Бағдарламасы қасым Қайсенов кенті, 2013 жыл 8



жүктеу 2.54 Mb.
бет10/17
Дата21.04.2019
өлшемі2.54 Mb.
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

2.2.4. Аймақты жайландыру

Ауданда 18 ауылдық округ, 48 елді мекен бар. Елді мекендердің негізгі жоспарлары 20-30 жыл бұрын жасалып, бекітілген. Олардың негізгі ережесі заман талабына сай емес.

Аудандағы 48 елді мекендердің ішінде 21 елді мекенде негізгі жоспарлары бар, барлық басты жоспарлар түзетуді қажет етеді.

Мемлекеттік сәулет-құрылыстық кадастрдың базалық деңгейі архитектура және сәулет-құрылыстың кезекші электронды жоспары болып табылады.

Мемлекеттік сәулет-құрылыстық кадастр саласында сәулет- құрылыс қызметі туралы елді мекендерден жер бөлу, жобалар жасау, өндірістік жұмыстарға рұқсаттама беру, құрылыс мониторингі, жаңа салынған нысандарды пайдалануға беруден бастап барлық ақпараттар жиналады.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Қазақстан Республикасындағы архитектура, сәулет-құрылыс және құрылыс қызметі туралы» Заңына сәйкес басқарма тарапынан Шығыс қазақстан облыстық Мәслихатының ІІІ-сессиясының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 3/42- IV шешімімен бекітілген Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы елді мекендерде құрылыс салу туралы Ережесі (ары қарай – құрылыс салу Ережесі) жасалды.

Аталған құрылыс салу Ережесі жер телімдерінің архитектура, сәулет- құрылыс және құрылыс қызметі субъектілерінің елді мекендер мен табиғи аймақтарға жобалау және құрылыс салу үшін қолдану жағдайы мен талаптарын анықтайды, қолданыста бар жылжымайтын мүліктерді өзгертудің (профилін өзгерту, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау, ішінара өзгерту, кеңейту, күрделі жұмыс жүргізу), жаңа құрылыс салу және оған өзгеріс енгізу мен араластырудың ережелерін орнатады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы заңдары талаптарының күшеюіне байланысты елді мекен аумақтарын сәулет-құрылыс бойынша игеру, сондай-ақ, ауыл арасындағы аумақтарға да сәулет- құрылыс жобаларысыз жер телімдерін игеруге тыйым салынады.

Ауданның елді мекендерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдай жасауда, сондай-ақ, сәуелт-қала құрылысы саласын дамытуда сәлет, қала құрылысы мен құрылыс қызметі саласында нормативтік-техникалық базаны жетілдіру мақсатымен мемлекеттік нормативтік құжаттарды әзірлеу және іске қосу, қала құрылысының жобаларын әзірлеу және бекіту маңызды роль атқарады.

Бүгінгі таңда Қасым Қайсенов кентінің негізгі жоспары, Мамай батыр, Герасимовка, Бозанбай, Таврия, және Айыртау ауылдарына құрылыс салу және дамыту сызбасы және Сібе көлдеріндегі демалыс аймақтарының негізгі жоспары жасалып бекітілді.

Қазіргі уақытта Привольное және Жаңа Қанай ауылдарына құрылыс салу және дамыту сызбасы жасалып, келісуге ұсынуға дайын тұр. Сонымен қатар Украинка, І. Айттықов, Тарғын, Сағыр, Асубұлақ, Саратовка, Алмасай, Донское ауылдарына құрылыс салу сызбасын жасау қажеттігі туындауда.

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT- талдау жасалды.



Күшті жақтары:

1. Халықтың тіршілік әрекетінің қолайлы ортасын құру үшін территорияға кешенді құрылыс салу. Сонымен бірге елді мекен территориясын дамытудың негізгі бағыттары шешілуде, оның ішінде, табиғи-климаттық, қалыптасқан және болжамды демографиялық, әлеуметтік-экономикалық ахуал, аймақтау мен осы аймақтардың территорияларын пайдалануға шектеу, экологиялық ахуалды жақсарту бойынша шараларды есепке алғандағы, әлеуметтік, рекреациялық, өндірістік, көліктік және инженерлі-коммуникациялық инфрақұрылым.



Әлсіз жақтары:

1. Бас жоспарсыз территорияға стихиялық құрылыс салудың салдары жеке меншікшілердің құқығына шек қояды, территорияны тиімсіз пайдалануға, құрылыс бағасының, алдыңғы кезете әлеуметтік нысандардың, тұрғын үйлердің және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның қымбаттауына әкеліп соғады.



Қауіп-қатерлер:

1. Белгіленген тәртіпте бекітілген бас жоспарлар, толық жете жоспарлау жобаларысыз және елді мекендер құрылысының жобаларысыз жер телімдерін беруге және нысандардың құрылысын салуға Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынады.



2.2.4.1. Ауылдың тіршілігін қамтамасыз ету


Ауылдың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету үшін ауылдық елді мекендерді әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның нысандарымен нормативтік қамсыздандыруға жету қажет, онда ауыл тұрғындары өмір сапасының ұлттық стандарттарына сәйкес білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт қызмет көрсетулерімен, сапалы ауыз сумен, автомобиль жолдарымен, электрмен жабдықтау, байланыс, телеарна, Интернет желісі қызметтерімен қамтамасыз етілуі керек.

Ауылдық елді мекен халқының денсаулық сақтауын қамтамасыз ету мақсатында 1 аудандық орталық аурухана, 2 ауылдық учаскелік аурухана, 8 дәрегрлік амбулатория, 4 ФАП, 19 медициналық пункт, меншіктің жеке формасындағы 1 стоматологиялық кабинет, жеке ғимаратсыз 5 медициналық қызметкер бар.

Ауылдық жерлерде жалпы білім беретін мекемелердің жүйесі 35 мектеппен және 6 балабақшамен, оның ішінде 2 жекеменшік балабақшамен сипатталады, онда 496 бала бар. Ауылдық мектептерде 729 мұғалім жұмыс істейді. Мектеп жасындағы балалардың оқумен қамтылуы 100%-ды құрайды.

Ауылдық жерлерде 9 кітапхана, 22 клуб және мәдениет үйлері қызмет көрсетеді.

Ауданның 48 елді мекенінің 15-де орталықтандырылған сумен жабдықтау жұмыс істейді немесе халықотың жалпы саынының 50,6%-ы.

Автомобиль жолдары - көлік-коммуникациялық кешеннің маңызды элементтерінің бірі, олардың тиімді жұмыс істеуі мен тұрақты дамуы қазіргі заманғы жағдайда аймақ экономикасын көтеруге, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру мен жағдайын жақсартуға көшудеге маңызды факторларға айналуда.

Ауданда жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының желісі бар, оның ұзыныдығы 723 шақырымды құрайды, оның ішінде:

1) республикалық маңыздағы – 168 шақырым (23,2%);

2) областық маңыздағы – 162 шақырым (22,4%);

3) аудандық маңыздағы – 393 шақырым (54,4%).

Аудандық маңыздағы қара ұсақтас жабындысы бар автомобиль жолдары жалпы ұзындықтың 49,6%-ын құрады (195 ш), қиыршық тасты - 48,1% (189 ш), қара жол - 0,5% (9 ш).

48 ауылдық елді мекеннің барлығы 100% телефон байланысымен қамтамасыз етілген.

Ұлан ауданында 48 елді мекен бар, электр энергиясымен қамтылу 100%-ды құрайды. Электрмен жабдықтау нысандары «ШҚ АЭК» АҚ теңгерімінде, Меновное және Таврия ауылдарында орналасқан Сол жағалау және Таврия аймақтық электр жүйелері қызмет көрсетеді. Бозанбай ауылы мен Асубұлақ кентінде ШҚ АЭК-сының желілік учаскелері орналасқан. Ауданда 1,5 шақырым иесіз электрлік желілер мен 1 трансформаторлы станция бар.

Аймақты дамытудағы басты мақсатты индикатор экономиканың серпінді дамуы мен ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, дамудың жоғары әлеуеті бар ауылдық елді мекендер санының көбею болып табылады.

Аудан экономикасын дамытуда маңызды роль агроөнеркәсіптік кешенге тиесілі, онда маңызды экономикалық әлеует топтастырылған. Оны дамуы аудандағы тұтыну қауіпсіздігін және әлеуметтік-экономикалық ахуалдың деңгейін шешуші дәрежеде белгілейді.

Ауданның ауыл шаруашылығы өзінің мамандануы бойынша дамыған егіншілікпен мал шаруашылық бағытқа ие. Мал шаруашылығы ауылшаруашылық жалпы өнімдердің құрылымында 80,6%.-ды алады.

Ауданның мал шаруашылығының айырықша ерекшелігі оның көпсалалық сипаты болып табылады. Табиғи-климаттық жағдайға және аудандағы шаруашылық қызметке байланысты сүт және ет сиыр шаруашылығы, қылшық жүнді қой шаруашылығы, шошқа, жылқы, құс, марал шаруашылығы және омарташылық табысты дамып келеді.

2012 жылы ауданда 48 елді мекен саналды, оның 1 әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғары әлеуеті бар санатқа жатқызылады, 45 – орташа даму әлеуеті бар және 2 – төмен.

2012 жылы Елдің 2020 жылға дейін кеңістікті-аумақтық дамуының болжамды схемасын жүзеге асыру аясында 3 ауыл бойынша тірек ауылдық елді мекендерді дамытудың кешенді жоспарлары құрылды және бекітілді.

Дамыту кезінде тірек ауыл тұрақты көпсалалы дамуды, толық жұмыспен қамтуды, өзінің ғана емес, жақын маңда орналасқан ауылдық елді мекендер халқының да өмір сүруінің жоғары деңгейі мен сапасын қамтамасыз етеді.

«Бизнестің жол картасы - 2020», «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламалары арқылы мемлекеттік қолдаудың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуды ары қарай ынталандыру қажет. Қойылған міндеттерді шешу, белгіленген инвестициялық жобаларды жүзеге асыру тірек ауылдардың экономикалық әлеуетін арттыруға, демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштерді жақсартуға, ауылдың тіршілігін қамтамасыз етуге қалыпты жағдай құруға мүмкіндік береді.

Ауылдық жерлерде орташа айлық еңбек ақының өсім тенденциясы байқалады. Ауылдық мекен бойынша зейнетақының орташа мөлшері 15000 теңгеден жоғары құрайды. Кедейлік шегінен төмен өмір сүретін тұлғалараға мемлекеттік мекен-жайлық көмек көрсетіледі. Жыл сайын отбасылар мен алушылардың саны азайып келеді. Еңбекақы, зейнетақы, жәрдемақылардың өсуі халықтың қашалай табысының өсуіне оң әсерін тигізуде. Ауылдағы орташа жиынтық ақшалай табыс қалаға қарағанда орташа 20-30%-ға төмен.

Сонымен бірге, ауылда үй іргесіндегі шаруашылықтан түсетін ақшалай емес табыс формасы кеңірек таралған. Үй шаруашылығының әр мүшесіне ауылдық мекенде айына 3500-4000 теңге жеке шаруашылықта өндірілген өнімнен келеді.

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT-талдау жүргізілді.



Күшті жақтары:

1. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін қолайлы жер-климаттық жағдай, бұл ауыл тұрғындарының негізгі табыс көзі болып табылады.

2. Тірек ауылдық елді мекендерді дамытудың кешенді жоспарларын жүзеге асыру.

Әлсіз жақтары:

1. Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарыың жүйесін дамытудың жеткіліксіз деңгейі, шалғайдағы ауылдық елді мекендерде әлеуметтік инфрақұрылым нысандары жоқ немесе оларға қол жеткізу қиын;

2. Халық жиынтығына табыстардың аумақтық біркелкі емес бөлінуі;

3. Ауыл халқының білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт қызмет көрсетулеріне біркелкі емес қолжетімділігі ауылдық аудандардағы адамдық әлеуеттің деңгейін төмендетеді.



Мүмкіндіктер:

1. Білім беру саласындағы әрекеттегі медициналық кадрлар мен мамандарды жұмыс орнына ұзаққа бекіту және жас мамандарды тарту, оның ішінде ауылдық елді мекендерге тарту үшін жүйелі шаралар әзірлеу

2. Ауылдық елді мекендердің әлеуетін дамыту;

3. Тірек ауылдық елді мекендерді дамытудың кешенді жоспарларын жүзеге асыру.



Қауіп-қатерлер:

1. Ауыл халқының көші-қондық жылыстауы есебіне халық санының кемуі.



2.2.5 Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі


Жергілікті мемлекеттік басқарі және өзін-өзі басқару саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін басқару жүйесін жетілдіру, өкілдік және атқарушы органдар жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру қажет.

Ұлан аудынының мемлекеттік органдар құрылымын құрайды: жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын барлық деңгейдегі 17 әкімдіктің аппараттары (аудан әкімі аппараты – 1, кент және ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары – 16), 11 атқарушы орган.

Ұлан ауданы әкімінің аппараты жергілікті атқарушы органдардың қызметінің үйлестігін жақсарту мен тиімділігін арттыруды бірінші кезекті міндет ретінде қояды.

Қазіргі уақыттағы нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау және бюджеттеудің жаңа жүйесінің енгізілуі аудан әкімі аппаратынан қызметтің айқындылығы пен есеп беруге міндеттілігінің деңгейін көтеруді талап етеді. Осы мақсатта аудан әкімінің виртуалды қабылдауы жұмыс істейді, аудандық сайтта тұрғындардың сауалдамасы үнемі өткізіліп тұрады.

Аудан әкімі аппаратының жұмысының жетістілігі кадрларды кәсіби даярлауға да байланысты. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерін қайта даярлау мен біліктілігін арттыру ережелерін бекіту туралы» 20004 жылғы 11 қазандағы №1457 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында 2013 жылдың 9 айында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясында біліктілікті арттырудан 1 мемлекеттік қызметкер, Шығыс Қазақстан аймақтық мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілікті арттыру орталығында: қайта даярлаудан – 8 және біліктілікті арттырудан – 31 мемлекеттік қызметкер өтті.

«Бір терезе» қағидасы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру құралдарының бірі Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ары қарай ХҚКО) болып табылады.

Ұлан ауданында барлығы 3 ХҚКО жұмыс істейді, оның 1 Таврия ауылында және 2 ХҚКО Қасым Қайсенов кенті мен Бозанбай ауылында.

Ұлан ауданында ХҚКО халыққа өтініштерді қабылдау және құжаттарды беру бойынша балама және баламасз 71 мемлекеттік қызмет түрін көрсетуді қамтамасыз етеді.

Аудан әкімі аппаратының бірлескен басқару жүйесі мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын дамыту саласындағы негізгі қажеттіліктері мен проблемалары келесіде қорытылады:

- жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг және бағалау жүйесін анықтап алудың жеткіліксіздігі;

- халықты және азаматтық қоғамның институттарын стратегиялық құжаттарды әзірлеуге және ауданды басқару мен дамыту бойынша шешім қабылдауда пікірлерді есепке алуға тарту деңгейінің жеткіліксізді;

- облыстық және республикалық деңгейдегі тапсырмаларды орындауды есептеу және бақылау жүйесінің жетілмегендігі;

- жоспарлар мен өзге де әлеуметтік-маңызды жобаларды орындауды бақылау жүйесін дамыту деңгейінің қолданыстағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларға сәйкесіздігі;

- ЭҚАБЖ және бірыңғай көлік ортасының аудандық деңгейде жеткіліксіз дамуы;

- кешенді стратегиялық құжаттарды дайындау кезінде жергілікті мемлекеттік органдардың мекемеаралық және салааралық функциялық әрекеттесуінің жеткіліксіз жоғары деңгейі;

- ХҚКО жұмысшыларының кәсіби жағынан да, клиенттермен қарым-қатынасында да жеткіліксіз дайындығы;

- ауданның ірі елді мекендерінде ХҚКО филиалдарының жүйесін кеңейту қажеттілігі;

- аудан әкімі аппаратының нормошығармашылық қызметі сапасының деңгейін ұстау қажеттілігі, оның ішінде қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың үнемі жаңартылып тұратын электронды заңнамалық базасына қолжетімділігін қамтамасыз етудің арқасында;

- Үкіметтің веб-ресурстары, облыс әкімінің порталы және ауданы әкімінің сайты арқылы әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру қажеттілігі.

Әкім аппаратында пайдаланылатын негізгі техникалық құралдар - Pentium, Celeron базасындағы дербес компьютерлер, олар файл-сервер, қосымшалар сервері және мәліметтерді мұрағаттаудың құралдары ретінде де қолданылады. Аудан әкімі аппаратының ғимаратында ақпаратпен алмасуды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жылдамдығы 100 Мбит/сек жергілікті торап жұмыс істейді.

Интернет торабына жылдамдығы 2 Мбит/сек «Megaline Small Business Basic IDphone», тарифтік жоспары бойынша байланыстың 2 желісі арқылы қосылады, 2010 жылдан бастап өзіндік электронды пошта домені - @ulan.vko.gov.kzқолданысқа енгізілді, электронды пошта пайдаланылады. Барлық мемлекеттік органдардың электронды мекен-жайлары бар.

Ұлан ауданы әкімдігінде келесі ақпараттық жүйелер жұмыс істейді:

1. «Жеке тұлғаларды есепке алу» АЖ.

2. «Тапсырмаларды есепке алу» АЖ.

Электронды әкімдікті құру аймақтық бағдарламасын жүзеге асырудың арқасында ауданның азаматтары мен мекемелері ҚР Үкіметінің веб-ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуді алу мүмкіндігіне ие. Ұлан ауданы әкімінің www.ulan.vko.gov.kz Web-сайтында ақпараттарды актуальдандыру үнемі қамтамасыз етіледі. Сайтта 40 мақсатты беттер көрсетілген, олар 122 кіші айдарларда толық ашылады. Сайттың қолданыс кезінде интернет-беттердің саны 44-тен (2007 ж.) 84 бетке (2010 ж.) дейін көбейді. Сайттың ақпараттық-интерактивті компоненттері (танымдық-іскерлік, анықтамалық-жедел және интерактивті) қазақ, орыс тілдерінде жүргізіледі, сайттың wap-нұсқасы (http://wap.ulan.vko.gov.kz), аудан әкімінің блогы (http://kz.ulan.blog.vko.gov.kz/) енгізілді.

Аудан сайлаушыларының тізімін қалыптастыру мақсатында жеке тұлғаларды есепке алудың актуальды мәліметтер базасы құрылды – ЖТЕА. Мәліметтер базасының орындылығы 98,9 %-ды құрайды.

Ауданның мемлекеттік мекемелерінің электронды қызмет көрсетуіне кеңірек қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық қолжетімді 5 пункт орнатылды. Дегенмен, азаматтар мен мекемелер үшін мемлекеттік электронды қызмет көрсетудің қолжетімдігін арттыру проблемасы қалуда.

Әкімнің аппаратында «Заң» электронды заңнамалық базасы орнатылған. Қазіргі таңда үш қызметкер аталған базаға жергілікті торап арқылы қол жеткізе алады. Бірақ нормошығармашылық қызметтің сапасын арттыру үшін Ұлан ауданы әкімі аппаратының барлық қызметкерлері «Заң» электронды заңнамалық базаға қол жетімділікпен қамтылу керек.



«Е-үкімет» базалық компоненттерімен біріктіру

Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының деңгейінде жұмыс атқарылатын е-үкіметтің базалық компоненттері:

1. ҚР электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі (ары қарай – ЭҚАБЖ).

2. «Мекен-жайлық тіркелім» мемлекеттік ақпараттық жүйесі.

2011-2015 жылдары жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін арттыру үшін ЭҚАБЖ жүйесін ауылдық округтер әкімдерінің аппаратына енгізу, жүйемен жұмыс істеуді оқыған қызметкерлердің санын және ауданның әр мемлекеттік мекемесінің жергілікті торабына қосылған автоматтандырылған жұмыс орындарының үлесін арттыру қажет.

IBM «Lotus Notes» компаниясының бағдарламалық қамтамасыз етуі орнатылған барлық дербес бөлімдер мен Ұлан ауданы әкімінің аппаратында электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі (ары қарай – ЭҚАБЖ) енгізілді.

2011 жылы жалпы құжат айналымы 10 300 құжатты құрады, оның: қағаз түріндегі құжат айналымы - 10 005 (97,1%), электронды түрде - 295 (2,9%).

2012 жылы жалпы құжат айналымы 16 907 құжатты құрады, оның: қағаз түріндегі құжат айналымы - 11 467 (67,9%), электронды - 5 440 (32,1%).

Бүгінгі таңда Бірыңғай көлік ортасы (ары қарай БКО) құрылған. БКО құрамына 11 мемлекеттік мекеме кіреді. Ұлан ауданы әкімінің ішкі порталы құрылды (интернет-портал).

«Е-әкімдік» ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

ЭҚАБЖ және «ШҚО әкімінің тапсырмаларын есепке алу» АЖ жүйелерінде жұмыс істеу үшін ауданның мемлекеттік органдары сертификаттарымен бірге 7 электронды сандық қолтаңба сатып алды, «Мемлекеттік сатып алу» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу үшін – 142 сандық сертификат.

Ақпараттық ресурстар мен облыстың мемлекеттік мекемелері жүйесінің қауіпсіздігі саласында тиімділікті арттыру үшін қазіргі уақытта келесі қажеттіліктер туындауда:

- мемлекеттік қызметкерлерді даярлау және қайта даярлауда, мемлекеттік құпияларды қорғау саласында және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде;

- мемлекеттік органдарды серверлік бөлмелермен қамтамасыз етуде;

- аудан әкімдігінің ақпараттық жүйелерімен жұмыс істеу үшін мемлекеттік қызметкерлерді сандық сертификаттармен және электронды сандық қолтаңбалармен қамтамасыз етуде.

- жұмысшылар үшін нұсқамалар әзірлеу мен пайдаланушыларды оқытуда;

2011-2015 жылдары Ұлан ауданы территориясының даму Бағдарламасының индикативті көрсеткіштеріне жету үшін негізгі мақсаттар:

- мемлекеттік қызмет көрсетулердің мониторингінің сапасы мен ұйымдастырылуын жақсарту;

- айқындылықты арттыру мен ШҚО электронды әкімдігінің қызмет көрсетуін пайдалануға халықтың әзірлігін арттыру;

- ақпараттық ресурстар мен облыстың мемлекеттік мекемелер жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Ағымдағы жағдайға талдаудың нәтижелерін келесі кесе түрінде сипаттауға болады:



Ағымдағы жағдайға SWOT-талдаудың нәтижелері:


КҮШТІ ЖАҚТАРЫ

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ

Басымдылықтары

  1. Ауданда қоғамдық қолжетімді 5 пункт жұмыс істейді;

  2. Жергілікті тораптардың жеткілікті техникалық жабдықталуы;

  3. Аудан әкімінің өзіндік сайтының, блогының, ұялы нұсқасының (wap) болуы;

  4. Серверлік бөлменің болуы;

  5. Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесінің болуы;

  6. Ауданның МАО бірыңғай көлік ортасының болуы;

  7. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг жасау үшін негіз бар.

Кемшіліктері

  1. Электронды мемлекеттік қызметтің тұтынушыларымен жауапты атқарушы органның әрекеттесу тәртібін реттеу үшін нормативті-құқықтық базаның жетілмегендігі;

  2. Электронды мемлекеттік қызметтің тұтынушыларымен әрекеттесу, мекемеаралық әрекеттесу үшін ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша нормативтік-құқықтық базаның болмауы;

  3. Ресурстарды басқарудың негізгі бизнес-процестері автоматтандырылмаған;

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жеңілдетуге бағдарланған АЖ болмауы;

  5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің жергілікті бизнес процестерін автоматтандыруға бағытталған АЖ болмауы;

  6. «Е-үкімет» базалық компоненттерімен біріктірудің болмауы;

  7. Елді мекендердегі ПОД қамтылудың жеткіліксіз деңгейі;

  8. Ауылдық округ әкімдері аппараттарында мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс орындарының компьютерлік техникамен жеткіліксіз жабдықталуы.

Мүмкіндіктер

1. АКТ-саласын дамытуға мемлекеттік қолдау;

2. Аймақ тұрғындарының мемлекеттік қызмет көрсетуді электронды түрде алуға қызығушылық танытуы;

3. «Е-үкімет» құру бойынша басқа елдердің халықаралық тәжірибесін пайдалану.



Қауіп-қатерлер

1. Е-үкіметтің базалық компоненттерімен біріктірудің болмауынан МАО-дың интерактивті элетронды қызмет көрсетуге дайын еместігі;

2. Аудан тұрғындарының нашар ақпараттандырылуынан электронды мемлекеттік қызмет көрсетудің сұранымсыздығы;

3. Электронды мемлекеттік қызмет көрсетуге тұрғындардың қанағаттанбаушылығы.



Жоғарыда айтылғандардың негізінде Ұлан ауданының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жағынан дамуы туралы мынадай қорытынды шығаруға болады:

Ұлан ауданы әкімдігі «электронды үкіметті» дамыту үшін инфрақұрылымның жақсы дамыған деңгейіне ие - бірыңғай көлік ортасы, құжат айналымының бірыңғай жүйесі, серверлік және желілік жабдықтар, мемлекеттік қызмет көрсету сапасының мониторингін.

Әлсіз жақтарын жою үшін қажет:


  • әлеуметтік-маңызды қызмет көрсетулерді электронды түрге көшіру бойынша шаралар өткізу;

  • жергілікті атқарушы органдардың ішкі бизнес-процестеріне талдау жасау, автоматтандыруға жатқызылатын процестердің тізбесін құру;

  • ақпараттандыру процестерін, сондай-ақ нормативтік-құқықтық және әдіснамалық жүйені жетілдіру есебіне МАО-да АҚ-ті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;

  • бірыңғай көлік ортасын дамыту және оған ауылдық деңгейді қосу;

  • ЭҚАБЖ-не ауданның барлық мемлекеттік органдарын қосу;

  • Үкіметтің веб-ресурстары мен аудан әкімдігі порталы арқылы әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызмет көрсету үрдістерінің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру;

  • халықтың компьютерлік сауаттылығын 68%-ға дейін көтеру.

Жоғарыда сипатталған кемшіліктердің негзі себептері:

  • мемлекеттік басқарудың орталық және аймақтық деңгейлерінің өкілеттілігі мен жауапкершілігін анықтаудағы теңгерімсіздік;

  • мемлекеттік басқарудың нормативтік-құқықтық базасының толымсыздығы мен үйлесімсіздігі;

  • инфрақұрылымды дамытудағы кейбір бағыттарды қаржыландырудың болмауы немесе шектеулігі.

Аудан әкімдігінде «электронды үкіметті» арық арай дамыту кезінде мүмкін қауіп-қатерлерді болдырмау үшін келесі шарттар орындаул керек:

  • ЖАО қызметінің белсенді автоматтандырылуы кезінде ауданның басқару органдары қызметкерлерін даярлау есебіне аудамдық ресурстар әлеуетін арттыру, сондай-ақ, аймақ тұрғындарын «электронды үкіметтің» мүмкіндіктерін пайдалануға үйрету қажет;

  • ауданның ЖАО арасында автоматтандырылуы мүмкін ішкі бизнес-процестерді анықтауға алдын алу тексеру жүргізу;

  • ауданның тұрғындары арасында «электронды үкіметтің» бастамасын дәріптеу үшін пPR-компаниялар өткізу;

  • электрондық мемлекеттік қызмет көрсетумен тұрғындардың қанағаттану деңгейін бағалау жүйесін жетілдіру;

  • ЖАО қызметкерлерінің еңбегін жеңілдетіп, кертартпа жұмысты автоматтандыру үшін АЖ әзірленіп, аудан әкімдігінің тиісті құрамдық бөлімшелеріне таратылуы керек.

Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері

Бағдарламаның мақсаттарына жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:



  • Ұлан ауданы әкімдігінің қызметін қамтамасыз етуге бағытталған АЖ дамыту және демеу;

  • облыстың барлық атқарушы органдарында мекемеаралық электронды құжатайналымы жүйесін 100 % енгізу;

  • мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен ресурстарын тиімді қорғау 90 %-ға іске асырылады;

  • электронды үкіметтің қызметі туралы халықты ақпараттандырудеңгейін көтеру;

  • халықтың компьютерлік сауаттылығын 68%-ға көтеру.

Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде келесі талаптар орындалу керек:

  1. Халықтың компьютерлік сауаттылығының деңгейі – 68 %.

  2. Аудан әкімі аппаратындағы электронды құжатайналымының құжатайналымның жалпы жалпы көлемінен үлесі – 90 %.

  3. Мемлекеттік органдарды ақпараттық қауіпсіздік жүйесімен қамтамасыз ету – 90 %.

  4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейі 70%-ды құрайды.

  5. Ауданда және оның территориясында мемлекеттік қызмет көрсету үшін инфрақұрылымды қамтамасыз ету деңгейі 100 % көрсеткішке жетеді.

Мемлекеттік басқару

2013 жылдың 1қаңтарына барлық деңгейдегі әкімдердің аппараттарында 150 мемлекеттік қызметкер саналды, оның 19-ы саяси және 131-і әкімшілік қызметкер. Әкімдердің аппараттары жұмысшыларының орташа жасы – 40 жас. Мемлекеттік қызметтегі орташа жұмыс өтілімі – 10 жыл. 1 жылдан 5 жылға дейінгі жұмыс өтілімі мемлекеттік қызметкерлердің 17%-да бар, бұл жұмысқа жас мамандарды қабылдауға байланысты. Ұллтық белгі бойынша меншік салмақтың көбі қазақ ұлты тұлғаларының үлесіне келеді (98,6%).

Аудандық мәслихат аппаратының саны 6 бірлікті құрайды. Жергілікті атқарушы органдардағы депутаттардың саны 13 адамды құрайды.

Ұлан аудандық мәслихаты аппартының қызметі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға, мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсартуға, қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға, теориялық және тәжірибелік білімді жаңартуға, техникалық мүмкіндіктерді көтеруге бағытталған. Мәслихаттың қызметіндегі маңызды бағыт өзінің сайлаушыларымен тығыз байланыс орнату болып табылады. Депутаттардың сайлаушылармен байланысын кеңейту, азаматтардың проблемаларын шешуге жедел әрекет ету ақпараттық-коммуникациялық мүмкіндіктерді белсенді пайдалануды болжайды.


2.2.5.1. Гендерлік саясат

Ауданда 40,4 мың адам тұрады, оның ішінде әйелдер саны 24,5 мың адамды немесе 61 %-ды құрады. Әйелдер ауданның экономикалық қызметінің барлық саласына белсенді қатысады.

Экономикалық қызметтің кейбір түрлері бойынша әйелдердің үлесі басымырақ. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласындағы әйелдер саны салада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 78%-ды құрайды, білім саласында – 70,5%, қаржылық қызметте – 74%, әлеуметтік және дербес қызмет көрсетуде– 51,9%, саудада – 51 % және үй шаруашылығын жүргізу бойынша қызмет көрсетуде - 65,0%.

Әйелдер мен ерлер еңбек ақысында айырмашылықтар сақталуда. Аудан бойынша ер адамдардың еңбек ақысының орташа деңгейі әйел адамдарға қарағанда 35%-ға жоғары.

Жұмыссыз әйелдердің жалпы саны 865 адамды құрайды.

Ауданда әйелдерді саяси жылжыту бойынша жұмыстар атқарылады. Ауданның 13 депутатының 2-уі әйелдер, 16 ауылдық округ және кент әкімдерінің з-уі әйел адам.

Берілген мәліметтерден көрініп тұрғандай, әйелдер билікте шешім қабылдау деңгейінде жеткіліксіз іске қосылған. Биліктің өкілді органдарында әйелдердің үлесі 15%-ды ғана құрайды, биліктің атқарушы органдарында – 19 %.

Ауданда 2007 жылы құрылған әйелдер ісі мен гендерлі саясат бойынша аудан әкімі жанында комиссия бар. Комиссия тоқсан сайын беткіліген жыл сайынғы жоспарларға сәйкес түрлі тақырыптарға отырыстар өткізеді.

2011 жылы Ұлан ауданының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын жүзеге асыру аясында «Status» әйелдер Федерациясы ішкі саясат бөлімімен қызметтестікте оқушыларға арналған семинарлар өткізеді.

Семинарлар кезінде мектептерде әйелдер мен ерлердің әлеуметтік-мәдени өзара қатынасының үлгісін көрсететін гендерлі қарым-қатынастардың мәнісі туралы түсіндірілді. Сондай-ақ, оқушылар Қазақстандағы гендерлі саясаттың негізгі заңнамалық ережелері және оны жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік басқару органдары туралы ақпараттандырылды. Оның ішінде, «Қазақстан Республикасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» және «Ерлер мен әйелдер үшін тең құқықытар мен тең мүмкіндіктер туралы» заңдардың қабылдануы жөнінде.

Күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін SWOT-талдау жүргізілді.

Күшті жақтары:

1. Әйелдер саны халықтың жалпы санынан 61% -ды құрады;

2. Экономикалық қызметтің кейбір түрлері бойынша әйелдер үлесі басым;

3. Әйелдердің өмір сүру ұзақтығы ерлерге қарағанда жоғары.



Әлсіз жақтары:

1. Әйелдер билікте шешім қабылдау деңгейінде жеткіліксіз іске қосылған;

2. Ерлер мен әйелдер еңбек ақысында айырмашылықтар сақталуда.

Мүмкіндіктер:

1. Әйелдерді саяси жылжыту әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңйтеді.



Қауіп-қатерлер:

1. Әйелдер құқығын сақтамау;

2. Жыныс белгілері бойынша әйелдерді кемсітушілік.

2.2.5.2. Аудан бюджеті


Аудан бюджеті бюджеттік әкімшіліктендірудің барлық функциясында мемлекеттік қаржыландыру көлемінің ұлғаюымен сипатталады.

2012 жылға Ұлан ауданының бюджеті кірістің түсімі бойынша 100,4%-ға орындалды, оның ішінде меншік кіріс бойынша болжам 101,9% орындалды. Меншік кіріс болжанған сомадан артық 14256,3 мың теңге түсті. Меншік кірістің өсу қарқыны 2011 жылмен салыстырғанда 112,4% құрады. Жалпы аудан бюджетіндегі жер телімдерін сатудан түскен кірісті қоспағанда, кіріс көздерінің барлық түрінде орындауға қол жеткізілді. Жер телімдерін сатудан жлспар бойынша 21880,0 мың теңге түсуі тиіс болатын, нақты түскен қаржы 5815,8 мың теңге (жоспар бойынша сатылатын жер телімдері бойынша аукцион өткізілмей қалды).

2013 жылдың 1 қаңтарына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша қарыз жоқ.

Жоғарыда тұрған бюджеттен түсетін 3130915,8 мың теңге трансферттер мен субвенция толық көлемде түсті. Ауданның шығындар бойынша бюджеті 99,5% орындалды, жоспар бойынша 3978647,3 мың теңге болса, 3958921,9 мың теңге игеріліп отыр, оның ішінде: ағымдағы бюджет бойынша жоспар 3141703,6 мың теңге, орындалуы 3138159,8 мың теңгені немесе 99,9% құрады, даму бюджеті жосар бойынша 836943,7 мың теңге, орындалуы 820762,1 мың теңгені немесе 98,1% құрады. Игерілмеген бюджеттік қаржы 19725,4 мың теңге.

2010 жылы республикалық бюджет трансферті 2010 жылға қарағанда 61,8 ұлғайса, субвенции 29,5%-ға, облыстық бюджеттің мақсатты трансферті 11 есеге ұлғайды. 2011 жылмен салыстырғанда республикалық бюджет транферті 46,5%, субвенция 11,1%, облыстық бюджеттің мақсатты трансферттері 3,6 есеге ұлғайды.

2012 жылы облыстық бюджет трансфертінің үлесі 14,6% құрады, республикалық бюджет - 17%, меншік кіріс үлесі – 19,5%, субвенция үлесі – 47,8% құрады (18 сурет).


2010-2012 жылдарға аудан бюджетінің құрылымы (млн. теңге)

19 сурет


2007 жылғы 16 шілдедегі № 599 Үкімет қаулысымен бекітілген трансферттік есеп айырысудың жалпы сипатының Әдістемесіне сәйкес тұрақты сипаттағы мақсатты трансферттер жергілікті бюджет базасына енгізілді. Осыған байланысты 2010 жылға қарағанда 2012 жылы мақсатты трансферттер көлемі ұлғайғаны белгігі болды.

Экономикалық әлеуетті үдету есебімен салық базасын кеңейту және қосымша жұмыс орындарын ашу, аудан аумағындағы жұмыс істер тұрған кәсіпорындарды қайта тіркеуден 2011 жылы меншік кіріс түсімінің 2010 жылға қарағанда 23,7% өсуі байқалуда, 2012 жылы өсім мөлшері 2011 жылға қарағанда 12,4%-ды құрады, 2010 жылға қарағанда 2012 жылы меншік кіріс түсімінің өсуі 39,1% құрады. (20 кесте).


20 кесте

2010-2012 жылдардағы меншік кірістің орындалуы (мың. теңге)


Жылдар

Нақты

% өткен жылға орындалуы

2010 жыл

551759,2

117,0

2011 жыл

682434,4

123,7

2012 жыл

767440,3

112,4

Қаражатты игеру төмендегі көрсеткіштермен сипатталады: 2010 жыл - 99,6%, 2011 жыл – 99,1%, 2012 жыл – 99,5%.

Меншік басқару жүйесін құру (коммуналдық меншікке қатысты меншік құқығын іске асыру, коммуналдық меншік нысандарын тиімді пайдаланбай отырған мемлекеттік активтерді анықтау үшін тексеру, мұндай нысандарды бәсекелі ортаға немесе басқа пайдаланушыларға беру, мемлекеттік мүліктерді және басқа кейбір мүліктерді сату) Реестрді енгізген мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік емес заңды тұлғалар, кешенді мониторинг нәтижесі толық ақпараттық базаның ашылуымен ұсынылды.

Реестрдегі ағымдағы жағдайында иесі жоқ нысандар мен заңды тұлғалардың пайдаланбай отырған мүліктері туралы мәліметтердің толық көрсетілмегені коммуналдық меншік нысандарын сатудан, жалға беруден бюджетке түсетін түсім көлеміне әсер етуде.

Соңғы 3 жылда байқалған бюджет түсімінің оң динамикасына қарамастан жоғарыдағы мәселені шешу түсім көлемінің өсуіне септігін тигізері анық.

Бюджеттің сапалы орындалуын көтеру мақсатында төмендегідей шаралар қарастырылуда:

түсім мен шығын бойынша бюджеттік мониторинг жүргізу;

бюджетті орындау мониторингін жүргізу бойынша бюджетке түсетін салықтық және басқа да түсімдерге жауапты құзыретті органдармен және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен тиімді өзара әрекет жасау;

бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне бюджеттік тәртіпті жақсартуға бағытталған талаптарды күшейту.

Бюджетті орындау үдерісін бюджеттік бағдарламаны іске асырудың тиімді және нәтижелі болуына бағыттау қажет.

Қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігінің негізі тұрақты және жүйелі жинақ, міндеттемелердің уақытында қабылданбау және бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдерді өткізу себебін анықтау мақсатында іске асырылатын бюджеттің орындалу көрсеткішінің талдануы және бақылануы, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің стратегиялық жоспарында анықталған көрсеткіштер нәтижесі болып табылады.

Берілген мақсаттың бағыты – бюджетті орындау үдерісінің мониторингін жүргізу жолымен бюджетті орындау бөлігіндегі қызмет көрсетудің сапасын көтеру, сондай-ақ, мемлекеттік коммуналдық меншіктің тиімді пайдаланылуы.



Каталог: files -> programm
programm -> Жоба абай ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептеріне тасымалдау схемасы мен тәртібін бекіту туралы
programm -> С. С. Пономарева, заместитель директора по учебно-воспитательной работе Детской школы искусств (хореографической) города Вологды
programm -> Бағдарламасы шымкент, 2010ж. Қабылдау эмтиханының бағдарламасы 6М072400 Технологиялық машиналар және жабдықдар мамандығы «Мұнай және газ өндірістерінің машиналары мен аппараттары»
programm -> Бағдарламасы қасым Қайсенов кенті, 015 жыл Мазмұны Паспорт 2
programm -> Бағдарламасы қасым Қайсенов кенті, 016 жыл Мазмұны Паспорт 2
programm -> Қазақстан республикасы бас прокуратурасы жанындағЫ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒау органдарының академиясы «Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік құқығы»
programm -> Жылдарға Өскемен қаласының аумағын дамыту бағдарлама жобасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет