Бағдарламасы индер ауданы 2019 жыл мазмұНЫ


Экономикалық өсу орталықтарын дамыту



жүктеу 1.45 Mb.
бет3/10
Дата21.04.2019
өлшемі1.45 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Экономикалық өсу орталықтарын дамыту

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша ауданымызда 14 ауылдық елді мекен (бұдан әрі - АЕМ) бар, оның ішінде 3 – даму әлеуеті жоғары, 8 - даму әлеуеті орташа, 3- даму әлеуеті төмен. Оларда 33 505 адам тұрады.


Ауылдық елді мекендердің саны

бірлік





2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

Барлық АЕМ

14

14

14

Даму әлеуеті жоғары

1

2

3

Даму әлеуеті орташа

10

9

8

Даму әлеуеті төмен

3

3

3

Үш жыл ішінде ауданда АЕМ саны және 2015-2017 жылдары АЕМ даму әлеуеті өзгерген жоқ.

АЕМ даму әлеуеті АЕМ әлеуметтік-эконономикалық даму мониторингінің қорытындысы бойынша анықталады. Даму әлеуеті жоғары АЕМ санының көбеюі, АЕМ экономикалық белсенділігінің жоғарылауына байланысты.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысына сәйкес экономикалық өсу орталықтары – елдің немесе өңірдің экономикасында инновация мен прогресс көздерінің функциясын орындайтын, «ауқым әсерінің» арқасында өндіріс факторларының тартылыс полюстері (шоғырлануы) болып табылатын, сондай-ақ жаңа тауарлар шығаратын және қызметтер көрсететін қарқынды дамып жатқан салалардың кәсіпорындары орналасқан нақты аумақтар (елді мекендер).

Аудан бойынша экономикалық өсу орталықтарына:

аудан орталығы Индербор кенті;

тіректі елді мекен – Есбол ауылы;

Мұнда тұратын халыққа және іргелес орналасқан аумақтардың тұрғындарына қажетті әлеуметтік стандарттарды қамтамасыз ету үшін өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдар құрылатын болады. 

Аудан орталығындағы Индербор кентінің дамуы.

Индер ауданының әкімшілік орталығы – Индербор кенті. Индербор кенті Жайық өзеннің сол жақ беткейінде, Атырау қаласынан солтүстікке қарай 178 шақырым жерде орналасқан. Солтүстіктен оңтүстікке қарай Еуразия материгін екіге бөліп тұрған Жайық өзені ағып жатыр. Жер көлемі 13 285 га, ішкі жолының ұзындығы 25,3 шаршы шақырым.

Индербор жері – калий-магний тұзы, галит, гипс, бор, борат, қиыршық-құмды қоспалы тас, түрлі өндіріс шикізаттар қоры жинақталған табиғи қазба байлыққа толы аймақ. Соған байланысты біраз өндіріс орындары шоғырланған. Индерден 27 шақырым жерде орналасқан Көктауда құрылыс тас-извест бар. Қоры 1 миллион тонна, аумағы 243 мың текше метр болады. Мұнда «ЕРКОР», «Үш Есен» ЖШС –і қиыршық тастар дайындайды. Сондай –ақ кенттің тағы бір байлығы –Индер көлі мен «Индер-99» шахтасының ас және калий-магний тұздары. Тұздың құрамында адам ағзасына қажетті бром, йод микроэлементтері кездеседі. Индер тұз кені Индер көлі ойпатында орналасқан.

Көл солтүстігінен Индер тауымен қоршалған, оңтүстік жағалауы жазық. Ойпаттың геологиялық құрылымы күрделі. Тұз қабатының қалыңдығы солтүстіктен оңтүстікке қарай 56 м- ден 8м –ге дейін азаяды. Тұз құрамында бром, йод, т.б.микроэлементтер бар. Тұздың мемлекеттік есепке алынған қоры 647 млн. тоннадан астам.

Индербор кентінде тиімді көлік ережелері орын алады. Индер – Мақат темір жолы мен республикалық дәрежедегі Атырау-Орал автожолы ауданның экономикалық осьтері (өзегі)болып табылады.

Ауданның өнеркәсібі негізінен тау-кен өндірісіндегі кәсіпорындарымен айқындалады. Индербор кентінде өндірістік қуаты орналасқан 3 («ИСИГипсИндер», «ПромСтройЦентрСервис» ЖШС-і және «ТҰЗ» ЖШС-і) орта өнеркәсіптік кәсіпорындар қалыптастырады, себебі олардың үлесіне жалпы көлемінен өндірілген өнеркәсіптік өнімнің 98,2% тиесілі. Кенттің өнеркәсіп құрылымында тау-кен өнеркәсібі -5,0% өңдеу өнеркәсібі – 90,1%, суды өндіру және бөлу -4,9% алады.

Кентте 11 орта және 10 шағын өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары қызмет атқарады.

Кентте тұрақты жұмыс істеп тұрған «ИСИ Гипс Индер», «ПромСтройЦентрСеривс», Желілік өндірістік кәсіпорындары бар. Оларда жұмыс жасайтындар саны 244 адамды немесе кенттің жұмыспен қамтылған тұрғындарының 13,3%-ын құрады.

Кентте 35 бюджеттік ұйым, 4 жалпы білім беретін мектеп, 2 балабақша, 5 денсаулық сақтау мекемесі орналасқан.

Индербор кентінің инфрақұрылымын дамыту



  1. Жылумен және сумен жабдықтау.

Жылу желілерінің жалпы ұзындығы -1,7 км, физикалық тозуы 30% құрайды, баланс ұстаушы Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі болып табылады. Жылу беру орталығында 7 жылу беру қазандығы жұмыс істейді, әрбір қазандықтың қуаты бойынша 20-дан 100 Гкал.

Жыл сайын жергілікті бюджет есебінен жылу қазандықтарына ағымдағы жөндеулер жүргізіледі, бұл олардың пайдалану шығыстары мен апаттық жағдайларының азаюына айтарлықтай септігін тигізеді.

Кенттегі сумен қамтамасыз етудің негізігі көзі-Жайық өзені болып табылады. Судың тәуліктік қуат көлемі 1800м3(ескі СТС), 2400 м3(жаңа СТС) құрайды. Индербор кентінің жобасы бойынша максималды тәуліктік су тұтынуы күніне 4200м3. Индербор кентінің суға нақты қажеттілігі тәулігіне 2400 м3 құрайды.

Сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы – 63,2 км.

Су бұру желілерінің жалпы ұзындығы 13,9 км.

Желілердің негізігі бөлімі шамамен 10 жыл пайдаланылуда. 2014 жылы кенттің су бұру желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Алайда, желілердің негізгі бөлігінің 80% -ң тозығы жеткен.

Су бұру жүйелері кенттің су тазарту учаскесінің құрылыстарын, учаскесі желілер мен сорғы станцияларын қамтиды. Бір кәріздік сорғы станциясы бар. (КСС). Кенттің ағынды сулары өздігінен ағатын коллекторлар арқылы кәріздік сорғы станциясына түседі, ол жерден қысымды коллектор арқылы тазарту құрылыстарына бөлінеді де, кенттің ағынды сулары толық биологиялық тазалаудан өтеді. Кәріздік сорғы станцияларын тозуы 90%-ы құрайды.

Коммуналдық инфрақұрылым объектілерінің тозуына байланысты магистральді су жолдарындағы авариялар саны жиілеп кетті. 2013-2017 жылдары 35 авариялық жағдай орын алды, бұл оларды қайта құру және жаңарту бойынша щұғыл шаралар қабылдауды талап етеді.

2011-2014 жылдары ұзындығы 4200 метр, диаметрі 315 мм қысымды коллекторлар құбырларына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.


  1. Электрмен жабдақтау.

Кенттің электр желілерінің жалпы ұзындығы 68,5 шақырым құрайды, оның ішінде 37,855 км –і аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі коммуналдық меншігінде. Тозу дәрежесі 14% құрайды. Кент бойынша электрмен жабдықтауды «Атырау -Жарық» АҚ-ы жүзеге асырады. Индербор кентіндегі Шығыс, Болашақ мөлтек аудандарына электр жүйелері жүргізілді.

  1. Газбен жабдықтау.

Индербор кенті толығымен газдандырылған. Кенттің газбен жабдықтауы бірыңғай оператормен және «ҚазТрансГазАймақ» АҚ –ы арқылы жүзеге асырылады.

  1. Автомобиль жолдары

Кентішілік қатты жабыны бар жолдардың жалпы ұзындығы 46,9 км. Жабынының тозуы 65% -ы құрайды.

2014 жылы республикалық бюджет есебінен Индербор кентіндегі мүгедектерге қызмет көрсету орындарында 32 бағдарланған жол белгілері орнатылды. Индербор кентіндегі Тұхфатов тұйық, Ондасынов, Меңдіғалиев, Тайсойған, Бейбітшілік, Валиханов, Нұрманов көшелеріне жаяу жүргіншілер жолы абатандырылды. Индербор кент ішілік автомобиль жолдары жәй жөндеуден өткізілді.



  1. Тұрғын үй қорының жағдайы

01.01.2018 жылдың жағдайы бойынша Индербор кентіндегі тұрғын үй қорының жалпы ауданы 235,4 мың м2. 2014-2017 жылдары 3 қатарлы 60 пәтерлік 3 тұрғын үй салынды және де 3 бөлмелі 10 үй салынды.

Кенттің үй қоры жағдайының негізгі көрсеткіштері.



Көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

01.01.2018 жыл жағдайына

Тұрғын үйлер саны, барлығы, оның ішінде

үй

4210

Көп пәтерлі тұрғын үйлер

үй

69

Кенттің тұрғын үй қорының жалпы ауданы

мың м2

235,438

Көп пәтерлі тұрғын үйлердің жалпы алаңы

мың м2

110,0042

Авариялық жағдайдағы тұрғын үй алаңы

мың м2

0,8

Жалпы тұрғын үй қорындағы апатты жағдайдағы үйлердің үлес салмағы

%

0,2

Тұрғын үй қорындағы апатты жағдайдағы көпқабатты тұрғын үйлердің үлес салмағы

%

0

Абаттандыру деңгейі







Орталық жылу жүйесі

%

100,0

Сумен жабдықтау

%

100,0

Кәріз

%

35,0


Тіректі елді мекенінің дамуы

Тіректі елді мекендерді анықтау әдістемесіне сәйкес ауданда 1 тіректі ауылдық елді мекен (Есбол ауылы) бар. Аталған тіректі АЕМ-де халық саны 4,6 мың адамды құрайды.

2016 жылы жергілікті бюджет есебінен Есбол ауылының жобалық егжей – тегжейлі жоспары жасақталған.

Ауылда 3 орта мектебі, 2 балабақша, 1 клуб, 1 аурухана, 1 жанұялық амбулатория жұмыс жасайды. Сондай-ақ, ауылда орман шаруашылығы және жануарларды қорғау мен «КазСушар» мекемесі қызмет етеді.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша ауылда 2 балабақша мен 2 мектептің ғимараты күрделі жөндеуден өткен. 2015 жылы 70 орындық интернат ғимараты салынып, пайдалануға берілген. Қазіргі таңда демеушілік арқылы 300 орындық мәдениет үй құрылысы салынуда. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 2015-2017 жылдары ауылда көше жарықтары орнатылды.
Экономикалық өсу орталықтарын дамыту бойынша SWOT-талдау


Мықты жақтары:

Әлсіз жақтары:

Бюджет есебінен экономикалық өсу орталықтарын дамытуға жыл сайынғы қаражат бөлу;

Мұнда түрлі минералдық шикізаттардың – калий тұздары, борат, гипс, ангидрид, бор, цемент шикізаты, тас және ас тұзы, құрылыс материалдары үшін табиғи тастары мұнда цемент зауытын, бор қышқылы, силикатты және сұйытылған қызыл кірпіш өндіретін цехын ашуға үлкен мүмкіндіктердің болуы;

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың болуы;

Ауыл шаруашылығын жүргізу және шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайдың болуы;

Мемлекеттің қолдауымен ауыл шаруашылығының шағын және орта бизнесін дамыту



Инженерлік және коммуналдық инфрақұрылым жоғары дәрежедегі тозуы;

Нашар дамыған көліктік инфрақұрылым;

Қолда бар өндірістік қуаттарды жартылай жүктеу

Ауылшаруашылығы қажеттіліктеріне пайдалануға жарамды судың табиғи көздерінің жоқтығы, жайылымдардың жеткіліксіз суарылуы;

Шектеулі инвестициялық мүмкіндіктерде энергоқұрылғылардың жоғары тозуы.


Мүмкіндіктер:

Қауіптер:

Бюджеттік ресурстарды басым инвестициялау арқылы халықтың өмір сүру сапасын арттыру;

Кенттің өнеркәсіптік және экспорттық әлеуетін нығайту;

Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін өндірістің және дайын тамақ өнімдерін экспортқа шығару мүмкіндіктерін өсіру;

Кентті бюджеттік ресурстар және инвесторлардың қаражаты есебінен әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамыту.





Жобаларды дамыту үшін меншікті инвестиция көлемінің болмауы;

Желілердің негізгі қорларының жоғары деңгейде тозуы (жылу, электр және су құбыры);

Кәріз желілері объектілерінің тозуы;

Кенттің көлік инфрақұрылымын өткізу қабілетінің жеткіліксіздігі.




ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

Білім беру.

Жалпы орта білім беру

Аудан бойынша 15 жалпы орта білім беретін, 1 шығармашылық орталығы, 1 өнер, 1 Жарсуат саз мектептері, №3 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті және 9 мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінде 1094 педагог қызмет етуде. Олардың 840-ы жоғары, 156-сы арнаулы орта білімді мамандар. 141-сы жоғары, 288-і бірінші санатты мамандар.

Аудан бойынша 15 мектептің 13-і типтік ол- 86,7%, 2-уі бейімделген 13,3%-ды құрайды.

Жалпы орта білім беретін мектептердің жаңа үлгідегі кабинеттермен қамтылуы төмендегідей:




Мектепатауы

Жаңа үлгідегі кабинеттері бар, кабинеттер саны (бірлік)

физика

химия

биология










М.Әуезоватындағыо/м

1

0

1

Ш.Уәлихановатындағы о/м

1

1

1

С.Сейфуллинатындағы о/м

1

1

1

«Көктем» қазақо/м

2

1

1

Бөденеатындағы о/м

1

1

1

Махамбет атындағыо/м

1

1

1

М.Мөңкеұлыатындағыо/м

0

1

0

Б.Нысанбаеватындағыо/м

1

1

1

Қ.Абахановатындағыо/м

1

1

1

Жамбыл атындағы о/м

1

2

1

Қ.Есқалиеватындағы о/м

1

1

1

Есбол орта

1

1

0

Гребенщик атындағы о/м

1

1

0

М.Сирановатындағыо/м

1

1

1

Аққала атындағы о/м

1

1

1

Барлығы:

15

15

12

Барлық білім беру мекемелері компьютерлермен қамтылған, кең жолақты интернет жүйесіне қосылу 100 пайыз. Бір балаға шаққандағы компьютер саны 7.

2016 жылы 66,1 орта балл көрсетті. 2015 жылы 61,4 орта бал көрсетті. Ол 2015 жылмен салыстырғанда +4,7-ге өскен. 2017 жылы орта балл 64,2 болды. Ол көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда - 1,9-ға кеміген.

ҰБТ сынағына 2015 жылы 205 мектеп бітіруші қатынасты. 3 мектеп бітіруші «Алтын белгі» белгісінен үміткер болып қатынасқанмен, үшеуі де өз білімдерін толық дәлелдеген жоқ. 2016 жылы ҰБТ сынағына 167 мектеп бітіруші қатынасты. 1 оқушы «Алтын белгі» белгісіне үміткер болғанымен, өз білімін толық дәлелдей алмады. Ал, 2017 жылы 172 оқушы ҰБТ сынағына қатынасты. Аталған ҰБТ сынағына 8 «Алтын белгі» белгісінің иегері қатынасты.

ҰБТ қорытындысының салыстырмалы көрсеткіші төмендегіше:



Мектеп атауы

Орта балл

2014-2015 оқу жылы

2015-2016 оқу жылы

2016-2017 оқу жылы

Ш.Уәлиханов

65

63,5

68,6

С.Сейфуллин

56,4

64,8

63,5

М.Әуезов

64

61,0

64,7

Көктем

67

68,5

69,8

Жамбыл

59,2

69,0

52,7

М.Сиранов

58

68,0

57,9

Қ.Абаханов

62

81,2

68,8

Б.Нысанбаев

49,3

69,0

46,5

Махамбет

63,3

65,4

68,7

Аққала

63,1

60,0

69,2

Гребенщик

0

0

0

Бөдене

62,4

73,1

69,9

Қ.Есқалиев

63,8

64,8

72,0

М.Мөңкеұлы

55

61,8

71,3

Есбол

60

66,6

66,8

Ауданбойынша

61,4

66,1

64,2



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет