"Қазгидромет" РМК 3-5 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Болжамға сәйкес, демалыс күндері Қазақстандағы синоптикалық жағдай Скандинавияның солтүстігінде орналасқан Атлантикалық циклонға байланысты жылы болады.

"Елдің көп бөлігінде бұлтты болады және жауын-шашын жауып, боран мен жел соғып, көктайғақ болады. Атлантикалық циклон республиканың барлық аумағында температураның біртіндеп көтерілуіне себеп болады", – деді Қазгидромет мамандары.  

Синоптиктер тек оңтүстік өңірлерде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанатынын айтты.

Бұған дейін ақпан айына арналған ауа райы болжамын жариялаған едік.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.