Бағдарламасы Күршім ауылы, 015 ж Мазмұны Паспорт Ағымдағы жағдайды талдау 6


Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау



жүктеу 2.02 Mb.
бет2/10
Дата07.03.2018
өлшемі2.02 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2.1. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау


2.1.1. Экономикалық даму

Өнеркәсіп

Ауданның өнеркәсібі 4 саладан тұрады: тау-кең өнеркәсібі, өңдеу өнеркәсібі, электр энергиясын, жылуды, газбен суды өндіру және тарату.
Таблица 1 – 2012-2014 жылдардағы өнеркәсіп өнімінің негізгі көрсеткіштері, млн. тенге


Өндірілген өнім көлемі, млн. тенге

2012 ж

2013 ж

2014 ж

2014 ж /2012ж %

2014 ж үлесі

%


өнеркәсіп

1648,3

1861,6

2235,7

135,6

100

тау-кең өнеркәсібі

291,5

114,4

146,4

50,2

6,5

өңдеу өнеркәсібі

1232,8

1526,3

1828,2

148,2

81,8

электр энергиясын, жылуды, газбен суды өндіру және тарату

116,7

167,4

200,6

171,9

9

Сумен қамтамасыз ету, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және үлестіру

7,2

53,4

60,5

8 есе

2,7

Құрылым бойынша 82 пайызға жуық өңдеу өнеркәсібінің өніміне, 6,5% - тау-кен өндірісіне, электрожабдықтау, газ, бу тарту, ауа сапаға жеткізу – 8,9%, сумен қамту, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинап үлестіруге бақылау – 2,7%. Облыс өнеркәсібінің ішінде аудан үлесі 0,002 % құрайды.


Тау-кен өндірісі.

Аудан өнеркәсібінің құрылымындағы тау-кен өндірісінің үлесі 6,5% құрайды.

Зерттелмеген күміс, қорғасын, мыс, молибден, қалайы кендері және жетілдіріп жатқан Күршім, Шіріқаяқ алтын кеніші тау-кен өндірісінің дамуының қорлары болып табылады (Күршім тауларының бөктері, Күршім өзенінің алабы). Зерттелген құрылыс тастарының, әктастың құмды-қиыршық тастар қоспасының, кірпіш балшығының, баяу балқитын балшықтың кендері, зерттелмеген тальк және графиттің кендері құрылыс материалдарының өндірісіне пайдалануға болады.

Өнеркәсіп өндірісі - түрлі-түсті металдарды өндіру - негізінде ауданның шығыс бөлігінде шоғырланған (Маралды және Абай ауылдық округтары).

2014 жылы тау-кең өнеркәсібі өнімінің көлемі 46,4 млн. теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық төмендеді.

Ауданның тау-кең өнеркәсібінде алтын іздестіру бойынша «Визол» ЖШС құрылған. 2014 жылы қалпына келтіру жұмыстары себептерден өндіріс жүргізілген жоқ.

Ауданда осы бағытта 2014 жылы тағы 2 компания тіркелді: ЖШС «Манка» және ЖШС «Маралиха ГОЛД». Тау-кең өнеркәсібінін шағыл тастар іздестіру саласы бойынша «Жас» ЖШС, «СМУ Шығыс» ЖШС, «Облшығысжол», «Иртыштранс», ЖК «Тердыкбаев» құрылған.

Өңдеу өнеркәсібі

Жеңіл өнеркәсіп көздері негізінде аудан орталығында және аудан шығыс бөлігінде, балық аулау оңтүстік-батыс (Зайсан көлінің жағалауы), балық өңдеу – аудан орталығында орналасқан. Ірі өндіруші: ЖШС «Торетоғам» (балық аулау және өңдеу, балық өнімін экспорттау).

Өнеркәсіп өнімінің көлемі өңдеу өнеркәсібінің тауар өнімінің көлемі арту үшін өсті.

Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2014 жылы 1828,2 млн.теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 48,2%-ға өсті. Өсімнің негізгі себебі – ЖШС «Торетоғам» Зайсан өзенінде 10 жылға балық аулауға рұқсат алып, жұмысын жаңғыртты. Жылдық лимиті – 2000 тонна. 2014 жылда 87,1 млн.теңгенің балық өнімі (балық еті, балық ұны) өндірілді. Бұл толық циклды кәсіпорын, өнімін Республикамыздың сыртына өткізеді (Ресей, Литва). Кәсіпорынның 3 цехі бар: балықтың етін (филе), ұн даярлау, балықты қақтау. Тәуліктік өнімділігі – 14 тонна ет (филе), 10 тонна балық бөлшектері, 75 тонна қақталған балық, 10 тонна балық ұны. Кәсіпорын ұжымы 280 адамнан құрылған, балық аулаушылар – 1120 адам.

Ауданда сүт өнімдерін шығарып, жеткізілу жұмыстарымен шаруа қожалықтары айналысады.

Теректі ауылдық округінде 2013 жылдың аяғында «Қызылашы» атты сүт өнімдерін өңдеу цехы ашылды. Күршім ауылында сүт жинау цехын ашу жобасы іске асырылуда.

Аудан бойынша тәулігіне 7,45 тонна нан пісіретін 25 наубайханалар жұмыс істеуде. Ауданда нан қажеттілігі толығымен орындалуда (жылына 2,7 тонна).

2014 жылы ағаш және тығынды бұйымдардың өндірісінің көлемі 5,5 млн. теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 3 есе өсті. Ағаш өңдеу жұмыстарымен жеке кәсіпкерлер Күршім, Сарыөлең ауылдық округтарында, жиһаз шығару жұмысатырмен Теректі, Боран, Сарыөлең, Күршім ауылдық округтарда айналысады.
Жергілікті құрамын дамыту

Қазақстандық құрам 2014 жылы 99,9% құрады, соның ішінде 99,8% - тауарды сатып алу, 100% - қызмет көлемінде. Тауар сатып алу, жұмыстар және қызметтер аудан бойынша жалпы көлемі 588 486,7 мың теңгені құрады. Соның ішінде отандық өндірушілерден – 293 886,8 мың теңгеге тауар, 3 892,3 мың теңгеге қызметтер.

Отандық өндірушіні қолдау аймақ дамуының негізгі сұрағы болып табылады. Осы бағытта аудан әкімдігімен жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Саланың SWOT – сараптамасы:


Күшті жақтары (S)

Нашар жақтары (W)

1) материалдық-шикізаттық қоры болуы;

2) энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етілуі.



1) төмен қаражат айналымы және кәсіпорындардың аз мөлшерде қорлануы;

2) ауданның географиялық орналасуына байланысты бәсекелестікке қабілеттілігі төмен болуы



Мүмкіндіктер(O)

Қауіптер (T)

1) меншік секторлардың қатысуымен мыс өндіру, байыту комбинатын салу;

2) аудан кәсіпорындарымен мемлекеттік және салалық бағдарлмалар аясында қолдау құралдарын пайдалану.



1) өндірілген кендердің азаюы және кең таралған кендерге сұраныстың болмауы;

2) ауданның орналасуына байланысты инвестицияларды тарту қиындығы;

3) өткелдің тоқтауына байланысты бизнестің жоғары шығындылығы.

Мәселелі сұрақтар:

- гидроэнергетика саласының әлеуеті қамтылмаған.
Су шығару және үлестірімі.

Ауданның өнеркәсібі құрылымында суды, электр энергиясын өндіру және тарату үлесі 7,6% құрайды.

Электр энергиясын, жылуды, газбен суды өндіру және таратуды негізінен мемлекеттік және жеке кәсіпорындар жасайды.

2014 жылы электр энергиясын, жылуды, газбен суды өндіру және тарату көлемі 200,6 млн. теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда НКИ 106,8%. Суды жинау, өндеу және бөлу көлемі 32,1 млн. теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі -56,7% құрады.


Саланың SWOT – сараптамасы:

Күшті жақтары (S)

Нашар жақтары (W)

1) таза судың мол болуы;

2) су жүйесінің кезеңді түрде жақсарту.



1) таза және жер астындағы сулардың қажетті мөлшерде пайданылмауы;

2) нысандардың, желілердің тозуы, соның нәтижесінде – апаттар, шығындар, ауыз суының төмен сапасы;

3) өндірістік қорлардың баяу жаңаруы;

4) мемлекеттік инвестициялардың аздығы;

5) 32 елді-мекендерге ауыз судың қоры анықталған жоқ.


Мүмкіндіктер(O)

Қауіптер (T)

1) жер астындағы сулардың игеруіне инвестиция тарту;

2) жаңа технологиялар енгізу.



1) су ұңғымаларын пайдалану режимін бұзу жер асты сулардың қомаларының сапасы төмендеуі

2) ауданның орналасуына байланысты инвестицияларды тарту қиындығы;

3) өткелдің тоқтауына байланысты бизнестің жоғары шығындылығы.

Мәселелі сұрақтар:

- жерасты су көздерінің техногендік ластануға және су ұңғымаларды пайдалану тәртібін бұзу үшін судың сапасы төмендеуі.
Инновация мен инвестициялар

2014 жылы негізгі капиталға тартылған инвестициялар 4147,5 млн.теңгеге жетті, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 59,5 пайызға өсті (2012 жылы – 2599,7 млн.теңге) (сурет 2). Соның ішінде меншіктік салымның үлесі – 55,4% (2298,5 млн.теңге), республикалық бюджеттен – 2,1% (88,5 млн.теңге), жергілікті бюджеттің үлесі – 42,4% (1760,4 млн.теңге), өсім меншіктік инвестициялар көлемінің есебінен.



Инновациялық саланы дамыту үшін мемлекеттің белсенді қатысуымен қолайлы ортаны қалыптастыру шеңберінде жоғары технологиялық жарақтануына көңіл бөлінеді. Ауданның шалғай аймақтарындағы шаруашылықтарында күн сәулесін пайдаланатын батареялар, жел диірмені қондырылған. 2013 жылы ЖШС «АБС-Сартау» базасында күн және жел генераторлар орнатылған.
Саланың SWOT – сараптамасы:

Күшті жақтары (S)

Нашар жақтары (W)

1) инвестициялардың оң динамикасы;

2) мемлекеттік қолдау арқылы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру.



1) ауданда кәсіпкерлікті несиелейтін екінші деңгейдегі банктердің болмауы;

2) аудан кәсіпкерлердің тиісті білімдері мен тәжірибелерінің болмауы;

3) инновациялық инфрақұрылымның жетілмегені.


Мүмкіндіктер(O)

Қауіптер (T)

1) ЕАЭО-қа кіру арқылы сыртқы инвесторларды тарту;

2) агрошаруашылық кешеніне инвестиция тарту.



1) кепілдіктегі мүліктің мәселелері арқылы несие ресурстарының қолжетімділігінің жетіспеушілігі;

2) аудан облыс орталығынан шалғайда орналасуы бизнестің жоғары операциялық шығындарына себеп.


Агроөнеркәсіп кешені

Өндіріс тиімділігінің өсуі, ауылдағы қаржылық қызметтер нарығының дамуы, ауыл халқының тұрмыс жағдайының жақсаруы агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі уақыттағы жағдайы экономикалық дамуында маңызды рольді агроөнеркәсіп кешені (АӨК) атқарады, өйткені ауданның негізгі саласы ауыл шаруашылығы болып табылады.

Аудан бойынша 2014 жылы 963 шаруа қожалықтар (2012 жылы – 945), және 28 ЖШС тіркелген.

2014 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 18715,9 млн теңгеге жетті, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 32,6 пайызға өсті.
Кесте 2. 2012-2014 жылдардағы Күршім ауданының ауыл шаруашылығы өнімі, млдр.теңге


Көрсеткіштер

2012

2013

2014

2014/2012, %

ауылшаруашылық өнімінің өндірістік көлімі

14,1

18,6

18,7

132,6



соның ішінде өсімдік шаруашылығы %

11,4

14,2

14,3

125,4

мал шаруашылығы, %

2,7

4,4

4,4

162,9

Ауданның ауылшаруашылығындағы мамандандыру бойынша мал шаруашылығы бағытында, жалпы өнімнің құрамында 81,6 % қамтиды.

Мал шаруашылығының ерекшелігі оның көпсалалығында. Ауданның табиғи климаттық және шаруашылық жүргізу ерекшеліктеріне сәйкес негізінен ет-сүт бағытындағы ірі-қара, қылшық жүнді қой, жылқы, бал арасын өсіру.


Кесте 3. 2012-2014 жылдардағы Күршім ауданының ауылшаруашылық саласының өсу динамикасы

Көрсеткіш/жыл

2012

2013

2014

Нақты көлем индексі, %

соның ішінде:



103,5

110,4

101,2

өсімдік шаруашылығы, %

106,0

136,6

96,6

мал шаруашылығы, %

103,0

104,1

102,5

Асыл тұқымды мал өсіру, мал жемдейтін қосымша орындар, малдың азық қорын даярлау өндіріс қарқының үдетуге қолайлы жағдай жасады.



4 кестеде көрініп тұр, 2014 жылы ірі қара мал басы 2012 жылмен салыстырғанда 0,8 пайызға, жылқы – 5,4 пайызға көбейді, ал ұсақ мүйізді малдың саны 0,8 пайызға төмендеді, ет өндіру – 11,9 пайызға, сүт – 6,5 пайызға өсті.
Кесте 4 – 2012-2014 жылдардағы Күршім ауданы бойынша мал басы саны

Көрсеткіш

2012 жыл

2012/2011,%

2013 жыл

2013/2012, %

2014жыл

2014/2012 %

Мал саны (мың бас):

Ірі қара

55749

100

55997

100,4

56217

100,8

Ұсақ мал

179615

100

163554

91,1

164555

92

Жылқы

15201

100,6

15626

102,8

16027

105

Құс

39800

100

40692

102,2

41507

104,3

Аудан бойынша азық-түліктің өндіру және тұтыну теңгеріміне сәйкес ет және ет өнімдерінің өндіру көлемі тұтыну нормаларынан 5 есе көп, өнімнің артығы аудан және облыс жәрмеңкелерінде саудалауда. Сүт және сүт өнімдері аудан бойынша жеткілікті көлемінде өндіріліп, тұтынылады.
Кесте 5 – Күршім ауданы бойынша ауылшаруашылық өнімдерін шығару



Көрсеткіш

2012 ж

2012/2011%

2013 ж

2013/2012 %

2014 ж

2014/2012%

Өнім көлемі, мың тонна

Тірі салмағындағы ет

16

100

17,5

109,4

17,9

111,9

Сүт

61775,5

101,5

63619,5

103

65817

106,5

Жұмыртқа, мың дана

5911

100

5960

101

6208,9

105,0

Етті мал шаруашылығының дамуын талдауына қарағанда, аудан округтерінде бұл сала экстенсив түрімен, мал басының өсуімен дамығаны байқалып отыр. Етті мал шаруашылығы Күршім, Қалғұты, Абай, Қалжыр, Боран ауылдық округтерінде негізделеді. Қой шаруашылығы ауданның құрғақшөлді аумақтарында дамыған: Күршім, Қалғұты, Теректі, Абай, Қалжыр, Сарыөлең ауылдық округтері. Жылқы малының саны өсуде, асыл тұқымды жылқы өсірумен 3 шаруашылық айналысады. Бұл жалып жылқы санынан 7 пайызды құрайды. Күршім, Теректі, Абай, Төсқайың ауылдық округтерінде қымыз өндіру цехтер ашылып, жұмыс істеуде. Бал арасын өсіру Маралды, Теректі, Төсқайың ауылдық округінде дамыған. Бұл сала даму үшін жыл сайын 2-3 млн.теңге субсидиялар бөлініп, бал арасы шараушылығының дамуына елеулі үлес қосты (кесте 6).
Кесте 6 – Ара шаруашылығының даму динамикасы




2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2014/2012, %

Ара шаруашылығындағы қожалықтар саны

7

9

11

157

Ара ұялары, мың дана

6,9

10,7

13,4

194

Субсидия көлемі, млн теңге

2,7

2,9

3,0

111

Асыл тұқымды мал өсіру шаруашылығы

Ауданның асыл тұқымды мал базасы 20 субъекттермен көрсетілген, оның ішінде «Жабы» тұқымды жылқы өсіру - 3 қожалық, қазақ қойын өсіру – 3 қожалық, қазақтың ақбас сиырын өсіру – 3 қожалық, ортаорыс тұқымды бал арасын өсіру – 11 қожалық.

Өсімдік шаруашылығы

Аудан бойынша пайдаланатын жер көлемі 2 319 886 гектар, 2012 жылға қарағанда 1,4 пайызға өсім, оның ішінде 342,4 мың гектар ауылшаруашылық қолданыста, олар 1228 пайдаланушылардың есебінде, 1208-і шаруа қожалықтарда.

2014 жылы көпжылдық өсімдік 0,1 мың гектарды (2012 ж – 0,08 мың гектар), шабындық – 83,6 мың гектар (2012 ж – 81,1 мың гектар), жайылым 1447,4 мың гектарды құрады.



2014 жылы ауданның ауылшаруашылығы жалпы өнімінің 18,4 пайызы өсімдік шараушылығы құрады. Егістік жердің көлемі 2012 жылға қарағанда 38 пайызға өсіп, 21,8 мың гектарға жетті. Оның ішінде 3,29 мың га (15,1 %) дәнді дақылдар, 2,87 мың га (13,2%) майлы дақылдар, 1,02 мың га (45,7%) картоп, 0,27 мың га (1,2%) көкөніс, 0,61 мың га (2,8%) бақша, 13,74 мың га (63%) мал азығы дақылдары.
Кесте 7- Күршім ауданының өсімдік шаруашылығы көрсеткіштерінің 2012-2014 жылдардағы динамикалық өзгерістері

Көрсеткіштер

2012ж

2011/2012%

2013 ж

2013/2012%


2014 ж

2014/2013%

Егістік көлемі, мың. га

15,8

112,9

19,8

125,3

21,8

137,9

а) дәнді және дәнді-бұршақтылар,тонна

8,5

130

3,3

73

3,3

39

оның ішінде бидай

0,9

0,75

1,27

141

1,24

137,8

б) күнбағыс

3,7

100

3,09

84

3,04

82

в)мал азығы дақылдары

6,5

119

11,4

175,4

13,74

211,4

г) картоп

0,74

101,4

0,89

120,3

1,02

137,8

д) көкөніс

0,2

100

0,27

135

0,27

135

Орташа түсімділігі

дақылдар, ц/га



















а) дәнді дақылдар

12,8

92,8

12,4

97

11,8

92

б) күнбағыс

7,8

114,7

12,5

160

9,6

123

в) картоп

222,6

108,7

231,4

103,9

235,2

106

г) көкөніс

326,4

105,2

344,4

105,5

437

134

Өндірілген өнім, мың тонн



















астық

3,9

100

4,2

107

3,8

97

күнбағыс

3,0

120

3,9

130

2,9

97

картоп

16,5

110,7

20,5

124

24

154,5

көкөніс

6,6

106,5

9,2

139,4

9,2

139

бақша

17,9

99,4

26,6

170

30,4

169,8

Жалпы аудан бойынша 2014 жылда климаттық себептерге (құрғақшылық) байланысты өнім түсімділігі төмендеді.

Ауданда 19976 гектар суармалы жер тіркелген, оның 15289 гектары шаруашылықтарға бекітілген. 2014 жылы 10,3 мың га игерілді.

Ауданның АӨК-ің ауыл шаруашылығы машиналары паркінің 80 пайызы тозған. Егер техниканың қызмет ету уақыты 8-10 жыл болса, 98,5 пайызы 10 жылдан артық пайдаланылып жүр.

Ауданда ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау бойынша жұмыстар жүргізілуде. «КазАгроФинанс» АҚ арқылы 2014 жылы 25 дана техника лизингқа алынды, ал 2012 жылы барлығы 3 дана алынған.
Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу

Ауданда 3 балық өңдеу цехы бар. Өсімдік майын өндіру бағытында жылына 150 тонна қуаттылығымен 6 цех жұмыс істеуде, тұрғындардың сұранысы 59,1 пайызға қамсыздандыруда. 25 наубайхана 2817 тонна қуаттылығымен аудан тұрғындарын толығымен қамтып отыр. 2014 жылы құс етін өңдеу бағытында қуаттылығы жылына 80 тонна және 5960 жұмыртқа шығару 7 өндіріс көзі жұмыс жасады. Сұраныс 100 пайызға орындалды. Сондай-ақ, ауданда қымыз өндіру, сүт өңдеу, шұжық шығару цехтері бар.

Биылғы жылы «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы аясында сүт жинап, өңдеуге қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта Күршім ауылында «Көкше» шаруа қожалығы негізінде ғимаратты жөндеу және қажетті құралдарды сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Сүт өңдеу шағын зауыттың қуаттылығын арттыру үшін шаруа қожалығында 50 бас ірі қараға арналған сүт фермасы салынды.

Сонымен қатар 100 млн.теңге көлемінде өз қаражатына ет өңдеу және шұжық цехын ашу бойынша құрастыру жұмыстары 80 пайызға атқарылып, қажетті құрал-саймандарға келісім жасалып, соларды тасымалдау жұмыстары жүргізілуде.

Кесте 8 – 2012-2014 жылдарда сатып алынған техника жөніндегі мәліметтер


Атауы

2012

2013

2014

саны

млн. тенге

саны

млн. тенге

саны

млн. тенге

Сатып алынды

6

22,3

9

26,4

27

94,9

Лизингқа алынғаны

3

7,5

5

8,2

25

58,4

SWOT - талдау:



Күшті жақтар (S):

Нашар жақтар (W):

1) өндірістік күш-қуаттың болуы;

2) ауылшаруашылық жерлердің болуы (1 588,6 мың га);

3) мал санының болуы облыс мал санынан ірі қара-7,1%, ұсақ мүйізді-7,6%, жылқы-6,5%;

4) ауылшаруашылық өндірістің өсуі;

5) аудан тұрғындарын негізгі азық-түлікпен толық қамтамасыз ету (ет, сүт, картоп, көкөкніс, ұн)


1) ауыл шаруашылығы техникаларының және құрал жабдықтардың тозуы (80%);

2) суармалы жердің төмен тиімділігі

3) асыл тұқымды мал үлесінің аздығы;

4) мал азығы қорының жетіспеушілігі;

5) ауыл шаруашылығы өндірісінде қазіргі инфрақұрылымының жетілмегендігі;

6) тауарөндірушілердің несие ресурстарын алуына төмен қол жетімділігі;

7)АӨК-ді жоғарғы деңгейдегі мамандардың жетіспеуі.


Мүмкіндіктер (O):

Қауіптер (T):

1) АӨК-ні әлеуеттік қуатын толық пайдалану;

2) АӨК-дамытудағы арналған шараларды іске асыру (сүт-тауарлы фермасын салу, мал бордақылау алаңдарын салу және т.б);

3) ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру;

4) өндірісте жаңа технологиялар пайдалану және инновациялық жобалар арқылы өнімнің бәсекелестігін арттыру;

5)техникалық жарақтандыру деңгейін жоғарылату

6)АӨК субъектілеріне мемлекеттік қолдау арқылы ауылшаруашылық өндірісті ірілендіру;

7) сүт және сүт өнімін өндіру, ет өңдеуге стратегиялық инвесторларды тарту.


1) ауданның азық-түлік қауіпсіздігіне құрғақшылықтан және табиғи апаттардың салдарынан келетін қатер;

2) ауылдан қалаға жұмыс күшінің кетуі;

3) жануарлардың аса қауіпті ауруларының таралуы;

4)экономикалық дағдарыстың әсерінен инвестиция тартуға келтіретін қиындықтар.


Мәселелік сұрақтар:

Ауылшаруашылық кешенінде өнім шығару, еңбек өнімділігі, инвестиция көлемі өссе де, кешеннің шамасын толық пайдалануға бірқатар кедергілер бар:

- өндірістің ұсақтауарлылығы;

- инфрақұрылымның жетілмегені;

- тауарөндірушілердің несие ресурстарын алуына төмен қол жетімділігі;

- техникалық парктің жабдықтауының аздығы;

- жаңа технологияларды енгізуінің жетіспеуі;

- ауыл тұрғындарының, соның ішінде мамандардың қалаға кетуі;

- мал басы жеке меншік шаруашылықтарда болуы (65%);

- соңғы 3 жылда асыл тұқымды қой үлесі 8 пайызға өсті, бірақ аудан бойынша асыл тұқымды қойлардың үлесінің төмен;

- мал азығы қорының жетіспеушілігі;

- жүн, тері даярлап өңдеу жөніндегі инфрақұрылымның жоқтығы.
Малдәрігерлік қызмет

Аудан жұқпалы және инвазиялық аурулардан таза.

2012 жылы «Күршім мал дәрігері» коммуналдық-мемлекеттік кәсіпорын, 12 тәуелсіз малдәрігерлік бөлімдері, 12 малдәрігерлік бекеті құрылған.

Материалдық жабдықтау жұмыстарының қорытындысы бойынша 2 автомашина, ДУК, 10 автомашина «Нива», жылжымалы инсинираторлар, стационарлық және жылжымалы бекіткіш қашалар, кеңсе техникасы, малдәрігерлік құрылғылар алынды.

Мал бірдейлендіру бойынша жұмыстар жүргізіліп, нөмірлер, құжаттары беріліп, арнай базаға енгізілді (кесте 9).
Кесте 9 – Мал бірдейлендіру бойынша мәліметтер


Мал түрі, бас

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

жоспар

орындалғаны

жоспар

орындалғаны

жоспар

орындалғаны

Ірі қара

24006

23507

21836

21464

21401

22533

Ұсақ мүйізді

149381

148581

76500

52562

70500

71998

2012-2014 жылдарда мал сою ережелері бойынша 4 мал сою бекеті және 18 алаңы ашылды. 13 мал қорымы салынып, 3 малдәрігерлік аптекалар жұмыс істеуде. Эпизоотикалық саулықты сақтау жөнінде мал қорымдардың салынып, ұстауына қажетті қаржы жергілікті бюджеттен бөлінеді. Соның нәтижесінде аурулар тарауы азайды (кесте 10).


Кесте 10 – 2012-2014 жылдарға мал аурулардың тарауы туралы мәлімет

Көрсеткіш

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Ауру түрі

Құтыру

Аусыл

Құтыру

Аусыл

Құтыру

Аусыл

Тарауы

2

-

2

1

1

-


2.2.1.3. Туризм

Күршім ауданы - серпінді дамып келе жатқан аудан. Күршім ауданының аумағы ландшфты-климатикалық өңірлердің және мәдениет, тарих, табиғат ескеркіштерінің сан алуандылығымен сипатталады.



Аудан аумағында: әлемдік маңызды табиғи естеліктер және Маркакөл, Зайсан көлдері, Қара Ертіс өзені және т.б. бар. Аудан аумағында ерекше қорғалатын мемлекеттік «Марқакөл Мемлекеттік табиғи қорығы» бар

Алғашқы ерекше қалпын сақтап қалған туристік аймақтар ауданның шығыс жағында орналасқан. Сол жерде қылқан жапырақты орман, көптеген көлдер мен өзендер бар.

Табиғаттың бірегейлігі маралға аңшылық, ғылыми-танымал турлары, экологиялық туризімін бәсекеге қабілетті негізгі туристік өнім ретінде бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.

Ауданда көптеген туристік қызмет түрлерін дамытуға мүмкіндік бар: экологиялық туризм, атпен серуендеу, балық аулау, аңшылық, жаяу, велосипедпен серуендеу және т.б. Күршім ауданы аумағымен «Алтай-Алтын таулары» трансшекаралық бағдары өтеді, ол шекаралас мемлекеттер (Қазақстан, Ресей, Қытай, Моңғолия) арқылы өтеді.

2012 жылға қарағанда орналастыру қызмет көлемі 18902,1мың теңгеден 24518 мың теңгеге дейін өсіп, 30 пайызды құрады. 2012 жылы 2466 адам болса, 2014 жылы 2970 адам болып, 20,4 пайызға өсті.

Кесте 11 – 2012-2014 жылдардағы туризм бойынша көрсеткіштердің өзгеруі





Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

1

Келушілердің саны орналастыру орындармен/былтырғы жылмен салыстырғанда өсу қарқыны:

резиденттер


адам

2500 (113,6%)

2500 (100%)



2900 (116%)




2

Орналастыру орын саны/былтырғы жылмен салыстырғанда өсу қарқыны

бірлік

4 (100%)

4 (100%)

4 (100%)

3

Орналастыру орындар бойынша қызмет көлемі/былтырғы жылмен салыстырғанда өсу қарқыны

млн. теңге

18,9 (176,6%)

22,8 (120,6%)

24,5 (107,5%)

Ауданда14 дәмхана, 53 орындық 3 қонақ үйі, 1 демалыс үйі, 1 балалар лагері келген қонақтарға және жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетуде.

Туристік базаларды ашу мақсатында 11 жер телімдері анықталған. Марқакөл жағалауында қонақ үйлер жұмыс жасап, демалыс базасы салынуда.

Ауданда «Балдаурен» атты 100 орындық балалар лагері жұмыс істеуде. Жаз айларында аудан мектептерінің оқушыларына қорықтарға 3-күндік саяхаттар ұйымдастырылады.

2014 жылдың ақпан айында «Өзіне және әлемге Шығысты аш» көрме аясында туризмдегі ынтымақтастық жөнінде «Махаон – Интернешнл» қауымдастығы және Шығыс Қазақстан облысының әкімшілігі меморандумға қол қойды. Меморандум бойынша Күршім ауданы «Алтын Алтай – аумақтың даму байлығы» ауыл туризмнің дамуындағы басым аумақтардың қатарында көрсетілген.

SWOT - талдау:



Күшті жақтар (S)

Нашар жақтар (W)

  1. ландшафттың алуан түрлілігі,

табиғаттың кереметтілігі;

  1. Марқакөл өзенінің және Марқакөл қорығының болуы;

  2. Ішкі туризмнің және бюджетке кірістің өсуі.




  1. инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы, оның ішінде туристік нысандарға апарар

жолдың нашарлығы;

  1. туристердің туристік жорықтары бағыттарында және оқшаулау орналасу

орындарында жағдайдың жоқтығы;

  1. кадрлар дайындығы, қайта дайындығы және біліктіліктерін арттырудың нашар

деңгейі және ғылыми туризм базасының жоқ болуы;

  1. ауданның туристік әлеуеті туралы жарнамалық ақпараттың аздығы.

Мүмкіндіктер (O):

Қауіптер (T):

  1. туризмнің бәсекелікті меншіктік инвестициялар қатысуымен инфрақұрылымын құру;

  2. аудандық туризмді дамыту үшін облыстық салалық қоғамдасу;

  3. ауылдық туризмді дамыту;

  4. Марқакөл өзенінде балық аулау және аң аулауды ұйымдастыру.

  1. қорғау шараларын қолданылмаған жағдайда, бар нысандар мен ресурстардың жоғалу мүмкіндігі;

  2. туризмді қолдау үшін шектеулі қаржылық мүмкіндігі, инвестициялық ресурстар мен меншікті қаражат тапшылығы

  3. көрсететін туристтік қызметтің сапасы және деңгейі ұсынылған бағаға сай еместігі, профессионалдық деңгейдің төмендігі.

  4. макроэкономикалық ортадағы жағымсыз өзгерістер.

Мәселелік сұрақтар:



  • өткелдің маусымдығына байланысты нысаналардың қолжетпейдіндігі;

  • туристік нысаналарға жету үшін көлік инфрақұрылымның нашар болуы;

  • мамандардың жетіспеуі;

  • туристік әлеуетті тиімді датыту үшін туристік серіктестіктер мен ауданның өзге де салалардың кәсіпкерлері арасында ынтымақтастығының нашар болуы.


Шағын және орта кәсіпкерлік

Бүгінгі күні аймақтағы шағын және орта кәсіпкерлік қалыптасқан экономикалық сала ретінде бағаланады. Шағын және орта бизнес халықтың жұмыспен қамтылуының елеулі пайызын, тауарлар мен қызметтердің кең саласын құруды, бюджетке түсетін салық түсімдерінің көп үлесін қамтамасыз етеді. Аудандағы шағын кәсіпкерлікті дамыту көрсеткіштерінің үдемелі динамикасы бар, бұл аталған экономиканың секторын дамытудағы оң үрдісі туралы мағлұмат береді.

Ауданның шағын және орта бизнестегі әрекет етіп отырған кәсіпорын саны облыс көрсеткіштен 1 пайызды құрайды.

Аудан бойынша 2014 жылы 2115 кәсіпорын әрекет етті, 2012 жылмен салыстырғанда 4,7 пайызға өсті (2019 субъект). Олардың ішінде 47 заңды тұлға, 964 шаруа қожалық, 560 - патентпен жұмыс істейтін, 164 - куәлікпен істейтін, 386 - жеңілдетілген декларациямен жұмыс істейтін адам. 187 тұлға аудан халықының 29,5 пайызы тұратын Күршім ауылында, 80 тұлға аудан халқының 16,5 пайызы тұратын Теректі ауылында, 37 тұлға аудан халқының 10,3 пайызы тұратын Боран ауылында жұмыс жасауда.

Ауданда халыққа қызмет көрсететін 469 кәсіпорын тіркелген, оның ішінде 258 дүкен (55%), 25 наубайхана (5,3%), 30 малдәрігерлік дәріхана (6,4%).

Мемлекеттік қолдау шаралары



Шағын және орта кәсіпкерліктің мемлекеттік қолдау жөнінде «Жұмыспен қамту жол картасы 2020», «Сыбаға», «Бизнес жол картасы» бағдарламалары болып табылады.

«Бизнес жол картасы 2020» бағдарламаның екінші бағыты «тірек ауылдарды және кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарды ашу» бойынша2014 жылы 76 жоба іске асырылып, 82 адам 153,0 млн.теңге несие алды. Олар: шағын құс фермасын, наубайханаларды, тігін цехтерді, қымыз өндіру цехтерді ашу, ара, мал шаруашылығын дамыту.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша

1. К.Дутпаев 3,2 млн.теңге несиеге «Газель»-термобудка автокөлігін алып, жүк тасымалдаумен айналысуда.

2. Жеке кәсіпкер Н.Қасымбекова 10 млн.теңге несиеге мал бордақылау алаңын ашып, нәтижесінде 3 жаңа жұмыс орны ашылды.

Мемлекеттік көмегімен аудан кәсіпкерлігіне керек мамандар Күршім және Теректі ауылындағы колледждерінде негізінде даярланды. 2012-2014 жылдар аралығында келесі мамандықтар бойынша оқытулар жүргізілді: фермерлік шаруашылық, тігін өндірісі және киім үлгілеу, шаштараз өнері және әшекейлі косметика, тамақ өндірісі, малдәрігерлік, дәнекерлеу жұмыстары. Нәтижесінде соңғы 3 жылда 34 кәсіпорын ашылды, олардың ішінде тау-кен өндірісінде – 3, саудада – 7, тамақ өндіруде – 8, жеңіл өнеркәсіпте – 6, ауылшаруашылық кешенінде – 10.


SWOT - талдау:

Күшті жақтар (S)

Нашар жақтар (W)

  1. тұрғындардың елеулі пайызы шағын және орта кәсіпкерлікті құрайды;

  2. аумақта ауыл кәсіпкерліктің белсенді дамуы;

  3. әкімшіліктің кәсіпкерліктегі кедергілерді жою бойынша жүйелі жұмысы.

  1. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қаржылық қолдауы;

  2. ауданда «Даму» және «ҚазАгро» қорларының өқілдерінің желілердің тармақталуы;

  3. өңдеу өнеркәсібінде және туризм саласында «сервистік орталықты» ашу

Мүмкіндіктер (O)

Қауіптер (T)

1)шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің айналым қаражатының, кепілдіктегі мүліктің жетіспеуі; 2)аграрлық бизнесте қоғамдасудың жоқтығы.

1)макроэкономикалық ортадағы жағымсыз өзгерістер: валюта бағамы, пайыздық мөлшерлеме, ақша ұсынымы.

Мәселелік сұрақтар:

- аудан кәсіпкерлерде кәсібін кеңейту, жаңарту үшін тәжірибенің және арнайы білімінің жетіспеуі;

- ауылды жерлерде мүлік кепілдеудің бағалық шамасы төмен болуы арқылы несие қорларына жетімділік мәселесі.



Сауда

Аудан экономикасында бөлшек сауда маңызды рөл атқарып, негізгі бизнес үрдістері тұрғындардың жұмыспен қамтылуы және бюджет кірістерімен тікелей байланысты болуда.

Дүңгіршектер мен киосклердің жабылуының арқасында, мәдени сауда нысандарының (сауда үйі, дүкендер) үлес салмағы көбейуде. Ауданда 258 сауда нысандары қызмет етеді, оның ішінде 169 азық-түлік сауда дүкендері, 89 азық-түлік емес сауда дүкендері, сонымен қатар 2 сауда үйі, 2 сауда базары бар.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 2014 жылы 5272,9 млн. теңгені құрады, 2031 жылы- 3858,2 млн тенге, 2012 жылы – 4082 млн.тенге. Облыстағы және республика қалаларындағы өткен жәрмеңкелерде 121 млн.теңгенің ауылшаруашылық өнімі саудаланып, 2012 жылдың деңгейімен салыстырғанда 53,2 пайызға өсті.

2014 жылы бөлшек сауда көлемі жан басына шаққанда 188,3 мың теңгені құрап, бұл көрсеткіш бойынша аудан облыс аймақтарының арасында 9-орынды иеленді.

Кесте 12 – Бөлшек сауданың негізгі көрсеткіштері



Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2012 ж.

2013 жыл

2014 жыл

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі

%

117,2

108,8

127,2


Сонымен қатар, бүгінгі күні сауданың даму бағыттарының анық пайымдауы жоқ, ал ішкі сауда жоспарсыз дамуда. Экономиканың ірі салаларының бірі жүйелік қайта құруларды, заңнамалық базаларды жетілдіруді, үдемелі дамудың механизмін дайындауды қажет ететіні анық.

Осыған байланысты проблемалық жағдайлар ретінде мыналарды атап өтуге болады:

сауда қызметін реттеу саласындағы әлсіз заңнамалық қамсыздандыру;

ішкі сауда инфрақұрылымының даму деңгейінің жеткіліксіздігі.


SWOT - талдау:

Күшті жақтар (S)

Нашар жақтары (W)

1)сауда көлемінің дамуының оң динамикасы және халықты жұмыспен қамтамасыз етуі;

  1. бөлшек саудада қалыптасқан мүшелерінің болуы наличие;

  2. әлеуметтік-маңызды тауарларға мониторинг қалыптасқан жүйесі.

  1. шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саудадағы айналым қаражатының, кепілдіктегі мүліктің жетіспеуі;

2)сауда мамандықтары бойынша профессионалдық-техникалық білім жүйесінің төмендігі;

3)мамандардың тапшылығы.



Мүмкіндіктер (O):

Қауіптер (T):

1)кедендік одаққа кіруге байланысты тауар нарығының даму келешегі;

2) бәсекелестіктің өсуі, сауда жүйесінің бәсекелестікке қабілеттіліктің өсуі; 3)күнделікті тұтыну тауарларымен ішкі нарықты толықтыру.



1)азық-түлік тауарлар бойынша болса да, азық-түлік емес тауарлар бойынша болса да импорттық жеткізулерге тәуелділік;

2) өнімнің бәсекелестікке қабілетсіздігіне байланысты өндіретін тауарларға сұраныстың төмендеуі;

3)сыртқы экономикалық жағдайдың қолайсыздығы.


Мәселелік сұрақтар:

- ауылда сауданы реттеу бойынша нашар заңнамалық қамсыздандыру;

- инфрақұрылым дамуының жеткіліксіз деңгейі, соның нәтижесінде салық кірісінің төмен деңгейі.

Аумақаралық ынтымақтастық

Күршім ауданының аймақаралық байланысының сипаты табиғаттың бірегейімен, су, минералдық шикізат, орман қорларымен ерекшеленеді. Осыған байланысты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары:

- туристік қызметтерді ұсыну (экотуризм, ғылыми-көпшілік турлар), соның ішінде Марқакөл қорығының әлеуеті, «Алтай – Алтын таулар» трансшекаралық бағдары (Қазақстан, Ресей, Қытай, Моңғолия);

- ауданның ауылшаруашылық өнімдерін облыс қалаларында, Астанада өткізу: Астанада, Семей, Өскемен қалаларында 2012 жылы 79,0 млн.теңгенің тауары, 2014 жылы 121,0 млн.теңгенің тауары өткізілді.

Күршім ауданы облыстың шекаралық Көкпекті, Зайсан, Катон-Қарағай, Тарбағатай аудандарымен, Астана, Алматы, Қарағанды, Талды-Қорған, Өскемен, Риддер, Семей қалаларымен экономиканың бар салаларында байланыста.

Ауылшаруашылық жерлерді пайдалану потенциалын ескере отырып, туризм саласын дамытуға зор мүмкіндік бар деуге болады. Аудан шаруа қожалықтары, кәсіпкерлер жыл сайын Астана, Алматы, Қарағанды қалаларын 200 тоннадан астам ет, 8 мың литр қымыз, 50 тонна бал, 40 тоннадан астам қой жүнін қамтамасыз етеді.

ЖШС «Төретоғам» Ресей мен Литваға, облыстың басқа аймақтарына балық және балық өнімдерін тасымалдауда. 2014 жылы 1500 тонна өнім 87,2 млн.теңгеге сатылды. Көкпекті, Катон-Қарағай, Зайсан аудандарының асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үрдісін назарға алып, жыл сайын ауданымызға 150 басқа дейін ірі қара мал төлін сатып алынуда.

SWOT - талдау:


Күшті жақтар (S)

Нашар жақтар (W)

  1. облыс ішінде басқа аймақтармен туризм саласында, балық шаруашылығында, алтын өндіруде, ағаш өңдеуде құрылған экономикалық байланыс;

  2. ШҚО, Павлодар, Алматы, Қарағанды облыстар арасындағы экономикалық өзара әрекетену жоспарын жүзеге асыру;

  3. Ортақ мәселелік сұрақтар бойынша аудан кәсіпорындары мен мекемелер басқа аудандардың серіктестермен ынтымақтастығы;

  1. облыстың басқа кәсіпорындарға қарағанда өндіріс кооперация тұрғыдан аудан кәсіпорындардың төмен бәсекелестігі;

  2. шығарылатын өнімнің сұрыпталымының жетімсіздігі;

  3. облыс агроөнеркәсіп кешеніндегі кооперацияның әлсіздігі;

  4. аудан ішінде бизнес субъектілердің қатысуымен экономикалық кооперацияда жоспарлау тәжірибенің жетіспеуі;

Мүмкіндіктер (O)

Қауіптер (T)

1)көршілес мемлекеттер, аймақтар, аудандардың туристік кәсіпорындарымен байланысты нығайту және кеңею;

2)Бұқтырма қоймасы арқылы көпір салыну сұрағы шешілген жағдайда облыс ішінде экономикалық және мәдениеттік ынтымақтастықтың кеңеюі.



  1. ДСҰ-ға және ЕАЭО-қа кірген жағдайында аудан кәсіпорындардың төмен бәсекелесігінің сақталуы;

  2. қиын экономикалық жағдайда аудан кәсіпорындарының басқа аудандармен байланысының нашарлауы.

Мәселелік сұрақтар:

- аумақаралық ынтымақтастығын жоспарлау аясындағы құзыреттердің жетіспеуі;

-өткел болмаған кезеңде (көктем, күз айларында) ауданмен байланыстың қиындығы;

- инвестицияның жетіспеуі, өндіріс қорының және технологияның тозуына

байланысты аудан потенциалдың төмендеуі;

- аумақаралық байланыстағы ақпараттың аздығы (статистикалық көрсеткіштер,

ақпарат базалар және т.б.)
Аумақтық құрылым

Күршім ауданы Қытай Халық Республикасымен шекаралас.

Ауданда 12 ауылдық округі, 53 елді-мекен бар.

Күршім ауданының өсу нүктелері – Күршім ауылы (аудан орталығы) және тірек ауылдар Боран, Теректі. Боран тірек ауылы аудан орталығынан 150 шақырым қашықтықта, Теректі тірек ауылы 188 шақырым қашықтықта орналасқан. 2015 жылдың 1 қаңтарына Боран ауылының халық саны 1732, Теректі ауылында 3611 адамды құрады. Аудан аумағымен Омбы-Қапшағай транспорттық магистралі өтеді. Облыс орталығына ең қысқа жол Бұқтырма су қоймасы арқылы жатыр. Елді-мекендердің Бас жобалары бар, бірақ олар 20-30 жыл бұрын жасалып, бекітілген.

2015 жылдың басына ауданда 1 ғана ауыл дамуы жоғары потенциалдық елді-мекенге жатады, дамуы орташа потенциалдық елді-мекенге 46, дамуы төмен потенциалдық елді-мекенге 6 ауыл жатады.

2020 жылға дейінгі аумақтарды дамыту Бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау шаралары ауылдардағы, ең алдымен тірек ауылдарда, инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталған. Осыған байланысты, 2012 жылдан бастап, 2012-2014 жылдарға ауылдарды дамыту кешенді жоспарлары әзірленген. Олар Теректі, Сарыөлең, Қалжыр, Боран ауылдарының әлеуметтік-экономикалық дамуына себепкер болды.

2011 жылдан бастап ауылдық жерлерде «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы басталды. Нәтижесінде бірқатар инвестициялық жобалар тірек ауылдардың экономикалық потенциалын көбейтіп, әлеуметтік және демографиялық көрсеткіштерді жақсартып, ауылдың тіршілігін қамтамасыз етті.

Шекаралық өңірдің артықшылығын пайдалану үшін ауданда шекаралық ынтымақтастықтың инфрақұрылымның дамуына көңіл бөлінуі қажет, сондай-ақ Теректі комендатурасында Ашалы заставасы арқылы шекарадан өтетін жерді ашу. Қазіргі уақытта Қытай Халық республикасымен сауда-экономикалық ынтымақтастықты жасау және Марқакөл көліне туристік маршрутты ашу мақсатында үшін осы шекарадан өтетін жер туралы сұрақ талдануда.


SWOT – талдау:

Күшті жақтар (S)

Нашар жақтар (W)

1) Тұрғындардың тіршілігіне қолайлы орта құру үшін кешенді аумақтар құрылысы. Бұл ретте әлеуметтік, рекреациялық, өндірістік, көліктік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдары, табиғи-климаттық, демографиялық және әлеуметтік жағдайларды қосқанда елді мекеннің аумақтық дамудың негізгі бағыттары шешілуде;

2) «Жұмыспен қамту 2020» және «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламалар арқылы кәсіпкерлікпен айналысу үшін несие беру;

3) шекаралық сауда мен туристік саланы дамыту;

4) жаңадан келген тұрғындарға жер телімдерін беру.



1) бас жоспарлары жоқ аумақтарды жаппай салуы кейіннен меншік иелерінің құқықтарын шектеуге, жердің оңтайлы игерілмеуіне, әлеуметтік нысандардың құрылысының қымбаттауына әкеледі;

2) жұмыссыз тұрғындардың саны өсуі;

3) әлеуметтік инфрақұрылым нысандары желілерінің жеткіліксіз даму деңгейі, шалғай ауылдық елді мекендерде әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қол жетімділіктің қиындығы немесе жоқтығы, табиғат жағдайына байланысты ауыл тұрғындарының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт қызметтеріне қолжетімділігінің нашарлауы оқу үрдісіне, денсаулық сақтау қызметтерінің төмендеуіне, ауылды жерлерде адами потенциалының деңгейін төмендетуіне апарады;

4) әлеуметтік инфрақұрылымның деңгейінің төмендігі, инженерлік-көліктік және коммуникация инфрақұрылымның тозуы базалық әлеуметтік қызметтерінің сапасын төмендетеді.



Мүмкіндіктер (O)

Қауіптер (T)

1) көршілес елдермен сауда және іскерлік қатынастар жүргізуге мүмкіндік беретін географиялық орналасу;

2) ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы топырақ-климаттық жағдай, бұл аудан тұрғындарының негізгі кіріс көзі болып табылады;

3) жұмыс істейтін медицина кадрларын және білім саласы мамандарын жұмыс орнына ұзақ мерзімге бекіту және жас мамандарды тарту бойынша жүйелі шаралар әзірлеу, ауылдық елді мекендер әлеуетін дамыту;

4) тірек және басқа да ауылдардың потенциалын жергілікті бизнес ұйымдар арқылы дамыту;

5) агрокешенді дамыту.


1) облыс орталығымен транспорттық байланысының тұрақты болмауы әлеуметтік-экономикалық потенциалы және инвестициялық қызығушылығының төмендеуі;

2) бас жоспарлар, құрылыс жобалары мен детальды жоспарлау жобалары болмаған кезде жер телімдерін беру және нысандар салуға Қазақстан Республикасының Заңымен тыйым салынады;

3) тұрғындар санының азаюы.

Мәселелік сұрақтар:

- аудан орталығының Бас жобасын түзету қажеттілігі;

- базалық деңгейдегі мемлекеттік қала құрылысының кадастр қызметінің болмауы;

- аудан елді-мекендерді абаттандыру шараларының бағдарламасының жоқтығы;

- ауданның дербес сәулет бөлімінің таратылуы;

- бөлім қызметкерлерінің қысқартылуы;

- күз-көктем маусымдарында өткелдің болмауына байланысты ауданға келіп кету

мәселесі;

- халық санының азаюы (миграциялық кету, теріс табиғи халық өсімі, тұрғындардың

қартаюы);

- ауылшаруашылық өнеркәсібінің ұсақтауарлылығы;

- әлеуметтік, көлік, тұрғын-үй инфрақұрылым нысандардың тозуының жоғары

деңгейі, базалық әлеуметтік қызметтерге, кеңжолақты Интернетке қолжетімділік

мәселесі;

- демографиялық және миграциялық үрдістеріне байланысты мектеп

оқушылары санының азаюы;

- мамандардың тапшылығы;

- сауда және тұрмыстық қызметтер жүйесінің дамымағаны.

Ауылдық өңірлерді дамыту

Ауылдың қалыпты тіршілігін қамтамасыз етуге жағдай жасау үшін ауыл тұрғындары өмір сапасының ұлттық стандарттарына сай болып білім, денсалық сақтау, мәдениет және спорт, сапалы ауыз су, автомобиль жолдары, электрлендіру, байланыс, теледидар, ғаламтор жүйесі сияқты қызметтерімен қамтамасыз етілуі тиіс, ауылдық елді мекендердің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу нормативтеріне жету қажет.

Халықты денсаулық сақтаумен қамтамасыз ету мақсатында ауданда 57 денсаулық сақтау нысандары, соның ішінде: 2 аурухана, 12 ДА, 40 медициналық пункттер бар және 3 елді мекенде көмек үйде көрсетіледі.

2012 жылы – 8, 2013 жылы -12 жас мамандарға көтерме жәрдемақы берілді, 2014 жылы 8 маманға тұрғын үй, 12 маманға көтерме жәрдемақылар берілді.

Жалпы білім беру мекемелерінің жүйесі ауылдық жерде 46 мектеп, 4 балабақшаны құрайды, 40 шағын орталық. Аудан мектептерінде 872 мұғалім жұмыс істейді. Мектеп жасындағы балаларды біліммен қамту 100 пайызды құрайды.

Ауданда 24 кітапхана, 3 мәдениет үйі, 30 клуб және мұражай қызмет көрсетеді. Ауданның 53 елді мекеннің ішінде 20 орталықтандырылған су құбырымен камтылған.

2012 жылы 24, 2014 жылы 22 ауылға келген жас мұғалім маманға көтерме жәрдемақы тағайындалып, төленді.

Ауданда 24 кітапхана, Мәдениет үйі, 30 клуб, мұражай халыққа қызмет етуде.

Аудан бойынша жалпы қолданыста автомобиль жолдарының ұзындығы 928 шақырымды құрайды, соның ішінде: республикалық маңызы жолдардың ұзындығы - 76 шақырым (8,2 пайыз), облыстық маңызы бар жолдардың ұзындығы - 551 шақырым (59,3 пайыз), жергілікті маңызы бар жолдардың ұзындығы - 301 шақырым (32,4 пайыз). Олардың ішінде асфальтты-бетонды жабынумен 10 шақырым, қара қиыршық тас жабынумен - 250 шақырым, қиыршық - ұсақ тасты - 569 шақырым және топырақты жол - 99 шақырым, сонымен қатар осы жолдарда 34 көпір және 554 су құбырлары бар.

2015 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша 1 елді мекен әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары санатқа тиісті, 46 – даму әлеуеті орташа, 6 - даму әлеуеті төмен.

Ауылдық жерде орташа айлық еңбекақының өсу тенденциясы байқалады. 2014 жылдың қорытындысы бойынша еңбек ақының мөлшері 62870 теңгені құрады. Ауылдық жерде орташа зейнетақы мөлшері 25000 теңгеден жоғары.

2020 жылға дейінгі аумақтарды дамыту Бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау шаралары ауылдардағы, ең алдымен тірек ауылдарда, инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталған. Осыған байланысты, 2012 жылдан бастап, 2012-2014 жылдарға ауылдарды дамыту кешенді жоспарлары әзірленген. Олар Теректі, Сарыөлең, Қалжыр, Боран ауылдарының әлеуметтік-экономикалық дамуына себепкер болды.

2011 жылдан бастап ауылдық жерлерде «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы басталды. Нәтижесінде бірқатар инвестициялық жобалар тірек ауылдардың экономикалық потенциалын көбейтіп, әлеуметтік және демографиялық көрсеткіштерді жақсартып, ауылдың тіршілігін қамтамасыз етті.

Аудан бойынша 2014 жылға орташа айлық жалақы 62870 теңгені құрап, зейнетақының орташа көрсеткіші 25000 теңгеден асты.
SWOT - талдау:


Күшті жақтар (S)

Нашар жақтар (W)

1) «Жұмыспен қамту 2020», «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламалар аясында кәсіпкерлікпен айналысу үшін несиелер берілу.

1) жұмыссыздардың санының өсуі;

2) табиғат жағдайына байланысты ауыл тұрғындарының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт қызметтеріне қолжетімділігінің нашарлауы оқу үрдісіне, денсаулық сақтау қызметтерінің төмендеуіне, ауылды жерлерде адами потенциалының деңгейін төмендетуіне апаруы;



Мүмкіндіктер (O)

Қауіптер (T)

1) медициналық, білім берудегі мамандарды жұмыс орнына жапсыру және жас мамандарды ауылға тарту бойынша жүйелі жұмыс жасау;

2) ауылдық елді-мекендердің потенциалын дамыту.



1) Бұқтырма су қоймасының өткелі тоқтаусыз болмағандықтан миграциялық кету арқылы аудан халқының азаюы.

Мәселелік сұрақтар:

- ауылшаруашылық өнімінің ұсақтауарлылығы;

- әлеуметтік, көлік, тұрғын-үй инфрақұрылым нысандардың тозуының жоғары

деңгейі, базалық әлеуметтік қызметтерге, кеңжолақты Интернетке қолжетімділік

мәселесі;

- су тасқыны арқылы апатты жағдайларының қаупі;

- демографиялық және миграциялық үрдістеріне байланысты мектеп

оқушылары санының азаюы;

- мамандардың тапшылығы;

- сауда және тұрмыстық қызметтер жүйесінің дамымағаны.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет