Танымал тележүргізуші, продюсер Ләйлә Сұлтанқызы ерекше тұсаукесер тойына қатысқанын баяндап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Журналист ерекше тұсаукесерге алғаш рет қатысып тұрған көрінеді. 

“Менің досым, 7 баланың әкесі, белгілі продюсер, Жан Мұқановтың кенже қызының тұсауын кестім. Ол рәсімге 7 келіншек қатыстық. Біріміз текеметті төсесек, біріміз бөпені алашаға тұрғызып, аяғына білезік тағып, ол білезік арқылы ала жіпті байлап, пышағын әкеліп, тұсауын кесіп, жетектедік. 
Сондағы ниет – әр әйелдің өзіндік ерекше қасиетін даналығын, нәзіктігін, қайсарлығын Ханзада қыз бойына сіңірсін дегені ғой. Ерекше тұсаукесер тойы болған”, – деп жазды ол.  
Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі мұндай салт-дәстүрді бірініш рет көріп тұрса, енді бірі жалғасуы керек үрдіс деп жатыр. “Мұны көрген жастар осы дұрыс екен деп тұсау кесуге жеті адам іздеп әлек болады ғой”, “Ләйлә кесетіндей қандай құдіреті бар екен?!”, “Қызылорда жақта осылай кесетінін естіп едім”, “Жанның өзі ойлап тапқан дәстүрі” деген пікір жазып жатқандар көп. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.