Бағдарламасы индер ауданы 2019 жыл мазмұНЫ


Мәдениет саласындағы негізгі проблемалық мәселелер



жүктеу 1.45 Mb.
бет6/10
Дата21.04.2019
өлшемі1.45 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Мәдениет саласындағы негізгі проблемалық мәселелер:

1. Ауылдық кітапханаларды компьютермен қамтамасыз ету, интернет желісіне қосу. Бүгінгі күні кітапхана жүйесі электронды кітапхананы дамыту үшін РАБИС кейін веб-рабис бағдарламасына қосылуы тиіс. Ал ауылдық жерлерде бағдарлама түгілі, компьютерлер де қарастырылмаған.

2. Ауыл кітапханаларын жаңғырту кіші бағдарламасы бойынша «Туған жер-туған ел» базалық бағытының аясында іске асырылатын «Кітапхана-мәдениет, ағарту және бос уақытын тиімді өткізу орталығы» кіші жобасы бойынша Есбол мәдениет үйі ашылған жағдайда Есбол кітапханасы ақпараттық –технологиялық кітапханалар тізіліміне еніп тұр. ІІ тоқсанда кітапхананы жасақтап, штат бірлігін қосу үшін қаражат қажет.
Дене шынықтыру және спорт

Облыста 7 спорт түрі дамытылады, оның ішінде: 5 олимпиадалық, 2 олимпиадалық емес, 1 ұлттық, 5 мүгедектер спорт түрлері.



Ауданда 1 денешынықтыру-сауықтыру кешені, 16 спортзал (мектепішілік-15, колледжде -1), 1 атқыштар тирі, 16 ашық алаң, 9 футбол алаңы, 13 жасанды жабынды футбол алаңдары және 2 дене шынықтыру сауықтыру клубтары халыққа қызмет көрсетеді.


Көрсеткіштердің атауы

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

Спорт ғимараттары, бірлік

78

78

85

Оның ішінде:










- спортттық кешен

1

1

1

- стадион

-

-

-

- спорт залдар

13

13

14

- жазықты құрылғылар

54

54

60

- спорт алаңы

7

7

7

- басқалар

4

4

4

Дене шынықтыру және спортпен айналысатын тұрғындарды қамту, %

20,8

20,8

21

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтар саны, адам

6675

6695

6897

Дене шынықтыру және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдер үлесі, жалпы оқушылар санының %

15,5

14,3

35,7

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жас өспірімдердің саны

809

711

897

2017 жылы спортпен тұрақты шұғылданушылардың жалпы саны 6897 адамды немесе аудан тұрғындарының санынан 21 % құрады. Спортпен шұғылданушылардың саны 2015 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 0,2%-ға өсті (2015 ж. – 6675 адам, 2016 ж. – 6695 адам).

2017 жылы балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде, спортпен айналысатын 7-ден 18-ге дейін жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер саны 897 адамды құрады және 2016 жылмен (809 адам) салыстырғанда 18,31%-ға өсті.

2017 жылы 6800 мыңнан астам адамның қатысуымен 53 спорттық-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылды.

2017 жылы аудан спортшылары спорт түрлері бойынша ресми халықаралық жарыстарда (Әлем, Азия чемпионаттары, ) 16 медаль ұтып алды: 2- алтын, 4 – күміс, 7 - қола.

Денсаулықты нығайту, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кәсіби белсенділігін жоғарылату мақсатында 2014 жылы «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған спорттық клуб» МКҚК құрылды.

Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесін жетілдіру, оқу орындарындағы оқушылар мен студенттердің дене тәрбиесі, тұрғындар арасындағы дене шынықтыру-бұқаралық қозғалысы, мүгедектердің дене дайындығы мен спорты, спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау, дене шынықтыру мен спортты насихаттау бойынша жұмыстар жалғасуда.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында барлық тұрғындардың, түрлі коллективтердің қызметкерлері қатысуымен спорттық-сауықтыру шаралар ұйымдастырылды: бұқаралық шаңғымен жүгіру (қаңтар), бұқаралық жүгіру (сәуір), аудандық, қалалық, облыстық әкімшілік және облыстық департаменттер қызметкерлері арасында облыстық спартакиада (мамыр), сондай-ақ медиктер арасында спартакиада (маусым).

2017жылы дене шынықтыру және спорт ұйымдарын қаржыландыруға 13,217 млн. теңге бағытталды (2015 ж. – 10,260 млн. теңге, 2016 ж. – 15,303 млн. теңге).


Спортты дамытудағы SWOT-талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • ауданның қолайлы географиялық жағдайы;

  • спорттың бұқаралық сипат алуы, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдардың спортпен қамтылуы;

  • спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары санының тұрақты өсуі;

.

  • жаттықтырушылық жұмыстың төмен жалақысына байланысты, жоғары білікті мамандардың басқа салаларға кетуі;

  • мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін жабдықталған арнайы спорт ғимараттарының жоқтығы;

  • мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетіктері қалыптастырылмаған;

  • мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру мекемелерінің спорттық материалдық-техникалық базаларының осалдығы.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • дене шынықтыру мен спорт саласында мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту;

  • материалдық-техникалық базаны нығайту;

  • дене шынықтыру және спортпен белсенді шұғылданатын адамдардың үлесін арттыру;




  • компьютерлік ойындар сынды ойын-сауық түрлерімен салыстырғанда дене шынықтыру мен спорттың бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі;

  • перспективаның болмауына байланысты, спорттық резерв пен жоғары білікті мамандардың кетуі.

Спорттың бұқаралық сипатын арттыру, дене шынықтыру мен спорттың аясын кеңейту мақсатында алынған шараларға қарамастан, ауылдық жерлердегі спорт ұйымдарының желісін дамыту, спорт ұйымдарын (мектептер, клубтар) материалдық-техникалық қамтамасыз ету проблемалық мәселелер болып отыр.

Кәсіби кадрлардың тапшылығы, спорт кешендерінің жетіспеушілігі, дене шынықтыру мен спорт саласының жеткіліксіз қаржыландырылуы бұқаралық спортты дамытуда үлкен қиындықтар туғызып отыр.


Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп

Қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алудағы басқа мемлекеттік органдармен бірлесе отырып қабылданып жатқан ішкі істер органдарының шаралары аудандағы криминогендік жағдайға тиісті бақылауды жүзеге асыруды, әлеуметтік-құптауға лайық деңгейде ұстауға мүмкіндік береді. Атап айтсақ, есепке алу-тіркеу тәртібіндегі критерийлердің өзгеруіне байланысты, қылмыстың жалпы санының өсуі жедел ахуалдың күрделенуіне әкелмегенмен, соңғы үш жылда ауданда аса ауыр қылмыстардың саны 2016 жылы 5-ден 2017 жылы 1-ге дейін және ауыр қылмыстардың саны (2016 жылы 8-ден 2017 жылы 3-ке дейін) төмендеді.
кесте

Қылмыстың деңгейі


Көрсеткіштер

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2017 ж.

2015 ж.

%-бен

Тіркелген қылмыстар мен оқиғалардың барлығы

155

131

88

56,7

олардың













аса ауыры

0

5

1

-

ауыры

8

8

3

37,5

10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыстың пайыздық деңгейі

48,1

39,2

26,2

х

Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған қылмыстардың саны

4

0

1

25,0

Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған қылмыстардың үлес салмағы

2,6

-

1,1

х

Бұрын қылмыс жасаған тұлғалар тарапынан жасалған қылмыстардың саны

0

3

3

-

Бұрын қылмыс жасаған тұлғалар тарапынан жасалған қылмыстардың үлес салмағы

-

2,3

3,4

х

Көшеде жасалған қылмыстардың саны

15

11

12

80,0

Көшеде жасалған қылмыстар санының үлес салмағы

9,6

8,4

13,6

х

Қабылданған алдын алу шараларының нәтижесінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың үлес салмағы 2017 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 75%-ға дейін төмендеді.

Қылмысқа қарсы күрес бойынша жұмыстың басым бағыттарының бірі есептегі контингентпен, әсіресе бұрын сотталған адамдармен профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру. 2017 жылы заңнамаға қылмыстық құқықбұзушылық туралы ақпараттар қайталап қылмыс жасаған адамдар соттылығы шешілген немесе өтелгеніне қарамастан есепке алынуын көздейтін өзгерістер енгізілуіне байланысты осы көрсеткіш өсті.

Сотталған адамдарға профилактикалық әсер етудің негіздері: әкімшілік қадағалау, шартты-мезгілінен бұрын босатылғандарды бас бостандығынан айыру орындарына қайтару және шартты жазалауды бостандығынан айыруға алмастыру болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесеп сотталған тұлғаларды жұмысқа орналастыру, сондай-ақ жаңа мамандықтарға оқыту бағытында жұмыстар атқарылуда.

2017 жылы көшеде жасалған қылмыстың жалпы жасалған қылмыс санынан үлес салмағы 13,6%, 2015 жылмен салыстырғанда көбейгені байқалады (9,6%).

Көше және басқа да қоғамдық орындарда криминогендік ахуалдың күрделілігі қоғамдық орындарда, көп қабатты үйлердің аулаларында орнатылған бейне қадағалау камералары желісін дамытуды талап етеді.
Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бойынша SWOT-талдау:


Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау бойынша жағдай жасалған;

  • Қызмет бабында пайдаланатын байланыс құралдарымен толыққанды қамтамасыз етілді.

  • Индер ауданы ішкі істер бөлімінің материалдық-техникалық базаларының төмендігі;

  • Аудан көлемінде бейнебақылау орнатылмау және жарықтандыру мәселелерінің әлдеде әлсіреуі;

  • Әкімшілік полиция бөліністерінің учаскелік полиция инспекторлары заң талабына сәйкес келетін тірек пунктілерімен қамтылмаған.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • Құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың санын өсуге жол бермеу бойынша уақытылы шаралар қабылдау;

  • Құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін жетілдіру. Қоғамдық орындарда, көп қабатты үйлердің аулаларында орнатылған бейне қадағалау камераларының желісін кеңейту;

  • Жолдардағы құқық бұзушылықтарды автоматты түрде жазып алатын техникалық құралдарды қолдана отырып, жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін нығайту.

  • Аудан аумағында теріс ағымда жүрген діни экстремизімдерге қарсы күш қолдану




Негізгі мәселелер болып табылады:

Жол қозғалысына қатысушылардың, әсіресе көлік құралдарын жүргізушілер тарапынан жол тәртібінің сақталуы төмен күйінде қалып отыр;

Жергілікті маңызы бар жолдардың техникалық жағдайының өте нашарлығы, көшелердің тиісті деңгейде жарықтандырылмауы, жасанды жол бұдыры, жаяу жүргіншілер мен тротуар қоршаулары санының жеткіліксіздігі;

ІІО-ға есепке қойылғанына қарамастан сотталған тұлғалар тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарына жолданады. Олардың ішінде жұмысқа орналастырылғандары санаулы, күнкөріс қамы көп жағдайда қайта қылмыс жасауға әкеліп жатады;

Аталған мәселенің шешімін табу үшін бұрын сотталған тұлғалар үшін жұмыс орындарына квота бөлу туралы кәсіпорындармен меморандум жасасу;

Бұрын қылмыс жасаған тұлғаларды бақылауды қатаңдату, түзелу жолына түспегендерге қатысты әкімшілік қадағалау орнату, мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған адамдарды бас бостандығынан айыру орындарына кері қайтару сияқты заңды түрде ықпал ету шараларын қолдану;

«Мектеп» полиция инспекторлары лауазымдарының штат санын кезең-кезеңімен көбейту қажет, бұл оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарымен ертерек айналысуға мүмкіндік береді;

Балалар мен жасөспірімдердің каникул кезінде бос уақыттарын ұйымдастыру, жаңадан сауықтыру лагерлерін, спорт залдар мен алаңдар құру бойынша белсенді жұмыстану қажет;

Аудандағы елді мекендердегі көшелерді кезең-кезеңмен жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізу;

Жол қозғалысы ережелерін бұзушыларға қатысты жауапкершіліктерді қатаңдату;

Ішкі істер органдары тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар ауданда қылмыстың деңгейін төмендетуге, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге, құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыруға ықпал етеді.
ИНФРАҚҰРЫЛЫМ САЛАСЫ
Байланыс және коммуникация

Телефон байланысы саласындағы «Қазақтелеком» АҚ-ның ұлттық операторы болып табылатын «Қазпошта» АҚ филиалы пошта байланысы саласындағы қызмет көрсету нарығында негізгі жабдықтаушы болып қалып отыр.

Интернет желісіне қосуды қамтамасыз ету бойынша желі байланыстарының дамуы озық қарқында. 4G технологиясы енгізілуде, ADSL, CDMA/EVDO, FTTH, 3G және WiFi сияқты технологияларды қолданумен Интернет желілеріне кеңжолақты қосылу желісі дамуда.

2017 жылы тіркелген Интернеттің абонент саны 4036 бірлікті құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 85,0%-ға азайды. 2017 жылы жоғары жылдамдықты кеңжолақты қосылуды қолданумен тіркелген Интернеттің абонент саны 4036 бірлікті (тіркелген Интернеттің жалпы абонент санының 52,9%-ы) құрады.

Соңғы жылдары байланыстың көрсететін қызмет құрылымы өзгерді. Интернет желілеріне қосылудың және ұялы байланыстың әр алуан түрлерінің енгізілуіне байланысты байланыс қызметінің жалпы көлеміндегі тіркелген телефон байланысының үлесі қысқаруда.

Тіркелген телефон желілерінің саны 2017 жылдың аяғына 6219 бірлікті құрады, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 2,7%-ға төмен, соның ішінде тұрғындарда – 5679 бірлік (2,9%-ға төмен). Ауданның ауылдық елді мекендердің 100 пайызға телефондандырылған.



Байланыс бойынша негізгі көрсеткіштер





2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2017 ж.

2015 ж. %-бен

Тіркелген телефон желілерінің саны, бірлік

6565

6391

6219

94,7

Тіркелген Интернет абоненттерінің саны, бірлік

2929

3435

4036

137,7

Тіркелген Интернет желілеріне кеңжолақты қосылу абоненттерінің саны, бірлік

2929

3435

4036

137,7


Байланыс және коммуникация бойынша SWOT-талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • Интернет желілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша байланыс желілерінің, мобильдік байланыстың дамуы озық қарқынмен келе жатыр;

  • жергілікті телефон байланыстарын цифрландыру деңгейі ұлғаюда;

  • телерадиотарату желілерін цифрлық технологияға өту көмегімен жетілдіруі.

  • ұялы байланыс, Интернет желілері қызметінің жоғары тарифы;

  • ИКТ отандық өндіріс құралдарының төмен деңгейлігі және оның импортқа тәуелділігі;

  • ақпараттық теңсіздік, халықтың компьютерлік жалпы сауаттылығының төмен деңгейлігі.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • CDMA/EVDO, FTTH, 3G және 4G, WiFi сымсыз желілері сияқты заманауи технологияларды қолданумен Интернет желілеріне кеңжолақты қолжетімділік;

  • бар желілерді жетілдіру арқылы телефон байланыстарын жаңғыртуды және жетілдіруді жүргізу;

  • заманауи жоғары сапалы цифрлық телевизияны енгізу;

  • ауылдық елді мекендерде телефон байланыстарын жаңғырту және жетілдіру.

  • АКТ-ға импорт тәуелділігінің жоғарлылығы.



АКТ-ның енгізілуі бүгінгі таңда көп жағдайда ғылым, білім, экономика және әлеумет салаларының дамуын анықтайды, еңбек өнімділігінің және шығарылатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің сапасының өсуіне, мемлекеттің билік органдарының қызметіне және олардың қоғаммен өзара әрекеттерінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Дегенмен, сондай немесе басқа да саладағы қызметкерлердің жұмыстарында қолданыстағы бағдарламалық қамтамасыз етулерді, ресурстарды, жаңа технологияларды қолданудағы жеткіліксіз білімдері енгізілген АКТ-ны дұрыс әрі тиімді пайдаланылуына мүмкіндік бермейді, ал бұл сәйкесінше, олардың көрсетіп отырған қызметтері мен атқарып отырған жұмыстарының сапасын арттыруға кедергі жасайды. Сондықтан, ақпараттық қоғамды құру барысында халықтың жалпы компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру ғана емес, экономиканың барлық саласындағы қызметкерлердің, мемлекеттік және азаматтық қызметкерлердің, орта және кіші бизнес өкілдерінің кәсіптік бағыттағы компьютерлік сауаттылығының деңгейін көтеру түйінді мәселе болмақ.

Телекоммуникация саласындағы басты беталыс жоғары жылдамдықтағы оптикалық және сымсыз технологияларға негізделген инфрақұрылымды дамыту, мекемелер мен жалпы халыққа мультимедиалық қызметтерді ұсыну, телерадио өнімдерінің цифрлық технологиясын ендіру мен дамыту, сол сияқты жергілікті телефон байланыстарын цифровизиялауды кеңейту болып отыр.

Сонымен қатар, байланыс инфрақұрылымын дамыту бірқалыпты жүрмей отыр, халықтың жеке топтары үшін заманауи ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің қолжетімділік деңгейінде айтарлықтай диспропорция бар.
Құрылыс

Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 2017 жылы 4 584,6 млн. теңгені құрады немесе 2016 жылдың деңгейіне 8,1 есе.


Құрылыс жұмыстарының көлемі

млн. теңге



Көрсеткіштер

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

Барлық құрылыс жұмыстары

5 268,6

561,7

4 584,6

құрылыс - монтаждау жұмыстары

2 199,8

98,2

3 547,7

ағымдағы жөндеу

55,3

50,3

201,8

күрделі жөндеу

3 064,1

413,2

835,1

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі, өткен жылға %-бен

46,4

11,1

208,3

Орындалған құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде тұрғын үй ғимараттарын салу (86,7%), тұрғын үй емес ғимараттарды салу (13,2%).

2015-2017 жылдары құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде едәуір көп көлемі жеке – 78,5%, мемлекеттік – 21,5% құрылыс ұйымдарымен орындалды.

2015-2017 жылдары барлық меншік түріндегі кәсіпорындар және ұйымдармен 3 тұрғын үйге жатпайтын нысан пайдалануға берілді, соның ішінде:

білім саласында: 290 орындық 1 мектепке дейінгі ұйым;

денсаулық сақтау саласында: 2 амбулаториялық-емханалық ұйым.

Тұрғын үй қоры жыл сайын ұлғаюда. 2015 жылы тұрғын үй қоры 24536 шаршы м. құрады, 2016 жылы –19249 шаршы м., 2017 жылы – 19438 шаршы м.
кесте




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет