Бағдарламасы 2013 жыл, Ұзынкөл мазмұны 1



жүктеу 1.94 Mb.
бет1/9
Дата21.04.2019
өлшемі1.94 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Мәслихаттың

2011 жылғы 11 ақпандағы

№ 356 шешіміне

қосымша
Мәслихаттың

2012 жылғы 19 желтоқсандағы

№ 81 шешіміне

қосымша
Мәслихаттың

2013 жылғы 29 қарашаның

№ 153 шешіміне

қосымша

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ҰЗЫНКӨЛ АУДАНЫНЫҢ АУМАҒЫН

ДАМЫТУДЫҢ 2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

БАҒДАРЛАМАСЫ

2013 жыл, Ұзынкөл

МАЗМҰНЫ
1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ.................................................................. 3

2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ..............................................................6

2.1. Өңір жағдайының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, сондай-ақ олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалы................................................................... ................................... 6

2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау.......................... 9

2.2.1. Өңірдің экономикасын талдау.................................................................. 11

2.2.2. Өңірдің әлеуметтік саласын талдау......................................................... 18

2.2.3. Өңірдің инфрақұрылымдық кешенінің дамуын талдау........................ . 37

2.2.4. Әкімшілік-аумақтық бірлік аясында өңірдің аумақтық (кеңістіктік) дамуы......................................................................................................................... 42

2.2.5. Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін талдау.............................................................................................................. ........... 43

2.3. Орта мерзімді келешектегі аумақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі проблемаларының, тәуекелдерінің, тежеуіш факторларының, бәсекелестік артықшылықтарының және мүмкіндіктерінің кешенді сипаттамасы ............................................................................................................. 47

2.4. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің қолданыстағы саясатын талдау.......................................................................... 48



3. ӨҢІРДІ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМДАУЫ.................................................... 49

4.НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ НӘТИЖЕЛЕРДІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ ............ 51



5. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР.................................................................................. 73

6. БАҒДАРЛАМАНЫ БАСҚАРУ....................................................................... 73


1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ


Атауы

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

«Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 шілдедегі № 827 Жарлығы

«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары » Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы

«Қазақстан Республикасын үдемелі инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы» ҚР Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы


Өңірдің негізгі сипаттамалары

Ұзынкөл ауданы Қостанай облысының солтүстүгінде орналасқан, 1939 жылы құрылған. Аудан солтүстігінде Ресей Федерациясының Қорған облысымен, шығыста Солтүстік Қазақстан облысымен, батыста Мендығарамен, онтүстігінде Қостанай облысының Сарыкөл ауданымен шектеседі.

Аудан орталығы – Ұзынкөл селосы, тұрғындардың саны 6396 адам.

Аудан құрамына 14 селолық округ және 2 село кіреді, 52 елді мекенді құрайды.

Аудан аумағында 30-дан аса ұлттар және ұлыстар тұрады. 2013 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша аудан халқы 25,9 мың адамды құрады: олардың ішінде: 41,0 % - қазақтар, 42,0 % - орыстар, 9,6 % - украиндіктер, 1,7 % - немістер, 5,7 % - басқа ұлттар. Халықтың тығыздығы - бір шаршы километрге 2,7 адам. Ең тығыз орналасқан селолар – Ұзынкөл, Троебрат, ең аз – ауданның солтүстік селолық елді мекендер, оларда халық тығыздығы бір шаршы км-ге 0,2-0,5 адамды құрайды.





Бағыттар

Экономика

Әлеуметтік сала

Инфрақұрылым

Ауылдық аумақтарды дамыту ,экология,

Мемлекеттік қызметтер


Бағдарламаның мақсаттары

Мақсат 1: ауданның өнеркәсіптік әлеуетін дамыту.

Мақсат 2: аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін өсіру, ішкі нарықтың жеткілікті жиынтық қажеттілігін жабу үшін.

Мақсат 3: Бизнес ортаны жақсарту.

Мақсат 4: Ауданның экономикасының әлеуетін ішкі сауда есебінде арттыру.

Мақсат 5: Инвестиция ахуалын арттыру.

Мақсат 6: Ауданның инновациясын дамыту.

Мақсат 7: Даму тұрақты болу үшін жағдай жасау. Бәсекеге қабілетті тауарларды, жұмыс және қызмет, сондай ақ оларды ішкі нарықта ілгерілету.

Мақсат 8: Білім берудің қол жетімділігін және оның сапсын арттыру.

Мақсат 9: Құқық қорғау жүйесінің белсенділігін арттыру және балалардың заңды мүддесін қорғау.

Мақсат 10: Аудан тұрғындарының денсаулығын жақсарту.

Мақсат 11: Медицина қызметтерін сапалы және уақытылы көрсету.

Мақсат 12: Азаматтардың әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігін қалыптастыру.

Мақсат 13: Тұрмысы нашар тұрғындарды тиімді жұмыспен қамтамасыз етуге қол жеткізу

Мақсат 14: Отандық мәдениетті сақтап тарату және насихаттау.

Мақсат 15: Қазахстандықтардың тіл мамандарының капиталын және мемлекеттік тілді дамыту.

Мақсат 16: Жоғары класты спортшыларды және резервтегі спортшыларды сапалы дайындау және массалық денешынықтырумен айналысу үшін жағдай жасау.

Мақсат 17: Мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыру үшін қолайлы жағдай жасау, жастардың патриоттық және азаматтық тұрғыда қалыптасуы үшін жағдайлармен қамтамасыз ету

Мақсат 18: Құқық бұзушылықтың алдын алу шаралар жүйесін дамыту, басқа қоғамдық ортада және көшедегі қоғамдық қауыпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету.

Мақсат 19: Техногендік апаттар, зілзалалар мен табиғат апаттарының қауіп-қатерлерін төмендету үшін аумақтық қорғаныс және азаматтық жасақ жиюжүйесін дайындап және оны дамыту.

Мақсат 20: Инновациялы экономика және ақпараттық ортаға көшу мақсатында аудан коммуникация саласындағы тетіктерін және жағдайын жасау.

Мақсат 21: Құрылыс индустриясын дамыту.

Мақсат 22:. Тұрғын-үй құрылысын дамыту.

Мақсат 23: Экономикалық кеңістік байланысын жақсарту. тұрғындарды орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету қажеттілігін қанағаттандыру.

Мақсат 24: Тұрғындардың өмір сүру үшін қолайылы орта жасау және су шаруашылық инфроқұрылымын, көлік, инженерлік, энергетикалық дамуын үйлестіруін қамтамасыз ету.

тұрғындарды орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету қажеттілігін қанағаттандыру.

Мақсат 25: Ауылдық тұрғындарды тіршілік жағдайын жақсарту.

Мақсат 26: Ағаштарды өсіру және ағаш ұдайы өндірісін қорғап және күзету.

Мақсат 27: Тұрғындарға көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.




Міндеттер

1.Бәсекеге қабілеттілігін өсіру және олардың диверсификациясын қамтамасыз ету, өнеркәсіп секторларының артықшылығын дамыту.

2.АӨК өнімдерін өндірудің тұрақты өсуі негізінде ауданның азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

3.Бизнестің экономиклық белсенділігі өсу үшін қолайлы жағдай жасау.

4.Ішкі сауда саттық өсу үшін қолайылы жағдай жасау.

5. Инвестициялық белсенділікті арттыруға жағдай жасау.

6.Инновацияны дамыту және арттыруға көмектесу.

7.Қызмет/жұмыс/тауарларды мемлекеттік сатып алуды жергілікті ұстауын дамыту.

8. Педагогикалық кадрлардың кәсіптілігін және мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру.

9. Ұсынылып отырған білім беру сапасын жақсарту.

10.Жағдайы нашар отбасылар оқушыларына жәрдем жасау.

11. Мектепке дейінгі ұйымдар желісін ұлғайту және мектепке дейінгі білім қызметтерінің сапасын жақсарту.

12. Медициналық ұйымдарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу нәтижесінде медициналық көмек сапасы мен қол жетімділігін арттыру.

13.Балалар және әйелдер денсаулығын нығайту.

14. Әлеуметтік маңызды аурулар ауыртпалық деңгейін төмендету

15. Халықты тиімді жұмыспен қамтамасыз етуге қол жеткізу

16.Халықтың әл-ауқат деңгейін көтеру.

17.Аудан халқының тарихй-мәдени нысандарын дамыту және сақтау.

18.Мәдени саласындағы отандық өніміне талаб өсуін ынталандыру.

19.Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметтерін кеңейту және біріктіру.

20. Аудан тұрғындарына жалпы дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін қолайлы жағдай жасау.

21. Мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыру үшін қолайлы жағдай жасау, жастардың патриоттық және азаматтық тұрғыда қалыптасуы үшін жағдайлармен қамтамасыз ету

22.Халықаралық және конфессияаралық келісімдерді нығайту және сақтау.

23. Қоғамдық тәртіпті нығайту және азаматтардың қажетті өмір қауіпсіздігі, денсаулығы, құқығы мен бостандықтары деңгейлерін қолдау. Жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

24.Компьютерлік сауаттылықты арттыру. Халыққа қызмет көрсету үрдістерін жетілдіру.Телекоммуникацияны дамыту.

25. Сала объектілерін құру және дамыту.

26.Тұрғын-үйлердің қол жетімділігін қамтамасыз ету.

27. Аудандық маңызы бар жолдардың жағдайын жақсарту

28.Көлік қызметеріне тұрғындардың қол жетімділігін ққамтамасыз ету.

29. Тұтынушыларды сапалы тиісті коммуналдық қызметпен қамтамамсыз ету.

30. Халық талабына орталық су жүргізуін қанағаттандыру

31. Ауылдық елді мекендерге әлеуметтік сала мамандарын тарту.

32. Орман ресурстарын ұтымды пайдалану және қалпына келтіру, сақталуын қамтамасыз ету.

33. Тұрғындарға қызмет көрсету үдерісін жетілдіру.


Нысаналы индикаторлар

1.Өнеркәсіп өнімінің физикалық көлемінің индексі

2.Ауыл шаруашылық өнімінің жалпы көлемдік шығару өнімінің физикалық көлемінің индексі

3.Орта және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің шығарған өнімінің көлемі.

4.Бөлшектеп сату физикалық көлемінің индексі.

5.Инвестицияның физикалық көлемінің индексінің негізгі капиталы.

6.Қызмет, жұмыс, тауарлар сатып алу ортақ көлем мөлшерін Қазақстан үлесін көбейту.

7.Білім беру сапасын және тұрғындарға қол жетімділік деңгейімен қанағаттандырылуы.

8.Білім беру ұйымдарында (3 - 6 жастағы) балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытумен қамтамасыз ету.

9. (14-24 жастағы) жастарды техникалық және кәсіпқой білім алуымен қамтамасыз ету.

10.Тұрғындардың сапалы медецинаның деңгейлі қызметтерімен қанағаттандырылуы.

11. тұрғындардың 1000 адамға шаққандағы жалпы өлім-жітімін азайту.

12.Жұмыспен қамту жәрдем шараларын қамту.


13.Тұрмыстық жағдайы ең аз мөлшер тұрғындардың үлесі..

14.Тұрғындардың сапалы мәдинет саласы деңгей қызметтерімен қанағаттандырылуы.

15.Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесі.

16. Дене тәрбиесі мен спортпен шұғылданатын барлық жастағы халық үлесі.

17. Мемлекет пен азаматтық қоғам институттары аралығындағы өзара қарым-қатынастарды оң бағалағандардың үлесі.

18. Халықтың ішкі істер органдарына сенім білдіруінің болжамды деңгейі.

19 Төтенше жағдайлардан материалдық және адамдар шығынын азайту.

20. Тұрғындардың сапалы байланыс коммуникциялар саласы деңгей қызметтерімен қанағаттандырылуы.

21.Құрлыс жұмыстарының физикалық көлемінің индексі.

22.Тұрғын-үй ғимаратын пайдалануға берілген жалпы алаң кв.м.

23. Жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының үлесі.

24. Тұрғындардың сапалы коммуналдық саласы деңгей қызметтерімен қанағаттандырылуы.

25. Даму әлеуеті жоғары ауылдық елді мекендердің санын ұлғайту.

26.Мемлекеттік орман қорын ағашпен қаптаған алаңдар.

27. Тұрғындардың сапалы әлеуметтік маңызды қызметтерімен деңгейін қанағаттандырылуы.


Қаржыландыру көздері және көлемдері

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың жеке қаражаты, заем қаражаттары

Қаржыландыру көлемдері:

2011 жылы – 398 474 мың теңге

2012 жылы – 528 919 мың теңге

2013 жылы – 601 229 мың теңге

2014 жылы – 714 710 мың теңге



2015 жылы – 840 495 мың тенге

Барлығы: 3 924 322 мың теңге





2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.1. Өңір жағдайының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, сондай-ақ олардың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалы

Географиялық орналасуы

Ұзынкөл ауданы Қостанай облысының солтүстігінде орналасқан, 1939 жылы құрылған. Аудан солтүстігінде Ресей Федерациясының Қорған облысымен, шығыста Солтүстік Қазақстан облысымен, батыста Мендығарамен, онтүстігінде Қостанай облысының Сарыкөл ауданымен шектеседі.



Жер бедері. Аудан аумағы негізінен жазық бедерімен, өзен, сай, жыра аңғарлармен сипатталады. Көптеген қазаншұнқырлар мен ойыстар көлдерімен және батпақтармен қамтылған. Аудан аумағында ормандар, негізінде қайын, бөлек үлкен емес түрінде кездеседі.

Климаты шұғыл континенттік қыстың және жаздың, күннің және түннің шұғыл температурасымен. Қысы ұзақ, аязды, қатты желді және боранды, жазы ыстық және құрғақ болып келеді. Жылдық жауын-шашын мөлшері 330-350 мм.

Су ресурстары. Ауданның өзен желісі батыс және оңтүстік-батыс аудан шекарасы бойынша ағатын Өбаған өзені мен, ауданның онтүстік-шығыс бөлігінде ағатын Қарасу өзені және Речное көліне түседі, сонымен қатар көлемі бойынша үлкен және кішкентай көлдерімен ұсынылған.

Топырағы. Аудан топырағының құрамы күрделі механикалық, құндылығы жоғары және тұздылығымен ерекшеленетін қара және қоңыр болып келеді. Тыңайталған жерлерді игеруге байланысты алқабтың көбісі жыртылған. Ауданның жалпы жер аумағы 715,6 мың гектарды құрайды. Ауыл шаруашылығы жерлерінің аумағы 615,2 мың гектарды егістік, немесе ауданның жалпы көлемінен 85,9%.

Өсімдігі. Ауданның батыс және солтүстік бөлігінде ақ қайыңды-көктеректі бұталар массивтері терең емес ойыстарға сипатталады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс теңдес учаскілері дала кеңестік торы мен ауыстырылады. Грифтік рельеф әдейі айтылған.
Әкімшілік-аумақтық құрылымы

Аудан құрамына 14 селолық және 3 дербес село кіреді, 52 елді мекен құрайды.

Аудан аумағында отыздан астам ұлт өкілдері және ұлыстар тұрады. 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша аудан тұрғындарының саны 25,3 мың адам, олардың ішінде: 41,0% – қазақтар, 42,0% – орыстар, 9,6% –украиндіктер, 1,7% – неміс, 5,7% – басқа ұлт өкілдері. Халықтың тығыздығы – бір шаршы километрге 2,7 адамнан келеді. Халық тығыздығының жоғары деңгейі Ұзынкөл, Троебрат селолары, ал халық тығыздығының төмен деңгейі – ауданның солтүстік селолық елді мекендері, олардың тығыздығы бір шаршы километрге 0,2 адамнан 0,5 адамға дейін келеді. 2013 жылғы жағдай бойынша аудандағы халық саны 23,5 мың. адам

Қостанай облысының дамуында Ұзынкөл ауданының жағдайы.

Ауданның даму Стратегиясының мақсаты тұратын ортаның құрылуы және тұрғындар өмірінің сапасын дамыған елдердің деңгейіне жақындату болып табылады. Ауданның дамуының негізгі көрсеткіштері – өнеркәсіп өнім көлімінің өсуі, негізгі капиталға инвестиция көлемінің өсуі, ауыл шаруашылық өнімінің өсуі.



2007-2009 жылдардағы Ұзынкөл ауданы дамуының негізгі көрсеткіштері

Атауы

Өлш.бірл.

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012

жыл

Қолданыстағы бағада өнеркәсіп өнімі

млн. теңге

628,1

767

750

775

1119

1339

Алдағы жылда,%, ФКИ

%

113,1

121

110,9

100,5

123,7

120

Негізгі капиталға инвестицияларды игеру

млн. теңге

491,5

1272,0

1544,8

1624

2330

3218

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі

млн. теңге

11928,4

15759,8

17182,8

6367,8

26324,2

12373,2

Алдағы жылда,%, ФКИ

%




93,3

112,9

100,3

184,8

52,3

Соның ішінде өсімдік өсірудің

жалпы өнімі



млн. теңге

7973,9

10974,1

11045,8

-

16417

7667,1

Алдағы жылда,%, ФКИ

%




79,8

117,9

-

271,3

47,2

Мал шаурашылығының жалпы өнімі

млн. теңге

3954,5

4785,7

5477,3

6367,8

7141

4706,1

Алдағы жылда,%, ФКИ

%




100,4

101,9

100,3

101

65,7

2012 жылы ФКИ өсуі 19,4 % 2010 жыл мен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің физикалық көлем индексі (әрі қарай ФКИ) 0,8% өсті. 2007 .

2012 жылы азық – түлік өнеркәсіп көлемі 1339,0 млн. теңге, 2010 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге көбейді.

2009 жылы негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 1053,3 млн. теңгеге көбейді (3,1% ), 2007 жылмен салыстыру бойынша, 2012 жылы 2 есеге өсті 2010 жылмен салыстыру бойынша және 3218,0 млн. теңге құрады.

2012 жылы ауыл шаруашылық жалпы өнімінің көлемі 2 есеге өсті 2010 жылмен салыстырғанда, 2011 жылы өнімнің жоғарғы көрсеткіші 2010 жылмен салыстырғанда 4 есеге өсті, 2009 жылы 1,4 есеге өсті, 2007 жылмен салыстырғанда.

2012 жылы мал өнімдерінің көлемі 4706,1 млн. теңге, 2010 жылмен салыстырғанда және 2011 жылы 26,1% және 34 % , малдарға идентификация жүргізуге байланысты төмендеді.


Инвестициялық қызмет

Ұзынкөл ауданында 2012 жылдағы негізгі капиталға инвестициялар 3218,0 млн.теңгені, 2010 жылдағы 2 есеге көбейді, 2009 жылы 1544,0 млн. теңге немесе 101,3% құрайды. 2008 жылға. 2007-2012 жылдар кезеңінде негізгі капиталға инвестициялардың негізгі қайнар көзі кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың меншікті қаражаттары республикалық бюджет қаражатынан болып табылады. Негізгі капиталға салымдардың басым бөлігі ауыл шаруашылық техниканы сатып алуға бағытталған.

Бастапқы бағдарламаны жүзеге асыруда ҚР дамытуда индрустриялық – инновациалық дамытуда 5 инвестициялық жобада, ондағы индустриялық Карта бойынша 2 инвестжоба жалпы соммасы 235 млн. теңге:

И.Б.Горбатенков- инвестициялық жобасы құс фабриканың құрылысы, жобаның құны бір жылда 1 млн. жұмырқа саны өндіріледі. Ершовка с. Инвестиция 40 млн. теңге, 7 жұмыс орны (2011 ж. эксплуатациясы)

ЖШС «Ряжский» - құрлыс жем кептіру және жем сақтау 30 мың. тонна, 195 млн. теңге Тойсай, 14.06.2013ж. жүргізілді. 8 жұмыс орны құрылды. Жергілікті орындаушы органдардың жұмысын ескере отырып, қосымша инвестицияны мүмкіндігіне және 3 инвестициялық жобаны жүргізуде индрустриялық Картасының жалпы соммасы 265, 5 млн, теңге:

«Ұзынкөл мал өнімдері» - сервистік дайындау орталығы бойынша сүтті қайта өңдеу Ұзынкөл с. 250 бір жылда 40 млн. теңге, 21. 10. 2013 ж. жүргізілді, 6 жұмыс орны құрылды.

ЖШС «Ряжский» құрлыс жем кептіру және жем сақтау 30мың. тонна 195 млн. теңге Ряжский с. 25 .10. 2013ж. жүргізілді. 8 жұмыс орны құрылды.

- «Лоренц Г.О.» - құрлыс шошқа өсіру комплексі 400 бас Красный Борок 35 млн. теңге, 15.11 2013ж. жүргізілді, 12 жұмыс орны құрылды.



Жалақы

2013 жылы 1 қаңтарына орташа айлық атаулы жалақы аудан бойынша 64237 теңге құрайды 2010 жылмен салыстырғанда 1,8 есе көтерілді,соның ішінде: қызмет түрлері шегінде мемлекеттік басқаруда қызмет ететін қызметкерлердің жалақысы – 1,5 есе ауыл шаруашылық 1,9 есе көтерілді.

Орташа айлық атаулы жалақы аудан бойынша 36560 теңге құрайды 2009 жылмен салыстырғанда мемлекеттік басқармасының жұмыскерлеріне – 48013 теңге, білім беруде – 38564 теңге, денсаулық сақтау – 42257 теңге, ауыл шаруашылығы 31204 теңгені құрайды.

Білім беру

Білім беру саласында компьютерлермен, жаңа үлгідегі кабинеттермен және кең жолақты Интернетпен жарақтандыру негізінде мектептердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі деңгейлерін арттырудың тұрақты қарқыны байқалып отыр, бұл қызмет алушыларының сапалы білімге қол қол жеткізуін арттырады.

Ауданда балаларға мектепке дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтуды өсірудің тұрақты қарқыны байқалуда. Ауданда мектептерді мақсатты ағымдағы және күрделі жөндеу, жаңарту, осы заманғы нормаларға сай жағдай жасалған.

2012 жылы ауданның 4 мектебінде шағын – орталық тобы толық күніне ауысылды, Ерщов орта мектебінде 45 орынға балабақша іске асырылды.



2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет