретінде шығарылымның барлығын сатып алып, шығарылымды орналастыруға өзіне қаржылық міндеттеме (кепілдік) алады. Андеррайтердің жүргізетін іс-шаралар кешенін андеррайтинг деп атайды.

Екінші нарық - ол биржадан тыс нарық, онда биржада тіркеуден өтпеген бағалы қағаздармен операциялар жүргізіледі. Бағалы қағаздардың екінші нарықтағы айналысы - ол негізінен бағалы қағаздарды қайта сату. Сатып алу-сату мәмілелерінің көп бөлігі брокер-делдалдардың, инвестициялық дилерлердің, трейдерлердің (биржаның сауда аймағындағы фирмалардың өкілі) қатысуымен нарықтық баға бойынша жүргізіледі.

Үшінші нарық- ол биржадан тыс нарық, онда қор биржасынан тыс делдалдар арқылы тіркеуден өткен бағалы қағаздар сатып алы-нып, қайта сатылады. Оларға жоғары комиссиялық ақы бекітіледі.

Төртінші нарық немесе компьютерленген нарық, онда сауда қор делдалдарын біріктіретін компьютерлік желі арқылы жүргізіледі. Бұндай жүйенің көмегімен инвесторлар комиссиялық ақыдан және қор нарығының тұрақсыздану қатерінен көп сома үнемдейді.

Қорытындысында бағалы қағаздар нарығының құрылымы жөнінде айта кететін жәйт, «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңында«алғашқынарық»-бас бағалы қағаздар нарығы, ал «екінші нарық» - кайталама бағалы қағаздар нарығы деп аталған.


Бақылау сұрақтары:


  1. Бағалы қағаздарды толтыру, шығару және айналысқа түсіру бойынша олардың түрлері қандай?

  2. Нарықтан тыс бағалы қағаздардың және нарықтық бағалы қағаздардың мәні неде?

  3. Эмитент және инвестор деп кімді айтады?

  4. Бағалы қағаздардың эмитенттері кімдер?

  5. Эмитенттің «Бағалы қағаздар эмиссиясы туралы» шешімінде қандай мәліметтер көрсетіледі?

  6. Эмиссия проспектінің мазмұны қандай?

  7. Андеррайтинг және андеррайтер деген түсініктер.

  8. Эмиссияны-орналастырудың формалары қандай?

  9. Бағалы қағаздар айналасы деген түсінік?

10.Бағалы қағаздар нарығының әлемдік тәжірибедегі түрлері қандай?

11.Қазақстан бағалы қағаздар нарығы құрылымының ерекшеліктері қандай?



V. Бағалы қағаздар нарығы және оған қатысушылар
5.1. Бағалы қағаздар нарығының мәні, мақсаты, міндеттері, қызметі және маңызы
Нарықтың көптеген сипаттамасы кездеседі. Мысалы, нарық сатып алушы мен сатушының кездесетін орны, сатып алушы мен сатушының өзара әрекетіне немесе қаржы активтерін алмастыруға қызмет ететін механизм, бағалы қағаздарды шығаруға және айналысқа түсіруге байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы және т.с.с. Келтірілген анықтамалардың барлығы да ка­питал тартуды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастарды си-паттайды. Бағалы қағаздар нарығының басқа кез-келген нарықтан бір ғана айырмашылығы бар - ол ақша капиталын қалыптастыруға қызмет етеді. Болашақта ол капитал нақты тауар өндіру үшін неме­се алғашқы капиталды өсіру үшін жұмсалуы мүмкін. Уақытша бос ақша қаражатын тарту мерзіміне байланысты нарық ақша нарығы және капитал нарығы немесе қаржы нарығы деп бөлінеді. Ақша нарығына, негізінен, халықтан қысқа мерзімге (1 жылға дейін) уақытша бос қаражат тартылса, ал қаржы нарығында бағалы қағаздар (ақша нарығымен салыстырғанда) ұзақ уақыт бойы айналыста жүреді.

Бағалы кагаздар нарығы (қор нарығы) - ол қаржы нарығының құрамдас бір бөлігі. Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан өзінің айрықша тауарымен өзгешеленеді. Ол өзгеше тауар - бағалы кагаздар. Олар, біріншіден, меншік белгісі, екіншіден, қарыз міндеттемесі, яғни олар бойынша табыс алу құқығы және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады. Бұдан бұрын айтқанымыздай, бұл тау­арды өз қүны аз болса да, өте жоғары нарықтық бағамен сатуға бо­лады. Бағалы қағаздардың көрсетілген құны (номиналы) өте төмен болғанымен, мысалы, ол өндіріске жұмсалған нақты капиталдың белгілі-бір мөлшерін көрсетеді. Егер бағалы қағаздарға нарықтық сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, онда оның бағасы көрсетілген құннан (номиналынан) жоғары болады (керісінше де болуы мүмкін). Бұндай нарықтық бағаның номиналдан ауытқуы, бағалы қағаздардың «жалған капитал» екенін көрсетеді.

Жалған капитал - нақты капиталдың қағаз белгісі, яғни өндірістік капиталдың окшауланып шықкан бір бөлігі (сауда, қарыз капиталдары).

Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды құндылыктардың орнына жүретін «символы» болғандықтан оны «қордың құндылыктары» деп те атайды. Сонымен қатар, бағалы кагаздар «қор инструменті немесе құралы» болып та есептеледі. Себебі тек сол құралды пайдаланып, нақты қүндылықтарға қол жеткізуге немесе сол кұндылықтар бір субъектіден екіншіге ауысуына болады, Сонымен бағалы қағаздар нарығы - капитал нарығының, яғни ақша және басқа материалдық құндылықтардың нақты қызметінің көрінісі.

Бағалы қағаздар нарығының мақсаты - қаржы ресурстарын шоғырландыру және оларды нарыққа қатысушылардың әртүрлі операциялары арқылы қайта бөлу, яғни уақыттша бос ақша қаражатының бағалы қағаздардың инвесторларынан эмитенттеріне ауысуына делдалдық ету. Осы мақсатқа жету үшін бағалы қағаздар нарығы мына міндеттерді жүзеге асырады:


  • инвестициялау үшін уақытша бос қаржы ресурстарын тарту;

  • әлемдік стандартка сай нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру;

  • екінші нарықты дамыту;

  • маркетингтік зерттеулерді күшейту;

  • мүліктік қатынастарды өзгерту;

  • басқару жүйесін және нарықтық механизмді жетілдіру;

  • мемлекеттік реттеу негізінде қор капиталын нақты бақылауды қамтамасыз ету;

  • инвестициялық қауіпті азайту;

  • портфельдік стратегияны қалыптастыру;

  • баға белгілеуді дамыту;

  • дамудың бағытын болжамдау.

Аталған міндеттерді жүзеге асыруда бағалы қағаздар нарығы көптеген қызмет түрін атқарады. Оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Біріншісі, жалпы нарықтық, яғни кез-келген нарыққа тән, екіншісі, ерекше, яғни осы нарықты баска нарықтардан ажырататын қызметтер.

Жалпы нарықтың кызметтерге:

  • коммерциялық, яғни осы нарықтағы операциялардан пайда табу;

  • баға белгілеу, яғни нарықтық бағаларды қалыптастыру және олардың өзгеруін, қозғалысын қадағалау;

  • ақпараттық, яғни нарыққа қатысушыларға қажетті ақпаратты жариялау;

  • реттеу, яғни нарықтық сауда жүргізу, оған қатысу, катысу шылар арасында болған дауды шешу туралы Ереже шығару және бақылау органдарын құру қызметтері жатады.

Бағалы қағаздар нарығының ерекше кызметтері.

қайта бөлу, яғни бағалы қағаздардың айналысы арқылы кәсіпорындар, мемлекет және халық, сондай-ақ салалар мен аймақтар арасында ақша қаражатын қайта бөлу. Бұл қызмет мемлекеттік және муниципальдық бағалы қағаздарды шығару және оларды орналастыру есебінен мемлекеттік, облыстық және жергілікті бюджеттердің кемшілігін қаржыландыруда



  • мемлекеттік органдардың кәсіпорындар мен халықтың бос қаражатын қайта бөлу арқылы жүзеге асырылады;

  • баға және қаржы тәуекелдерін сақтандыру, яғни туынды бағалы қағаздарды - фьючерстік және опциондық шарттарды сақтандыру.

Бағалы қағаздар нарығы - нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі. Бұл алдымен капиталды инвестициялау процесіне қатысты жүзеге асырылады. Капиталды инвестициялау деген күрделі қаржының капиталға мұқтаж өндіріс салаларына құйылуы, ал артық болған уақытта сол саладан қайта алынуы. Капиталдың бұндай айналыс механизмі мынадан түсінікті. Мысалы, кейбір тауарларға немесе қызмет түрлеріне сұраныс өссе, онда соған сәйкес бағасы да өседі. Демек, оларды өндіруден пайда да өседі, сондықтан басқа салалардың өніміне сұраныс азайып, олардың экономикалық тиімділігі кеміп, ондағы капитал өніміне сұраныс өсіп тұрған салаларға құйылады. Бағалы қағаздар осы механизмнің қызметін қамтамасыз ететін құрал. Олар уақытша бос капиталды сату-сатып алу арқылы тиімді өндіріске бағыттап отырады.

Нарықтық экономиканың тәжірибесінде капитал ең алдымен қоғамга шын мәнінде қажетті өндіріске орналасады. Нәтижесінде қоғамдық өндірістің ең үйлесімді құрылымы пайда болып, тапшылықсыз экономика қалыптасады. Қоғамдық өндіріс негізінен қоғамдық сұранысқа сай болады. Бұл өркендеген нарықтық экономиканың басты жетістігі. Біздің еліміздегі Мемлекеттік жос-парлау комитеті басқарған орталықтанган-жоспарлы экономика 70-жыл (1921-1991) бойы қоғамның зарарсыз өсуін қамтамасыз ете алмады. Ал нарықтық қатынастарды дамыту - қоғамдық экономиканың шарықтап өркендеуіне жеткізетіні ақиқат шындық.

Кәсіпорынның қосымша капиталға мұқтаждығы көптеген жағдайларга байланысты болады. Олардың бастылары - негізгі қорларды құру ескі қорларды жаңарту және айналыс құралдарын толықтыру. Бұл мүқтаждықтар нарық конъюнктурасына тікелей байланысты. Ал конъюнктураның өзгеруі белгілі-бір уақыт ара­сында болып түрады. Сондықтан кәсіпорын қажетті қаражатты белгілі-бір уақытта, яғни нарық конъюнктурасының өздеріне қолайлы кезінде алғаны жөн. Қазақстан Республикасында әзір бұндай жағдай қалыптасқан жоқ. Себебі, банктік несие әрі қымбат, әрі шектелген, ал бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасу және даму кезінде.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан Республикасы Білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> Бағдарламасы «Мектептегі атыс дайындығы»
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалыќ институты
umkd -> «Кәсіптік қазақ тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министірлігі
umkd -> Ќазаќстан республикасы
umkd -> «Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»
umkd -> Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі
umkd -> «Таңдап алған спорт түрінің техникалық, тактикалық және дене дайындығы» пәні бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет