Бағдарламасы Күршім ауылы, 015 ж Мазмұны Паспорт Ағымдағы жағдайды талдау 6



жүктеу 2.02 Mb.
бет1/10
Дата07.03.2018
өлшемі2.02 Mb.
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Күршім аудандық мәслихатының


шешімімен бекітілген

«____» ______________2015 ж

_____




Күршім ауданының

2016-2020 жылдарға арналан

Аумақтарды дамыту

бағдарламасы


Күршім ауылы, 2015 ж


Мазмұны

1. Паспорт 3

2. Ағымдағы жағдайды талдау 6

2.1. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау 8



      1. 2.2. Әлеуметтік сала 27

      2. 2.3.Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп 46

      3. 2.4.Инфрақұрылымдық кешен 51

      4. 2.5.Экология және жер ресурстары 60

      5. 2.6.Мемлекеттікқызметтер 63

2.7. Проблемалар, тәуекелдер, бәсекелестік артықшылықтар мен мүмкіндіктерге

кешенді сипаттама 66

3. Негізгі бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, қорытынды

көрсеткіші және мақсатқа жету жолдары 71

4. Қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті ресурстар 94


  1. Паспорт

Атауы

Күршім ауданының аумақтарын 2016-2020 жылдарға арналған дамыту бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы

Ауданның негізгі мінездемесі

Күршім ауданы 1928 жылы құрылды. 1997 жылдан бастап аудан бұрынғы: Марқакөл және Күршім аудандарын біріктіріледі. Ауданның аумағы 23,2 мың шаршы км. (Шығыс Қазақстан облысы аумағының 8,2%). Күршім ауданы Шығыс-Қазақстан облысының Көкпекті, Катон-Қарағай, Зайсан аудандарымен және Қытай Халық Республикасымен шектесіп жатыр.

Әкімшілік орталығы - Күршім ауылы. Аудандық әкімшілік құрамында 12 ауылдық округ бар, оларға 53 елді-мекен кіреді. Ауданда 27,9 мың адам тұрады, халықтың тығыздылығы бір шаршы километрге 1,2 адамнан келеді.

Аудан су қорларына бай. Зайсан көлінің Күршім ауданында қарасты бөлігін қосқанда, 16 көл бар. Көлдердің аумағы 59596 га құрайды, оның ішінде ұсақ көлдер 768 га, Зайсан көлінің бөлігі 13017 га және Марқакөл көлі 45811 га. 191 мың. гектар жерді орман алқабы алып жатыр.


Әзірлеуші

Күршім ауданының экономика және қаржы бөлімі мүдделі аудандық салалық бөлімдерімен бірлесіп.

Бағыттары

Экономика;

Әлеуметтік сала;

Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп;

Инфрақұрылым;

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы;

Экология және жер ресурстары;

Мемлекеттік қызметтер;

Ауылдық елді-мекендердің аумақтарын дамыту.



Мақсаттары


  1. салықтық және салықтық емес бюджеттік түсімдердің өсуі

  2. өнеркәсіптің негізгі салаларын дамыту

  3. аумақтың аумақтық азық-түлік қауіпсіздігін сақтау

  4. ішкі сауда саласын динамикалық түрінде дамыту

  5. өңір экономикасына инвестициялар ағымын тартуды ынталандыру

  6. туризм индустриясын дамыту

  7. ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту негізін құру

  8. ұлттық білім стандарт аясында сапалы білім алуға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету

  9. балаларды мектепке дейінгі сапалы білім мен тәрбиемен қамтамасыз ету

  10. мемлекеттік жастар саясатын іске асыру

  11. тұрғындарының денсаулығын сақтау және нығайту

  12. халықты жұмыспен қамтылу шараларын жоғарылату

  13. халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобын қорғауды қамтамасыз ету

  14. мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қолжетімді ортаны құру

  15. отандық мәдениетті сақтау

  16. ұлт бірлігін және конфессияаралық татулықты қамтамасыз ету

  17. тұрғындарды ұлттық сандық теледидармен толық қамтамасыз ету арқылы ақпарат қауіпсіздігін сақтау

  18. бұқаралық спортты дамыту

  19. Қазақстан халқы бірлігінің факторы ретінде мемлекеттік тілдің толеранттық ортасын құру

  20. көшелерде сенімді құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету

  21. жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету

  22. төтенше жағдайлар салдарының алдын алу

  23. тұрғындарды қолжетімді байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету

  24. тұрғындарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету

  25. автожол саласы инфрақұрылымын дамыту деңгейін жоғарылату және ауыларалық көлік байланысын қамтамасыз ету

  26. аудан халқын сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету

  27. қатты тұрмыстық қоқыстарды жинау, өңдеу және қайтадан

кәдеге жарату жүйесін жетілдіру

  1. ауылшаруашылықта пайдаланатын жерлерді айналымға тарту

  2. азаматтар және ұйымдарға мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру.

Нысаналы индикаторлар

2020 жылға дейін:

  1. салықтық және салықтық емес бюджеттік түсімдердің 102,2%-ға өсуі

  2. өндеу өнеркәсібінің табиғи көлем индексі 103%;

  3. тау-кең өнеркәсібінің нақты көлем индексі 180%

  4. ауыл шаруашылығының табиғи көлем индексі 104,9%;

  5. мал шаруашылығының нақты көлем индексі 104,9%

  6. өсімдік шаруашылығының нақты көлем индексі 104,0%

  7. құрылған шаруашылықтарда ірі қара және ұсақ малдың асыл тұқым үлесі 19,0% және 8,1%

  8. асыл тұқымдандырудағы ірі қара және ұсақ малдың үлесі 19 және 8,1%

  9. жекелей сауда айналымының табиғи көлемі индексі 112%

  10. негізгі капиталға тартылған инвестицияның табиғи көлем индексі 101,9%;

  11. жан басына шаққанда тартылған инвестиция 65,3 мың теңге

  12. былтырғы жылмен салыстырғанда ішкі туризмнің орналасқан орындарының санының өсуі – 110,0%

  13. былтырғы жылмен салыстырғанда тәулігіне берілген төсек орын санының өсуі – 107,0%

  14. аудан халқының өсуі былтырғы жылмен салыстырғанда 97,8%

  15. тірек ауылдар халқының былтырғы жылмен салыстырғанда 5562 адамға өсуі

  16. шекаралас ауылдар халқының былтырғы жылмен салыстырғанда 5562 адамға өсуі

  17. жалпы орта білім мекемелердің жүйе норматив бойынша жұмыс істеуін қамтамасыз ету 100%

  18. мектеп түлектерінің арасында оқу бағдарламасын жақсы және өте жақсы меңгерген оқушылар үлесі: жаратылыстану-математикалық-62,0%;

  19. мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан инклюзивті білім беру жағдай жасаған балалар үлесі 4,6%;

  20. балалардың жалпы санынан (3-6 жас аралығында) мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылған балаларды 100% жеткізу, соның ішінде меншіктік мектепке дейінгі тәрбие беретін мекемелер арқылы -0,

  21. 14-29 жас арасындағы тұрғындардың жастар мемлекеттік саясатына қанағаттану деңгейі 56%

  22. ана өлімін азайту, 100 мың адамға шаққанда-0

  23. бала өлімін азайту, 1000 тірі тұғандарға – 9,5

  24. жаңадан пайда болған қатерлі ісіктен өлім көрсеткішін 100 мың адамға шаққанда 90 дейін төмендету

  25. 15-49 жас аралығында иммундық тапшылық вирусының таралғаны 0,09% дейін

  26. туберкулезден өлім көрсеткішін 3,3% төмендету

  27. ашылған жұмыс орны – 645 орын

  28. жұмыспен қамту мәселесімен келгендердің ішінен жұмысқа орналасқандардың үлесі- 78,8%;

  29. атаулы әлеуметтік көмек алушылардың ішінен жұмысқа жарамды халықтың үлес салмағы, 22,5%

  30. арнайы әлеуметтік көмек алушылардың үлесі (жалпы мұқтаж тұрғындардың санынан), 100%

  31. меншіктік секторлардың халыққа арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуі 18,2%

  32. әлеуметтік-транспорттық инфрақұрылымның сал адамдарға арналған куәліктендірілген объектілердің үлесін 5,1% жеткізу;

  33. мәдениет саласындағы мекемелерге (кітапханалар, театрлар, мұражайлар) баратын тұрғындардың саны, 1000 адамға шаққанда 419892 адам

  34. кітапханаларға келуші саны -11715 адам

  35. мемлекеттік саясатта конфессияаралық қатынастарды оң бағалайтын халық үлесі - 86%

  36. ұлттық теледидарға қосылған абонент саны 7603 адам

  37. ұлттық теледидармен қамтылған тұрғындар үлесі 100%

  38. дене шынықтыру және спортпен айналысатын барлық жастағы тұрғындар санын 24% жеткізу;

  39. дене шынықтыру және спортпен айналысатын 7-18 жастағы балалар мен жасөспірімдер жалпы тұрғындар санынан 18% жеткізу;

  40. мемлекеттік тілін меңгерген ересек тұрғындар үлесі 100%

  41. ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындар үлесі 5,5%

  42. үш тілді (мемлекеттік, ағылшын және орыс) меңгерген ересек тұрғындар үлесі 4,5%

  43. көшелерде жасалған қылмыс үлесі 6,1%;

  44. кәмелет жасқа толмағандардың жасалған қылмыс үлесі 5,2%;

  45. қайталап жасаған қылмыстың үлесі 46%;

  46. жол-көлік оқиғаларында қайтыс болған адамдардың санын 16 адамға азайту, 100 зардап шеккендерге;

  47. қала және аудандарды төтенше жағдайлардағы шұғыл назар аудару күштерімен ең көп ауқымдау үлесі 62%;

  48. телефон байланыс тығыздығын 25 дана, 100 тұрғынға

  49. Интернет пайдаланушы тығыздығы 53%

  50. тұрғындардың сандық сауаттылығы 81%

  51. пайдалануға берілген тұрғын үй жалпы көлемі 3000 шаршы метрге жеткізу;

  52. тұтынуға тұрарлықтай жергілікті автомобиль жолдарының жағдайы – 65,4%;

  53. жолаушы байланысымен қамтамасыз етілмеген елді мекендердің үлесі, 0%

  54. күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминимум объектілерінің төмендету үлесі, 11%

  55. орталық сумен қамтамасыз ету деңгейі көлемінің ұлғайуы – 75%,

су бұрумен қамтамасыз ету деңгейі – 9,4%;

  1. электр құатын беру жүйесін жаңарту 0,4%,

  2. қатты тұрмыстық қалдықтарды жою үлесі 0%

  3. аудан тұрғындарын қалдықтарды жинау және апару қызметтерімен қамту 43,6%

  4. экологиялық және санитарлық ережелерге сай қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру нысандары, жалпы орындардан) 3,2%

  5. ауылшаруашылықта пайдаланатын жерлерді айналымға тарту үлесін 11,1% арттыру

  6. егіндік жерлердің құрамындағы егіс айналымның үлесі- 300%

  7. табиғи жайылымдағы ауыспалы жайылымның үлесі (азық қорының айналымы) 80%

  8. халықтың әлеуметтік маңызы бар қызметпен қанағаттану деңгейі – 91%;

  9. жалпы құжатайналымның электрондық құжатайналымның үлесі - 100%.

Қаржыландыру көздері

Қаржыландыру көздері: республикалық және областық қаржылар, тартылған және өз қаражаттары, қарыз қаражаттары.

Барлығы - 26791,3 млн. тенге

Соның ішінде:

2016ж. – 1626,3 млн. тенге

2017ж. – 1617,2 млн. тенге

2018ж. – 3313,2 млн. тенге

2019ж. – 7565,0 млн. тенге

2020ж. – 12669,7 млн.тенге




2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

Даму бағдарламасы халық жағдайының сапасын жақсартуға, өндірісті диверсификацияға және бәсекеге қабілеттілігін көтеруге бағытталған.

Бағдарлама аясында ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау жасалды. Ауданның мықты және әлсіз жақтары, даму мүмкіншіліктері мен қауіпті жақтары анықталды.

Ауданның басты байлығы: минералды шикізаттың бар болуы, орман және энергетикалық ресурстар, жұмыссыздықтың төмендігі, туризмді дамытуға барлық жағдайдың барлығы.

Даму бағдарламасының іс шараларын іске асыру, аталған басымдылықтарды, сонымен қатар мүмкіндіктері мен қатерлерін ескере отырып, әлеуметтік, экономикалық және инфрақұрылымның тұрақты дамуы халық жағдайының деңгейін және сапасын жақсартуға бағытталған.

Күршім ауданы 1928 жылы құрылды. 1997 жылдан бастап аудан бұрынғы: Марқакөл және Күршім аудандарын біріктіріледі. Ауданның аумағы 23,2 мың шаршы км. (Шығыс Қазақстан облысы аумағының 8,2%). Күршім ауданы Шығыс-Қазақстан облысының Көкпекті, Катон-Қарағай, Зайсан аудандарымен және Қытай Халық Республикасымен шектесіп жатыр.

Әкімшілік орталығы - Күршім ауылы. Аудандық әкімшілік құрамында 12 ауылдық округ бар, оларға 53 елді-мекен кіреді. Ауданда 27,9 мың адам тұрады, халықтың тығыздылығы бір шаршы километрге 1,2 адамнан келеді.

Соңғы 3 жылда аудан тұрғындарының саны 1536 адамға азайды, 2014 жылдағы табиғи өсім 250 адамды құрады. Ауданда демографиялық тұрғыдан төмен жастар үлесі есебінен қартаю үрдісі байқалады. (18,6% - 5 196 адам).

Туу деңгейінің өсуіне –18,3 (ШҚО – 17,4) және өлім деңгейінің төмендеуіне – 9,5 ( облыс бойынша-10,42) қарамастан, тұрғындардың теріс миграциясы байқалып отыр (-1031). Миграциялық алмасу нәтижесінде 2014 жылда ауданнан 1 629 кетіп, 598 адам келді.

Сурет 1. ШҚО-ның административтік – аумақтық бөлінуі.


Климаты шұғыл континентальды, ауа температурасының тәулік, маусым және орташа жылдық ауытқуларының үлкен амплитудасы бар.

Аудан су қорларына бай. Зайсан көлінің Күршім ауданында қарасты бөлігін қосқанда, 16 көл бар. Көлдердің аумағы 59596 га құрайды, оның ішінде ұсақ көлдер 768 га, Зайсан көлінің бөлігі 13017 га және Марқакөл көлі 45811 га. 191 мың. гектар жерді орман алқабы алып жатыр.

Ауданның аумағында құрылыс жұмыстарына қолданылатын әртүрлі пайдалы қазба байлықтары бар. Оның ішінде құрылыс тастары 3 кен орны, қиыршық-құм өндіретін 9 жер, әктас өндіретін 1 жер, кірпіш сазын өндіретін 3 кен орны, баяу балқитын саз өндіретін 1 кен орны, графит өндіретін 1 кен орындары бар.

Құрылысты дамыту, пайдалы қазбаларды игеру мақсатында кәсіпкерлермен жұмыс жандандырылуда.

Ауданның көлік кешеніне тек қана автомобиль көлігі жатады. Жалпы қолданыстағы автокөлік жолдары 928 км құрайды.

Аудан аумағымен Омск-Майқапшағай магистральды автокөлік дәлізі өтеді.

Аудан аумағында 1976 жылы құрылған, көлемі 102979 га Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы орналасқан.

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы нақты сектор, сондай-ақ әлеуметтік сала және инфрақұрылым кешенінің оң даму динамикасымен сипатталады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет