Бағдарламасы (бұдан әрі Бағдарлама) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы»


) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында сирек және жерде сирек кездесетін металдарды игеруді дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» 2014 жылғы 26 қараша



жүктеу 0.49 Mb.
бет3/3
Дата07.09.2018
өлшемі0.49 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3

6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында сирек және жерде сирек кездесетін металдарды игеруді дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» 2014 жылғы 26 қарашадағы № 1237 Қаулысы;


7) Жер қойнауын зерттеу бойынша мемлекеттік шекарамен шектес Үкіметаралық келісім.

Еліміздің барлық өңірлерінде геологиялық барлау жұмыстарын белсенді жүргізу қажет, оның ішінде шағын және моноқалалардың маңында экономикасы негізінде минералды -шикізат кешендерін құрайды.

42. Барлық бағдарлама бойынша геологиялық зерттеу кешені мыналарға бағытталған:


  1. Қазақстан аумағында геологиялық зерттеу дәрежесін арттыру;

  2. Республика өңірінде пайдалы қазбалардың басым түрлері бойынша минералдық-шикізат базаларының орнын толтыру және арттыру (тау-кен аудандарының минералдық-шикізат базаларын ұдайы өндіріс);

  3. Еліміздің ұлттық, экологиялық және энергиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және шетел инвесторлары үшін Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын арттыру;

43. 2018-2022 жылдары мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен геологиялық зерттеудің негізгі түрлерін жүргізу көзделген (учаскелер, олардың саны, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жүргізу алаңдары мен мерзімі геологиялық зерттеулерді бюджеттен қаржыландыру деңгейіне қарай өзгере алады).

44. Масштабы 1:200000 алаңдарды геологиялық жете зерттеу (бұдан әрі – АГЖЗ-200) пайдалы қазбалардың негізгі түрлерінің болжалды ресурстарын бағалаумен, оның ішінде пайдалы қазбалардың болжалды кен орындарының жоғары технологиялық әдістердің кешенін өткізу; аэрогеофизикалық жұмыстарды оздыратын, жерді қашықтықтан зондтау және АГЖЗ-200 жұмыстарының нәтижелері бойынша жаңа буындардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік геологиялық карта масштабының 1:200000 сериясының геологиялық карта парағын басып шығаруға дайындық.

АГЖЗ-200 пайдалы қазбалардың болжалды ресурстарын бағалау, алаңдарды табу, перспективті пайдалы қазбалардың кен орындарын табу, қазіргі картографиялық геологиялық негізінде құру мақсатында жүргізіледі.

АГЖЗ-200 бойынша жұмыс Қазақстан Республикасының аумақтары өңірлік геологиялық зерттеуді (қатпарлы фундамент) жүргізу үшін қолайлы, республиканың барлық өңірлерде жүргізілді және қазіргі уақытта ГДП-200 жұмыстары 93% (1,2 млн. км2 шамасында) қамтиды.

2019-2022 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасының Шығыс, Батыс, Солтүстік және Орталық өңірлеріндегі жалпы ауданы 95 мың. км2 10 объектіде АГЖЗ-200 жүргізу жоспарланып отыр.

АГЖЗ-200 бойынша жұмыстар:

2019 жылы 2 объектіде;

2021 жылы 3 объектіде;

2022 жылы 5 объектіде аяқталады.

2020 жылы АГЖЗ-200 бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарланып отырған жоқ.

АГЖЗ-200 жұмыстары аяқталған соң, аумақтар (АГЖЗ-200 бойынша жұмыстар жүргізілген) жер қойнауын пайдалану құқығын берудің жеңілдетілген тәртібі (Аустралиялық әдіс) үшін ашық болады.

АГЖЗ-200 жұмыстарының нәтижесі бойынша 1:200000 масштабындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік геологиялық картасының жаңа буын сериясының геологиялық карталар парақтарының жиынтығын жасау және шығаруға дайындау жұмыстары жалғасатын болады.

45. Пайдалы қазбалардың негізгі түрлерінің болжамды ресурстарын бағалай отырып, 1:200000 масштабында тереңдікті геологиялық карталау (бұдан әрі – ТГК-200).

Қазақстан Республикасының ашық аумағын жоғары геологиялық зерттеу, жер бетіне жақын орналасқан жеңіл ашылатын қатты пайдалы қазбалардың кен орындары қорын қысқарту заманауи экономикалық жағдайда игеру үшін қолжетімді үлкен тереңдіктерде жаңа кенді объектілерді табу мәселесін өткір қойып отыр.

АГЖЗ-200 және ТГК-200 жаңа буынның заманауи картографиялық геологиялық негізін жасау, пайдалы қазбалардың болжамды ресурстарын бағалау, пайдалы қазбалардың кен орындарын табуға арналған перспективалы алаңдарды анықтау мақсатында жүргізіледі. Жұмыстар еліміздің барлық өңірлерінде жүргізілуде. ТГК-200, ірі ауқымды іздеу жұмыстары әдетте зерттелетін аймақта өнеркәсіптік тұрғыда маңызды және үлкен тереңдіктерде орналасқан пайдалы қазбаларды анықтауға және зерттеуге бағытталған.

2019-2022 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріндегі жалпы ауданы 155,0 мың. км2 15 объектіде ТГК-200 жүргізу жоспарланып отыр.

ТГК-200 бойынша жұмыстар:

2019 жылы 6 объектіде;

2020 жылы 1 объектіде;

2021 жылы 1 объектіде;

2022 жылы 7 объектіде аяқталады.

46. Пайдалы қазбалардың негізгі түрлерінің болжамды ресурстарын бағалай отырып, кенді аудандарды 1:200000 масштабында геологиялық-минерагендік карталау (ГМК-200) – 7 объекті.

ГМК-200 әлеуетті пайдалы қазбалардың кен орындарын жоғары категориялардың жаңа кен объектілерінің болжалды ресурстарын табу мақсатында тау кен аудандары шегінде жүргізіледі.

Бұл өңірлік геологиялық жұмыстар түрлерінің тікелей мақсатын табу, кесіндеу және жаңа кен орын аудандарында болжалды ресурстарды бағалау, кенді формациямен айқындалған (оларды игеру үшін қолайлы, тереңде жатқан, бетіне шықпайтынды қосқанда) болжалды пайдалы қазбалардың кен орындарымен дала, түйіндер, кен фармациялардың жіңішке топта немесе кескінді өңірлер сияқты, ол үшін негізінде жаңа айқындалған өнеркәсіптің түрлері.

ГМК-200 бойынша жұмыстар 2006 жылдан басталды. Осы уақытта жоғары перспективалы кен объектілері ерекшеленді, жүргізілген жұмыстар бойынша тау-кен аудандарында кен орындарын анықтауға арналған дәлелді алғышарттар бар.

2019-2022 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасының Шығыс және Орталық өңірлеріндегі жалпы ауданы 78,0 мың. км2 7 объектіде ГМК-200 жүргізу жоспарланып отыр.

ГМК-200 бойынша жұмыстар:

2019 жылы 2 объектіде;

2022 жылы 2 объектіде;

2023 жылы 3 объектіде аяқталады.

2020 және 2021 жылдары ГМК-200 бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарланып отырған жоқ.

47. Өңірлік гидрогеологиялық зерттеулер мына түрлерді енгізеді: гидрогеологиялық түсірілім, инженерлік-геологиялық зерттеумен гидрогеологиялық зерттеу, сондай-ақ, масштабы 1:200000 кешенді геологиялық, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық түсірілім, гидрогеологиялық және геологиялық экологиялық түсірілім.

Жұмыстың мақсаты – жаңа ұрпақтың қазіргі гидрогеологиялық карталарын құру, жерасты суларының болжамды ресурстарын бағалау үшін жаңа перспективті учаскелерді табу және экономика салалары мен еліміздің елді мекендердің жер асты су қорларын қамтамасыз ету үшін іздеу-барлау жұмыстарын қою.

2019-2022 жылдар кезеңінде жалпы ауданы 157,8 мың. км2 26 объекті бойынша гидрогеологиялық зерттеу жоспарланған, оның ішінде:

2019 жылы 9 облыстағы 10 объектіде;

2021 жылы 10 облыстағы 16 объектіде жұмыстарды аяқтау көзделген.

2020 және 2022 жылдары өңірлік гидрогеологиялық зерттеу бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарланып отырған жоқ.

48. Шөгінді бассейндерді өңірлік геологиялық-геофизикалық зерттеулер (геотраверс).

Жұмыстарды Қазақстан Республикасының аз зерттелген шөгінді бассейндері шегінде жүргізу көзделіп отыр. 2018-2022 жылдар кезеңінде барлығы 5 объектіде өңірлік профильдер бойынша зерттеулер жоспарланып отыр.

2021 жылы ұзына бойы 660 км көлемінде өңірлік профильдер бойынша (2 геотраверс) Ертіс маңы шөгінді бассейніндегі және ұзына бойы 570 км көлемінде Шу-Сарысу шөгінді бассейніндегі 2 объектіде зерттеулерді аяқтау жоспарлануда.

2020 жылы ұзына бойы 950 км көлемінде өңірлік профильдер бойынша (2 геотраверс) Солтүстік Торғай және Солтүстік Қазақстан шөгінді бассейндеріндегі, сондай-ақ, ұзына бойы 510 км көлемінде Оңтүстік Торғай шөгінді бассейніндегі 2 объектіде зерттеулерді аяқтау жоспарлануда.

2021 және 2023 жылдар аралығында ұзына бойы 1320 км көлемінде өңірлік тірек профильдер бойынша Солтүстік Торғай, Оңтүстік Торғай және Сырдария шөгінді бассейндерінде зерттеулерді бастау жоспарлануда.

49. ҚПҚ-ға арналған ірі ауқымды алаңды іздеу жұмыстары.

ҚПҚ-ға арналған ірі ауқымды алаңды іздеу жұмыстары пайдалы қазбалардың негізгі түрлерінің болжамды ресурстарды бағалау мақсатында және іздеу бағалауды жүргізу үшін перспективалық алаңдарда, учаскелерде жүргізіледі.

Қазіргі уақытқа өңірлік геологиялық зерттеуді жүргізу нәтижесінде бағаланған болжалды ресурстардың айрықша санымен қара, түсті және асыл металлдардың кен орындарын табуға арналған әлеуетті перспективті сансыз алаңдар табылған. Шикізат әлеуетін одан әрі іске асыру мақсатында іздеу- бағалау және барлау жұмыстары үшін перспективалы кен объектілер алаңында табу үшін алаңда іздеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлерінде орналсақан іздеу алаңдары, одан әрі іздеу-бағалау және барлау жұмыстарын жүргізу үшін әлеуетті өнеркәсіпті кен объектілер мен ұсыныстарды беру құндылығын айқындаумен аяқталады.

Мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілетін жұмыстар 3 жылдық болып табылады. Жұмыстардың нәтижелері бойынша жер қойнауы учаскелерін жер қойнауын пайдалану құқығын берудің жеңілдетілген тәртібіне (Аустралиялық әдіс) шығару үшін ұсыну күтіледі.

2019-2022 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріндегі 57 объектіде ірі ауқымды іздеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Іздеу жұмыстары:

2019 жылы 26 объектіде;

2020 жылы 12 объектіде;

2021 жылы 4 объектіде;

2022 жылы 15 объектіде аяқталады.

50. ҚПҚ-ны іздеу-бағалау жұмыстары.

Жұмыстарды жүргізу минералды шикізаттың (алтын, мыс, полиметаллдар, сирек кездесетін металлдар және т.б ) маңызды түрлерінің жаңа кен орындарын бағалау және табуға бағытталған. Еліміздің барлық өңірлерінде өңірлік геологиялық зерттеу және іздеу жұмыстарының кезеңінде табылған жергілікті кен учаскелері шегінде жұмыстар жүргізіледі.

Мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілетін жұмыстар 3 жылдық болып табылады. Жұмыстардың нәтижелері бойынша жер қойнауы учаскелерін жер қойнауын пайдалану құқығын берудің жеңілдетілген тәртібіне (Аустралиялық әдіс) шығару үшін ұсыну күтіледі.

2018-2022 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасының барлық өңірлеріндегі 13 объектіде іздеу-бағалау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Іздеу-бағалау жұмыстары:

2019 жылы 6 объектіде;

2020 жылы 1 объектіде;

2022 жылы 6 объектіде аяқталады

2021 жылы ҚПҚ-ны іздеу-бағалау жұмыстарын аяқтау жоспарланып отырған жоқ.

51. Көмірсутек шикізатын іздеу жұмыстары – 1 объект.

2019 және 2020 жылдар аралығында 1 объектіде іздеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысының көмір кен орындарындағы метанды өндіруді және кәдеге жаратуды ұйымдастыру мәселелері бойынша 2010 жылғы 26 қаңтардағы №747 және 2014 жылғы 18 қыркүйектегі №3842 тапсырмаларын орындау мақсатында Қарағанды көмір бассейнінің метандылығын зерттеу қажет.

Қазақстан Республикасында көмір кен орындарындағы метанның болжамды ресурстары 1 трлн. текше метрден астам, ал Қарағанды көмір бассейніндегі ресурстар шамамен 650 млрд. көлемінде бағаланып отыр. Көмір қабаттарындағы метан жоғары сапалы газ болып табылады, осыдан қоспалардың мүлдем болмауының арқасында алдын ала өңдеусіз пайдалануға болады.

Жұмыстар Қарағанды көмір бассейнінің көмір қабаттарындағы метанды кезең-кезеңімен зерттеу нәтижелері бойынша анықталған жергілікті учаскелер шегінде Қарағанды облысы аумағында жүргізіледі.

52. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жүргізу жоспарланып отырған аумақтардың географиялық координаттары осы Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес картограммада бейнеленген.

2019-2023 жылдары мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Жер қойнауын мемлекетік геологиялық зерттеу бойынша жұмыстары аяқталғаннан кейін босатылған аумақтар шығарылады. Жер қойнауын пайдалану құқығын беру мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Жер қойнауын мемлекетік геологиялық зерттеу бойынша жұмыстарды жүргізу үшін кедергі болып табылмайды.

5-параграф. Жер қойнауы учаскелері қатты пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру үшін берілетін аумақтар
53. ҚПҚ-ны барлауға арналған лицензия бойынша оның иесі кейін өндіру үшін ҚПҚ кен орындарын іздеуді және олардың ресурстары мен қорларын бағалауды қамтитын ҚПҚ-ны барлау жөніндегі операцияларды жүргізу мақсатында жер қойнау учаскесін пайдаланудың айрықша құқығын иеленеді.

ҚПҚ-ны барлауға арналған лицензия осы Бағдарламада айқындалған аумақтар бойынша беріледі.

Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына алғаш рет енгізілген және Кодекстің 278 бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген аумақтарға жатпайтын аумақтар шегінде ҚПҚ-ны барлауға арналған лицензиялар алуға өтініштер қабылдау басталатын күн – 2018 жылғы 15 қыркүйек.

54. Жер қойнауы учаскелері берілетін аумақтардың географиялық координаттары:

- қатты пайдалы қазбаларды барлау немесе өндіру үшін осы Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес картограммада бейнеленген;

- аукцион негізінде көмірсутектерді барлау және өндіру немесе өндіру үшін осы Бағдарламаға 3-қосымшаға сәйкес картограммада бейнеленген.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, сауықтыру, рекреациялық және тарихи мәдени мақсаттағы жер аумақтарының географиялық координаттары осы Бағдарламаға 4-қосымшаға сәйкес картограммада бейнеленген.

Қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік қажеттіліктеріне арналған жерлердің, елді мекендер аумақтарының, су қоры жер аумақтарының географиялық координаттары осы Бағдарламаға 5-қосымшаға сәйкес картограммада бейнеленген.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қала түзушілерге жатқызылған заңды тұлға болып табылатын жер қойнауын пайдаланушымен 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін жасалған қатты пайдалы қазбаларды өндіруге немесе бірлесе барлау мен өндіруге арналған келісімшарттың тау-кен бөлінісі (өндіру учаскесі) шегінің сыртқы периметрлерімен салыстырғанда отыз километрден аспайтын қашықтықта орналасқан сызықтармен белгіленген аумақтардың географиялық координаттары осы Бағдарламаға 6-қосымшаға сәйкес картограммада бейнеленген.
3-тарау. Әлемдік нарықтардың беталысы, дәстүрлі және пайдалы қазбалардың жаңа түрлеріне сұраныс бойынша болжамдар
55. Едәуір минералдық ресурстарды иелене отырып, Қазақстан Республикасы энергетикалық шикізат, қара, түсті және асыл металлдардың ірі экспорттаушы болып табылады. Тәуелсіздік жылдарында ең жоғары екпіндермен газ (74 рет), уран (26 рет), мыс, темір кендердің экспорттары өсті. Темірден және болаттан жартылай фабрикаттарды жеткізу қайта өндеу өнімдері 688 есеге, мұнай – 36 есеге, ал күкірт – 520 есеге өсті. Газды сыртқа сату теңгерімі едәуір жақсарды. Ел таза импорттаушыдан экспорттаушы болады. Перспективада Қазақстан газды экспорттаушының бірінші ондығына кіруі мүмкін.

Мұнайдың бағасына көп факторлар әсер етеді, сондықтан келесі жылға көптеген болжам бар. Сарапшылардың пікірінше, 1-2 жылға жуық арада мұнай бағасы өткен жылдардан максимум төмен қалуы мүмкін. Талдамалы Moodes Analytics есебінде, ұзақ түсуден мұнайға арналған әлемдік бағалар 2016 жылдың басына 80 долл./баррельге жеткен, ал 2018 жылдан кейін 100 доллардан аса баға белгіленетіні айтылған. Алайда 2017 жылдың III тоқсанында мұнай бағасы 50 доллар шамасында құбылды, ал 2016 жылы орташа баға 43,7 долл./барр құрады.

Металлға арналған бағаға қатысты, олар негізінде әлемдік экономика жағдайына айқындалады. Динамика бағасына ең үлкен әсері болат, аллюминий және мысты 30-40% әлемдік жартылай өндіруді қолданатын, Қытайдағы экономикалық жағдайы көрсетеді. Ең үлкен жағымсыз жағдай қара металл нарығында жиналады. Металлдар қатарына бағалардың көрсеткіші өзіндік құнына жақындайды, олар тұрақтандырады деп күтіледі.

Сөзсіз, басты фактор мұнай өндіретін елдің экономикасы жағдайына әсер тигізетін оның құны болып табылады. Бірақ Қазақстан басқа минералдық шикізат түрлерін экспорттайды. Соған байланысты «Геоинцентр» ЖШС Brent мұнай сұрпысына жылдық орташа бағадан металлдарға арналған баға талдауы жүргізілді. Корреляциялық талдау үшін бастапқы деректер ретінде BP Statistical Review of World Energy жылда жарияланатын мұнайға жылдық орташа бағасы және 1985-2015 жылдарында COMEX деректер бойынша алтын және күміске арналған бағалар ЛБМ арналған қорғасын, мыс бойынша жылдық орташа бағалар туралы ұқсас деректер пайдаланылады. Жиналған ақпараттарды зерттеу кезінде 30 жылдық кезеңде мұнай бағасы 8,8 есеге, күміс 9 есеге, қорғасын 6,4 есеге, алтын 6 есеге, цинк 4,2 есеге өскенін көрсетті.

30 жылда жиналған баға белгілеу талдауын жүргізу үрдісі мұнай бағасынан металлдарға арналған әлемдік бағаларға байланысты статистикалық мәні болғаны туралы куәландырады. Белгіленген заңға сәйкес қалыптастыру мүмкін: мұнай қымбат болған сайын, металлдардың құны да жоғары және керісінше. Ең көп дегенде, бұл үрдіс 30 жылдық кезеңді өткізген үшін тән және қазіргі уақытта маңызды себеп жоқ осындай байланыс қысқа мерзім кезеңде болғанын тоқтатылды. Энергияны баламалы көздерден алуды пайдалану әлемнің жетекші экономикасында шешуші мәнін тауып алғанда ғана, жағдай мынадан кейін ғана түбегейлі өзгеру мүмкін.

«Medium-Term Oil Market Report 2016» халықаралық энергиялық агенттіктің (бұдан әрі – ХЭА) болжамы бойынша, бірақ ОПЕК кіретін елдерде мұнай өндіруді айрықша қысқарту жағдайы кезінде ғана емес мұнай нарығы сұраным теңгеріміне ұсыныстарға қайтарып келуі мүмкін. Мұнайға арналған сұранымға қатысты ХЭА болжамы 2021 жылға дейін 1,2 млн. тәулігіне/баррель деңгейінде оның жылдық орташа өсімі болжанады. Алдағы перспективаларға қатысты, ABN Amro, Commerzbank, HSBC деректер бойынша 2017, 2018 жылдары алтынның орташа құны 42,3-тен 53-ке долл./граммды құрайды.

2017 жылдың басында 2016 жылдан басталған алтын бағасы өсуін жалғастыратыны көрсетті. Алтын қайта экономикалық және саяси қатерлер жағдайларында қорғау құралы болады. Қазіргі уақытта талдаушы Трамптың жеңісін, Сирия, Солтүстік Корея, Украина төңірегінде саяси қауырттылықты, Brexit жатқызады. Бағаның одан әрі өсуі Қытай экономикасының әлсіздігіне байланысты болу мүмкін. Талдаушы және трейдерлер арасындағы Reuters агенттігінің сұранымына сәйкес 2017 жылы алтынның орташа бағасы унция үшін $1331 (46,9 долл./грамм) құрайды. Fitch рейтінгілік агенттігінің материалдарынан 2020 жылы алтын бағасы орташа $1500 (52,9 долл./грамм) жету мүмкін.

«Australia  New Zeland Banking Group» банктің болжамы бойынша, 2015 жылы мыс пен қалайы құнына сәйкес 19% құлайды, ал 2015жыл үшін мыстың орташа бағасы 5850 долл./тоннаны құрайтыны расталмады, сондай-ақ, 2015 жылы 6 ай ішінде орташа баға да 5929 долл./тоннаны құрады. Credit Suisse банктің талдаушылар пікірінше, әлемде мысты өндіру 2017 жылы 372 мың теңгеге оған сұранымы өседі. 2018 жылы ғаламдық нарықта 103 мың теңге көлемде жетіспеушілік қалыптастырылады және нәтижесінде баға жоғары өсуі мүмкін.

Соңғы жылдары уранға көтерме бағаның құлауы жалғасады.Бірақ уран өндіретін компаниялар бұл үрдіс таяу жылдары өзгеру керек, өйткені ядролық энергетикаға сұранымын өсуін болжайды. Дүниежүзілік ядролық қауымдастық (WNA), қазіргі уақытта барлық әлемде салынып жатқан 73 атом реакторлары бар, оның ішінде 73  Қытайда екенін хабарлады. РБК талдаушылары төмен бағаға қарамастан, соңғы төрт жыл ішінде уранды өндіру өсімі жалғасатынын атап айтты. Бірақ уранға бағалар таяу жылдары көтерілуі мүмкін, ұсыныстар сұранымнан айрықша артта қалуы мүмкін. WNA болжамы бойынша, 2020 жылға әлемдік нарықта сұраным 22% астам, ал 2030 жылға – бір жарымға – екі есеге көтерілуі мүмкін.

Түсті металлдар тобында цинк 2016 жылы бағаның ең үлкен өсімін – 2500 долл./т аса (67%-ға) көрсетті. Бұл 2015 жылы, бірнеше әлемдік шахталар деңгейінде және осы металлдың ғаламдық көлемде өндіруді қысқартумен жабуға байланысты орын алды. Талдаушылар цинк пен қорғасын әдетте сол бір кәсіпорындарда өндіріледі, ЛБМ 2016 жылдың ортасында осы металлдар арасында баға айырмашылығы 2007 жылдан бастап алғашқы рет тоннасына 400 долларға артқанын атап айтты. Инвесторлар цинкті артық көреді, қорғасын нарыққа қайталама шикізат түрінде көбінесе қайта келеді (өз аккумулятордан пайдаланғаннан). Wood Mackenzie болжамы бойынша 2030 жылға дейін цинкті айқын жоғары көтерілетін бағытты қарауды пайдалану. Осы уақытқа әлемдік пайдалану 23 млн. тоннаға жету мүмкін. (2015 жылы 13,8 млн. тоннаны құрады). Қытайдан басқа қорғасынды пайдалану өсімі Еуропада да 3,5% күтіледі.

2017 жылдың қаңтарында ILZSG бағасына сәйкес әлемдік нарықта қорғасынның жетіспеушілігі 15 мың тоннадан 2016 жылғы желтоқсандағы 7 мың тоннаға артылуына қарсы құрады. Сол мезетте 2016 жылғы желтоқсандағы 480 мың тонна қарсы 2017 жылғы қаңтары аяғына қорғасынның коммерциялық қорлары 490 мың тоннаға жетті.

2012 жылдан бастап тауарлы темір кендердің бағасын төмен түсіру үрдісі айқын көрсетілген және сонымен қатар кейінгі жылдарда әлемдік жағдайсыз экономикалық жағдайы теңгерімсіздік сұранысымен және ұсыныстарды түсіндіреді (мұнайға бағаның түсуі, ғаламдық экономиканың өсімін бәсендету). Нарықта оның Қытай тарапынан негізгі пайдаланушының темір кендерге сұраныстың өсімін нақты тоқтату аясында соның ішінде Австралия, Бразилиядан әлемдік нарықта шикізатты жеткізу керісінше, көбейеді. 2015 жылғы қыркүйекте Rio Tinto кейінгі 15 жылға ең кем дегенде жылына 2,5% -ға темір кендеріне тұрақты сұраным өсімін күтетінін айтқан, Сонымен бірге 2030 жылдарына дамыған елдерде қытайлық емес сұраныс 65% көбейеді. Темір кендерге төмен бағаны ұзақ сақтап қалу пайдасының түйінді факторы салада бәсекелестікті одан әрі қаталдау және ұсыныстар артықшылығын сақтау болып табылады.

Қазақстан Республикасы үшін негізгі пайдалы қазбалар бойынша динамика бағаларының айрықша үлкен мағынасы бар, осы салада енді қалыптасқан негізгі үрдісі және ұйғарылатын перспективалары белгіленді.

Жетекші фактор ретінде бағаның түсуіне әсерін тигізетін, ірі инвестициялық банктердің және тәуелсіз сарапшылардың пікірінше,қытай экономикасының өсімін бәсендету, сұраныста мұнайға әлемдік ұсыныстарды айтарлықтай арттыру, АҚШ долларының басқа валюталарға қарағанда нығайту.


4-тарау. Тау-кен саласы
1-параграф. Саланың ағымдағы жай-күйінің бағасы, оның құрылымы
56. Тау кен өндіру өнеркәсібі ел экономикасында маңызды роль атқарады. Еліміздің ЖІӨ (жалпы ішкі өнімнің) 13-14 %, өнеркәсіпте шамамен 50 % және елдік экспорттың жалпы көлемінде 20 % пайыздан астамы оның үлесіне тиесілі. Салада 2475-тен астам ірі, орташа және кіші кәсіпорындар жұмыс жасайды, соның ішінде Clencore, ArselorMittal, Rio Tinto, Posco және басқада әлемдік брендтер де бар. Тау кен өндіру өнеркәсібінің меншіктік құрылымы бойынша 89,7% жеке кәсіпорындар (соның ішінде мемлекеттің қатысуымен кәсіпорындар – 0,7%, шетел қатысуымен – 7,3%), шетелдік компаниялар 10,3 % құрайды. Салада жұмысқа тартылған нақты жұмысшылар саны 192,7 мың адам (өндірістегі үлесі – 31%). Олардың көбі металл кендерін өндіруге жұмылдырылған, жалпы тау кен саласы бойынша жұмыскерлердің шамамен 40% құрайды, сонымен қатар 24% шикі мұнай және табиға газ өндірумен айналысады.

57. Геологиялық барлауға жаңа технология трансферті мен шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында, тау кен өндіру және геологиялық барлау қызмет салаларында әлемдік компаниялардың көшбасшылармен ынтымақтастықты дұрыстау бойынша белсенді жұмыстарды жүргізіледі. Бүгін Қазақстанда мынадай ірі инвесторлар «Rio Tinto» австралиялық-британдық концерн, «Korea Resources Corporation» Оңтүстік Кореяның ұлттық компаниясы, «Iluka Resources» австралиялық компания, «Ulmus Fund» неміс инвестициялық фонды жұмыс істейді. Бұдан басқа, жер қойнауының 24 учаскелерінде мыс, алтын, сирек кездесетін металлдар, платиноидтарды барлауға арналған жобаларды іске асыру бойынша Түркия (Yildirim Holding), Жапония (JOGMEC), Америка (Azura International), Иран («Ghadir», «Sadr Tamin», «SUNIR») инвесторларымен жұмыс жүргізіледі.

58. 2000–2017 жылдар кезеңі үшін жер қойнауын пайдалануда минералды шикізат кешендерінде $285 млрд. шамасында инвестицияланды, оның ішінде пайдалы қатты қазбалардың (ПҚҚ) жер қойнауын пайдалануға арналған $ 72 млрд. (29%) және $203 млрд. шамасында (71%) көмірсутектер шикізаты (КСШ) кен орындарында игеруге жіберілді. Осы уақытқа капитал жұмсалымының жалпы көлемі 4 есеге артты – былтырғы жылы $22,6 млрд. құрады. Сонымен бірге, $631 млн. (барлық инвестициядан 3%) геологиялық барлау жұмыстарын (ГБЖ) жүргізуге бөлінді. 2018 жылдың аяғына осы көрсеткіштер $23,4 млрд. және $652 млн. жеткізу күтілуде.

Егер ПҚ түрлері бойынша инвестициялау құрылымы туралы айтсақ, 2017 жылы бұрынғысынша осы жерде мұнай газ саласы алдыда. Бұнда барлық МШК капитал жұмсалымы $13,9 млрд., немесе 62% игерілді. Одан кейін тау-кен секторы – $4,9 млрд., немесе 22%, КТПҚ – $159 млн., немесе 1%, және жер асты сулары – $46,4 млн., немесе 0,2%.

Тау-кен секторында басымды инвестициялау бағыттары мыс – $980,3 млн., көмір – $812 млн., полиметаллдар – $ 800,3 млн., алтын – $779 млн., темір, марганец – $535,5 млн., уран – $512 млн., хромиттер – $242 млн. және басқа жер қойнауын пайдалануда қалады. 2017 жылы инвестицияда геологиялық барлауда жер қойнауын пайдаланудың ПҚҚ капитал жұмсалымының барлық көлемін 2,3% құрады.

59. 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сай Қазақстанның жер қойнауын пайдаланудың қолданыстағы мониторинг объектілерінің жалпы саны 3 325, көмірсутектер шикізаты (КСШ) бойынша 246 қосқанда, пайдалы қатты қазбалар бойынша – 600(ПҚҚ), жер асты сулары бойынша – 178 (ЖС), сондай ақ кең таралған пайдалы қазбалар – 1788 құрады.

60. 2018 жылғы 1 қаңтар жағдайға сай жер қойнауын пайдаланудың алтынды 204 объектілер, оның ішінде 130 барлау жүргізіледі, бірлесіп барлау және өндіру – 38 және өндіру – 36 жүзеге асырылады. 2000-2016 жылдары Қазақстанда 697 тонна алтын өндірілді (оның ішінде 2016 жылы 58 тонна), сонымен қатар оның өсімі 984 тонна (оның ішінде 2016 жылы 26 тонна) құрады. Осы уақытқа инвестициялардың жиынтық көлемі $8,7 млрд. жетті, оның ішінде ГБЖ жүргізу $630 млн. жіберілді.

2017 жылы жер қойнауын пайдаланудың $779 млн алтын (2000 жылмен салыстырғанда 9 есе өсті), оның ішінде ГБЖ – $45 млн. инвестицияланды. 2018 жылға инвестицияларды болжау $805 млн., ГБЖ $46,5 млн. шамасында қосқанда құрайды.

Жер қойнауын пайдаланудың алтынды инвестициялаудан былтырғы жылы ірі 10 компаниялары үлесіне 95% тура келді. Оның ішінде: «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС (инвестициялар көлемінен 38% және өндіру көлемінен 7%), «Қазмырыш» ЖШС (тиісінше 23% және 10%), «Altyntau Kokshetau» АҚ (10% және 33%), «Востокцветмет» ЖШС (10% және 4%), «Қазақалтын ТМК» АҚ (5% және 7%), ФИК «Алел» АҚ (4% және 7%), «KAZMinerals Bozshakol» ЖШС (3% және 15%), «Варваринск» АҚ (3% және 4%), «Алтыналмас» АҚ (2% және 10%), «RG Gold» ЖШС (1% және 2%).

61. Осы уақыт кезеңіне мыстарды жер қойнауын пайдалануды геологиялық барлауға – $212 млн. (ГБЖ) қосқанда, $ 11 млрд. шамасында инвестицияланды. Былтырғы жылы ғана салаға $980 млн., оның ішінде ГБЖ – $ 13,4 млн. жіберілді. 2018 жылға арналған болжамдарға сәйкес мыс кендері салаларында капитал жұмсалым сомасы $1013 млн. құрады, оның ішінде ГБЖ жүргізуге $13,8 млн. жіберіледі.

Жер қойнауын мыстарды пайдалану инвестициялау бойынша рейтингте ірі компаниялар үлесіне 98% келеді, оның ішінде: «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС (инвестициядан 73% және еліміз бойынша жылдық мысты өндіруден 56%), «Қазмырыш» ЖШС (47% және 11% тиісінше), «Востокцветмет» ЖШС (20% және 17%), «Kazakhmys Aktogay» ЖШС (6 % және 13%), «Сары Қазына» ЖШС (1,5% және 3%) «KAZMinerals Bozshakol» ЖШС (инвестициядан 7%, өндіру жоқ), «Коппер Текнолоджи» ЖШС (инвестициядан 6%, өндіру жоқ) және басқалары.

62. Жер қойнауын полиметаллдарды пайдалану 37, оның ішінде 20 өндіру, барлауға – 12, бірлесіп барлау және өндіру – 5 объектілерде жүзеге асырылады. Соңғы 2017 жылда республикада 2 млн. тонна қорғасын және 10 млн. тонна мырыш, оның ішінде 2016 жылы – 67 мың тонна және 378 мың оннат тиісінше болды. Осы уақытқа қорлардың қорғасын бойынша өсімі 1 млн тонна (оның ішінде 2016 жылы 36 тыс.тонна) және мырыш бойынша 1,9 млн. тонна (2016 жылы өсімі жоқ) құрады. 2000 жылдан бастап салада жиналған инвестициялардың көлемі – $12,8 млрд., оның ішінде геологиялық барлау жұмыстарына $147 млн. (1%) жіберілді. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша капитал жұмсалымының көлемі $800 млн. құрап, 2000 жылға салыстыру бойынша екі есе көбейген. 2018 жылға арналған инвестициялар болжамы $727, оның ішінде ГБЖ – $14 млн. құрайды. 99% аса барлық жер қойнауын пайдаланудағы полиметаллдарды инвестицияларды ірі компаниялар қамтамасыз етті. «Қазмырыш» ЖШС (58% салу, 54% және 52% қорғасын мен мырышты тиісінше өндіру), «Востокцветмет» ЖШС (34% инвестициядан және 29% қорғасын мен мырышты тиісінше өндіру), «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС (7% инвестициялардан, 9% және 7% қорғасын мен мырышты өндіруден), «Nova-Цинк» ЖШС (4% және 11% дейін), «Жәйрем ТБК» АҚ (2%), «Алайғыр» БП ЖШС (2%), «ЕР-ТАЙ» ЖШС және «Шаймерден» АҚ (1%).

63. Бүгін темір және марганец кендерді жер қойнауын пайдалану 60, оның ішінде өндіру – 13 жүргізіледі, барлауға – 37, бірлесіп барлау және өндіру – 10 объектілерді жүзеге асырылады. Қазақстанда 2000-2016 жылдары ішінде 710 млн. тонна темір және 42 млн. тонна марганец кендері, оның ішінде былтырғы жылы – 34 млн. оннат және 1,5 млн. тоннан тиісінше өндірілді. Осы уақытқа дейінгі қорлардың өсімі темір бойынша – 2,9 млрд. тонна (15,9 млн. тонна – 2016 жылы), ал марганец кендері бойынша – 86,6 млн. оннат (жоқ). 2000–2017 жылдары инвестициялар көлемі $9,5 млрд., жетті, оның ішінде $85 млн. геологиялық барлауға бағытталған. Ірі компаниялар үлесіне барлық салымдардың 99% келді.Олардың ішінде – «ССКБК» АҚ (55% инвестициялар және 79% темірді өндіру), «Өркен» ЖШС (7% және 14% тиісінше), «Жәйрем ТБК» АҚ (10% және 56% марганецті өндіру), «ТНК «Қазхром» АҚ (27% және 35% марганецті өндіруден). 2016 жылы темір және марганецтерді жер қойнауны пайдаланудағы капитал жұмсалым көлемі $546 млн. құрау қажет, ГБЖ $1,2 млн. қосқанда.

64. Қазіргі уақытта бокситтердің жер қойнауын пайдалануды 7 объектілерде жүзеге асырылады, оның ішінде 4 өндіру және 3 – барлау жүргізіледі. 2000-2016 жылдары республикада 80 млн. тонна бокситтер, оның ішінде соңғы жылдары – 4,8 млн. тонна өндірілді. Сол уақытқа олардың қорлар өсімі 1 млн.тоннаны құрады, 2010 жылдардан кейін ол болмады.

2017 жыл үшін жер қойнауын пайдаланудың бокситтерді капитал жұмылымының жалпы көлемі $ 1617 млн. долларды, ГБЖ жүргізуге $21,5 млн. долларды қосқанда жетті. Былтырғы жылы ғана «Қазақстан алюминиі» АҚ $ 72,5 млн. ( КБРУ және ТБРУ 72% және 28% тиісінше келді және салу 92% және 8% өндіру). инвестицияланды. Биылға жылы инвестициялау көлемі $81 млн. дейін өсу керек.

Жер қойнауын пайдаланудың хромды кендері 9 объектілерде жүзеге асырылады, оның ішінде 8 – өндіру кезеңде, ал 1 барлауға жүргізіледі. 2000-2016 жылдары үшін 71,5 млн. тонна хромиттер өндірілді, оның ішінде былтырғы жылы 5,5 млн. тонна. Сонымен бірге, өсім қорлары 1 млн. тоннаны ( 2007 жылдан бастап оның болмауы) құрады.

Осы кезеңге салаға $3767 млн., геологиялық барлауды жүргізуге бағытталған $ 29,2 млн. қосқанда, инвестицияланды. Хромның кен орындарын әзірлеу «ТНК Қазхром» (85% барлық инвестициялар және 88% өндіру) және «Восход-Oriel» ЖШС (15% және 12% тиісінше) жүргізеді. Былтырғы жылы осы компаниялармен $168 млн., салынды тағы $188 млн. ағымдағы жылдың аяғына дейін түсу қажет.
2-параграф. Тау-кен салаларының перспективалары
65. Қазақстан Республикасы айрықша ресурстармен орнатылған, жеке пайдалы қазбалар түрлері бойынша әлемдік қорлардан бірінші пайыздан 10-40 % дейін өзгертіледі (хром, уран, мраганец, мырыш, қорғасын). 2016 жылы жер қойнауын пайдаланудың пайдалы қазбалардың 35 түрлері тартылды. Таратылған қорында 100 % көмірсутектер, 97 % алтын, 97 % мыс, 92% күміс, 76% уран және 3-тен 95 % дейін қалған пайдалы қазбалар бар. Оның ішінде пайдалануға 50% қорларынан көп емес тартылды. Хром, уран, хризотил-асбест, фосфориттер, мыстардың орны бөлек. Пайдалы қазбалардың бір қатар кен орындары, оның ішінде никель, бораттар, кобальт, магнезит, калий тұздары, вольфрам, қалайылар әзірленбеген. Туындаған жағдайлардың себептері көп, олардың ішінде байытылған кендердің қазіргі технологиялардың жетіспеушілігі, жойылған кендер аудандарында қажетті инфрақұрылымдардың жоқтығы, жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамалық базалардың жетілмегендігі, кейбір жер қойнауын пайдаланушылардың экономиканың дәрменсіздігі. Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде негізінде кен орындарында ерте табылмаған 2016 жылы пайдалы қазбалардың мына түрлері бойынша: мұнай бойынша – 51,97 млн. тонна, титан – 21,7 млн. тонна, алтын – 26,18 тонна, конденсат – 0,4 млн. тонна, темір кендер 15,9 млн. тонна, мыстар – 1581,8 мың тонна, марганец кендері – 3984 мың тонна, хромды кендері – 321 мың тонна, қорғасын – 36,4 мың тонна, молибден – 13,06 мың тонна, күміс – 13,7 тонна, уран – 3,8 мың тонна қорлардың өсімі алынды.

2016 жылы өндіру өсімін 2015жылғы деңгейге мына пайдалы қазбаларды: молибден – 112%, мыс – 29%, алтын – 23%, қорғасын – 7,5 %, уран – 3,8%, барит – 3,4 %, бокситтер – 3%, күміс – 2,6 %, хромды кендері – 2,6 %, марганец кендері – 1,4 %, мырыш – 1,3% өсумен ерекшеленді. Дегенмен, 22% – титан, 4,3 % – темір кендері, 4% – тас көмір, 3% – асбест, 2,7 % – мұнай, 2,2 % – конденсат, 1,7 % – кадмийлерді өндіру көлемі төмендеді.

66. Осы ақпараттарға жүргізілген талдау бойынша әлі де болса түсті металдардың шикізат қорының жағдайына неғұрлым көп алаңдатушылық тудыратыны байқалады Кенді Алтай және Орталық Қазақстанның интенсивті және жиі полиметаллдық және мыс кен орындарын таңдаулы пайдалану әлемдік стандарттар бойынша тиісті қорлардың үлкен бөлігі өтелген. Сондықтан қорлармен талап етілген көптеген тау кен кәсіпорындарды 12-15 жылдарға дейін қамтамасыз ету қажет. Өңірлерді кендер әлеуетін қалпына келтіру үшін таратылған фондтардың игерілмеген кен орындарды игеруге тарту, резервтік объектілерді геологиялық экономикалық бағалауды жүргізу және объектілерді шығару мақсатында кеңмасштабты іздеу жұмыстарын жаңарту, экономикалық игеруде ақталған. Соңғысы, негізінде мемлекеттің рөлін едәуір нығайту кезінде өңірлік және геологиялық барлау жұмыстары кезеңде іздеу қаржыландыруды іске асыру мүмкін. Барлау және өндіруді инвестициялау үшін минералды шикізаттың тартымдылығының динамикасын талдауы ҚР АШМ айқын дамыту жоспарында мемлекетте үлкен мүмкіндіктерді сақтауды көрсетеді. Соған байланысты бірінші проблема негізгі экспорт баптары болатын, жетекші пайдалы қазбалардың қорларының уақтылы орнын толтыру қажеттілігі болып табылады.
3-параграф. Кейбір учаскелер бойынша инвесторларды тартудың ерекше шарттары
67. Кодекстің 242-бабы 1-тармағына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу туралы келісім шарт бойынша Қазақстан Республикасы пайдалы қатты қазбаларды өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын (құқықтарын) иеленушіге преференциялар беруге міндеттенеді, ал жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу (қайта өңдеу туралы келісім) жобасына инвестициялар салуды өз тәуекеліне алып жүзеге асыруға міндеттенеді. Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу бойынша жаңа өндірістер құруды, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуді немесе жаңғыртуды көздейтін іс-шаралар кешені пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу жобасы болып табылады.

Қазақстан Республикасының атынан қайта өңдеу туралы келісімді инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган жасасады. Қайта өңдеу туралы келісім пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу жобалары бойынша жасалуы мүмкін, олар бойынша жер қойнауын пайдаланушы инвестицияларының көлемі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген және келісім жасасу күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде 7000000 еселенген мөлшерін құрайды. Қайта өңдеу туралы келісім жасасу пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензияны беру шарты болып табылмайды. Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеудің сол бір жобасы бойынша немесе өндірістік объект бойынша бір ғана қайта өңдеу туралы келісім жасалуы мүмкін.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет