Бағдарламасы Күршім ауылы, 015 ж Мазмұны Паспорт Ағымдағы жағдайды талдау 6



жүктеу 2.02 Mb.
бет5/10
Дата07.03.2018
өлшемі2.02 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Инфрақұрылымдық кешен


Жолдар

Аудан бойынша жалпы қолданыста автомобиль жолдарының ұзындығы 873 шақырымды құрайды, соның ішінде: республикалық маңызы жолдардың ұзындығы - 76 шақырым (8,7 пайыз), облыстық маңызы бар жолдардың ұзындығы – 496 шақырым (56,8 пайыз), жергілікті маңызы бар жолдардың ұзындығы - 301 шақырым (34,5 пайыз).

Ұзындығы - 76 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар жолдар қанағаттанарлық жағдайда. 2012-2014 жылдар аралығында «Омск-Майкапчагай-Боран-Қалжыр-Теректі» автомобиль жолдарының жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Басқа аудандармен байланыс «Үлкен Нарын – Күршім», «Күршім – Қалжыр», «Теректі – Ұрынхайка – Төсқайың», «Күршім – Қалжыр –Теректі – Ақбұлақ – Егіндібұлақ» автомобиль жолдары арқылы өтеді.

496 шақырым облыстық маңызы бар жолдардың 70,2% - жақсы, 14,1% - қанағаттанарлық, 15,7% - қанағаттанарлықсыз жағдайда, бұл облыстық көрсеткіштерден жоғары (облыстық көрсеткіштер: жақсы - 15%, қанағаттанарлық - 60%, қанағаттанарлықсыз - 25%).

2012-2014 жылдарда жалпы 145,62 шақырым жолдар жөндеуден өткізілді.


Кесте 21 - 2012-2014 жылдардағы автокөлік саласындағы негізгі көрсеткіштердің динамикасы

Қаржыландыру, млн.тенге

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Барлығы










Қаржыландыру көзі бойынша










Республикалық бюджет

-

-

-

Аудандық бюджет

98559

98000

104100

Облыстық бюджет

-

-

-

Жұмыс түрлері бойынша










Күрделі жөндеу




-

-

Орташа жөндеу




-

-

Ағымдағы жөндеу және ұстау

98559

-

104100

Бөлінген қаражат есебінен 32 км автомобиль жолдары және ауылдық елді мекендердің көшелері жөнделді, соның ішінде:



  • 0,81 шақырым күрделі жөндеу,

  • 7,2 шақырым орта жөндеу,

  • 23,99 шақырым ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.



SWOT - талдау:

Күшті жақтар (S)

Нашар жақтар (W)

  1. 2012-2014 жылдар аралығында автомобиль жолдарының жағдайы жақсаруы 17%-ға жетті;

жолдардың өткізу қабілетінің резервінің болуы;

аралас транспорттың инфрақұрылымының дамығандығы.



  1. облыстық маңызы бар жолдардың 15,7% қанағаттанарлықсыз жағдайда;

  2. инновация енгізудің және автоматтандыру үрдістерінің дамуы.




Возможности (O)

Угрозы (T)

  1. автомобиль жолдарының және көпірлердің транспорттық- пайдаланушылық көрсеткіштерінің жақсаруы, автомобиль жолдары желілерінің сақталуы және дамуы;

  2. мемлекеттік және жеке серіктестіктердің механизмдерінің дамуы.

  1. автомобиль жолдарының тозуынан авариялардың көбеюі, сонымен қатар, автомобиль жолдарын жөндеуде қолданылатын техникалардың қатты тозуы байқалады.

Мәселелік сұрақтар:



  • автомобиль жолдары төсемесінің көбі бұзылған;

  • негізгі элементінің кемшліктері бар жолдардың ұзындығы (2012 жылдың есебімен) 85 пайыздан астам;

  • осьтік салмақтың өсуіне және ауырсалмақты автокөлік санының көбеюіне байланысты жол төсенішінің бұзылуы артуда;

  • 2012 жылға дейін облыс және аудандық маңызы бар жолдарындағы көпірлер, жол өтпелер, су өтпелердің инструменталдық тексеру өткізілген жоқ;

  • жолдар қиын жағдайда.

Көлік.


Аудан бойынша жолаушыларды тасымалдау әуе, автокөлік қатынасы және паром өткелі арқылы іске асады. Паром өткелі жұмысының маусымдық, ауа райы, уақыт шектеулері бар.

Талданатын кезеңде жалпы жолаушыларды тасымалдау жалпы көлемі бойынша барлық көлік түрлерінің үлес салмағы мүлдем өзгерген жоқ. 2012 жылдың қорытындылары бойынша жолаушыларды тасымалдау саласында автомобиль көлігінің үлесі 100 пайызды құрады.

Ауданда қазіргі уақытта автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау 7 тұрақты бағыттарда: оның ішінде 6 - ауданішілік, 1 - облысішілік маршруттар бойынша жүзеге асырылады.

Ауданда Күршім ауылында орналасқан 1 автостанция және 13 автобус бекеті жұмыс істейді.

Ауданда елді-мекендер арасында жолаушы тасымалдау үлесі 30,2 пайызды құрады, 53 елді-мекеннің 37-сі қамтылмаған.

Жолаушы тасымалдау үлесін арттыру мақсатында 2015 жылы «Күршім – Қаратоғай», «Күршім – Маралды», «Күршім – Қалжыр – Боран», «Күршім – Ақсуат» бағыттар бойынша конкурстар өткізілді.


Кесте 22.2012-2014 жылдарындағы жүк тасымалдау динамикасы

Жылдар

Жүк тасымалдау, мың тонна

Жүк айналымы, мың км

Жүк тасымалдау айналысының пайызы,%

Жүк айналымы пайызы, %

2012

69,98

312,5

139,8

139,4

2013

94,1

449,9

177,2

177,2

2014

43,12

192,5

45,5

45,5

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін өткелде тасымалдау жұмыстарын күрделі жөндеуден өткізілген паромдар «Күршім» және «Самай» кесте бойынша жүзеге асырады. Бұл жолаушы және жүк тасымалдау көлемін арттыруға, аумақаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.


SWOT - талдау:

Күшті жақтар (S)

Нашар жақтар (W)

  1. трансшекаралық Ертіс өзенінің болуы;

  2. аудан аумағында бағыттар жүйесінің дамуы.

  1. заңсыз тасымалдаушылар әрекеттеріне байланысты алыстағы елді мекендердің тұрақты қатынаспен қамтамасыз етілмеуі, тұрақты тасымалдаушылардың болмауы, жолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайы;

  2. потенциалды тасымалдаушылардың жоқтығы;

  3. автомобиль жолдарының қанағаттанарлықсыз жағдайы.

Мүмкіндіктер (O)

Қауіптер (T)

  1. тұрақты тасымалдаушылар бола тұра шығынды маршруттарын субсидиялау;

  2. Ертіс өзенінің үстімен су көлігін қалпына келтіру;

  3. заңсыз тасымалдаушылар рұқсат қағазсыз тасымалдау жүргізу мәселесін шешу.

  1. су көлік құралдарының тозу салдарынан, паром өткелінің жұмысы толығымен тоқтап қалуы;

  2. бағалық қауіптер.

Мәселелік сұрақтар:





Байланыс


Ауданда телекоммуникация және байланыс қызметтерін көрсететін 1 кәсіпорын жұмыс істейді.

Аталған салада 115 адамнан астам қызмет көрсетеді. 2012-2014 жылдар аралығында 6 ауылда ескірген байланыс желілерінің орынына спутниктік байланыс желілерін қолданумен көлік желілерінің жаңғыртуы жүргізілді.

CDMA-450 стандартындағы сымсыз радио технологиясын қолдану нәтижесінде және телефондарды орнатуға кезекке тұруды болдырмау, ауа байланыс желілерін оңтайландыру кезіндегі сұранысты қанағаттандыру мақсатында 8 АЕМ-дегі ұқсас АТС абоненттері CDMA-450 радио желісіне ауыстырылды. 2012 жылы абоненттер саны 7427-ге, 2014 жылы – 7453-ге жетті.

Аудан аумағында Beeline, K-Cell, Activ желілері жұмыс істейді, саны 1000 адамнан асатын ауылдық елді мекеннің қамтылуы 100%-ды құрайды.


Аудан халқының компьютерлік сауаттылығының деңгейі

2012 жылы аудан халқының компьютерлік сауаттылығының деңгейі 50%, 2013 жылы - 80%, 2014 жылы – 66,5 % құрады. Осылайша Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауындағы «Әлеуметтік-экономикалық жетілдіру – Қазақстан дамуының бас векторы» бағытындағы Іс-шара жобасының «Халықтың компьютерлік сауаттылығының деңгейі» жоспар көрсеткіші орындалды.

SWOT - талдау:


Күшті жақтар (S)

Нашар жақтар (W)

  1. дамыған телекоммуникация қызметінің жүйесі;

  2. АТС жаңа сандық Next Generation Networks технологиялармен ауыстыру;

  3. ғаламтор желісін барлық жерде тарату.




  1. ауылдық елді мекендерде байланыс пен телекоммуникацияны жаңартудың төмен қарқыны;

  2. тіркелген байланыс абоненттерінің тығыздығының төмен деңгейі;

  3. тіркелген байланыс нарығында нақты бәсекелестіктің болмауы;

  4. интернет желісіне кең ауқымды қол жетімділіктің төмен дамуы;

  5. ұялы байланысқа жоғары тарифтер.

Мүмкіндіктер (O)

Қауіптер (T)

  1. тұрғындар мен ұйымдарды қол жетерлік және сапалы байланыс қызметімен қамту;

  2. азаматтар мен ұйымдардың күнделікті өмірде ақпараттық-коммуникациялық технологияны кең қолдануына ауысу;

  3. АЕМ халқының байланыстың универсальды байланыс қызметімен қамту;

  1. аудан халқының компьютерлік сауаттылығының деңгейін арттыру.

  1. телекоммуникациялық нарықта нақты бәсекелестіктің дамымауы;

  2. азаматтық радио жиіліктің шектеулігі.



Мәселелік сұрақтар:



  • аудан аумағы ұялы байланыспен толық қамтылмауы;

  • аға буынның копьютерге төмен қызығушылығы компьютерлік сауаттылығының деңгейіне әсер етуі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет