Бағдарламасы Күршім ауылы, 015 ж Мазмұны Паспорт Ағымдағы жағдайды талдау 6



жүктеу 2.02 Mb.
бет3/10
Дата07.03.2018
өлшемі2.02 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Шекаралас өңірлер


Шекаралас аудандар бұл ерекше шекара қызметтерін атқаратын және осыған байланысты ерекшеліктері бар мемлекеттік шекараға жақын орналасқан аумақтары. Географиялық орналасуы – шекаралас ерекшелікке байланыстылығының негізгі факторы болып табылады.

Шекаралас аудандар сыртқы экономикалық байланысты дамытуға, экономикалық белсенділік пен сыртқы нарыққа шығуға алғышарт жасайды. Басым бағыттардың бірі шетел инвесторларымен өзара тиімді ынтымақтастық құру, қосымша инвестиция мен жаңа технология тарту, бірлескен өндіріс құру, сонымен қатар тұрғылықты халықтың саны.

Күршім ауданы Қытай Халық Республикасымен шекаралас. Ауданның аумағы 23,2 мың км құрайды. Жалпы халық саны – 27,9 мың адам. Шекараға жақын орналасқан ауылдар: Теректі, Қарашілік, Жиделі, Балықты-Бұлақ, Шанағаты, Ақжайлау, Мойылды, Ұрунхайка, Қалжыр, Боран, Бұлғары-Табыты. Бұлар түгелдей Қытай Халық Республикасымен шекаралас. Шекараның ұзындығы 467 шақырым.

Шекаралас өңірлердің ауылшаруашылық санатындағы жердің аумағы 194 мың га, оның ішінде егістік жер – 3 мың га, солардың суармалысы – 0,4 мың га, шабынды жер – 12,1 мың га, жайылым – 50 мың га, мемлекеттік жер қоры -128,5 мың га.

Етті, сүтті мал, қылшық жүнді қой, жылқы шаруашылығы қарқынды дамуда, «қаба» асыл тұқымды жылқы асыраумен айналысатын «Азамат» шаруа қожалығы, тағы 26 шаруа қожалықтары жұмыс жасауда.

Елді мекендерде мынандай проблемалар бар: орталықтандырылған сумен қамту және кәріз жүйелерінің жоқтығы, әлеуметтік сала мен сауданың баяу дамуы.

70 жылдары салынған республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың тозуына байланысты, толық жөндеуді және қайта салуды қажет етеді.

Бүгінгі күні шекара маңындағы елді-мекендердің халық санының азаюы байқалады, бұл олардың дамуына кері әсерін тигізеді.

Шекара маңындағы халық санының азаюының басты себептері: жұмыссыздық, халықтың басқа аудандар мен қалаларға көшуі, өмір сүру жағдайының қала маңына қарағанда төмендігі.

Сонымен қатар, нарық инфрақұрылымының баяу дамуынан қолайсыз инвестициялық климат орын алуда. Сондықтан экономикадағы құрылымдық өзгерістеріне инвестиция көлемі әлі жеткіліксіз. Нәтижесінде шекара маңы саудасының табысы «челноктар» мен ұсақ жеке фирмалардың қолында қалып отыр.

Сонымен қоса, ауылшаруашылығына арналған жер ауданымен, туристік саланы дамыту мүмкіндігімен, шекара маңы сауданың дамуымен байланысқан аудан дамуының жоғары әлеуетін атап өткен жөн.

Аудан аумағында Марқакөл ұлттық қорығы мен Марқакөл көлі орналасқан.

Күршім ауданының табиғи және тарихи – мәдени туристік ресустары өте жоғары бағаға ие және Шығыс Қазақстанның ғана емес бүкіл Қазақстанның экотуризміның көшбасшылырының бірі ретінде бағаланады. Біздің бағамыз бойынша ауданның табиғатын назарға ала отырып халықаралық маңызы бар әлемдік деңгейдегі аумағы Алтай-Саяндық эталонды экоаумаққа кіреді.

Сонымен қатар, шекаралас ынтымақтастық инфрақұрылымын дамытуға көңіл бөліп, Теректі комендатурасының Ашалы заставасы арқылы өтетін жолды ашу керек.

Осылайша шекаралас елді мекендерде тұрғындар санын көбейту үшін жағдай жасау қажет.
SWOT – талдау:


Күшті жақтар (S)

Нашар жақтар (W)

1) ауылшаруашылық мақсатта пайдаланатын жерлердің қомақты үлесі;

2) көлік айырымының болуы;

3) мәдениет мұрасының сақталуы.


1) халық санының азаюы;

2) халық тығыздылығының төмендігі;

3) теріс көші-қон айырмасы;

4) тұрғындардың кіріс деңгейінің төменділігі;

5) шекара өту орындарының жоқтығы;

6) әлсіз дамыған инфрақұрылымдық және әлеуметтік сала;

7) технологияның артта қалуы.


Мүмкіндіктер (O)

Қауіптер (T)

1) туристік сала мен шекаралас сауданы дамыту;

2) рекреациялық орталықтарды ашу;

3) ауылшаруашылығын дамыту;

4)шекара аумақтары потенциалын халықаралық көрмелерде көрсетілу;

5)мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру.


1) ауылдық елді мекендердің құлдырауы.

Мәселелік сұрақтар:

- шалғайдағы ауылдардың тұрақты байланыспен қамтылмауы;

- халық санының азаюы (миграциялық кету, теріс табиғи халық өсімі, тұрғындардың

қартаюы).
2.2. Әлеуметтік сала

Білім беру

Күршім ауданының әлеуметтік – экономикалық дамуы нақты сектормен қоса әлеуметтік саланың да дамуымен және тұрақтылығымен сипатталады.

2011 жылдан 2014 жылдар аралығында білім беру саласында 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, білім беру ұйымдарын күрделі жөндеу және материалдық техникалық базасын күшейту бойынша жұмыстар жүргізілуінің аясында сапалы білімге қолжетімділік пен ауылдағы білім беруді дамыту бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды.

Мектепке дейінгі ұйымдар желісін сақтау және кеңейту, 5-6 жастағы балаларды мектеп алды даярлығына қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданды.

2014 жылы ауданда 4 балабақшада 475 бала қамтылды, 2012 жылмен салыстырғанда бала саны 35-ке өсті (440 бала).

40 шағын орталықтарда 1065 бала қамтылып, олардың 20-сы балалардың күні бойы шағын орталықта болуымен қамтамасыз етілді. 2012 жылмен салыстырғанда балалар саны азаюына байланысты 17 шағын орталыққа қысқарды.

Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз ету мектеп жасына дейінгі барлық бала санынан 100% құрап, 1540 баланы қамтыды.


Кесте 13 - Мектепке дейінгі ұйымдар желісінің даму динамикасы

МДМ саны

ШО саны

МДМ-мен қамтылғандар саны

ШО - мен қамтылғандар саны

Қамтылғандардың %

2012

2013

2014

2012

2013

2014

2012

2013


2014


2012


2013


2014



2012

2013

2014

4

4

4

40

40

40

440

440

475

1233

1287

1065

100

100

100

0-2 жас аралығында 659 баладан кезекте 87 бала тіркеліп тұр. 2013 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке тұру автоматтандырылған. Аудан балаларын толық қамту үшін бөбек жасындағы топтар ашу қажет.


Кесте 14 - Күршім ауданы бойынша 0-7 жас аралығындағы балалар саны

01.10.2014 жылға



 

 



 

жасы


Оқу жылының басына

Күндізгі жылпы білім беру мектептерде



МДМ бала саны


ШО бала саны


Даярлық сыныптардағы бала саны



МДМ, даярлық топтар

1

0 жас

289
















2

1 жас

370
















3

2 жас

459




90

369







4

3 жас

496




160

336







5

4 жас

510




150

360







6

5 жас

510




75




435




7

6 жас

455

362







93




8

7 жас

467

466







1







Барлығы

3556

828

475

1065

529

0

Жалпы білім беру.

2014 жылы Күршім ауданында 46 мектеп 4473 оқушы контингентімен жұмыс жасады (Бұғымүйіз мектебі ашылды). 2012 жылмен салыстырғанда оқушы саны азаюына байланысты 2 мектеп жабылды (кесте 15).46 мектептен 7- жалпы білім беру, 39 – азкомплектті, оның ішінде 3 мектеп бастауыш (2013-2014 оқу жылы – 2), 19 – негізгі орта және 17 орта мектептерге жатады.
Кесте 15 - 2012-2014 жылдардағы мемлекеттік күндізгі жалпы білім беру мектептер желісінің өзгеру динамикасы


2012 ж.

2013ж.

2014ж.

Саны

Контингент,адам

Саны

Контингент,адам

Саны

Контингент, адам

48

4923

45

4612

46

4473

2015 жылдың басына ауданда 1 апатты мектеп (2012-2014 жылдарда апатты мектептер орнына 5 мектеп енгізілді. 46 мектептен 18 (39%) мектепке бейімдлеген ғимаратта орналасқан. Бұл мәселені шешу үшін Ұрунхайка және Жолнұсқау ауылдарында жаңа мектеп салу қажет. Ауданда жалпы білім беру мектептері санының төмендеу тенденциясы мен демографиялық және көшу үдерістері салдарынан оқушылар контингентінің азаюы сақталып отыр. Сондықтан, Күршім ауылында 200 орындық, Теректі ауылында 75 орындық, Боран ауылында 50 орындық мектеп жанындағы интернат құрылысы қажет.

Аудандағы барлық мектептер компьютерлендірілген. 2012 жылы жалпы білім беру мектептерінде компьютермен қамтылу 4,79 оқушыға бір компьютерді құрады, 2013 жылы – 4,69 оқушыға, 2014 жылы – 4 оқушыға. Аудан бойынша 15 мектеп кеңжолақты Интернет жүйесіне қосылған, бұл 32,6 пайызды құрайды.

Кесте 16. 2012-2014 жылдары мектептерді пән кабинеттері

мен құрал-жабдықтармен қамту динамикасы


жыл


мультимедиялық

кабинеттер



физика кабинеттері

химия кабинеттері

биология

кабинеттері



саны

%

саны

%

саны

%

саны

%

2012

26

57,1

23

52,3

11

25

15

34,1

2013

27

60,0

23

53,5

16

37,2

16

37,2

2014

34

67,4

27

62,8

23

53,5

22

51,2

2011 жылы Күршім ауылында 600 орындық мектеп пайдалануға берілді, Қарашілік ауылындағы апатты жағдайдағы мектеп орнына 80 орындық мектеп салынды, 2014 қыркүйегінен бастап Жаңаауыл, Шенгелді, Қойтас, Ақсуат ауылдарындағы апатты жағдайдағы мектептер орнына 80 орындық мектептер пайдалануға берілді. Үшбұлақ орта мектепте, Ақжайлау негізгі мектепте құрылыс жұмыстары қайтадан жүргізілуде.

Ыстық тамақпен тегін тамақтану 100 пайыз немесе барлық мектептерде 1-4 сынып және аз қамтылған отбасы оқушылары арасында ұйымдастырылған. Аудан әкімінің бастамасымен рационға бал, сүт және қышқылсүтті тағамдар қосылған.

Аудан мектептерінде 872 педогогикалық қызметкерлер қызмет етеді, 2012 жылмен салыстырғанда 33 педагогқа азайып отыр. Қызметкерлердің ішінде жоғары білімді – 747, арнаулы орта – 125. Жоғарғы санатты мұғалімдер саны 77, бірінші санаттағылар – 320, екінші санаттағылар – 228 адам.

«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша 39 жас маман келді. Ауылдарды жас мамандармен қамтамасу мақсатында жыл сайын жәрмеңкелер өткізіліп тұрады.

Сонымен бірге, мектептерде педагогтар қатары азаю үрдісі байқалып отыр. 2012 жылы 905 мұғалім қызмет етсе, 2014 жылы – 872 мұғалім.

2014 жылы ҰБТ қорытындысы аудан бойынша 76,48 ұпайды құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 0,38 ұпайға жоғары (2012 жылы – 76,1 ұпай). Екі түлек мектепті «Алтын белгіге» бітірді.

Ауданның 6 мектебінде инклюзивтік білім беру енгізілген. 2014 жылдың ақпан айынан бастап «Шығыс Қазақстан – жетімсіз аймақ» жобасы жұмыс істеуде. Жобаның негізгі міндеті - жетім үйлерінің тәрбиеленушілерді отбасыларға табыстау. Аудан тұрғындары бұл жобаға белсенді қатысып, 30 баланы тәрбиелеуге алды. «Мейірім» акциясы аясында 63 бала қамтылып, «Жилстройсбербанк» АҚ-на 11 млн.теңгеден астам қаржы аударылды.


SWOT - талдау:

Күшті жақтар (S)

Нашар жақтар (W)

1) мектепалды даярлық мекемелерімен балалар қамтылуының өсуі;

2) аз қамтылған отбасылардың, жетімдер, патронаттық тәрбиелеудегілердің 100 пайыз ыстық тамақпен қамтылуы.



1) материалдық-техникалық базаның тозуы;

2) апатты жағдайдағы мектептің болуы (Жолнұсқау мектебі);

3) жыл сайынғы білім мекемелерінің күрделі жөндеуден өткізу қажеттілігінің өсуі;

4) жаңа модификация кабинеттермен толық қамтылмауы;

5) аз комплектелген мектептерде оқушылар санының көптігі;

6) аз комплектелген мектептерге дайындалған маман тапшылығы;

7) дидактикалық материалдар, оқыту әдістерінің жетіспеуі.


Мүмкіндіктер (O)

Қауіптер (T)

  1. электронды оқу жүйесін енгізу;

қосымша білім берудің дамуы.

1)демографиялық және көші – қон үрдісіне байланысты оқушылар контингентінің азайып кетуі

  1. 2) азкомплекті мектептерде оқыту сапасының төмендеуі.

Мәселелік сұрақтар:



  • бөбек топтарына орын тапшылығы;

  • мектептердің материалдық базасын нығайту;

  • апатты жағдайдағы мектептің болуы;

  • ауданда e-learning бағдарламасы бойынша оқыту жоқ.

Денсаулық сақтау

2015 жылдың 1 қаңтарына Күршім ауданының халық саны 27936 адамды құраған, 2012 жылмен салыстырғанда миграциялық үрдіске байланысты 1536 адамға азайды.

2012-2014 жылдары аудан демографиясына келесі факторлар әсер етті:



  • аудан бойынша туу көрсеткіші 15,34-тен (2012 жылы) 18,39-ға (2014 жылы) өсіп отыр, облыстық көрсеткіш 2012 жылы 16,67 және 2014 жылы 17,14.

  • жалпы өлім көрсеткішінің төмендеуі тіркеліп отыр: 1000 тұрғынға шаққанда 2012 ж – 9,69, 2014 ж – 9,57, облыс бойынша жалпы өлім көрсеткіш 11,62, 2014 жылы 10,42.

  • табиғи өсу көрсеткіші 1000 адамға 2012 жылда +4,0-тен +5,3-ке 2014 жылда. Облыс бойынша - 2012 жылы +5,05, 2014 жылы +6,72.


Ауданда әйелдер мен балалар денсаулығының төмен деңгейі және ұрпақты болу денсаулығының мәселесі өзінің өзектілігін сақтап отыр. 2011-2014 жылдарда ана өлімі тіркелмеген.

Бала өлімінің деңгейі төмендеуі байқалып, 2012 жылы 12,2 болса, 2014 жылы 8,8 болды.



Нәресте өлімінің негізгі себептері перинаталдық кезеңде туындайтын жағдайлар болып табылады. Нәресте өлімінің құрылымында екінші орынды туа біткен даму кемістігі алады, бұл жүргізілетін ерте диагностикалаудың жеткіліксіз деңгейімен (жүкті әйелдердегі туа біткен даму кемістігін анықтауға арналған скринингтер) түсіндіріледі.

1000 адамға шаққанда жалпы өлім деңгейі төмендеп отыр: 2012 жылы- 9,69, 2014 жылы – 9,57.



Сонғы жылдардағы халықтың туберкулез ауруының тарауы көрсеткіші 1000 адамға 2012 жылы 59,3-ден 2014 жылы 72,2-ге өсті (21,7%):


Туберкулез аурудан өлім тіркелмеген.

Ауруларды ерте сатыда анықтау мақсатында профилактикалық тексерулер жүргізіледі.

Тұрғындар аурулары арасында әлеуметтік-маңызды аурулардың қатарында барынша маңызды қан айналымы жүйесінің аурулары тұр. 2014 жылы қан айналымы жүйесі ауруларының көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 180,0 құрады.


Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышымен ауыратын 2012-2014 жылдарда тіркелмеген.

2012 жылмен салыстырғанда тегін дәрігерлік көмектің көлемі 728 млн.теңгеден 764 млн.теңгеге өсті. Жалпы аудан бойынша тұрғындарға 2015 жылдың басына санағанда 2 дәрігерлік мекеме (Күршім ауылында орталық аурухана, Теректі ауылында мамандырылған аурухана), 8 дәрігерлік амбулатория, 2 ФАП, 34 медпунктілер және 2 дәрігер ғимаратсыз жұмыс істеуде.

Ауыл тұрғындарын дәріхана жоқ ауылдарда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында алғашқы медициналық көмек беру пунктілер арқылы ұйымдастырылған. 2012 жылда тегін дәрі-дәрмек 56,8 млн.теңгеге, 2014 жылда 104,8 млн.теңгеге берілді.

Сонымен қатар, аудан дәрігерлердің саны 68 адамнан 2012 жылы 64 адамды 2014 жылы құрап отыр. 2015 жылдың басына 10 мың тұрғынға дәрігермен қамтылуы 22,9 (2013 жылдың басына - 23,4), облыс бойынша орташа көрсеткіш - 30,1. Орта медициналық персонал 10 мың адамға көрсеткіш 89,5 (2012 жылы – 94,0), облыс бойынша орташа көрсеткіш 78,0.

Дәрігер тапшылығы – 2 акушер-гинеколог.

2014 жылы 9 жас маман келді (2012 жылы – 2), көтерме жәрдемақымен 9 маман, тұрғын үй алуға несиемен 4 дәрігер қамтамасыз етілді.

2012 жылы медициналық мамандардың дәрігерлік санатының үлесі – 62 пайыз, орта медициналық қызметкерлер – 68 пайыз, 2014 жылы дәрігерлерде – 65 пайыз, орта медициналық қызметкерлер – 70 пайыз.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін салалардың алдын алу бағыты күшейтілген, тұрғындардың жекелеген санаттарын алдын алу тексерулерімен қамту артып отыр, азаматтардың, бірінші кезекте балалардың дене белсенділігін арттыру бойынша іс шаралар іске асырылуда.


Кесте 17 – 2012-2014 жылдарда скриннинг өткізу бойынша ақпарат

Скрининг

2012 г

2014г

Балалар

9617

8316

Жүрек және тамырлар ауруы

4179

5250

Жатыр мойны қатерлі ісігі

953

1267

Сүт безі қатерлі ісігі

1158

1187

Глаукома

4129

4980

Қант диабеті

4179

5250

Тік ішек қатерлі ісігі

2696

3150

Ерлердің қуық үсті безі қатерлі ісігі

701

854

Асқазан, өңеш қатерлі ісігі

1385

1645

SWOT - талдау:



Күшті жақтар (S)

Нашар жақтар (W)

1) демографиялық көрсеткіштердің жақсаруы, бала туудың өсуі;

2) бала өлімінің азаюы;

3) стационарлық көмектің қол жетімділігін арттыру.


1) әлеуметтік маңызы бар аурулармен аурушаңдықтың жоғары деңгейі;

2) дәрігер мамандардың тапшылығы;

3) медициналық қызметтің сапасының төмендігі;

4) медициналық мекемелердің медициналық жабдықтармен және тұрпатты ғимаратпен жарақталу деңгейінің төмендігі;



Мүмкіндіктер (O)

Қауіптер (T)

1) заманауи медициналық нысандар құрылысын қаржыландыруды арттыру

2) жаңа жабдықтар сатып алуға, ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізуге байланысты шығындарды қаржыландыру тетігін әзірлеу,

3) жұмыс орнына, атап айтқанда, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеп отырған медициналық кадрларды бекіту және жас мамандарды бекіту бөлігінде шаралар жүйесін әзірлеу


1) саланың жеткіліксіз қаржыландыруы медициналық жабдықтардың, сондай-ақ медициналық мекемелердің ғимараттарының тозуына әкеліп соқтырады. Бұл мәселелер ауруды уақтылы анықтауға кедергісін келтіреді және көрсететін медициналық қызметтің сапасын төмендетеді.

Мәселелік сұрақтар:



  • әйелдер және балалар денсаулығының төмендігі;

  • бала өлімінің өсуі;

  • әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауырғандардың саны өсуі;

  • жарақат алу және уланудың жоғары үлесі;

  • мамандырдың жетіспеуі;

  • тұрғындардың тарапынан денсаулыққа қарамау;

Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау

2014 жылы экономикалық белсенді халықтың саны 15027 адамды құрады (бұл ауданның жалпы халық санынан 57,1% , облыс бойынша – 53,2%).

2012 жылмен салыстырғанда экономикалық белсенді халық саны 1197 адамға немесе 7,4 пайызға азайды (2012 жылы – 16224 адам). Сондықтан еңбекпен айналысушылар 2012 жылы 15510 адамнан 2013 жылы 14480 адамға немесе 6,6 пайызға (1030 адамға) жұмысқа жарамды аудан тұрғындарының көшіп кетуіне байланысты қысқарды, көбінесе Теректі, Боран, Абай, Ақбұлақ, Балықшы, Маралды ауылдық округтарынан.

Экономика саласының негізгі үлесін ауылшаруашылық, орман және балық шаруашылығы – 50,1% және бюджеттік сала (мемлекеттік басқару, білім беру, денсаулық сақтау) – 31,6% құрайды, белсенді тұрғындардың 81,7% орташа табыс табатын салаларда жұмыс істейді, 2,9% - өнеркәсіп саласында.

Ауданда тіркелген еңбек ететін жұмыскерлердің ішінен өзін өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың үлесі - 49% (облыс бойынша – 31,8%) құрайды.

2012-2014 жылдар аралығында өзін өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың саны 8300 адамнан 7780 адамға азайды немесе 6,3%.

2014 жыл көлемінде жұмыспен қамту мекемесіне 698 адам тіркелді, 2012 жылмен салыстырғанда 5,6% өсті (2012 жылы - 673). Жұмыспен қамту сұрағы бойынша келген адамдардың жұмысқа орналасқан адамдар саны – 348, үлесі – 68,1 пайызды құрады (2012 жылы – 72,8%).

8 сурет. Жұмыспен қамту сұрағы бойынша келген адамдардың саны (%)
2014 жылы экономиканың әртүрлі саласында 928 жұмыс орны ашылды, 2012 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2 пайызға өсті (2012 жыл - 909).

9 сурет. Жұмысқа орналасу сұрағы бойынша келген адамдардың үлесі (%)

«Жұмыспен қамту қартасы 2020» бағдарламасы аясында ауданда сонғы 3 жылда әлеуметтік жұмыс орындарына 359 адам жұмысқа жіберіліп, 100% орналастырылды. Жастар іс-тәжірибесіне 78 адам жіберіліп, оның 91%, кәсіптік даярлау және қайта даярлауға 193 адам жіберіліп, оның 92,7% жұмысқа орналасты. Барлығы белсенді жұмыспен айналысатын 657 адамның 441 өзін-өзі қамтыған, 204 – жұмыссыз, 12 – мүгедек. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 634 адам жұмысқа орналастырылды немесе ол 96,5% құрайды.

Ауданда жыл сайын еңбек ресурстарының артуы байқалады: 1880 адамнан 2000 адамға дейін, сондықтан еңбек нарығында бір жұмыс орынға үміткер жұмыссыздар 4,1%-дан 4,5%-ға дейін өсіп отыр.

2014 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 82 адамды құрады, 2012 жылмен салыстырғанда 4,4 есеге азайды (2012 – 362 адам). әлеуметтік көмек алушылар құрамының 71% балалар жәрдемақысы (58 бала). Әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 2012 жылдағы 1184,6 теңгеден 2014 жылда 2399,8 теңгеге өсті, жәрдемақыны ең көп алатын ауылдық округтар: Күршім және Боран.

10 сурет. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны (адам)


Айсайынғы 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы – 1495 адам, 2012 жылмен салыстырғанда 30,3% азайды.

11 сурет. Балалар жәрдемақысын алатын алушылар саны (адам)


Халықты жұмыспен қамту мақсатында халықтың осал топтарымен мақсатты жұмыс істеуді қөздейтін комплекстік жоспар әзірленген.

Тұрғын үй көмегін алатын халық саны 13,6% азайып, 529 отбасын құрады.

Ауданда әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істеуде, оның үйде әлеуметтік көмек көрсетілетін 2 бөлімшесі 83 жалғыз басты қариялармен мүгедектерге, 32 мүмкіндігі шектеулі балаға, психоневралогиялық паталогиясы бар 18 жастан жоғары 169 азаматқа қызмет көрсетуде.

Арнайы әлеуметтік қызметпен қамтылған тұрғындар үлесі 2012 жылда 97 пайыз болса, 2014 жылы 99,6 пайызды құрады.

Ауданда мүгедектерге арналған кедергісіз 13 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны бейімделген.
SWOT - талдау:


Күшті жақтар (S)

Нашар жақтар (W)

1) Ауданның жұмыс көздерін анықтау мақсатында 2015-2017 жылдарға арналған Жұмыспен қамту картасы әзірленді;

2) үйлерді аралау бойынша электрондық ақпараттық база құрылған;

3) 2 жылда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар - 4,4 есеге, балалар жәрдемақысын алушылар - 30,3% азайды;

4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 2 есеге өсті, ол жеке атаулы көмектің күшейгенің білдіреді;

5) жұмысқа қабілетті халықтың ішінде атаулы әлеуметтік көмек алушылардың үлес салмағының 31,5%-дан 24,4%-ға дейін азаюы;

6) «Өрлеу» пилоттық жобасының іске асырылуы;

7) қоғамда мүгедектерді қолдау шаралары.


1) еңбек нарығында жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының дисбалансы;

2) маман тапшылығын анықтайтын жүйенің жоқтығы

3) тұрақты жұмыс орындарының болмауы;

4) ауылдағы құрылған жұмыс орындарының маусымдық болуы;

5) ауылда әлеуметтік инфрақұрылымның, жаңа өндіріс техналогиясының жоқтығы, жастар мен әйелдердің қара жұмысқа қызығұшылық танытпауы;

6) мүгедектердің сапалы әлеуметтік және көліктік инфрақұрылыммен қамтылмауы.





Мүмкіндіктер (O)

Қауіптер (T)

1) тұрақты және уақытша жұмысқа кәсіптік даярлау және қайта даярлауға, қоғамдық жұмыстарға, әлеуметтік жұмыс орнын ашу және тұрмыстық деңгейі төмен тұрғындарды қолдау бойынша аумақтық бағдарламасын іске асыру арқылы аудан халқының тұрмыстық деңгейін жақсарту;

2) жұмыс берушінің сұранысы бойынша жұмыссыздарды кәсіптік даярлау және қайта даярлауға жіберу;

3) белсенді мемлекеттік бағдарламалар түрлерін кеңейту;

4) жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтылғандарға кәсіптерін дамытуға жағдай жасау;

5) ауылда әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және ірі инвестицияларды тарту;

6) республиканың басқа аймақтарындағы жұмыссыз жүрген мамандарды тарту;



1) өнім көлемінің азайуына және жұмыс орындарының қысқартылуына байланысты жұмыссыздықтың өсуі;

2) жұмысқа жарамды жастағы халықтың кетуінің өсуі;

3) тұрмыстық деңгейінен кедейлік деңгейінің 60 пайызға дейін өсуі атаулы әлеуметтік көмек алушылар саның көбейтеді;

4) коммуналдық қызметтер тарифының өсуі тұрғын үй көмегін алушылар саның көбейтеді;

5) «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясындағы несиелердің азаюы жаңа жұмыс орындарындарының ашылуын төмендетеді.

Мәселелік сұрақтар:

- мүгедектердің және қарттардың өмір деңгейінің төмендігі;

- мүмкіндігі шектеулі адамдарға өмір сүру ортасының қолайсыздығы;

- ауылшаруашылық және әлеуметтік саладағылардың еңбекақысының төмендігі;

- жұмысқа жарамды жастағы халықтың кетуінің өсуі;

- тұрақты жұмыс орындарының болмауы;

- жастар мен әйелдерд жұмыссыздығының жоғары деңгейі;

- жұмысшы мамандардың тапшылығы, сонымен қатар жоғары білімді мамандардың артуы;

- жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтылғандардың ішінде аз қамтылған тұрғындардың жоғары үлесі;

- көленкелі жұмыспен қамтудың болуы;

- кәсіптік даярлаудың еңбек нарығы сұранысына сәйкес келмеуі;

- жұмыссыздықтың құрылымы, кедей және аз қамтылғандар саны бойынша статистикалық мәліметтердің жоқтығы, әкімшілік-аумақтық бірліктердің еңбек қорының құрылымы мен бөлінісі туралы статистикалық мәліметтердің жетіспеуі.
Мәдениет

Мәдениет саласы аймақтын әлеуметтік жаңару және экономикалық дамуына елеулі септігін тигізіп, білім беру және оқыту саласында тұрғындардың жеке жетістіктерінің көбеюіне, жергілікті қоғамның қалыптасуына әсер етеді,

көлеміндегі мәдениет мекемелерінің саны 2014 жылы - 56 бірлікті, оның ішінде

Мәдениет және өнер жүйесінде 1 аудандық Мәдениет үйі, 27 клуб, 22 кітапхана, 146 адамнан аса жұмысшылар, соның ішінде шығармашылық мамандар 85-тен астам адам халыққа қызмет көрсетеді.

Аудан көлемінде көркемөнерпаздар шығармашылық ұжымдары саны – 103, 10 «Халықтық», 2 «Үлгілі» ұжым.

Бігінгі күні аудан аймағында мемлекеттік тізімге енгізілген 113 тарихи ескерткіш пен мәдени мұралар, оның ішінде 1054 археологиялық ескерткіштер сәулет және архитектуралық ескерткіштер. 2012-2015 жылдары 8 ескерткішке ауылдық округтер мен мектептердің бастамасымен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сарыөлең, Абай, Қалғұты, Теректі ауылдық округтарында тарихи-мәдени мұраларды анықтау мақсатында жұмыстар жүргізілді. Сонғы 3 жылда 113 ескерткіштің паспорты жасалды. «Күршім ауданының мәдени ескерткіштер тарихының карта схемасы және тірек жоспары» жобасы әзірленді.


Кітапханалар жұмысы

Күршім ауданы бойынша 53 аумақтақ бірлік, 12 ауылдық округ. 21 ауылдық кітапханалардың (1 аудандық кітапхана) ішінде Теректі ауылдық кітапханасы ғана интернет желісіне қосылған. Жылжымалы кітапханалар жұмыс істемейді.

2012 жылы оқырмандар саны 11,3 мың адам болса, 2014 жылы 1,03% көбейіп 11,6 мың адамға дейін жетті.

2012 жылы кітапханаға келушілер саны 114,3 мың адам болса, 2014 жылы 1,2% көбейіп 138,1 мың адамға дейін жетті. 2014 жылы кітапханалардағы кітаптің қоры 196,109 дананы құрады, оның ішінде мемлекеттік тілде – 99591 дана (2012 жылы 193375 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде – 95982 дана).


Клуб мекемелердің қызметі.

2014 жылы аудандағы клуб мекемелерімен 1645 мәдени-көпшілік шара өткізіліп, 253784 адам қамтылды, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 10 пайызға өсімді құрады.

Мәдениет нысандарға мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолжетімділігі. Мәдениет нысандарға негізінде пандустармен қамтылған.
SWOT - талдау:


Күшті жақтар (S)

Нашар жақтар (W)

  1. мәдениет саласына және жаңа мәдениет нысандарын салуға қаржы бөлу;

  2. мәдениет нысандарына келушілер санының үлесін арттыру;

  3. мәдени-көпшілік шараларының санын арттыру.




  1. тар көлемді мамандардың жетіспеуі, кадрлардың тұрақтамауы;

  2. кейбір тарихи және мәдениет ескерткіштерінде қорғау міндеттемерінің болмауы;

  3. ауылдық кітапханалардың компьютерліндірмеуі және Интернетке қосылмауы,

  4. дағдарыс кезіндегі қаржыландырудың аздығы;

  5. кітап қоры және мекеме жүйесінің мемлекеттік номативтің болмауы.

Мүмкіндіктер (O)

Қауіптер (T)

  1. жаңа мәдениет нысандарын салу, мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту;

  2. мүгедектерге мәдениет қызметінің қолжетімділігі;

  3. ауданның жас әртістерін қолдау мақсатында республикалық конкурстарға қатыстыру;

  4. мәдениет саласында ең төмен мемлекеттік нормативтарды бекіту.

  1. қаржының тапшылығы ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіруге қиындатады;

  2. мәдениет мекемелерінде шығармашылық мамандардың тапшылығы (режиссерлар, музыканттар, хореорафтар).

Мәселелік сұрақтар:



  • минималды мемлекеттік нормативтарының жоқтығы кітапханалар толықтыру, мекемелер жүйесінің және жылжымалы мәдениет кешендерінің даму мәселелерін тұғызады;

  • ауылдық кітапханалардың компьютерліндірмеуі және Интернетке қосылмауы;

  • мәдениет саласындағы мамандардың жалақысының төмендігі және ведомстволық пәтерлердің болмауы;

  • материалдық-техникалық базаның аз қамтылуы, клубтық мекемелер дыбыс күшейткіш және жарық түсіру құралдармен, костюмдермен, автоклуб, музыкалық аспаптармен, кітапханалар – компьютерлік техникамен, столдармен, стеллаждармен толық жабдықталмаған.

Денешынықтыру және спорт

2015 жылдың басында денешынықтыру және спортпен айналысатын адамдар саны 8526 адам (халықтың 30,5%), 2012 жылмен салыстырғанда 25,8% өсті.

2012–2014 жылдар аралығында Күршім ауданындағы спорттық құрылғылар саны 6%-ға өсті (193 бірлік), оның 28-і білім мекемелеріне және 165-і дене шынықтыру –спорттық бағытқа жатады.

Ауданда балалар жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді, онда 988 спортшы жаттығады. Балалар жасөспірімдер спорт мектебінде спортшылармен 33 жаттықтырушы жұмыс жүргізеді.
18.кесте. 2012-2014 жылдардағы дене шынықтыру және спорт бойынша

негізгі көрсеткіштер



№ п/п

Көрсеткіш атауы

өлшеу бірлігі

2012 ж.

2013ж.

2014 ж

1

Спорттық құрылғылар

бірлік

182

188

192

2

Дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандар-барлығы

-оның ішінде дене шынықтыру мамандығы бар мамандар



адам

31

33

33

3

Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын халықтың әр түрлі санатттарының өсу деңгейі

%


22,9

27,4

29,4

4

Дене шынықтыру және спортпен айналысушылар саны

адам


6780

8053

8526

5

Дене шынықтыру және спорт ұйымдары (ведомстволық дене шынықтыру және спорт қоғамдары, спорт клубтары, кәсіпорындар мен мекемелердегі дене шынықтыру және спорт ұйымдары)

бірлік

56

64

60




Дене шынықтыру және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдердің қамтылуы

%

15,1

20,7

21,5




Дене шынықтыру және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдердің саны

адам

748

956

962



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет