Қарағанды қаласының тұрғыны мемлекеттік электрондық қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді.

“2024 жылғы 30 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен мемлекеттік электрондық қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасауда күдікті Қарағанды тұрғынын ұстады. Тінту кезінде 24 ұялы телефон, 4 жүйелі блок, 4 флеш-карта, 9 ноутбук, планшет алынды”, – делінген бейсенбіде тараған ақпаратта.

Алдын ала бағалауға сәйкес, залалдың сомасы 49 млн теңгеден артық құрағаны айтылады.

  • Қытай билігінің құжаттары ішінде қазақстандықтардың жеке ақпараттары бар: Цифрлық даму министрлігі тексеріс басталғанын мәлімдеді
  • Депутаттар алаяқтарға алданған қазақстандықтардың шығынын банктерге өтетуді талап етті

“Қылмыстық кодекстің 207-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – деп қосты ҰҚК.

Бұған дейін қытайлық хакерлер тобы Қазақстанның IT-инфрақұрылымының маңызды нысандарын екі жылға жуық бақылап келгені белгілі болған.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.