Швеция Солтүстік Атлантикалық альянсқа (НАТО) ресми түрде қосылып, ұйымның 32-мүшесі атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Alamy Stock Photo

Ресми құжат АҚШ мемлекеттік департаментінің сайтында жарияланды.

Брюссельдегі НАТО штаб-пәтерінде Швеция туын көтеру рәсімі 11 наурызға жоспарланған.

Еске салсақ, бұған дейін Түркия парламенті Швецияның НАТО-ға кіруі туралы заң жобасын мақұлдағаны туралы жазған едік.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.