"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-ның Президенті Б. Х. Капышев 2015 жылғы " " қазан



бет1/4
Дата14.03.2018
өлшемі0.59 Mb.
#20957
түріКонкурс
  1   2   3   4

"Бекітемін"

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-ның Президенті
_____________ Б.Х. Капышев

2015 жылғы "__" қазан
2015 жылғы "__" қазандағы

___ бұйрық

 


Ақпараттық технологиялар аудитінің қызметін сатып алу бойынша


КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА
 

Тапсырыс беруші: "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" Акционерлік қоғамы, тапсырыс берушінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28-үй, БСН 970740000154, банктік реквизиттері: "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның №139900 Алматы облыстық филиалы, ЖСК KZ706010131000043597, БСК HSBKKZKX, шот валютасы - теңге (KZT), КБЕ 15, байланыс телефоны: (727) 262-03-09, ішкі135/130, электрондық пошта мекенжайы: zhumageldinovazh@csd.kz, sayasatk@csd.kz, тапсырыс берушінің интернет-ресурсы – www.kacd.kz.

Сатып алуды ұйымдастырушы: Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" Акционерлік қоғамы, сатып алуды ұйымдастырушының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28-үй, БСН 970740000154, банктік реквизиттері: "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның №139900 Алматы облыстық филиалы, ЖСК KZ706010131000043597, БСК HSBKKZKX, шот валютасы - теңге (KZT), КБЕ 15, байланыс телефоны: (727) 262-03-09, ішкі 135/130, электрондық пошта мекенжайы: zhumageldinovazh@csd.kz, sayasatk@csd.kz, сатып алуды ұйымдастырушының интернет-ресурсы– www.kacd.kz.

Конкурстық құжаттаманың құны: "Конкурстық құжаттама тегін ұсынылады".

 

 

1. Жалпы ережелер



1. Конкурс ақпараттық технологиялар аудиті қызметінің жеткізушісін таңдау мақсатында өткізіледі.

2. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі осы конкурс (лот) үшін бөлінген сома 8 928 571,43 (сегіз миллион тоғыз жүз жиырма сегіз мың бес жүз жетпіс бір теңге қырық үш тиын) теңгені құрайды.

3. Осы конкурстық құжаттамада мыналар:

1) осы конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің тізбесі;

2) бар болса, Қазақстан Республикасының өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандартты көрсете отырып, сондай-ақ осы конкурстық құжаттамаға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген тәртіппен бекітілген техникалық ерекшеліктерді қоса алғанда, сатып алынатын көрсетілетін қызметтің сипаты мен талап етілетін техникалық, сапалық және функционалдық сипаттамалары қамтылады;

3) заңды және жеке тұлғалар үшін осы конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер;

4) көрсетілетін қызметтер көрсету үшін әлеуетті жеткізушінің осы конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес біліктілігі туралы мәліметтер;

5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 260 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшысы (уәкілетті органы) не акционері болып табылатын заңды тұлғалардың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес әрбір критерийдің пайыздық мәнін көрсете отырып, неғұрлым сапалы көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурсқа қатысушыны айқындау мақсатында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушыны айқындау кезінде есепке алатын, осы конкурстық құжаттамаға 10-қосымшаға сәйкес міндетті критерийлердің тізбесі қамтылады.

4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға өтінімімен қоса тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің қамтамасыз етуін төменде аталған нысандардың біреуімен енгізеді:

1) мынадай банк шотында "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның №139900 Алматы облыстық филиалы, ЖСК KZ706010131000043597, БСК HSBKKZKX, шот валютасы - теңге (KZT) орналастырылатын ақшаның кепілдік берілген ақшалай жарнасы;

2) осы конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес банктік кепілдік.

Әлеуетті жеткізуші Қазақстан Республикасының бір не бірнеше бейрезидент банктерінің конкурс тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурсқа қатысуға өтнімімен қоса өткізілетін сатып алу сомасының жүз пайызына тең мөлшерінде банк кепілдігі түріндегі конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ұсыну арқылы төлем қабылеттілігі туралы біліктілік талаптарын растайды.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға арналған өтінімнің мерзімінен кем болмайды.

 

 



2. Сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық
құжаттаманың көшірмесін алған әлеуетті жеткізушілерге оның ережелерін түсіндіруі

 

5. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізуші 2015 жылғы "14" қазандағы 18 сағ. 00 мин. кешіктірмей конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы жазбаша сұрау салумен жүгінеді. Әлеуетті жеткізушілердің сұрау салуларын сатып алуды ұйымдастырушының мынадай деректемелері бойынша жіберу қажет:



пошталық мекенжайы: 050051, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28-үй,

бөлімше: Әкімшілік-шаруашылық бөлімі.

6. Сатып алудың ұйымдастырушысы сұрау салуды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап береді және сұрау салу кімнен келіп түскенін көрсетусіз конкурстық құжаттама ережелерін түсіндірулердің мәтінін тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында жариялайды.

7. Сатып алуды ұйымдастырушы 2015 жылғы "14" қазандағы 18 сағ. 00 мин. мерзімнен кешіктірмей жеке бастамасы бойынша немесе сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшірмесін берген әлеуетті жеткізушінің сұрау салуына жауап ретінде конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізеді. Конкурстық құжаттамаға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу конкурстық құжаттаманы бекітудегі сияқты тәртіппен ресімделеді.

Енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың міндетті күші болады және сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде мәліметтері тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында тіркелген тұлғаларға тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсы арқылы енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін орналастырады. Бұл ретте сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті жеткізушілер конкурсқа қатысуға өтінімдерде осы өзгерістерді есепке алу үшін кемінде күнтізбелік үш күннен астам емес мерзімге конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімін ұзартады.

Сатып алуды ұйымдастырушы енгізілген өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды көрсете отырып, нақтыланған конкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің (сатып алу ұйымдастырушының) интернет-ресурсында жариялайды.

 

 

3. Конкурс тәсілімен сатып алуға қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар және әлеуетті жеткізушілердің конкурс



тәсілімен сатып алуға қатысуға арналған өтінімдерімен конверттерді ұсынуы

Конкурсқа қатысуға арналған өтінім

 

8. Конкурсқа қатысуға өтінім осы конкурстық құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес тауарды беруді жүзеге асыруға (жұмысты орындауға, қызметтер көрсетуге) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізушінің келісім білдіру нысаны болып табылады.



9. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға беретін конкурсқа қатысуға өтінімінде мыналар:

1) әлеуетті жеткізуші осы конкурстық құжаттамаға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес толтырған және қолын қойған өтінім;

2) әлеуетті жеткізуші өзінің және өзі тартатын қосалқы мердігерлердің (бірлескен орындаушылардың) біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін ұсынатын құжаттардың тізбесі:

заңды тұлғалар үшін құқықтық қабілеттілігін, жеке тұлғалар үшін - азаматтық қабілеттілігін (жеке басын растайтын куәлік немесе төлқұжаты, тиісті мемлекеттік орган берген заңды тұлғаны құрусыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжат (дара кәсіпкер үшін) растайтын нотариат куәландырған құжаттар қамтылуы тиіс;

заңды тұлға қызметті Үлгі жарғының негізінде жүзеге асыратын жағдайды қоспағанда, заңды тұлға жарғысының нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады. Қазақстан Республикасының резидент еместері қазақ және (немесе) орыс тілдеріндегі аудармасымен сауда тізілімінен нотариат куәландырған, заңдастырылған үзінді көшірмені ұсынады;

лицензиялардың (нотариат лицензияның электрондық нұсқасын куәландырмайды) және (немесе) патенттердiң, куәлiктердiң, сертификаттардың, рұқсаттардың, әлеуеттiжеткізушінiң "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының заңында көзделген сатып алынатын тауарларды өндiруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және өткiзуге, жұмыстарды орындауға және қызметтердi көрсетуге құқығын растайтын басқа да құжаттардың нотариат куәландырған көшiрмелерi;

заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің немесе анықтаманың нотариат куәландырған көшірмесі (нотариат анықтаманың электрондық нұсқасын куәландырмайды). Егер заңды тұлға қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың үлгі жарғыларын бекіту туралы" 2008 жылғы 16 қыркүйектегі № 852 қаулысымен бекітілген Үлгі жарғысы негізінде жүзеге асыратын болса, онда мемлекеттік тіркеу туралы өтініштің нотариат куәландырған көшірмесі;

егер жарғыда құрылтайшы (құрылтайшылар) немесе құрылтайшылардың (қатысушылардың) құрамы туралы мәліметтер болмаса, құрылтай құжаттарынан құрылтайшы (құрылтайшылар) немесе құрылтайшылардың (қатысушылардың) құрамы туралы мәліметтерді қамтитын нотариат куәландырған көшірмесі не үзіндісі не конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан бұрын емес берілген, белгіленген тәртіппен қол қойылған және куәландырылған акция ұстаушылардың тізілімінен, серіктестіктер қатысушыларының тізілімінен үзіндінің түпнұсқасы;

төлем қабілетілігін растайтын құжаттар;

әлеуетті жеткізушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалыныңқолы мен мөрі бар әлеуетті жеткізушінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы және ипотекалық ұйымдардағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарын бекіту туралы" 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысына, осы конкурстық құжаттамаға № 7 қосымшаға сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы анықтаманыңтүпнұсқасы (егер әлеуетті жеткізуші екінші деңгейдегі бірнеше банктің немесе филиалдарының, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннің алдындағы бір айдан бұрын берілмеуі тиіс;

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 65446 тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығына сәйкес тиісті салық органы конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан бұрын емес берген салық төлеушінің үш айдан астам салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқтығы ("Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған кездегі жағдайларды қоспағанда) (болуы) туралы анықтамасының түпнұсқасы.

Әлеуетті жеткізуші төлем қабілеттілігі жөніндегі біліктілік талабына сәйкестігін осы конкурстық құжаттамаға 6-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімімен бірге жүргізілетін сатып алу сомасының жүз пайызына тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше резидент банктерінің банктік кепілдіктері түріндегі конкурсқа қатысуға өтінімді қаматамасыз етуді ұсыну арқылы растауға құқығы;

3) осы конкурстық құжаттамаға 5-қосымшаға сәйкес сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілігі туралы мәліметтер қамтылуы тиіс;

Егер әлеуетті жеткізуші жұмыстардың не қызмет көрсетулердің бірлесіп орындаушыларды тартуды көздеген жағдайда, онда әлеуетті жеткізуші сатып алуды ұйымдастырушыға тартылатын бірлескен орындаушылардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс;

осы конкурстық құжаттамаға 8-қосымшаға сәйкес конкурста сатып алудың нысанасы болып табылатын қызметтер көрсету кезінде бірлесіп орындаушылар туралы мәліметтер және әлеуетті жеткізушінің қызмет көрсетулер көлемінің жиынтығында үштен екісінен астамын қосалқы мердігерлікке беруге тыйым салу талаптары;

4) көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) қызметтерді көрсету көлемдерін және (немесе) мерзімдерін, сапа кепілдігін ұсынуды, қызметті көрсету талаптарын көрсете отырып техникалық ерекше нұсқама;

5) банктік кепілдік не сатып алуды ұйымдастырушының (тапсырыс берушінің) банктік шотына орналастырылатын кепілдік берілген ақшалай жарнаны растайтын төлем құжаты түрінде, Қағидаларда белгіленген мөлшерде конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету;

6) әлеуетті жеткізушінің жарғысына сәйкес сенімхатсыз қол қою құқығы бар әлеуетті жеткізушінің бірінші басшысын қоспағанда, әлеуетті жеткізушінің мүдделерін білдіретін адамға (адамдарға) конкурсқа қатысуға өтінімге қол қою және конкурстық комиссияның отырыстарына қатысу құқығына берілетін сенімхат қамтылуы тиіс.

Конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап отыз бес күнтізбелік күнді құрауы тиіс.

Әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлерді растайтын құжаттарды ұсыну құқылы.



Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар

 

10. Әлеуетті жеткізуші Конкурсқа қатысуға өтінімді сатып алуды ұйымдастырушыға тігілген түрде, нөмірленген беттерімен береді және соңғы беті оның қолымен, мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылады.



Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, нөмірленген беттерімен, соңғы беті әлеуетті жеткізушінің қолымен және мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) куәландырылған түрде және конкурсқа қатысуға өтінімнің қамтамасыз етуін растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.

11. Конкурсқа қатысуға өтінімнің нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті жеткізуші қол қоюы, әлеуетті жеткізушінің мөрімен бекітілуі (жеке тұлға үшін ондай бар болса) тиіс.

12. Конкурстық өтінімде әлеуетті жеткізушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай қосылған жазба, өшірілген сөздер немесе артық жазылған сөздер болмауы тиіс.

Әлеуетті өнім беруші дайындаған электрондық конкурсқа қатысу өтінімімен қатар, электрондық конкурсқа қатысуға өтінімге қатысты құжаттар мен хат-хабардың барлығын осы конкурстық құжаттама жасалған тілде ұсынады. Ал егер басқа тілде жасалған жағдайда, оның нақты аудармасы тіркеледі (нотариалдық расталған).

13. Әлеуетті жеткізуші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті жеткізушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы (егер ол "кешікті" деп жарияланса, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында), сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, конкурс тәсілімен сатып алудың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуі тиіс: "(конкурстың атауын көрсету қажет сатып алу жөніндегі конкурс және ".. дейін ашпаңыз" (конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақыты көрсетілсін)".


Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тәртібі

 

14. Әлеуетті жеткізушілер не олардың уәкілетті өкілдері сатып алуды ұйымдастырушыға конкурсқа қатысуға өтінімдерді қолма-қол немесе мекенжайы бойынша тапсырысты пошта байланысын пайдалана отырып: 2015 жылғы "14" қазандағы 10 сағ. 00 мин. дейінгі мерзімде 050051, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28-үй мекенжайы бойынша Әкімшілік-шаруашылық бөліміндегі


Ж.А. Жумагельдиноваға береді.

15. Сатып алудың ұйымдастырушысы конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін алған барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған әлеуетті жеткізушілерге не әлеуетті жеткізушілердің тиісті уәкілетті өкілдеріне алғаны жөнінде қолын қойдырып жеке өздеріне қайтарылады.

16. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға берген өтінімдерді конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді тіркеу журналына (Қағидаларға 3-қосымша) тіркейді.

17. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ресімдеуге қойылатын талаптарды бұзып ресімделген конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылданбайды және тіркелмейді.

 

 

Конкурстық өтінімдерді өзгерту және оларды қайтарып алу



18. Әлуетті жеткізуші конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі біткенге дейін өзі енгізген өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін қамтамасыз етуді қайтарып алуға құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін өзгертеді немесе қайтарып алады. Өзгеріс енгізу конкурсқа қатысуға берілген өтінімнің өзі сияқты дайындалады, желімделеді және ұсынылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама, әлуетті жеткізуші қол қойған және мөрмен бекітілген сатып алуды ұйымдастырушының атына еркін түрде жазылған өтініш түрінде ресімделеді (жеке тұлға үшін егер осындай бар болса).

Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін алған болса, жарамды болып табылады.

19. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғаннан кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайтарып алу сияқты, оларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

20. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға өтінімдердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей әлуетті жеткізушілерден нақты уақыт кезеңіне олардың қолданылу мерзімін ұзартуды сұратады. Әлуетті жеткізуші мынадай құқықтарын жоғалтпастан, өз шешуі бойынша мұндай сұрау салудан бас тартады:

1) оның конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі ішінде конкурс тәсілімен өткізілетін сатып алуға қатысу;

2) осындай өтінімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ол енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтарып алу.

21. Әлуетті жеткізуші өзінің конкурс тәсілімен сатып алуға қатысуына байланысты барлық шығыстарды көтереді. Тапсырыс беруші, сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы, сарапшы конкурс тәсілімен сатып алудың нәтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді.

 

 

4. Конкурс тәсілімен сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған


конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

 

22. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды келген барлық әлеуетті жеткізушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен конкурстық комиссия жүргізеді 2015 жылғы "19" қазандағы 11 сағ. 30 мин. Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28-үй Әкімшілік-шаруашылық бөлім бөлмесінде. Конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі мен конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу арасындағы кезең екі сағаттан аспайды.



Сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті жеткізушілердің өтінімдер салынған конверттері ашылуға жатады.

Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа қатысуға бiр ғана өтiнiм ұсынылса, онда конкурсқа қатысуға арналған осы өтiнiм ашылады және қаралады.

23. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсіміне қатысып отырған әлеуетті жеткізушілердің уәкілетті өкілдері өздерінің қатысуын растай отырып, олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге және әлеуетті жеткізушілерді тіркеу журналына тіркеуге тиіс: 2015 жылғы "19" қазандағы 11 сағ. 30 мин. дейін Алматы қ., Самал-1 ы/а, 28-үй Әкімшілік-шаруашылық бөлім бөлмесінде.

Әлеуетті жеткізушілер мен олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияға конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімін жазу үшін пайдалануға ниет етіп отырған аудио және бейне жазбаның техникалық құралдары туралы хабардар етуге тиіс.

24. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған әлеуетті жеткізушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының қызметіне араласуына жол берілмейді.

25. Конверттерді ашу жөніндегі конкурстық комиссияның отырысында:

1) конкурстық комиссияның төрағасы не оның орынбасары конкурстық комиссияның қызметіне басшылық етеді, сондай-ақ сатып алу рәсімдерінің тиісінше орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;

2) конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға етіп белгілеген тұлға қатысушыларды мыналар туралы хабардар етеді:

конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы;

әлеуетті жеткізушілердің сауалдарының бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру жөніндегі әлеуетті жеткізушілермен кездесу өткізгені;

конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің бар немесе жоқ екендігі, сондай-ақ себептері;

конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына тіркелген конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді белгіленген мерзімде ұсынған әлуетті жеткізушілер;

осы конкурс бойынша өзге де ақпаратты хабарлайды;

конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген, конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ұсынған әрбір әлуетті жеткізуші туралы мәліметтерді хронологиялық тәртіппен баяндайды;

конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады және өтінімде қамтылған құжаттардың тізбесін, оның ішінде өтінімге критерийлердің қолданылуын және олардың қысқаша мазмұнын жария етеді;

3) конкурстық комиссияның хатшысы:

конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасын ресімдейді;

әлеуетті жеткізушілерге немесе олардың уәкілетті өкілдеріне конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасын тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында жариялау мерзімі туралы хабарлайды;

әлуетті жеткізушілердің уәкілетті өкілдерінен конкурстық комиссияның әрекетіне (немесе әрекетсіздігіне) қарсы шағымдарының немесе қарсылықтарының бар екендігі туралы сұрайды.

Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөнiндегi конкурстық комиссия отырысының хаттамасына конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы әр бетiне қол қояды.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөнiндегi конкурстық комиссия отырысының хаттамасы ресімделмейді.

Сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық комиссияның көрсетілген отырысы өткізілген күннен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсынаконкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі қол қойылған хаттаманың мәтінін жариялайды.

 

 

5. Конкурс тәсілімен сатып алуға қатысуға өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі мәніне конкурстық комиссияның қарауы және әлеуетті жеткізушілерді конкурсқа



қатысуға жіберу

 

26. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізушілердің арасынан біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілерді анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында конкурстық комиссия жүзеге асырады.



27. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссияның:

1) конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуына;

2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуына жол беріледі.

Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де әрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге бағытталған әрекеттері түсініледі.

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімді, егер онда ұсынылған өтінімнің мәнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретін өтінім деп қарайды.

28. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті жеткізушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келу мәніне қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия:

1) әлеуетті жеткізушілер біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын;

2) әлеуетті жеткізушілер біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келген жағдайда конкурсқа қатысуға рұқсат беру хаттамасын ресімдеу арқылы осы шешімдердің біреуін қабылдайды.

29. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы не әлеуетті жеткізушілердің конкурсқа қатысуына рұқсат беру (конкурс қатысушылары деп тану) туралы шешім қабылдайды (қиын техникалық сипаттамалары мен ерекше нұсқамалары бар тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді күрделі сатып алуды жүргізген жағдайда мұндай өтінімдер конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер ашылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде қарастырылады).

30. Әлеуетті жеткізушілер біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келген жағдайда конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын жасау талап етілмейді.

31. Конкурстық комиссия біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келмейтін әлеуетті жеткізушілерді анықтаған жағдайда, мұндай әлеуетті жеткізушілерге конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы жарияланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру құқығын береді.

32. Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы әлеуетті жеткізушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмеуі туралы себептер көрсетілген ақпаратты қамтиды.

Әлеуетті жеткізушілерді конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні отырысқа қатысып отырған конкурстық комиссияның барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттаманың әр бетіне қол қояды және конкурстық комиссияның хатшысы оған қол қойылған күні оны тапсырыс берушінің интернет-ресурсына жариялайды.

33. Конкурстық комиссияның біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерді қайта қарау кезінде:

1) әлеуетті жеткізушілерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстырып тексеруді жеңілдету үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға;

2) конкурсқа қатысуға берілген өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға жол беріледі.

34. Конкурстық комиссия мына:

1) әлеуетті жеткізушінің және ол тартқан қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) жұмыстары не көрсетілетін қызметтері біліктілік талаптарына сәйкес екенін растауға арналған құжатты (құжаттарды) әлеуетті жеткізуші ұсынбаған;

2) оның сәйкестігін растауға арналған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде біліктілік талаптарына сәйкессіздік, сондай-ақ ол тартатын қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талаптарына сәйкессіздік фактісі анықталған;

3) біліктілік талаптары жөнінде жалған ақпарат ұсынған жағдайларда әлеуетті жеткізушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп таниды.

Әлеуеттi жеткізушінi Қағидаларда көзделмеген негiздемелер бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес емес деп тануға жол берiлмейдi.

35. Конкурстық комиссия мына:

1) банктік кепілдік түрінде ұсынылған конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi жеткiлiксiз болса;

2) конкурстық комиссияның:

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;

қатысу үшiн банктік кепілдік түрінде ұсынылған өтiнiмдi қамтамасыз ету енгiзiлiп отырған конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiнқызметтердi сатып алудың атауын;

банктік кепілдік түрінде ұсынылған өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмiн және (немесе) сомасын, сондай-ақ оны ұсыну шарттарын;

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету ретінде белгілеген тұлғаны;

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету пайдасына енгізіліп отырған тұлғаны анықтауына мүмкіндік бермейтін мәліметтердің болмауынан көрініс табатын конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісінше ресімделмеген жағдайларда енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес емес деп таниды.

Конкурстық комиссия соманың бір процентінен астам мөлшерде өтінімді қамтамасыз ету енгізілген жағдайда, енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді осы конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келеді деп таниды.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімге енгізілген, конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін қамтамасыз етуді өзге негіздер бойынша тануға жол берілмейді.

36. Конкурсқа қатысуға үміткер әлеуетті жеткізуші, егер:

1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушы біліктілік талаптарына сәйкес емес деп айқындалса;

2) Қағидалардың талаптарын бұзса не ол тартқан қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) Қағидалардың 27-тармағының талаптарын бұзса;

3) конкурсқа қатысуға арналған оның өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы болып танылмайды).

Егер әлеуетті жеткізуші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жіберілмесе, конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада осындай әлеуетті жеткізушінің конкурсқа қатысуға өтінімін кейінге қалдыру негіздемесі көрсетіледі.

37. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия бес жұмыс күні ішінде:

1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті жеткізушілерді айқындайды және конкурсқа қатысушылар деп таниды;

2) конкурсқа қатысушыларға Қағидалардың 52-тармағында көзделген критерийлердің салыстырмалы мәнін қолданады;

3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді.

38. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды.

Конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған күні оны тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсына жариялайды.

Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы шешіміне Қағидалардың 225-тармағында белгіленген тәртіппен шағым беріледі.

 

 



6. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізушілердің
конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі

 

39. Конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті жеткізушілер (конкурсқа қатысушылар) ұсынатын конкурстық баға ұсыныстары мынадай түрде ресімделеді:



1) конкурстық баға ұсынысының нысаны басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті жеткізуші қол қоюы және оның мөрімен (жеке тұлға үшін ондай бар болса) бекітілуі тиіс;

2) конкурстық баға ұсынысында әлеуетті жеткізушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауға тиіс;

3) отандық әлеуетті жеткізушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен берілуі тиіс.

Ұлттық емес валютада көрсетілмеген конкурстық баға ұсыныстары, конкурстық баға ұсыныстарын қабылдау аяқталатын күндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген ресми бағам бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгеге автоматты түрде қайта есептейді.

40. Әлеуетті жеткізуші конкурстық баға ұсынысын конвертке желімдейді, оның беткі жағында әлеуетті жеткізушінің толық атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мәтін көрсетілуге тиіс: "Сатып алу жөніндегі конкурс (конкурстың атауын көрсету қажет) - конкурстық баға ұсынысы - (конкурстық баға ұсыныстарын ашатын күні мен уақытын көрсету қажет) дейін ашуға болмайды".

Конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын қайтарып алу не ұсынылған конкурстық баға ұсынысына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуі сияқты, бірден артық конкурстық баға ұсынысын беруіне жол берілмейді.

 

7. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын
конкурстық комиссияның бағалауы мен салыстыруы және конкурс жеңімпазын анықтау

 

41. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта және орында конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру бойынша отырыс өткізеді.



Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзім аяқталғанға дейін конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтерді конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тәртіппен енгізеді.

42. Мына:

1) конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттамада белгіленген мерзімнен кеш ұсынылған;

2) конкурсқа қатысушы аталған конкурс бойынша баға ұсынысын осыдан бұрын ұсынған конкурстық баға ұсыныстары бар конверттер бағалауға және салыстырып тексеруге қабылданбайды.

Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына тіркеуден бас тарту себептерін көрсете отырып, тіркеуден бас тартылған конкурс қатысушыларының тізімін көрсетеді.

Конкурстық комиссия отырысында конкурстық комиссия төрағасы не төраға конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан белгілеген тұлға:

конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстары бар конверттерді оларды тіркеудің хронология тәртібімен ашады;

конкурстық баға ұсыныстарын ұсынған конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын хронологиялық тәртіппен жария етеді;

конкурстық комиссияның хатшысына ашылған конкурстық баға ұсыныстары салынған конверттерді береді.

43. Конкурсқа қатысушылардың және (немесе) олардың уәкілетті өкілдерінің конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен олардың сұратуы бойынша танысуына жол беріледі.

44. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысына конкурсқа қатысушылардың және (немесе) олардың уәкілетті өкілдерінің аудио және бейне түсірілімдер жүргізу құқығымен қатысуына жол беріледі. Бұл ретте конкурсқа қатысушылар және (немесе) олардың уәкілетті өкілдері конкурстық комиссияны көрсетілген техникалық құралдарды қолдану туралы хабардар етеді.

45. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рәсімін жеңілдету үшін конкурстық комиссия әртүрлі валютада берілген конкурстық баға ұсыныстарының барлық бағаларын Қазақстан Республикасының валютасына - конкурстық баға ұсыныстарын (конкурсқа қатысушылар) бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге аударады.

46. Конкурстық комиссия:

1) конкурсқа қатысушылардың конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді осы сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомадан асатын конкурстық баға ұсыныстарын кері қайтарады;

2) егер оның бағасы демпингтік болып табылса, конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын кері қайтарады;

3) конкурсқа қатысушылардың кемінде екі кері қайтарылмаған конкурстық баға ұсыныстарына қатысты конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген критерийлердің пайыздық мәнін қолдану арқылы айқындайды, конкурсқа қатысушылардың шартты бағасын салыстырып тексереді және ең аз шартты бағасы негізінде олардың арасынан конкурстың жеңімпазын анықтайды.

Конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағасы тең болса, конкурстың мәні болып табылатын сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер нарығында көбірек жұмыс тәжірибесі бар әлеуетті жеткізуші жеңімпаз деп танылады. Тең шартты бағасы бар бірнеше әлеуетті жеткізушілердің жұмыс тәжірибесі тең болған жағдайда, конкурстық баға ұсынысы басқа әлеуетті жеткізушілердің конкурстық баға ұсыныстарынан ертерек келіп түскен әлеуетті жеткізуші жеңімпаз деп танылады.

47. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру және конкурс жеңiмпазын анықтау нәтижелерi бойынша конкурстық комиссия конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресiмдейдi. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi сатып алу нәтижелерi туралы хаттаманың әрбiрбетiне конкурстық комиссияның отырысына қатысқан барлық мүшелерi, сондай-ақ конкурстық комиссяның хатшысы қол қояды.

48. Конкурс тәсілімен сатып алу нәтижелері туралы хаттаманы сатып алуды ұйымдастырушы конкурс тәсілімен сатып алу нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қалыптастырады және тапсырыс берушінің (сатып алуды ұйымдастырушының) интернет-ресурсында жариялайды.

49. Сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген әлеуетті жеткізушінің жазбаша сұрау салуын алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тәсілімен сатып алу нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін қайтарусыз негізде ұсынады.

 

 

8. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару



 

50. Сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті жеткізушіге енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қайтарып береді:

1) осы әлеуетті жеткізуші өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін кері қайтарып алған кезде;

2) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған кезде. Аталған жағдай конкурсқа қатысушылар деп танылған әлеуетті жеткізушілерге қолданылмайды;

3) конкурс тәсілімен сатып алудың нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған кезде қайтарып береді. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;

4) сатып алу туралы шарт күшіне енген және конкурс жеңімпазы конкурстық құжаттамада көзделген сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізген кезде;

5) әлеуетті жеткізушінің конкурсқа қатысуға өтінімінің қолданылу мерзімі өткен кезде қайтарып береді.

51. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайларда:

1) Қағидалардың 142-тармағына сәйкес конкурстық баға ұсынысын ұсынбаған, конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті жеткізушіні қоспағанда, конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті жеткізуші өзінің конкурстық баға ұсынысын белгіленген мерзімде ұсынбаса не оны кері қайтарып алса;

2) конкурсқа қатысушы деп танылған әлеуетті жеткізуші өзінің конкурстық баға ұсынысын конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін өзгертсе және (немесе) толықтырса;

3) конкурстың жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті жеткізуші шарт жасаудан жалтарса;

4) конкурстың жеңімпазы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайда қайтармайды.

 

9. Конкурс қорытындылары бойынша сатып алу туралы шарт

 

52. Конкурс тәсiлiмен сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап он бес жұмыс күнiiшiнде тапсырыс беруші конкурс жеңімпазына сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін, сондай-ақ Қағидалардың 6-қосымшасында көзделген Талаптарға сәйкес жасалған қол қойылған шарттың жобасын жібереді.



Шарт конкурстың жеңімпазымен конкурсқа қатысуға берген оның өтінімінде көзделген талаптарда жасалады және онымен жасалған шарттың бағасы конкурсқа қатысуға арналған өтінімде көрсетілген оның бағасынан аспауы тиіс.

53. Жеткізуші шарт жасаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді.

Шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін сатып алуды ұйымдастырушы шартта алдын ала ақы (аванс) төлемі көзделген жағдайларды қоспағанда, шарттың жалпы сомасының үш пайызынан кем емес мөлшерде белгіленеді.

Егер шартта алдын ала ақы (аванс) төлемі көзделген болса, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді сатып алуды ұйымдастырушы шарттың жалпы сомасының үш пайызынан кем емес мөлшерді құрайтын алдын ала ақы (аванс) сомасына тең мөлшерде белгілейді.

Ұзақ мерзімді шарт жасаған жағдайда ағымдағы қаржы жылындағы шарттың орындалуын қамтамасыз ету мөлшері тиісті қаржы жылында көзделген шарттың жылдық сомасына қарай есептеледі.

Жеткізуші шарттың орындалуын қамтамасыз етудің мынадай:

1) тапсырыс берушінің банк шотына енгізілетін кепіл ақша жарнасы;

2) Қағидалардың 16-қосымшасына сәйкес банк кепілдігі сияқты түрлерінің біреуін таңдайды.

Жеткізушінің үшінші тұлғаларда жалпы талап ету құқығының не шарт бойынша міндеттемелер толық орындалғанға дейін енгізілген кепіл ақша жарнасының бөлігіне туындауына алып келетін іс-әрекеттерді жасауына жол берілмейді.

Тапсырыс берушінің жеткізуші енгізген кепіл ақша жарнасын Қағидаларда көзделмеген мақсаттарға пайдалануына жол берілмейді.

54. Егер әлеуетті жеткізуші Қағидаларда белгіленген мерзімде қол қойылған шартты тапсырыс берушіге ұсынбаса немесе шарт жасасып, конкурстық құжаттамада көзделген жағдайларда шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізбеген жағдайда мұндай әлеуетті жеткізуші шартты жасасудан жалтарған болып саналады.

55. Әлеуетті жеткізуші шарт жасасудан жалтарған деп танылған жағдайда тапсырыс беруші:

1) ол конкурсқа қатысуға енгiзгенөтiнiмдi қамтамасыз етудi ұстап қалады;

2) сатып алу туралы шарт жасасудан жалтаруға байланысты келтірілген шығындарды өтеу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге құқылы.

56. Шарт оған тапсырыс беруші мен жеткізуші қол қойғаннан кейін не соңғысы шарттың орындалуына қамтамасыз етуді толық енгізгеннен соң күшіне енеді.

Міндетті мемлекеттік тіркеуден немесе өзге тіркеуден өтуі тиіс шарттар тіркелген сәттен бастап жасалған деп саналады.

 

Конкурстық құжаттамаға



 1-қосымша

 

Сатып алынатын қызметтердің тізбесі

 

Ақпараттық технологиялар аудитінің қызметін сатып алу бойынша конкурс



 

Лот



Тапсырыс берушінің атауы

Қызметтің атауы

Өлшем

бірлігі


Саны,

көлемі


1

2

3

4

5

1

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ

Ақпараттық технологиялар аудитінің қызметі.

Қызметтің техникалық ерекше нұсқамасы конкурстық құжаттамаға 2-қосымшада көрсетілген.



қызмет

бір қызмет

кестенің жалғасы 

Жеткізу шарттары

(ИНКОТЕРМС 2000 сәйкес)



Қызметтерді көрсету мерзімі

Қызметтерді көрсету орны

Аванстық төлем

мөлшері,


%

Конкурс тәсілімен сатып алу үшін бөлінген сома (№ лот бойынша),

теңге


6

7

8

9

10




Шарт күшіне енген күннен бастап шартты толық орындағанға дейін.

Алматы қ.

0

8 928 571,43

 

Сатып алуды ұйымдастырушы (Тапсырыс беруші)

Президент

/_________/ Б.Х. Капышев

Күні ____________________ 

М.О.


 

Конкурстық құжаттамаға

2-қосымша


Сатып алынатын ақпараттық технологиялар аудитінің қызметінің
техникалық ерекше нұсқамасы

 

Конкурстың № 1



Конкурстың атауы Ақпараттық технологиялар аудитінің қызметін сатып алу.

Лоттың № 1

Лоттың атауы Ақпараттық технологиялар аудитінің қызметін сатып алу.
Ақпараттық технологиялар аудитінің қызметі. Ақпараттық технологиялар аудиті.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет