Бағдарламасы индер ауданы 2019 жыл мазмұНЫ



жүктеу 1.45 Mb.
бет7/10
Дата21.04.2019
өлшемі1.45 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Тұрғын үйлерді іске қосу

жалпы ауданының шаршы м



Көрсеткіштер

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2017 ж. 2016 ж., %-бен

Іске қосылған тұрғын үйлер - барлығы

24 536

19 249

19 438

100,9

оның ішінде есебінен













бюджеттік қаражат

13 531

1 202

0

-

меншікті қаражат

11 005

18 047

19 438

107,7

банктердің кредиттері

0

0

0

-

басқа да қарыз қаражаттар

0

0

0

-

Салынған пәтерлер саны

210

132

139

105,3

Халықтың тұрғын үймен орташа қамтамасыз етілуі 2015 жылы бір адамға 16,2 шаршы метрден ұлғайып, 2017 жылы 17 шаршы м. құрады.

Тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар 2015 жылы 815,2 млн. теңгені құрады, 2016 жылы – 814,5 млн. теңге, 2017 жылы – 874,0 млн. теңге.

2015-2017 жылдары бюджет қаражаты есебінен жалпы ауданы 14,7 мың шаршы метр 4 көппәтерлі тұрғын үйлер (134 пәтер) іске қосылды.

2015-2017 жылдар кезеңі аралығында тұрғын-үйлердің жалпы ауданы 63,2 мың шаршы метр пайдалануға берілген.
Құрылыс бойынша SWOT – талдау


Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • Құрылыс монтаждау жұмыстары мен күрделі жөндеу бойынша көлемдерінің ұлғаюы;

  • тұрғын үй құрылысы секілді секторларда құрылыс материалдарына тұрақты сұраныстың өсуі;




  • қыс мезгілі құрылыс жағынан сұраныстың, куаттың жеткіліксіздігін тудырады (тұрып қалу мезгілінің ұлғаюы).

  • жеке тұрғын үй құрылысының тұрақты дамуына коммуникациялардың жоқтығы;

  • тұрғын үй құрылысы жүйесінің мүмкіншіліктерін тиісті деңгейде пайдаланбау.




Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • жаңа замандық технологияларды енгізу арқылы құрылыс индустриясын дамыту, құрылыс материалдары өнімдерінің үлкеюі, құрылым мен өнімді энерго тиімділік және экологиялық талаптарға сәйкес өндіру, тұрғын үй құрылыс құрамында қазақстандық үлесін арттыру;

  • жыл бойы бір қалыпты құрылысты ұйымдастыру;

  • жеке тұрғын үй құрылысын дамыту;

  • жеке инвесторларды тұрғын үй құрылысына тарту және мемлекеттік-жекеменшік әріптестікке ынталандыру.

  • қыс мезгілінде құрылыс материалдарының тұрып қалу уақытының созылуы;

  • мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінуіне тікелей байланысы;

  • жеке тұрғын үй құрылысының құлдырауы.






Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

2016 жылы облыстың тұрғын үй секторында жалпы көлемі 507821 текше метр құрайды, соның ішінде 8162 текше метр немесе 98,4% тұрғын үй жеке меншікте. Тұрғын үй қорының көп қабатты тұрғын үйлерге жататын 110,0042 текше метрі немесе 0,74% жөндеудің кейбір түрлерін қажет етеді, 0,8 текше метрі (0,2%) – әрі қарай пайдалану үшін жарамсыз деп танылған, бұзуға жататын апатты үйлер.

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы аясында ауданда көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеуге қаржы қаралмауынан жөндеу жұмыстары жүрмеуде.

Электрмен қамту аудан инфрақұрылымының тіршілігін қамтамасыз етудің негізгі құрамының бірі болып табылады.

Ауданды электр энергиясымен қамтамасыз ету жұмыстары «Атырау Жарық» АҚ арқылы жүргізілуде. Барлық өндірілген электр энергия тұтынушылардың және кәсіпорындардың өз қажеті үшін энергия көздерімен пайдаланылады. Ауданның елді мекендерінде электр желілерінің жалпы ұзындығы 235 шақырым, 115 дана қосалқы трансформаторлық стансасы бар, оның 51,0 пайызы тозығы жеткен.


Сумен қамту

Аудан тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамту 99,5%-ды құрайды, соның ішінде Индербор кенті – 100,0%.


Орталықтандырылған сумен қамтылуы




2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

Аудан тұрғындарының сумен қамтылуы

99,1

99,5

99,5

Кент тұрғындарының сумен қамтылуы

98,0

98,0

100,0

Индербор кентінде 14265 тұрғыны 120,3 км орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген. Атап айтқанда, 2011 жылға дейін 62,3 су желісі іске қосылып, пайдаланылып келсе, 2011-2015 жылдар аралығында Ақбұлақ бағдарламасы бойынша 58 км су желісі жүргізіліп, іске қосылды. Су тазарту қондырғысымен су желілері коммуналдық меншікте. Қызмет көрсетуші «Индерсу» КМК.

Бөдене ауылындағы су тазарту қондырғысы іске қосылып 1582 тұрғын 21,2 км су желісімен су алуда. 2016 жылдың басынан бастап сенімгерлік басқаруға беріліп, қазіргі кезде барлығы 21,2 км су желісі толықтай іске қосылып жұмыс жасап тұр. Су шаруашылығын «АгроСтройИндер» ЖШС қызмет көрсетуде. 2015 жылдың аяғында су тазарту қондырғысының 1 су жинақтағыш резервуары қайта жаңғыртудан өткізіліп, іске қосылды. Қазіргі таңда 2 су жинақтағыш резервуар және 1 су айдағыш мұнарасы жұмыс істеп тұр.

Жарсуат ауылындағы ұзындығы 37,5 км су желісінен 2179 адам су алуда. 2014 жылы су тазарту қондырғысы қайта жаңғыртылып, қосымша 16,8 км су желісі үй үйге тартылды және 1 су жинақтағыш резервуар іске қосылды. 2016 жылдың басынан бастап сенімгерлік басқаруға беріліп, қазіргі кезде барлығы 37,5 км су желісі толықтай іске қосылып жұмыс жасап тұр. Қондырғыны «Баймукашева Г.С» ЖК сенімгерлік басқаруға алған. Қазіргі уақытта су тазарту қондырғысының 2 су жинақтағыш резервуары және 1 су айдағыш мұнарасы бар. Жарсуат ауылдық округіне қарасты Құрылыс ауылында Ақбұлақ бағдарламасы бойынша 2016 жылы желтоқсан айында аяқталған жұмыстар қабылданды, қазіргі таңда ауылда 3,1 км су желісі қайта жаңғыртылып, іске қосылды. 2016 жылы жаңадан барлығы 3 резервуар және 1 су мұнарасының құрылыс жұмыстары аяқталып іске қосылды. Бұқар ауылы Қарабау елді-мекенінен ұзындығы 14,3 км ауыз су желісімен қамтамасыз етілген. Кетебай елді-мекені жер асты суын пайдалануда.

Елтай ауылында 22,8 км су желісінен 2610 тұрғын су алуда. 2016 жылы 1,5 км су желісі үй үйге тартылып, 1 су жинақтағыш резервуар жөндеуден өткізіліп, іске қосылды. Су тазарту қондырғысының барлығы 2 су жинақтағыш резервуары және 1 су айдағыш мұнарасы жұмыс істеп тұр. Су жүйесін «Кисимов» ЖК сенімгерлік басқаруға алып отыр. Елтай а/о қарасты Аққала ауылына 7,1 км желі тартылып, іске қосылды. Оған қосымша 2016 жылы жаңа көшелерге 5,9 км су желісі тартылып, іске қосылды. 2016 жылы барлығы 3 резервуар және 1 су мұнарасының құрылысы аяқталып іске қосылды.

Есбол ауылында 4613 тұрғыны ауыз суды 32,9 су желісі арқылы пайдалануда. 2016 жылдың басынан бастап сенімгерлік басқаруға беріліп, қазіргі кезде барлығы 32,9 км су желісі толықтай іске қосылып жұмыс жасап тұр. Барлығы 4 резервуар және 1 су мұнарасы жұмыс істеп тұр. Су жүйесін «Испусинов» ЖК сенімгерлік басқаруға алып отыр. Есбол а/о қарасты Ынтымақ ауылында Ақбұлақ бағдарламасы бойынша 2016 жылы желтоқсан айында 3,5 км су желісі қайта жаңғыртылып, іске қосылды. Барлығы 3 резервуар және 1 су мұнарасы жұмыс істеп тұр.

Өрлік ауылында 39,6 км су желісінен 3028 тұрғын су алуда. 2016 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша үй-үйге 19,2 км сужелісі тартылып, су тазарту қондырғысының 1 су жинақтағыш резервуары жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді. Барлығы 2 резервуар және 1 су мұнарасы жұмыс істеп тұр. Қызмет көрсетуші «АгроСтройИндер» ЖШС.

Көктоғай ауылында 35,3 км су желісінен 2695 адам су алуда. 2016 жылы 18,8 км су желі үй-үйге тартылып, су тазарту қондырғысының 1 су жинақтағыш резервуары жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді. Барлығы 2 резервуар және 1 су мұнарасы жұмыс істеп тұр. Қызмет көрсетуші «Ерлан» ЖК.


Табиғи газбен қамтылуы




2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

Аудан тұрғындарының газбен қамтылуы, %

99,0

99,0

99,0

Кент тұрғындарының газбен қамтылуы, %

100,0

100,0

100,0

Аудан бойынша 13 елді мекен толықтай газбен қамтылған. Жарсуат елді мекенінде қарасты Кетебай ауылы басқа елді мекендерден шалғайда орналасқандықтан және халық санының 50-ден төмен болуына байланысты газ желісін жүргізу экономикалық тиімсіз болып саналады.


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бойынша SWOT-талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • өз электр энергиясы өндірісімен қамтамасыз етілуі;

  • электр энергиясын өндіру өнеркәсібі өсімінің артуы;

  • халықтың табиғи газбен қамтамасыз етілуінің жоғарғы үлесі.

  • электр желілері, жылу, сумен қамту және суды бұру желілерінің тозуының жоғарғы деңгейі.




Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • электр желілері, магистралдық және жылу, сумен қамту және суды бұру желілерін қалпына келтіру және күрделі жөндеу;

  • инженерлік инфрақұрылымды әрі қарай дамыту арқылы халықтың сапалы өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету.




  • өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету инфрақұрылымының тозығы жетуі және толықтай тоқтауы.



Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтың негізгі проблемалық мәселесі болып электр, жылу, сумен қамту және суды бұру желілерінің тозығы жетуі, өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету инфрақұрылымының жаңа желілерін салу және қалпына келтіру жұмыстарына мемлекеттік және жеке инвестициялардың жеткіліксіздігі; коммуналдық қызметтің қолданыстағы тарифтері желілерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу шығындарын жаппайды; өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету инфрақұрылым жүйелеріне қызмет көрсету бойынша кәсіпорындардың материалдық-техникалық жабдықтарының жеткіліксіздігі.


Экология және жер ресурстары

Атмосфералық ауаның ластануы. Атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын жүзеге асыратын құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындары, қазандық шаруашылықтар, автокөліктер негізгі ластаушылар болып табылады. КазТрансГазАймақ АҚ аудандық учаскесінен алынған дерек бойынша аудан бойынша тұтынған табиғи газ мөлшері және аудан бойынша тіркелген көлік құралдарынан шығатын түтін.

Орталықтандырылған су бұрумен жабдықталған халық саны 5706, аудандағы халық саны 33505 болғандықтан, 17,1 пайызды құрап отыр. Қалғаны аулаішілік құдықтардан ассенизациялық көліктер арқылы алғызады



Шығарындылар көлемі


Төгінділер түрлері

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

Шаруашылық-тұрмыстық ағынды сулар

Су бұру көлемі, мың текше м

0,140

0,0016

0,0016

Ластаушы заттар көлемі, мың тонна

0,01019

0,090

0,090


Экология бойынша SWOT-талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

«Индер Тек» ЖШС арқылы келісім шартқа отырған әр тұрғын үйден күнделікті қоқыстардың уақытында қоқыс алаңына төгілуі. Пайда болған тұрмыстық қатты қалдықтарды  кәдеге жарату үлесі

Аудан елді мекендердегі 11 қоқыс алаңдарына қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылып, орналастырылады. Оларды кәдеге жарату жұмыстары жүргізілмегендіктен кәдеге жарату үлесі 0% құрайды

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

Облыстардың, республикалық маңызы бар калалардың, астананың халқын қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтермен қамту.

Аудан бойынша 14 елді мекендер бар болса, оның 11 елді мекендерінде 11 қоқыс алаңдарына қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылып, орналастырылады. Олардың пайыздық көрсеткіші 79% құрайды

Аудан бойынша 11 елді мекендердегі қоқыс алаңдарына жобалық сметалық құжаттама жасақтап, қоқыс алаңдарының құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаражат бөлу. Өңірде экологиялық жағдайдың едәуір жақсару мақсатында аудан кәсіпорындары мен мекемелерінің ластайтын жерлердің қадағалауды күшейту.

Орта мерзімді перспективада аумақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіндіктерін және бәсекелік артықшылықтарын тежеуші факторлардың, тәуекелдердің, негізгі проблемалардың кешенді сипаттамасы



Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

А басымдылық

- Табиғи ресурстардың бай кен орындарының болуы (құрылыс материалдары);

- Тау кен өнеркәсібіндегі жоғары индустриалдық әлеует;

- Ауыл шаруашылық өнімінің негізгі түрлерінің өндіріс көлемдерінің өсуі, аграрлық секторды дамыту;

- Шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту және нарықтық инфрақұрылымның болуы
B басымдылық

- Өлімнің төмендеуінде халық туылу өсімінің негізінде ауданның табиғи өсімінің тұрақты оң үрдісі;

- Халық өмірінің сапасын және деңгейін жоғарылатудағы оң бетбұрыстар;

- Әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша көрсеткіштерді төмендету




С басымдылық

- Балаларды мектепке дейінгі оқыту және тәрбиемен қамтудың жоғары деңгейі;

- Ауданның жоғары тарихи-мәдени әлеуеті;

- Газбен қамтамасыз етілген халықтың үлесі.



А басымдылық

- Өңірдің жоғарғы ресурстық тәуелділігі;

- Өңдеу секторының жоғары емес үлесі және өнеркәсіптік кәсіпорындар жабдықтарының тозуы;

- Тәуекел жер өңдеу аймағы;

- Ауыл шаруашылығы жабдықтарының тозуының жоғары деңгейі.
B басымдылық

- Қала және ауыл халықтарының орташа айлық табыстары деңгейлеріндегі сәйкессіздіктер;

- Барлық мамандықтар бойынша жоғары білікті дәрігерлер тапшылығы;

- Жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының қанағаттанарлықсыз жай –күйі


С басымдылық

- Инклюзивтік білімнің даму деңгейі төмен;

- Мәдениет мекемесі қызметтеріне аудан халқының теңсіз жетімділігі;

- Коммуналдық тораптар тозығының жоғары деңгейі



Мүмкіндіктер

Қауіптер

А басымдылық

- Индустриалдық-инновациялық дамудың жоғары қарқыны;

- Өңдеу өнеркәсібі салаларының бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауы;

- Дайын ауыл шаруашылығы өнімі экспортының ұлғаюы және ауыл шаруашылық өнім өндірісі мен өңдеу көлемдерінің өсімі;

- Шағын және орта кәсіпкерліктің өндірістік инфрақұрылымының дамуы
B басымдылық

- Қолайлы экологиялық шарттарды құру;

- Ауылдық қоныстануды оңтайлы қамтамасыз ету мақсатымен ішкі көші-қонды реттеу;

- Әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды одан әрі дамыту есебінен халық өмірінің сапалы деңгейін қамтамасыз ету;

- Әлеуметтік саланың жоғары білікті мамандарының ауылға келуін ынталандыру;

- Жоғары білікті мамандарды тарту жолымен денсаулық сақтау саласы қызметтерінің сапасын жоғарылату;

- Жақсы жай-күйдегі жергілікті маңызды автомобиль жолдарының үлесін жоғарылату

С басымдылық

- Мектепке дейінгі балаларды сапалы тәрбиемен және оқытумен жүз пайыздық қамтылуы;

- Ұсынылатын мәдени қызметтер сапасының жоғарылауы және дамуы.


А басымдылық

- Өңдеу өнеркәсібінің қысқаруы;

- Қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлардан аграрлық сектор көрсеткіштерін және инвестициялық тартымдылықтың төмендеуі;

- Жаңа өндірістер ашуда және қолданыстағы өндірістерді әртараптандыруда кәсіпкерлік бастаманың төмендеуі;

- Жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемдерінің төмендеуі
B басымдылық

- Өңірдің экологиялық ахуалының күрделенуі;

- Білікті және жас мамандардың өңірден көшуі;

- Халықтың өмір сүру деңгейі сапасының төмендеуі;

- Дәрігерлік кадрлардың тапшылығынан халыққа медициналық қызметтердің толық көлемде берілмеуі;

- Ауданның экономикалық кеңістігі сапасының нашарлауы;


С басымдылық

- Инклюзивтік білім саласында әлеуметтік стандарттардың сақталмауы;

- Ауданның өмірін қамтамасыз етуші инфрақұрылымы жұмысының тозуы және толық тоқтауы


III. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ
І Бағыт: Экономика
Өңірлік макроэкономика

1.1.Мақсат: Экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету



Нысаналы индикаторлар

Өлшем бірлігі

2014 ж. нақты

2015 ж. нақты

2016 ж.

нақты


2017 ж.

нақты


Жоспар

Ақпарат көзі

2018 ж.

2019 ж.

2020 ж.

11.

Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны

%

105,6

105,4

102,5

103,2

103,2

103,3

103,4

Индер ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының есебі

Қол жеткізу жолдары:

Салықтар мен мемлекеттік бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерді, салық базасының толық жиналуын қамтамасыз ету.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет