Бағдарламасы Жалпы және теориялық физика кафедрасының отырысында талқыланды Хаттама №11 «30» маусым 2015 ж



жүктеу 76.43 Kb.
Дата07.09.2018
өлшемі76.43 Kb.
түріБағдарламасы

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК

Жалпы және теориялық физика кафедрасы
БЕКІТЕМІН

«Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК оқу жұмысы жөніндегі проректоры


________ Е.А. Оңғарбаев
«____» _________ 2015 ж.

Докторантураның 6D060400 – «Физика» мамандығына түсушілер үшін мамандық бойынша емтиханның
Бағдарламасы

Жалпы және теориялық физика кафедрасының отырысында талқыланды


Хаттама № 11 « 30 » маусым 2015 ж.


ЖжТФ кафедрасының меңгерушісі Р. Мырзақұлов

ФТФ деканы Ә.Т. Ақылбеков


Астана, 2015 ж.
Докторантураның 6D060400-«Физика» мамандығына түсушілер үшін мамандық бойынша емтиханның

Бағдарламасы

Докторантураның 6D060400-«Физика» мамандығына түсушілер үшін мамандық бойынша емтиханның сұрақтары жалпы және теориялық физиканың мынадай пәндері бойынша дайындалған:




  1. Механика

  2. Молекулалық физика

  3. Электр және магнетизм.

  4. Оптика.

  5. Атомдық және ядролық физика.

  6. Электродинамика.

  7. Кванттық механика.


Механика

Ілгерілемелі және айналмалы қозғалыстағы материалдық нүктенің динамикасы. Жалпыланған жылдамдықтар мен координаттар. Пуассон жақшалары. Тұтас ортадағы механикалық тербелістер мен толқындар. Инерциалық емес санақ жүйелеріндегі қозғалыс. Инерциалық емес жүйелер үшін динамика заңдары. Галилей және Лоренц түрлендіруі. Қатты дене динамикасы. Инерция, күш және импульс моменттері. Эйлер бұрыштары. Эйлер теңдеуі. Денелердің әсерлесуі. Кеплер заңдары және бүкіләлемдік тартылыс заңы. Ғарыштық жылдамдықтар. 1. Ең кіші әсер принципі. Олардың түрлі орталарда қолданылу мысалдары. Гамильтон теңдеуі. Қатты дене кинематикасы мен динамикасы. Инерция, күш және импульс моменттері. Эйлер бұрыштары. Эйлер теңдеуі. Гюйгенс-Штейнер теоремасы. Гидродинамиканың негізгі заңдары. Олардың физикалық мағынасы. Бернулли теңдеуін қорыту және оның салдары. Сұйықтар мен газдардағы қысым. Үзіліссіздік теңдеуі.


Молекулалық физика

Идеал газ. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі. Идеал газ күйінің теңдеуі. Изопроцесстер. Адиабаталық және политропты процесстер. Жылулық қозғалыстың жылдамдық және энергия бойынша Максвелдің үлестірілімі. Молекулалардың ең ықтимал жылдамдығы. Орташа арифметикалық жылдамдық. Молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығы. .

. Молекулалардың еркіндік дәрежесінің саны. Молекулалардың еркіндік дәрежелері бойынша энергияның бірқалыпты үлестірлу заңы. Идеал газдардың жылусыйымдылығы. және жылусыйымдылықтары. Майер формуласының физикалық мағынасы. Фазалық кеңістік. Микроскопиялық және макроскопиялық параметрлер. Статистикалық үлестірілім. Статистикалық тәуелсіздік. Термодинамика заңдары. Оларды жылулық қозғалтқыштарды есептеу үшін қолдану. Қайтымды және қайтымсыз процесстер. Карно циклі. Нақты газдар. Нақты газдың ішкі энергиясы. Гей-Люссак және Джоуль-Томсон эффектісі. Газдарды сығу. Газдардағы тасымалдау процестері. Фик заңдары. Фурье заңы. Ньютон формуласы. Ван-дер-Ваальс теңдеуі. Ван-дер-Ваальс изотермалары. Кризистік параметрлер. Клаузиус теңсіздігі. Энтропия. Энтропияның физикалық мағынасы. Ықтималдылық және энтропия. Сұйықтардың қасиеті. Беттік керілу. Жұғу. Қисық беттегі қысым. Капиллярлық құбылыс. Бірінші реттік фазалық ауысулар. Клайперон- Клаузиус теңдеуі. Үштік нүкте. Күй диаграммасы.
Электр және магнетизм.

Электр және магнит өрістеріндегі зарядталған бөлшектердің қозғалысы. Қозғалыстағы зарядтың қозғалысы. Сыртқы өрістегі зарядтардың жүйесіндегі дипольді және мультидипольді моменттер. Тұрақты магнит өрісі. Магнит моменті. Көлемдік және беттік токтардың магнит өрісі. Электромагниттік өрістің тензоры. Өріс үшін Лоренц түрлендіруі. Өрістің инварианттары. Электромагниттік өріс потенциалдарының мультипольді ыдырауы. Біртекті ортадағы нүктелік, көлемдік және сызықты зарядтардың өрісі. Гаусс теоремасы. Комформдік кескін әдісі. Суперпозиция принципі. Электромагниттік толқындардың поляризациясы Жалпы қасиеттері. Сызықты және дөңгелек поляризацияның дербес жағдайлары. Эллипстік поляризациялы толқын. Магнитостатиканың дифференциалдық теңдеуі және Ампер заңы. Векторлық потенциал мен токтың дөңгелек құйынының магнит индукциясы. Токтардың шектеулі үлестірілуінің магнит өрісі. Тежеулі сәуле шығару. Кулондық әсерлесу кезіндегі сәуле шығару. Квадрупольді және магнит-дипольді сәуле шығару. Лиенард-Вихерт потенциалдары. Кешігетін потенциалдардың спектральды жіктелуі. Дипольді сәуле шығару. Соқтығысу кезіндегі дипольді сәуле шығару.Магнит өрісі. Био-Савар-Лаплас заңы және оны әр түрлі конфигурациялы денелерден магнит өрісін есептеуде қолдану. Холл эффекті. Жылдам қозғалатын зарядтардың сәуле шығаруы. Атомдардың магнит моменттері: орбитальды момент, спиндік момент, толық момент. Релятивистік жағдайдағы тежеуші сәуле шығару. Электр өрісіндегі өткізгіштер. Электр өрісінің энергиясы. Сыртқы өрістегі зарядтар және зарядтар жүйесінің орын ауыстыруындағы жұмысы. Молекулалардың поляризациялануының моделі. Диэлектриктердегі электр өрісінің энергиясы. Дифференциалдық және интегралдық түрде лездік мән үшін Пойнтинг теоремасы. Сыртқы магнит өрісінде шектелген үлестірілген токқа әсер ететін күш пен момент, магнит индукция мен өріс үшін шекті шарттар. Сфера үшін Грин функциясы. Потенциал үшін жалпы өрнек. Әр түрлі потенциалға ие болатын жартысфераны өткізетін екі өткізгіштер. Электромагниттік өрістің төртөлшемді потенциалы. Өрістегі заряд қозғалысының теңдеуі.Шағылудағы поляизация және толық ішкі шағылу. Өткізгіш ортадағы толқындар. Өткізгіштіктің қарапайым моделі.


Оптика

Жарықтың интерференциясы. Кескінді голографиялық жазу және бейнелеу әдісі. Жарықтың қосарланып сынуы және материалдың табиғи оптикалық белсенділігі. Жарық дифракциясы. Фраунгофер дифракциясы. Френель дифракциясы. Корню спиралі. Жарық дисперсиясы. Жарық дисперсиясының электрондық теориясы. Жарықтың жұтылуы. Доплер эффекті. Вавилов-Черенков сәуле шығаруы. Молекулалық спектрлер. Молекуладағы атомдар арасындағы байланыс түрлері. Айналмалы, тербелмелі-айналмалы спектрлер. Электронды-тербелмелі спектрлер.


Атомдық және ядролық физика.

Ядроның тамшы және қабықша моделі. Сутегі тәріздес атом. Дискретті спектрдің энергия деңгейлері және толқындық функциялар. Кездейсоқ төмендеу. Қарапайым бөлшектердің спині. Спиндік оператор мен спиндік функциялар. Коммутациялық қатынастар. Квазиклассикалық жуықтаудағы альфа-ыдыраудың теориясы. Сутегі атомы. Сутегі атомының спектрі. Резерфорд тәжірибесінің көзқарасы бойынша атом моделі мен Бор постулаттары. Тұрақты электр өрісіндегі сутегі атомы, Штарк эффектісі. Ядролардың негізгі қасиеттері. Атом ядросының энергия байланысы. Ядролық күштер. Екі нуклон жүйесі.


Электродинамика.

Интегралдық және дифференциалдық түрдегі Максвелл теңдеуі және оның мағынасы. Үзіліссіздік теңдеуі. Электромагниттік толқындар. Монохроматты жазық толқын. Электромагниттік толқындардың поляризациясы. Электродинамика теңдеуінің релятивистік коварианттылығы. Электромагниттік өріс потенциалдары. Калибрлі инварианттылық. Максвелл теңдеуінің интегралдық түрі. Еркін қозғалыстағы зарядтың электромагниттік өрісінің тензоры. Электромагниттік өрістің импульсі. Жарық қысымы. Электромагниттік потенциалдар әдісімен Максвелл теңдеуін шешу. Даламбер теңдеуі. Еркін және байланысқан зарядтар. Еркін және байланысқан зарядтар жүйесі үшін өрістің орташа теңдеуі. Электрондық теорияның микроскопиялық өрісі үшін Максвелл-Лоренц теңдеуі. Монохроматты және нақты электромагниттік толқындар. Фазалық және топтық жылдамдықтар. Шашырау есебі. Кванттық механикалық есеп және шешу принциптері. Амплитуда және шашырау қимасы. Оптикалық теорема. Төмен жиілікті электромагниттік толқындардың шашырауы. Жоғары жиілікті электромагниттік толқындардың шашырауы. Ультрарелятивистік жағдайдағы электромагниттік сәулеленудің спектралді таралуы.


Кванттық механика.

Бақыланатын физикалық шамалар және сызықты түйіндес операторлар. Сызықты түйіндес операторлардың меншікті функциялары мен меншікті мәндері. Уақыт бойынша физикалық шамалардың мәндерінің дамуы. Эренфест теңдеуі. Эренфест теоремасы. Толқындық функция және суперпозиция принципі. Гамильтон операторы. Шредингер теңдеуі. Жұп потенциалды бірөлшемді Шредингер теңдеуін шешудің симметриялық қасиеттері. Кванттық механикадағы математикалық аппарат. Операторлардың коммутациясы және оның физикалық мағынасы. Гейзенбергтің анықталмағандықтарының қатынасы. Импульс операторы. Меншікті мәндер мен меншікті функциялар. Толқындық функцияның координаттық және импульстік көрінісі. Уақыт бойынша физикалық шаманың туынды операторы. Сақталу заңдары. Ықтималдылық ағысының тығыздығы. Кванттық механикадағы үзіліссіздік теңдеуі. Стационар жағдайдағы Шредингер теңдеуі және оның шешімі. Стационар күй. Бірөлшемді қозғалыстың стационар күйінің жалпы қасиеттері. Декарттық және сфералық жүйелер координатасындағы кванттық гармоникалық осцилляторв. Толқындық функциялар және энергиялар спектрі. Спин. Дирак және Клейн-Гордон теңдеуі, олардың қасиеттері мен байланысы. Жою мен туу операторлары. Бірөлшемді потенциалдық барьер арқылы сәуле шығару мен бөлшектің өтуі. Импульс моментінің операторы. Меншікті мәндерге теңдеуді шешу. Сфералық функциялар. Жоғарлату және төмендету операторлары. Моменттің матрицалық теориясы. Кванттық механиканың матрицалық анықтамасы. Матрицалық элементтерді есептеу. Екі дене есебі. Орталық өрістегі қозғалыс. Жалпы қасиеттер. Дискретті спектрдің күй түрлері. Радиалды толқындық функция үшін теңдеу. Паули теңдеуі. Магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектің қозғалысы. Спині ½ матрицалар. Паули матрицаларының қасиеттері. Спині ½ болатын бөлшектің толқындық функциясы. Ландау деңгейлері. Кванттық механикада моменттерді қосу. Клебш-Гордан коэффициенттері. Спині ½ болатын екі бөлшек үшін белгілі қосынды спинмен толқындық функцияны құру. Квазиклассикалық жуықтаулар. Толқындық функциялар мен біріктіру шарты. Квазиклассикалық жуықтауды қолдану шарттары. Бор-Зоммерфельдтің кванттау ережесі. Кванттау ережесінің көмегімен энергетикалық спектрді табу мысалы. Потенциалды барьер арқылы өтудің квазиклассикалық коэффициенті. Периодты ұйытқу әсерінен дискретті спектр күйінен үзіліссіздік спектр күйіне өту ықтималдылығы. Импульс моменті . LS- және jj- байланыс. Кванттық механикадагы айырбас әсерлесу. Пара- және ортогелий. Тепе-теңдік принципі. Ферми-Дирак пен Бозе-Эйнштейн статистикасы. Екінші рет кванттау. Фермиондар, жою және туу операторлары, коммутациялық қатынастар. Зееман эффектісі (қарапайым және күрделі). Ритц әдісі. Жуықтап есептеуге вариациялық әдісті қолдану. Соңғы уақытта әсер ететін ұйытқу әсерінен дискретті спектр күйлерінің арасында тасымалдау ықтималдылығы. Стационар емес ұйытқулар жағдайы. Төмендеусіз дискретті спектр күйі үшін стационар ұйытқу теориясы. Мысалдар. Төмендеумен дискретті спектр күйі үшін стационар ұйытқу теориясы. Мысалдар. Шашырау есебіне Борнов жуықтауы. Борнов жуықтауын қолдану шарттары. Баяу және шапшаң бөлшектердің шекті жағдайлары. Периодты өрістегі бөлшек. Энергия деңгейлерінің төмендеуі. Белгілі моментпен күйлер бойынша шашырау есебінің толқындық функциясын жіктеу. Шашыраудың фазалық теориясы. Шашыраудың фазасы мен матрицасы.

Жалпы және теориялық физика

кафедрасының меңгерушісі Р. Мырзақұлов
Каталог: downloads -> doctorantura
doctorantura -> Даулбаевой Альмиры Нурлановны Динамика изменения концентрации основных загрязняющих веществ в приземном слое атмосферы города Алматы Структура и объем диссертации диссертация
doctorantura -> 6D020500 – Филология
doctorantura -> Бағдарламасы мамандық бойынша емтихан : «6D070400- есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»
doctorantura -> «6D020500 – филология» (Қазақ Әдебиеттануы) мамандығы бойынша докторантурағА Қабылдау емтиханының бағдарламасы Астана, 2013 Бағдарлама Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «6М020500 – Филология»
doctorantura -> Бағдарламасы астана 2014 Бағдарлама 6D012300 «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»
doctorantura -> Сәулет-құрылыс факультеті


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет