Бағдарламасы индер ауданы 2019 жыл мазмұНЫ



жүктеу 1.45 Mb.
бет1/10
Дата21.04.2019
өлшемі1.45 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



Индер аудандық мәслихаттың 2019 жылғы «11» қаңтардағы

№ V сессия шешімімен бекітілді



2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ИНДЕР АУДАНЫНЫҢ АУМАҚТАРЫН ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Индер ауданы – 2019 жыл

МАЗМҰНЫ

I. Бағдарламаның төлқұжаты ……………………………………………………….



3-5

II. Ағымдағы жағдайды талдау ……………………………………….……….



6-37

1 Бағыт: Экономика ……………………………………….

6-18

1.1. Өңірлік макроэкономика ……………………………………

6-7

1.2. Өнеркәсіп …………………………………………………..

8

1.3. Агроөнеркәсіптік кешен ………………………………………

8-10

1.4.Шағын және бизнес, сауда ……………………………….

10-13

1.5. Инновация және инвестиция……………………………….

13-14

1.6. Экономикалық өсу орталықтарын дамыту ..........................

14-18

2 Бағыт: Әлеуметтік сала ………………………………………….

18-28

2.1. Білім беру ……………………………………………………….

18-22

2.2. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ...............................................................

22-24

2.3. Мәдениет ……………………………………………………………

24-27

2.4. Дене шынықтыру және спорт ..........................................................

27-28

3 Бағыт: Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп ....................

28-31

3.1. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп ....................

28-31

4 Бағыт: Инфрақұрылым ...................................................

31-34

4.1.Байланыс және коммуникация ...................................................................................

31-32

4.2. Құрылыс ………………………………………………..

32-34

5 Бағыт: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы……………………………...

34-36

5.1. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы .......................................................

34-36

6 Бағыт: Экология және жер ресурстары …………………………..

36-37

6.1. Экология және жер ресурстары ……………………………………………….

36-37

Орта мерзімді перспективада аумақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіндіктерін және бәсекелік артықшылықтарын тежеуші факторлардың, тәуекелдердің, негізгі проблемалардың кешенді сипаттамасы

37-38

III. Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлр мен нәтижелер көрсеткіштері ……........................................................................................

38-49

ІҮ. Қажетті ресурстар

49-51


І. БАҒДАРЛАМА ТӨЛҚҰЖАТЫ


Атауы

2016-2020 жылдарға арналған Индер ауданының аумақтарын дамыту бағдарламасы

Әзірлеме үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы.

Өңірдің негізгі сипаттамалары

Атырау облысы Индер ауданы 1933 жылы «Есбол» атауымен құрылып, оның орталығы Кулагино селосы болып белгіленді, 1965 жылдан «Индер» ауданы атағымен орталығы Индер поселкесіне ауысты.

Ауданның жер көлемі 11.1 мың шаршы шақырым. Аудан облыстың солтүстігінде, Жайық өзенінің екі бетін ала орналасқан. Батыс Қазақстан облысымен және облысымыздың Махамбет, Қызылқоға аудандарымен шектесіп жатыр. Аудан орталығынан қашықтығы – 180 шақырым.



Аудан экономикасының басым бағыттары:

  1. Тау-кен өнеркәсібі саласы – Дендер тауы шикізаттары негізінде борат, құрылысқа қажетті материалдар мен ас және техникалық тұздар өндіру;

  2. Ауыл шаруашылығы – табиғи жайылымдар, шабындықтар, су көздері мен су каналдары мал және егін шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай туғызады;

3) Шағын және орта кәсіпкерлік саласы.

Бағыттар

  • Экономика;

  • Әлеуметтік сала;

  • Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп;

  • Инфрақұрылым;

  • Экология және жер ресурстары.

Бағдарламаның мақсаттары

  • Экономиканың тұрақты өсімін қамтамсыз ету;

  • Экономиканың әртараптандыру өсімін қамтамасыз ету;

  • Агроөнеркәсіптік кешені субъектісінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жағдай жасау;

  • Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау және дамуы;

  • Инновацияны дамыту және өңірге инвестиция тартуды ынталандыру;

  • Индербор кенті аудан орталығының экономикасын ұзақ мерзімді әртараптандыру;

  • Білім беру сапасын, қолжетімділігін арттыру және балалардың құқықтарын қорғау мен заңды мүдделерін сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру;

  • Жұмыспен қамтудың және азаматтарға әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету;

  • Дене шынықтыру және спорртты дамыту;

  • Қоғамдық тәртіпті нығайту және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • Алдын – алуды ұйымдастыру және табиғат апаттары мен аварияларды жою;

  • Байланыс және коммуникацияның дамуы;

  • Құрылыс саласын тиімді дамытуға ықпал ету және тұрғын үйдің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

  • Тұтынушыларды сапалы және сенімді коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету;

  • Қоршаған орта сапасын жақсарту;

  • Ауылдық аумақтарды дамыту.

Нысаналы индикаторлар

  • Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны.

  • Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлемінің индексі.

  • Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі.

  • Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған нақты көлемінің индексі.

  • Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің үлесі.

  • Бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі.

  • Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі.

  • Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ішіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі.

  • Жұмыс істеп тұрған авариялық және үш ауысымдық мектептер саны.

  • Жаратылыстану-математика пәндері бойынша мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі.

  • Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы.

  • Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту.

  • Оның ішінде жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар желілерін дамыту есебінен.

  • Мемлекеттік желілер нормативіне сәйкес жалпы орта білім беру ұйымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

  • Жұмысқа орналастыру мәселелер бойынша жүгінген адамдардың ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі.

  • Жүгінген нысаналы топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі.

  • Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі еңбекке жарамды адамдардың үлесі.

  • Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсете отырып қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде).

  • Жеке сектор субъектілері (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдар)ұсынатын арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі.

  • 1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің(келу) орташа саны.

  • Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту.

  • Балалар мен жас өспірімдер жалпы санына қатысты
    7 пен 18 жас аралығындабалалар-жас өспірімдер спорт мектептерінде және спорт клубында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жас өспірімдерді қамту.

  • Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы.

  • 100 зардап шеккен адамға шаққандағы жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету.

  • Жасөспірімдер жасаған қылмыстардың үлес салмағы.

  • Бұрын қылмыс жасаған адамдардың жасаған қылмыстарының үлес салмағы.

  • Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі

  • 100 тұрғынға телефон байланысының тіркелген желісінің тығыздығы.

  • Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі.

  • Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы.

  • Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету.

  • Ауылдық елді мекендерде орталықтандырылған қолжетімділік.

  • Жалпы ұзындығынан жаңғыртылған желілердің үлесі.

  • Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне байланысты оларды кәдеге жарату үлесі.

  • Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың халқын қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтермен қамту.

  • Экологиялық талаптар мен санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан)

  • Индер ауданының орталығындағы халық санының өсуі.

  • Тіректі ауылдық елді мекенінің халық санының өсуі.

Іске асыру кезеңдері


1 кезең – аралық (3 жыл) – 2016-2018 жылдар – алғашқы кезектегі және дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру;

2 кезең – соңғы (2 жыл) – 2019-2020 жылдар – бағдарламада қойылған міндеттерді шешуге арналған жоспарланған шараларды іске асыру және ауданды әрі қарай әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған негіз қалыптастыру.


2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

Өңір жағдайының оң және теріс жақтарын бағалау, сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсері

Географиялық жағдай

Индер ауданы 1933 жылы “Есбол” атауымен құрылып, оның орталығы Кулагино селосы болған, 1965 жылдан “Индер” ауданы атағымен орталығы Индербор кенті.

Индер ауданы Атырау облысының солтүстігінде, Каспий маңы ойпатының орта тұсында Жайық өзенінің екі жағалауын бойлай орналасқан. Шығысы мен оңтүстігінде облыстың Қызылқоға, Махамбет аудандарымен, батысы мен солтүстігінде Батыс Қазақстан облысының Жаңақала, Ақ жайық аудандарымен шектеседі. Ауданның жер көлемі 11.1 мың шаршы шақырым.

Аудан аумағында бір кент, 6 ауылдық әкімдік округі және оларға қатысты 14 ауыл бар. Ауданда 32146 адам тұрады. Олардың 96,3 пайызы қазақ, 3,7 пайызын басқа ұлт өкілдері құрайды.

Ауданның климаты негізінен шөлейт аймаққа жатады, қысы аязды, жазы құрғақ та ыстық болады. Индер көліндегі және Калмыководағы стансалардан алынған мәліметтерге қарағанда ауаның орташа температурасы қаңтарда -11,2, ал шілдеде +25,8 градус, ең суық күндерде –40 градусқа дейін барады. Қыста көбіне жел шығыстан, терістік шығыстан, ал жазда терістік батыстан соғады. Желдің орташа жылдамдығы секундына 3,9-4,8 метр, кейде секундына 15 метрлік жылдамдықпен жел тұрады.

Жаңбырлы деген жылдарда 238,5 мм. ылғал, ең аз мөлшердегі жауын 86 мм.болады. Көп жыл бойғы жауын-шашынды есептегенде орташа жылдық түсім 146.5 мм. шамасында. Ауаның орташа жылдық ылғалдылығы 61 пайыз, ал қыста – 78, жазда – шілде, тамыз айларында 40-43 пайыз болады.

Жер бедері негізінен жусанды жазық далалық болып келеді. Сондай-ақ тұйықталған қуыстар, құлама сайлар, сорлар кездеседі. Сайлардың терең еместері (1-1,5 метрлік) де, бірнеше шақырымдық алқапты алып жатқандары да бар. Ал сорлар – басқалардан 6-10 метрдей төменде оқшауланған жерлер. Оларға тұзды су болады. Тұзды көлдер жазда көбіне кеуіп қалады. Аудан бойынша 15437 га жер орманды жерлер. Орман қорында 4 жеті түрлі ағаштың және 4 түрлі бұталардың сорттары өседі.

250 шаршы шақырымды аумақты алып жатқан дөңесті жер – Индер күмбезі. Оның батыс жағы етегінде Жайық өзенінің аңғары, ал оңтүстігінде Индер тұзды көлі. Онша биік емес дөңестер түстік батысында Оңдасын жалымен (Димақаң төбе), терістігінде Тотжалмен, шығысында Көктаумен ұштасады. Бұл аумақта жүздеген қазан шұңқыр бар. Терең құдықтар, үлкенді-кішілі үңгірлер, жыралар кездеседі.



Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

Аудан бойынша экономиканың барлық салалары бойынша оң динамика байқалады, соңғы үш жылда үлкен өсім өнеркәсіпте 125,1%, ауыл шаруашылығында 104,9%, шағын және орта кәсіпкерлікте 106,9%. Индер ауданы өнеркәсібінің салалық құрылымы төмендегідей белгілерімен мінезделеді: тау - кен өнеркәсібін өндіру және өңдеу саласының басым болуы; халықтың қажеттілігіне бағытталған сала үлесінің төмендігі.

Аудан экономикасының даму бағыттарының басымдылығы тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, шағын және орта кәсіпкерлік саласы болып табылады. Өнеркәсіп өндіріс құрылымының үлес салмағының көбін тау-кен өнеркәсібін өндіру және тарату алады. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі толықтай дамымаған.
ЭКОНОМИКА САЛАСЫ

Өңірлік макроэкономика

Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны

Облыс әкімдігінің 2014 жылғы 12 наурыздағы №64 «Облыс бюджетінің салық салынатын базасын кеңейтуді қамтамасыз ету мәселелері туралы» қаулысын орындау мақсатында аудан әкімдігінің 2014 жылғы 28 сәуірде №151 «Аудан бюджетінің салық салынатын базасын кеңейтуді қамтамасыз ету мәселелері туралы» қаулысымен іс-шара жоспары бекітіліп, іс-шаралар жоспарын орындауға тиісті 17 мемлекеттік органдарға таратылды.

Салық салу базасын кеңейту бағытында іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында жүргізілген жұмыстардың қорытындысымен 2017 жылдың қорытындысымен бюджет кірісінің көлемі 1 млрд. 317 млн. 906 мың теңге құрап, 2016 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 106 млн. 982 мың теңгеге немесе 8,8 пайызға артық орындалған.

Индер ауданының бюджеті 01.01.2018 жылға 6 808,5 млн.теңгені құрады. 2017 жылға республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер - 5 828,9 млн.тенге, 2016 жылмен салыстырғанда 21,6 пайызға өсіп отыр (4 792,8 млн.тенге).


млн.тенге

Атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

I. Кірістер

5 382,8

5 659,8

6 808,5

Салықтық түсімдер

663,9

835,6

929 4

Салықтан тыс түсімдер

11,9

25,5

37,8

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

3,4

5,8

12,3

Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер

4 703,4

4 792,8

5 828,9

Оның ішінде:










Нысаналы даму трансферттері

731,9

685,4

918,2

Ағымдағы нысаналы трансферттедің түсімі

2 186,2

2 328,8

1 532,3

Субвенциялар

1 785,3

1 78,6

3 378,4

Барлық кірістер бөлігіндегі % үлесі:










-меншікті кірістер

12,6

15,3

14,3

- трансферттер

87,4

84,7

85,7



Табыс түсімдері

млн.теңге


Көрсеткіштер

2015 ж.

2016 ж

2017 ж.

Салық түсімдері:

1 013,6

1 139,6

1 229,6

-мемлекеттік бюджет

1 013,6

1 139,6

1 229,6

оның ішінде:










-аудандық бюджет

663,9

835,6

929,4

Салықтық емес түсімдер:

53,9

65,5

76,0

-мемлекеттік бюджет

53,9

65,5

76,0

оның ішінде:










-аудандық бюджет

11,9

25,5

37,8

Негізгі капиталды сатудан түсетін түісдер

3,4

5,8

12,3

-аудандық бюджет

3,4

5,8

12,3

Барлық түсімдер

1 070,9

1 210,9

1317,9


Өнеркәсіп

Индер ауданының экономикасы қалыптасқан жағдайларға байланысты анық шикізаттық бағытқа ие. Тау-кен өндіру саласы өнеркәсіптік өндіріс құрылымында үстемдік етуші жағдайда және шамамен 98,0% - ды құрайды.

2015-2016 жылдары өндірістік өнеркәсіп өнімінің көлемі 2 млрд. 035,0 млн. теңгеге жетсе, 2017 жылдың қорытындысымен қолданыстағы бағамен 2 млрд. 287,0 млн. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,4 пайыздық өсім бар, нақты көлем индексі 102,2 пайызды құрады.

Индер ауданында өнеркәсіп өнімін өндірумен айналысатын 3 орта және 16 шағын кәсіпорын тіркелсе,17-сі нақты жұмыс жасап тұр. (Оның ішінде 4 құрылыс материалдарын өндіру, 1 шұбат-қымыз өндіру, 2 таза су өндіру, 1 техникалық және ас тұзын өндіру кәсіпорны мен 9 нан өнімдерін шығару наубайханасы.)

Аудан бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі – 2 млрд. 287 млн. теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 12,4 пайызға артып отыр.(2016 жылы - 2 млрд. 737 млн. теңге).Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 102,2 пайыз.
Сала бойынша дамудың SWOT - талдауы:


Күшті жақтары:

Мүмкіндіктер:

Өзіміздің табиғи шикізат базасының болуы;

Өндіріс әлеуетінің болуы




«ТҰЗ» ЖШС – нің гипохлорид натрий өндіру зауытын іске қосу;

Құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын зауытын қайта іске қосу.

«Ахмадияр» ЖШС-нің тазартылған ауыз суын өндіру цехын іске қосу;

«Ақтай» ШҚ-ның мал шегін өндеу цехын іске қосу.




Әлсіз жақтары:

Қауіп:

Өңдеу секторындағы өнімдердің бәсекеге қабілеттігінің төмендігі;

Өңдірістердің технологиялық деңгейінің төмендігі, табиғи тозуы және қондырғылардың моральдық ескіруі;

Ішкі нарықтың аз көлемі;

Білікті кадрлардың жетіспеушілігі.



«BIAS TECH» ЖШС – нің құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын зауыты қаржылық қиындылықтарға байланысты жұмысының тоқтатылуы.

Басқа аймақтар кәсіпорындары тарапынан бәсекелестіктің болуы, бизнестегі жоғары операциялық шығындар.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет