Шымкентте терроризмді ашық насихаттап жүрген азамат ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтене жасап хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Ер адам жұртты лаңкестік жасауға шақырып үгіттеген. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы жасағы оны көшеде қолға түсірді.

Күдікті Шымкент қаласының тұрғыны, ұзақ уақыт шетелде білім алған. Сол жақта жүріп жат ағымның жетегінде кеткен. Өзінің ғана санасы уланып қоймай, елге келген соң әлеуметтік желі арқылы уағыз айтып, лаңкестікті ашық насихаттапты. Қоғамға қауіп тудырған азаматты арнайы жасақ ұстап, қамауға алды. Қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Атырау облысында бұрын лаңкестік әрекет ісі бойынша сотталған 17 жастағы діни радикал ұсталғаны туралы жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.