Бағдарламасы Күршім ауылы, 015 ж Мазмұны Паспорт Ағымдағы жағдайды талдау 6



бет4/10
Дата07.03.2018
өлшемі2.02 Mb.
#20165
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Тұрғындарды тұрақты түрде спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында жыл сайынғы облыстық көпшілік жарыстарға тартуға жағдай жасалған: халықтық ойындарда, балалардың спорт ойындарында, мемлекеттік қызметшілер, оқушылар, еңбек ұжымдары спартакиадасында.

2012-2014 жылдары ауданда 405 спорттық-көпшілік шаралар өткізілді.

Ауданда спорттың 9 түрін, оның ішінде 4 олимпиадалық түрін дамытуда жұмыстар жүргізілуде.

2015 жылдың 1 қаңтарына 2 спорт шебері, 11 спорт шеберлігінен үміткерлер дайындалды.

Саланың SWOT-сараптамасы:



Күшті жақтары (S)

Нашар жақтары (W)


1) спорттық құрылғылар мен құрылымдардың тұрақты өсу динамикасы.

1) аудандағы округтердегу спорттық құрылғылардың жетіспеушілігі, шаңғы базасының болмауы;

2) сапалы кадрлардың жоқтығы.



Мүмкіндіктер (О)

Қауіптер (Т)

1) Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және спортты жедел түрде дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы (концепция);

2) халық арасындағы ақпараттық-түсіндірме жұмысының күшеюі;

3) ауылдық округте жұмыс істейтіндерге әдістемелік көмек көрсетілуі;

4) спорт мамандарын даярлаудың бағдарламасының жетілдірілуі;

5) аудандық жарыстар өткізуге және облыстық жарыстарға қатысуға қаржының жеткілікті мөлшерде бөлінуі.


1) дене шынықтыру және спорттың көңіл көтеретін компъютерлік ойындар, кино, дискотека т.б. қарағанда бәсекелестігінің төмендеуі.

2) бірқатар спорт түрлерінің нашар дамуы(жабылған спорттық құрылғылардың болмауы себебінен);

3) білікті мамандардың басқа салаларға кетуі.

Проблемалық сұрақтар:



  • спорттық құрылғылар, спорт құрал-жабдықтарының жетіспеушілігі қатты сезіледі.

  • аудандағы спорттық құрылғылардың көпшілігі талапқа сай келмейді.

  • саладағы кадрлар (мамандар) тапшылығы: ауылдық округтерде спорт нұсқаушылары жоқ, мамандардың кетуі, салаға жоғары білікті мамандардың келуіне ынталандыратын жағдайдың жоқтығы.

Тілдерді дамыту

Өңірдің дамуы тіл саясаты саласында ұлттық бірегейлікті қалыптастыру, мемлекеттік тіл саясатын ақпаратпен тиімді сүйемелдеу, қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған

Мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыруда; мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін арттыруда; орыс тілінің коммуникативтік-тілдік кеңістікте жұмыс істеуінде, тілдік әралуандықты сақтауда; ағылшын және басқа да шет тілдерін оқуды ынталандыру бағытында жұмыс жүргізілуде. Нәтижесінде халықтың 100% мемлекеттік тілді меңгерген, тұрғындардың 93% орыс тілін меңгергген, ағылшын тілін – 3,2%.

Мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымы негізінен ауданнның білім беру мекемелерінде жүргізіледі (ауданда тілдерді оқыту орталығы жоқ).

2015 жылдың жағдайы бойынша 43 жалпы білім беретін мектептерде, 86 % астам оқушы мемлекеттік тілде білім алуда (2012 жылы - 48 мектептің 95,6%) . 4 балабақшадағы, 40 шағын орталықтардағы балалардың 100% мемлекеттік тілде тәрбиеленуде (2012 жылы-100%). Сонымен қатар, ауданның барлық мектептерінде мектеп бағдарламасы бойынша ағылшын және орыс тілдері оқытылады.

№ 2535 әскери бөлімінде мемлекеттік тілді оқыту мақсатында, әскери қызметшілерге, мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың басқа санаттарына оқу жүргізіледі (39 курс 608 тыңдаушы).

Мемлекеттік тілді өз қызметінде пайдаланатын мемлекеттік қызметшілердің үлес салмағы - 100%. Құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлес салмағы 2014 жылы – 98,5 % жалпы құрады. (2012 жылы - 94,0 %).

Оқу үрдісінде ересектер арналған оқу құралдары, салалар бойынша сөздіктер, үйірме жетекшілеріне арналған мәтіндер жинағы, курс тыңдаушылары үшін жұмыс дәптерлері, сондай-ақ арнайы қашықтан оқыту бағдарламасы пайдаланылады. Оқыту сапасын одан әрі дамыту арттыру үшін әдістемелік база қажет.

Мемлекеттік бағдарламаның бірінші кезенінің барысында (2011-2013 жылдар) 10 астам аудандық іс-шаралар өткізілді: конкурстар, олимпиадалар, семинар – кеңестер, "дөңгелек үстелдер" және т. б.

Сондай-ақ, ағылшын тілін үйрену үшін жағдай жасалған. Тілдер күндері жүйелі түрде өтеді, «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасының аясында ағылшын тілін меңгеру бойынша жұмыстар жүргізілуде, "Тіл шебері", "Тілдарын", "Тіл мерейі", "Тіл-тұнық ойдың кәусары" байқаулары. Жастар арасында аталған байқауларға қатысушылар саны өсуде. Алайда, білім беру мекемелерінен басқа ағылшын тілін оқытудың инфрақұрылымы дамымаған.

Ономастика саласындағы жұмыс. 2012-2014 жылдар аралығында 4 көшенің атауы өзгертілген.

Аудан тұрғындары көрнекі ақпараттардың Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының талаптарына сәйкестігі боойынша жүргізілетін жұмыстарға қатысады. 2014 жылы 10 рейд жүргізіліп, 3 заң талаптарын бұзудың 3 фактісі анықталған (2012 жылы - 4 рейд, 2 заң бұзушылық). Барлығы 256 объектілер қамтылды, анықталған барлық бұзушылықтар жойылды.

Аудан әкімінің сайтының "Мәдениет" айдарында - апта сайын мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру барысы туралы ақпарат жарияланады. 2011-2015 жылдар аралығында аудандық "Рауан-Заря" газетінде 90-нан астам тіл саясатына қатысты материалдар жарияланды.


Проблемалар:

- ауданда тілдерді оқыту орталығы жоқ;

- ауданда ағылшын тілін оқыту инфрақұрылымы нашар дамыған.
Саланы дамыту жөнінде SWOT-сараптама


Қуатты жақтары (S):

1. Мемлекеттік тілде іс жүргізу процесі белсенді енгізілген

2. Тілдік әралуандылықты сақтай отырып, мемлекеттік тілдің қолданылу аясы кеңеюде


Әлсіз жақтары (W):

  1. Аудандық тілдерді оқыту орталығының болмауы;

  1. Ауданда ағылшын тілін оқыту инфрақұрылымы нашар дамыған

Мүмкіндіктер (O):

  1. Үш тілді меңгерген халықтың үлесінің дамыту республикадағы тілдерді оқыту ҮЕҰ пен жергілікті бизнес-қоғамдастық күшімен инфрақұрылымды есебінен артуы

  2. Повышение доли населения владеющего тремя языками за счет развития инфраструктуры обучения языкам силами местного бизнес сообщества и НПО;

3. Ұлттық бірліктігі сарабдал саясатты жүргізу есебінен талеранттық ортаны сақтау


Тәуекел (T):

  1. Сыртқы экономикалық жағдайдың тұрақсыздығынан салаларда бюджеттік қаржыландырудың қысқаруына байланысты халқтың тіл мәдениетінің төмендеу мүмкіндігі.

2. Мемлекеттік тілді өмірдің барлық салаларына енгізу үшін тіл реттеуші «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының өзгерістер енгізу қажеттілігі.

3. Мәдениет және спорт министрлігінің деңгейде ономастика жөнінде нормативтік-құқықтық акті қабылдау қажеттілігі.


Межнациональное согласие

Күршім ауданында 10 этнос тұрады. Аудан халқынан қазақтар үлесі – 91,3%, орыстар – 7,9%, қалған этностар – 0,8%.
Ең көп этномәдени бірлестіктер Өскемен қаласында – 22, Семейде – 17, Риддерде – 10, Шемонаиха ауданында – 10 (таблица 19).
Таблица 19 – аудан тұрғындарының ұлттар бойынша пайыздық көрсеткіші


Ұлттар

Саны, адам

%

Казақтар

25533

91,3

Орыстар

2229

7,9

Татарлар

55

0,2

Немістер

42

0,16

Украиндар

10

0,04

Белорустар

8

0,029

Өзбектер

8

0,029

Ұйғырлар

21

0,076

Басқа ұлттар

34

0,122

ҮЕҰ-мен жұмыс

Азаматтық қоғам институттарының жұмысы саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің сақталуына себеп болады. Ауданда «Нұр Отан» партиясының филиалы, 5 саланы біріктіретін аудандық кәсіподақ Кеңесі жұмыс істейді. Әлеуметтік әріптестік пен еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссиясы қызмет жасайды. «Шапағат»-іскер әйелдер клубы, «АРС» жастар ұйымы тіркелген (в 2012 жылы – 3 ҮЕҰ).

Мемлекеттік органдармен азаматтық қоғам институтарының қызметтестігін дамыту үшін келесі өзара іс-әрекеттер қолданылуда:



  • Консультативті-кеңесші органдар (ҮЕҰ өзара іс-әрекет Кеңесі, Ақпараттық саясат бойынша кеңес);

  • Сұхбат алаңдары (Қоғамдық Кеңес, Саяси клуб, Бас редакторлар клубы);

  • Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру;

  • Мемлекеттік ақпаратттық тапсырысты орналастыру;

Аталған жұмыстарды аудан көлемінде құрылған 31 ақпараттық насихат топтары жүргізеді. Жыл басына бері топ мүшелерімен 254 кездесу, «дөңгелек үстелдер», семинарлар өткізіліп, 10 мыңнан астам адамды қамтыды. АНТ мүшелерінің белсенді жұмысының нәтижесінде тұрғындардың ақпараттануы тұрақты жоғары деңгейде қалып отыр.

Азаматтық қоғам институтарымен қарым-қатынасты нығайту мақсатында, аудан әкімінің жанынан қоғамдық Кеңес құрылған.

Қоғамдық-саяси ахуалды, этносаралық жағдайды, жүргізіліп отырған мемлекеттік саясатқа тұрғындардың қатынасын, мемлекеттік саясаттың бағыттары бойынша ақпараттану деңгейі, азаматтық қоғам институттарының дамуы мен жергілікті өзін-өзі басқару жағдайын зерттеу мақсатында жылына 10 әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, оған 3 мыңдай адам қамтылды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 2012 жылы 9,6 мың теңгенің жобасы іске асырылса, 2014 жылы 1 млн. 400 мың теңгенің жобасы іске асты.

Жастар саясаты.

2012 жылдан бастап жастар саны 386-ға (немесе 6,9 пайызға) азайып, 5191 жасты құрады (немесе жалпы аудан тұрғындарының 18,5 пайызы).

Аудан бойынша «Жас Отан», «Жас Қыран», «Жас Ұлан» жастар қоғамдық бірлестіктері белсенді жұмыс атқаруда. Ведется активная работа по принятию учащейся молодежи в ряды «Жас Қыран» и «Жас Ұлан». 2014 жылы «Жас Отан» жастар қанаты мүшелерінің саны 600 адам ( 2012 жылы – 482 адам), «Жас Қыран» қатарына 1249 адам мүшелікке кірсе ( 2012 жылы – 978 адам), «Жас Ұланда» - 1200 адам ( 2012 жылы– 1182 адам). Аталған бірлестіктердің белсенділігі аудан орталығы мен тірек ауылдарында байқалады.

Шығыс Қазақстан облыстық Талдау және болжау институтының зерттеулері бойынша мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуына аудан жастарының қанағаттану деңгейі 54 пайызды құрады.

Ауданның қоғамдық өміріне белсенді атсалысушы жастарды ынталандыру мақсатында Мемлекеттік жастар саясатын іске асырудағы үлесі үшін"аудан әкімінің сыйлығы және «Жастар көшбасшысы», «Студенттер көшбасшысы», «Жылдың жастар акциясы», «Жас тілші», «Жас мемлекеттік қызметкер» номинациялары тағайындалған.

Мемлекеттік саясатты жетілдіру механизмдерінің бірі жұмыспен қамту, жұмысқа орналастыру, қолжетімді тұрғын үй және болашақ бизнес жобаларды тәжірибе түрінде қолдау көрсету болып табылады. Осы бағытта елді мекендердегі және жергілікті жастармен жұмысты ұйымдастыру мақсатында аудан орталығында «Жастар орталығы» ашылды.


Саланың SWOT талдауы:

Күшті жақтары (S)

Әлсіз жақтары (W)

  1. Жастарға арналған ресурс орталықтарын құру және жұмыс жасату;

  2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүйесі арқылы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге Үкіметтік емес ұйымдарды тарту.

1) Үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарының төмендігі;

2) Жастар және Үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарын қолдауға бөлінетін қаржының аздығы.



Мүмкіндіктер (O)

Қауіптер (T)

  1. Жастар арасында ақпараттық-насихат жұмыстарын күшейту;

  2. Жастардың ресурс орталықтарына әдістемелік көмек көрсету.

  1. Аудандағы қоғамдық саяси ахуалдың шиеленісуі;

  2. Деструктивті діни ағымдарға жастардың тартылуы;

  3. Шет елдер тарапынан ақпараттық ықпалы.

Проблемалы мәселелер:



  • Жастарды жұмысқа орналастырудың төмен пайызы;

  • Тұрғын үймен қамтамасыз ету;

  • Жастар арасындағы құқықбұзушылық;

  • Жастар саясатында кадрлық, ғылыми және ақпараттық қамтуды іске асыру;

  • Халықаралық жастармен ауысу дамымаған.

Дін


Конфессияаралық тұрақтылықты сақтау арқылы азаматтық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау ішкі саясаттың негізгі мақсаты болып табылады.

Діни тұрақтылықты нығайту бағытында конфессияаралық және ұлтаралық келісімді сақтау, діни экстремизм мен терроризмнің шығуына қарсы және тұрғындардың мемлекеттік мекемелерге сенімін нығайту мақсатында көптеген шаралар атқарылуда.

Түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін 60 ақпараттық-насихат топтары құрылды. Бұл көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда 15 есе көп. 2014 жылы 15 мың адамды қамтыған кездесулер өткізілді. 2012 жылы өткен кездесулерде жергілікті тұрғындардан 14600 адам қамтылды. Барлық өткен шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрді. Сыртқы көрнекілік құралдарында 321 баннер ауыстырылды. Демократиялық мемлекет жағдайында экстремистік ойларға қарсы жалғыз құрал ретінде ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Тұрғындардың діни белсенділігінің артуы, діни бірлестіктердің санының көбеюі салдарынан діни бірлестіктер жұмысының сараптамасына көп көңіл бөлінеді.

Бүгінгі күнге аудан көлемінде 14 діни бірлестік (14 мешіт) жұмыс жасауда. Діни бірлестіктердің және азаматтық қоғам институттарының, соның ішінде қоғамдық ұйымдармен конструтивті алаңдарда қарым-қатынас жасау өңірде діни тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік береді.
Саланың SWOT - талдауы:


Күшті жақтары (S)

Әлсіз жақтары (W)

  1. Пайдаланымдағы заң базасы;

  2. конфессияаралық және ұлтаралық келісімді сақтау, діни толеранттылықты, Діни тұрақтылықты қоғамда сақтау сохранение;

  3. бұқаралық ақпарат құралдарында және электронды баспаларда діни тақырыптарда жарияланған мақалаларға, діни бірлестіктердің жұмысы мен діни ахуалға мониторинг пен талдау жүргізу;

  4. діни бірлестіктердің қатысуымен «дөңгелек үстелдер», алаңдардың белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз ету.

  1. діни сұрақтар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарында тұрғындар толық қамтылмайды;

  2. ислам және христиан бағатындағы радикалды діни идеологияны жақтаушылардың бар екендігі;

  3. Интернет – ресурстар арқылы экстремистік және террористік мазмұндағы материалдардың таратылуына қарсы жүйенің жетіспеушілігі;

  4. Ауданда теолог-мамандардың жоқтығы.

Мүмкіндіктер (O)

Қауіптер (T)

  1. тұрғындар арасында діни сұрақтар бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

  2. интернет-ресурстарға, әсіресе әлеуметтік желілерге экстремистік мазмұндағы мақалалардың болуына мониторинг жасау. Осы әлеуметік желілерді қарсы үгіт жұмыстарына қолдану.

  1. Деструктивті діни ағымдардың ойларын тарату (шетелге шығу, «некехалял», ұлттық дәстүрлерді теріс қабылдау және т.б.)

  2. Ислам және христиан діндерін ұстанатындар санын ұлғайту.

Проблемалы мәселелер:



  • Білімді имамдардың, теолог-мамандардың, дінтанушылардың жетіспеушілігі.

Саяси партиялар.

Ауданда үш саяси партия тіркелген. Олар - «Нұр Отан», «Ауыл», «Қазақстан халықтық коммунистік партиясы» ( 2012 жылы – 3 партия), екі үкіметтік емес ұйым- «Шапағат» іскер әйелдер клубы, «АРС» жастар ұйымы, ( 2012 жылы– 3 ҮЕҰ). Ауданда бұқаралық ақпарат құралдары белсенді жұмыс жасауда. Қазақ тіліндегі «Рауан» газеті 3161 экземпляр, орыс тіліндегі «Заря» газетінің тиражы 713 экземпляр.

Ауданда жергілікті өзін-өзі басқару институттарының жұмысымен тұрғындарды қанағаттандыру мақсатында көптеген шаралар өтуде. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының «дөңгелек үстелдері», ардагерлер кеңесінің, әйелдер кеңесінің, ақсақалдар алқасының жұмыстары дұрыс жолға қойылған ауылдық округ әкімдерінің есебі өтті.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 2012 жылы 9,6 мың теңгенің жобасы іске асырылса, 2014 жылы 1 млн. 400 мың теңгенің жобасы іске асты.
Гендерлік саясат

Аудан халқының (27 940 адам) 50,0 пайызын әйелдер құрайды (13 806 адам). әйелдер ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық саласында белсенді түрде қатысады. Сауда-саттық саласында жұмыс істейтін әйелдер басқа салада жұмыс істейтіндердің 15 пайызын құрайды. Сондай-ақ денсаулық пен әлеуметтік салада жұмыс істейтіндер 10,2 пайыз, тамақтану саласында 11,9 пайыз, білім беру саласында 31,5 пайыз, қаржы және сақтандыру саласында 7,7 пайыз.

Ауданда әйелдерді саяси сатымен алға жылжыту жұмыстары жүргізілуде. Аудандық маслихаттағы 13 депутаттың үшеуі-әйел, 3 аудан әкімі орынбасарларының біреуі әйел, 12 ауылдық округ әкімдерінің біреуі әйел. Барлық салаларда басшылық қызметте 55 әйелдер отыр.

Көріп отырғандай әйелдер шешім қабылдау деңгейінде толығымен қамтылмаған, аудандық деңгейдегі өкілетті органдардағы жалпы әйелдер 19,7, атқарушы органдарда 38,3 пайызды ғана құрайды.

Саланың SWOT - талдауы:


Сильные стороны (S)

Слабые стороны (W)

1) әйелдердің ерлерге қарағанда өмір жасының ұзақтығы.

1) шешім қабылдауда әйелдердің толықтай қатыспауы.

Возможности (O)

Угрозы (T)

1) Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін саяси салада жылжыту арқылы ұлғайту

1) Әйелдердің құқығын қорғамау.

Проблемалы мәселелер:

- шешім қабылдауда әйелдердің толықтай қатыспауы.

Отандық телетарату.

2012-2014 жылдар аралығында «Отау ТВ»-ға 4902 отбасы қосылды. 2012 жылы– 535, 2013 жылы– 1371, 2014 жылы– 2996 отбасы орнатты.

Аудан көлемінде Хабар, Казахстан, Евразия, 24newskz отандық телеарналары көрсетеді.

Отандық сандық телеарналардың артықшылығы туралы тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жарияланды. Сонымен қатар, ақпараттық нарықта отандық телеарналардың бәсекелестігінің салдарынан, ОТАУ ТВ-ның қымбаттығынан орнату жұмыстары ақырын жылжуда.

Дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарынан басқа интернет ресурстар кеңінен қолданылуда. өткен іс-шаралардың барлығы аудан әкімінің сайтында жарық көреді. 2012-2014 жылдары 80-нен астам материал жарияланған.


2.3. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Күршім ауданы бойынша криминалогиялық құқық бұзушылық жағдай бір қалыпты.

2014 жылы 185 қылмыс, ал 2012 жылы 181 қылмыс тіркелді, ашылу пайызы - 63,5. Ауыр, аса ауыр қылмыс деңгейі 16 қылмыстан (2012 жылы) 10 қылмысқа (2014 жылы) төмендеді. Қылмыстардың ашылуы 2014 жылы 63,5 пайызды құрады.

Сурет 12. Аудан бойынша тіркелген қылмыс саны (бірлік).


Аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерінің күшімен қылмыстық деңгейін азайту мақсатында іс-шаралар қолдануда. Соның нәтижесінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың саны 16-дан 10-ға дейін төмендеді. Ашылу пайызы – 50 (2012 жылы – 87,5%).

Аудан бойынша 2014 жылда мал ұрлау қылмысы 26 қылмыс тіркеліп, 2012 жылмен салыстырғанда өзгермеді. Қылмыстардың ашылуы: 2014 жылы – 48,3%, 2012 жылы - 100%.

Сонымен қатар, кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қылмыстың өсуі байқалады. 2012 жылмен салыстырғанда 2014 жылы 2 қылмысқа өсіп, 5 қылмысты құрады. Қоғамдық орындардағы қылмыс саны 2014 жылы 23 тіркеліп, 2012 жылға қарағанда 13 қылмысқа артты (2012 жылы – 10 қылмыс). Бұзақылық бабы бойынша 2014 жылы 14 қылмыс тіркелді, бұл 2012 жылдың деңгейінен 3 қылмысқа артып отыр. Алкогольдік ішімдіктерді ішкен кезінде асалған қылмыс саны 2014 жылы 31 құрап отыр, 2012 жылмен салыстырғанда 4 қылмысқа көбейіп отыр (2012 жылы-27 қылмыс).

2014 жылы әрбір 10 мың адамға 66,2 қылмысқа келеді.



Сурет 13. 10 мың адамға қылмыс деңгейі


Жедел шаралардың көрсеткіші бойынша қылмыстық жағдайдың тіркелуі, қоғамдық орындарда құқық бұзушылық жағдайлары аса маңызды болып табылады.

Патрульдық – постық қызметті күшейту жағдайы, автопостарды нығайту, жылжымалы және жедел жәрдем көрсететін пунктердің орналасуы, оларды компьютерлік техникамен жабдықтандыру – қажет ететін іс.

Құқық қорғау органдарымен бірігіп аудан халқынын құқықбұзушылық шараларды болдырмауға алдын ала шаралар ұйымдастыру, қылмыстық жағдай, ұрлық жағдайы сонымен мал ұрлау жағдайы. Қоғамдық құқық қорғау органдарының жұмысын жандандыру сонымен қатар мектеп инспектор полициясы институтын одан ары дамыту, бұл жағдай ерте профилактикалық құқықбұзұшылық жағдайға себебін тигізеді.

Бұрын сотталғандардың әлеуметтік қалыптасуы және жұмысқа тұруы мәселелік сұрақ болып отыр. Бұл тұлғаларға жұмыс орындарға квота бөлінуіне меморандум жасау жұмыстары қажет етіп отыр.

Ауданда жол апатына байланысты күрделі жағдай сақталып отыр. Жол көлік оқиғаларының өсуінің себебі: жолдармен жүру қарқыны талапқа сай еместігі, жүргізушілердің дайындық сапасы мен тәртіптік деңгейінің төменділігі.

Аудан бойынша жол көлік оқиғаларының тіркелуі: 2014 жылы -41, соның ішінде қаза тапқандар саны – 13; 2013 жылы – 9, 2012 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге өсті, сонымен қатар жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандар 2012 жылы тіркелмесе, 2013 жылы – 4.

Жол жүру ережелерін сақтау мақсатында заманауи техникалық бақылау және бағдарлау құралдарының қажеттігі туып отыр. Бұл мәселенің шешімі жол апаттарды жыл сайын 2-3 пайызға қысқартуға көмектеседі.

Статистикалық мәліметтер бойынша, өткізілген профилактика жұмыстарына қарамастан, 2012-2014 жылдар аралығында (2012 жылда – 10 қылмыс, 2013 жылда – 18 қылмыс, 2014 жылда – 22 қылмыс) қылмыстар қоғамдық жерлерде түнгі уақытта Күршім, Теректі сияқты ірі ауылдарда жасалады. Бұл жағдайды болдырмау үшін халық жиі жиналатын жерлерде, бағдаршамдары бар проблемалық жол қиылыстарында, Күршім, Теректі шыға берістерінде бейнекамералар, жылдамдықты өлшейтін құралдар орнату қажет.


SWOT - талдау:

Күшті жақтар (S)

Нашар жақтар (W)

1) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау бойынша жағдайлар жасалды;

2) құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық орындарда тәртіпті қадағалау шаралары жүргізіліп отыруда;

3) құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың өзара іс-қимыл жасасуын қамтамасыз етудің нақты субъектілері нақтыланды.


1) ІІО-да есепте тұрған тұлғалар арасында отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс-шаралардың жеткіліксіздігі;

2) тұрмыстық маскүнемдік, маскүнемдік пен нашақорлықтың алдын алу мәселелерінің шешілмегендігі;

3) қиын кезенде болған тұлғалардың әлеуметтік үйренуінің жеткіліксіз деңгейі;

4) ішкі істер органдарының тиісті нормаларға сәйкес жасақталмағаны, олардың типтік әкімшілік ғимараттарымен қамтамасыз етілмегені, жұмыс істеп тұрған ғимараттарды қайта салу қажеттілігі;

5) кейбір учаскелік инспекторлар полициялық тірек пунктермен қамтылмауы;

6) сауда орындар бейнекамералармен толық қамтылмауы;

7) халық жиі жиналатын жерлерде, бағдаршамдары бар проблемалық жол қиылыстарында, Күршім, Теректі шыға берістерінде бейнекамералардың жоқтығы;

8) жылдамдықты өлшейтін құралдардың жоқтығы.



Мүмкіндіктер (O)

Қауіптер (T)

1) құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың өсуіне жол бермеу бойынша уақытылы шараларды қабылдау;

2) құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін жетілдіру;

3) алдын алу субъектілерінің жұмысын үйлестіруді арттыру;

4) жолдағы, көшедегі, қоғамдық орындардағы жоспарлы жұмыстардың жүргізілуі жол жүрү ережелерінің бұзушылық әрекеттерін болдырмау;

5) құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін дамыту.


1) аудандағы криминалдық жағдайдын жоғарылауы, қылмыстардың тіркелу деңгейінің ұлғаюы.

Мәселелік сұрақтар:

- кадрлардың және материалдық-техникалық құралдардың жетіспеуі;

- қоғамдық жерлерде бейнекамералардың жетіспеуі, бұрын сотталғандардың

әлеуметтік қалыптасуы және жұмысқа тұру мәселесі;

- кәмелеттік жасқа толмағандардың толық емес жұмысбастылығы;

- жолдармен жүру қарқыны талапқа сай еместігі, жүргізушілердің дайындық

сапасы мен тәртіптік деңгейінің төменділігі.


Төтенше жағдайларға қарсы инфрақұрылым

Күршім ауданының аумағының әртүрлі табиғи, кен-геологиялық және геодинамикалық жағдайлары оның – жер сілкінісі, су тасқыны, сел, көшкін, қар көшкіні, дауыл, орман және дала өрттері, температураның күрт төмендеуі және қарлы боран, індет және эпизоотия сияқты табиғи апаттарға айтарлықтай бейім болатындығын алдын ала анықтайды. Құралдар мен негізгі қорлардың, жылжымалы құрамның және көліктегі инфрақұрылымның ескіруі мен тозуы, табиғи ресурстарды өңдеуді қарқындандыру, оларды тасымалдау мен қайта өңдеу көлемін арттыру техногендік қауіп-қатердің өсуі үшін нақты алғышарттар жасайды.

Күршім ауданы аумағында гидротехникалық құрылғылар орналасқан (соның ішінде, 1 ірі - 1млн. м3 су ығыстырғыштықпен Орта Теректі өзенінде). Жоғарыда көрсетілген гидротехникалық құрылғылар төмен орналасқан елді мекендер мен нысандар үшін әлеуетті қауіп төндіреді. Қар көшкіні түсуі өте қауіпті аймақтардың бірі Маралды ауылы. Қыс айларындағы төтенше жағдайлар адамдардың өміріне және денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.

Ауданға су апаты (су тасқыны, су басу) кезіндегі төтенше жағдайлар жыл сайын зиян келтіреді. 2012 жылдың көктем айларында наурыз айының ортасында ауа райы +17 градусқа дейн жылынып қардың жаппай еруі салдарынан Қаратоғай ауылында су деңгейінің көтерілуіне әкеп соқты. Аудан басшылығы және жедел топ жұмысының реттелгендігі арқылы адам шығыны болған жоқ.

2012-2014 жылдар аралығында келесі жұмыстар жүргізілді: 27,48 шақырым жаға бекітілді, 4 көпір жөнделді, 3,4 шақырым жаға сызығын түзетілді, 8 шлюз жөнделіп, 3 жаңа шлюз салынды.

Үнемі жүргізіліп отырған жұмыстар арқасында 2012-2014 жылдарда адам және материалдық шығын тіркелмеген.

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитеттің 2006 жылғы 20 сәуірдегі №154 бұйрығына сәйкес «Сейсмикалық аудандардағы құрылыс» Құрылыс нормалары және ережелері 2.03-30-2006 қабылданып, 2006 жылғы 1-шілдеден бастап қолданысқа енгізілді. Құрылыс нормалары және ережелерінің 2 қосымшасында сейсмикалылық 7-ден 8 балға дейін артқан. Мемлекеттік мағынасы бар өнеркәсіп нысандары, елді мекендер ауданның жер сілкінісіне ұшырайтын аумағында орналасқан. 2.03-30-2006 ҚР құрылыс нормалары және ережелеріне сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша Күршім ауданы аумағының сейсмикалылығы 7-8 балды құрайды. Әлеуметтік-мәдени маңызы бар нысандардың 15-і қанағаттанғысыз жағдайда. Осы нысандар бойынша ғимарат және құрылыс конструкциясының жай-күйі туралы мамандандырылған ұйымның тексеру қорытындысы жоқ. Ауданның елді мекендеріндегі сейсмикалық микроаудандау карталарының жоқтығы сейсмикалық қауіптілікті бағалауға және инженерлік қорғау мен жер сілкінісі катастрофаларының салдарын төмендету шараларын қабылдауға мүмкіндік бермейді.

Сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі орын алған мәселелерді бірізді шешуді, туындаған жер сілкінісінен болуы мүмкін материалдық шығын болжамын, сонымен қатар конструкцияларды күшейту жолымен шығынды айтарлықтай азайтуды талап етеді. Сейсмикалық күшейтуді инженерлік қорғау бойынша шараларды тексеру және өткізу ауданның бюджетінде жоқ бірсыпыра қаражаттың салымын қажет етеді.

Ауданның ауылдық елді-мекендерінде, дала және ормандарда өрт қаупі бар. Күрші және Теректі ауылдық округтарында өрт сөндіру бөлімдер жасақталды. 7 ауылдық округтарда тірек пункттерде өрттің алдын-алу шаралары жүргізілуде. Қалған 3 ауылдық округтарда өрт сөндіру бойынша тірек пункттер ашу қажет.

Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, алдын ала дайындалу дүлей апаттар, авариялар, катастрофалар кезінде пайда болатын қауіп-қатерлерден халықты, аудан экономикасын, материалдық және мәдени құндылықтарды әсерлі қорғаудың міндетті шарттары болып табылады.

Кесте 20. 2012-2014 жылдарында салалық бағытқа бөлінген қаражат



Бағытты қаржыландыру

2012

2013

2014

барлығы қаржыландыру көздерінен

13131

99356

14788

республикалық бюджет




69899




жергілікті бюджет

13131

29457

14788

SWOT - талдау:



Күшті жақтар (S)

Нашар жақтар (W)

1) жыл сайын аудан аумағында табиғи өрттердің пайда болу және көктемгі су тасқыны қаупі кезеңіндегі қар қорының еруі ошақтарын алдын ала анықтау бойынша ғарыш мониторингі орнатылған;

2) жыл сайын бекітілген жоспар бойынша басқару органдары, аудандық қызметтер, АҚ және ТЖ нысаналық және аумақтық қызметтерімен командалық-штабтық оқу-жаттығулары өткізіледі;

3) төтенше жағдайлардың қаупі және пайда болуы кезінде әрекет ету және өзара әрекеттесу жоспарлары жасалады;

4) ауданның АҚ және ТЖ мәселелері бойынша басшы құрамы облыстық және республикалық оқыту курстарында жиі дайындықтан өтеді.



1) АҚ және ТЖ аумақтық құрылымдары авариялар және дүлей апаттар аумақтарында шұғыл құтқару жұмыстарын өткізуге қажетті құралдар, қондырғылар және құтқару жарақтарымен нашар жабдықталған;

2) аудан аумағындағы әртүрлі табиғи, таулы-геологиялық шарттар күшінде, көптеген өзендер мен су қоймаларының бар болуынан жағалауды бекіту жұмыстарын өткізуді және кезек күттірмейтін қорғауды қажет ететін, елді мекендер мен инженерлік құрылыстарға тікелей қауіп тудыратын, су тасқыны және су басуы пайда болатын әлеуетті-қауіпті учаскелер бар;




Мүмкіндіктер (O)

Қауіптер (T)

1) мақсатқа қол жеткізудегі жетістіктер көбінде басқару органдарының, АҚ және ТЖ күштері мен құралдарының қауіп төнген немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде шұғыл әрекет етуге әзірлігі деңгейіне байланысты болады;

2) тұрғындар арасында АҚ және ТЖ саласындағы білімді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау, әртүрлі түрдегі төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл ережесінің көрнекілік құралдарын тарату жөніндегі кең көлемдегі жұмыстар ТЖ болатын шығындарды айтарлықтай азайтады;

3) өрттің және қар көшкіні қаупін алдын-алу мақсатында ғарыш могиторингін пайдалану;

4) «Казгидромет» ақпараттарынан ауа райының мониторингі.



1) аудан аумағында күші 7-ден 9 балға дейін болатын күшті жер сілкінісі туындауының нақты каупі бар. Бұл жер сілкінуі адамдар өлімін, сондай-ақ үйлердің, ғимараттардың, құрылыстардың қирауына және аудан ғана емес облыстың, республиканың экономикасына әдеуір зиян келтіруі мүмкін, аудан бойынша 15 гидротехникалық құрылғылар мен әртүрлі меншіктегі су қоймалары техногендік апаттар болдыру қаупі бар, су құрылыстарының кепілді мықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кешенді тәсілдің болмауы су қоймаларының жай-күйін тексеру және оларды күшейту жөніндегі іс-шараларды қаржыландырмаудан техногендік авариялар туындап, адамдар өмірі мен денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді.

Мәселелік сұрақтар:

  • аудан аумағындағы гидротехникалық ғимараттардың тозуы;

  • өрттің алдын-алу инфрақұрылымының жетіспеуі.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет