Бағдарламасы Күршім ауылы, 015 ж Мазмұны Паспорт Ағымдағы жағдайды талдау 6



жүктеу 2.02 Mb.
бет6/10
Дата07.03.2018
өлшемі2.02 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Құрылыс


Бүгінгі күнге 222 аудан тұрғындары тұрғын үй кезегіне тіркелген, оның ішінде әлеуметтік осал топтан – 83, мемлекеттік қызметкер – 68, жетімдер – 69, апатты жағдайдағы үйлер тұрғындары – 2 адам. Сонымен қатар, соңғы жылдары аудан халқының санының азаюы байкалып отыр.

2012 жылы Күршім ауылында спорттық модулі салынып, жатақхана ғимаратын 64-пәтерлік үйге қайта жөндеуден өткізілді. 5 жоба мемлекеттік сараптамадан оң шешімін алды.

2014 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс көлемі 2540,7 млн теңгені құрады, 2012 жылмен салыстырғанда 45,8 пайызға өсім байқалды.

Тұрғын үйді пайдалануға беру 2351 шаршы метрды құрады, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 60 пайызға төмендеді (5880 м2).


Кесте 23. 2012-2014 жылдардағы құрылыс саласының көрсеткіштері

Көрсеткіш

Өлшем бірлігі

2012 ж

2013 ж

2014 ж

Құрылыс жұмыстарының көлемі

млн.теңге

1742,2

2858,4

2540,7

Тұрғын үйді пайдалануға беру

шаршы метр

5880

1917

2351

Құрылыс жұмыстарын жүргізетін мекеме саны

Бірлік

8

8

8

Аудан халқы тұрғын үймен қамтылуы 1 шаршы метрге 15 адамды құрайды, бұл облыс көрсеткішінен төмен (1 шаршы метрге 19 адам).

SWOT - талдау:


Күшті жақтар (S)

Нашар жақтар (W)

  1. ауданда құрылыс жұмыстары көлемінің 2012 жылдан бері 45,8 пайызға өсуі.




  1. әлеуметтік тұрғын үйдің жетіспеуі;

  2. құрылыс саласындағы мамандардың жетіспеуі;

  3. жеткіліксіз қаржыландыру себебінен жалдамалы пәтерлер құрылысының нашар дамуы.

Мүмкіндіктер (O)

Қауіптер (T)

  1. меншіктік тұрғын үй құрылысына бос жерлердің болуы;

  2. аудан көлемінде құрылыс материалдарын шығару жаңа көздер ашу.

  1. құрылыс материалдарының қымбаттауы, нәтижесі ретінде тұрғын үй құнынының артуы;

  2. қыс айларында бағалық шығындар, құрылыстың тоқтауы;

  3. білікті мамандардың жетіспеуі, соның салдарынан құрылыс жұмыстары тоқтап қалу қаупі.

Мәселелік сұрақтар:



  • жаңа тұрғын үй құрылысы болмауына байланысты әлеуметтік тұрғын үйлерге кезекшілер санының өсуі;

  • жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуге қаржының жетіспеуі.


Жылумен қамту

Аудан бойынша орталықтандырылған жылыту жүйесі жоқ. Күршім және Теректі ауылдарындағы мекемелер, ұйымдар және көппәтерлі тұрғын үйлер дара пештер арқылы жағылады. Күршім ауылында орналасқан №1 Медициналық бірлестіктің және орта мектептердің қазандықтарына тұрғын үйлер қосылған. Жылу жүйелерінің арақашықтығы 2,9 шақырымды құрайды. Жүйелер 70-ші жылдары шаруашылық тәсілмен науасыз салынған. Қазіргі уақытта жылу жүйенің 1,2 шақырымы ауыстырылды, қалғаны толық жарамсыздық жағдайда, яғни 100 пайызға. олар күрделі жөндеуді қажет етеді және жылу жоғалтуларын азайтуға қажетті іс-шаралар жүргізу қажет.


SWOT - талдау:

Күшті жақтар (S)

Нашар жақтар (W)

  1. жылу жүйелеріне қосылатын тұтынушылардың бар болуы.




  1. жылу жүйелерінің толығымен тозуы;

  2. жылу шығыстарының көптігі.




Мүмкіндіктер (O)

Қауіптер (T)

  1. тұтынушыларды жылумен қамтамасыз ету.

  1. тұтынушылардың жылусыз қалуы;

  2. энергетикалық және қазандық құрылғылардың тозуы.

Мәселелік сұрақтар:



  • жылу желілерінің және жылу инфрақұрылымының тозуының жоғары деңгейі.

Сумен қамту

2015 жылдың 9 қазанына ауданның 53 елді мекеннің 21-і орталықтандырылған сумен қамтылған немесе 61,3 пайыз халықты қамтамасыз етеді. Ауданның халықты коммуналдық-тұрмыстық сумен қамту жүйесінде 60,0 шақырым су құбыры тіркеледі. Жүйенің 68 пайызы қанағаттанарлықсыз жағдайда.

2012-2014 жылдары аудан бойынша сумен қамтамасуды жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілді. Күршім № 5 мектебінің жатақханасының су құбырларына жөндеу жұмыстары жүргізілді, мектептің қазандары ауыстырылып, жаңартылды.

Барақ батыр, Теректі, Құйған, Қаратоғай, Егіндібұлақ, Ақсуат, Аманат, Күршім ауылдарында 3930 м су жүйесінің құбырлары жөнделіп, ауыстырылды. № 1 медициналық бірлестіктің су мұнарасының құлаған бөлігін жөндеу арқылы аурухана су жүйесі қалыпқа келтірілді. Күршім № 5 мектебінің қазандары жөнделіп, ауыстырылды. Бурабай, Маралды, Қойтас, Қазақстан, Жаңаауыл, Қарашілік, Тақыр, Игілік ауылдарында ұңғымалар қазылып, 14 бағандар, Жолнұсқау ауылында «Сокол М (О)-2» су тазалайтын құрылғы орнатылды.

2014 жылы сапалы ауыз сумен 17086 адам қамтылды, елді-мекендер саны 19 немесе 59,3%. 2012 жылмен салыстырғанда тұрғындар орталықтандырылған сумен қамтылуы 6,5 пайыздық бірлікке өсті (2012 жылда 16217 адам 17 елді-мекенде).

2014 жылы орталықтандырылмаған су көздерімен қамтылған адам саны – 9828 немесе 35,2%, ашық су көздерін пайдаланатын адам саны – 997 адам немесе 3,5%. 2012 жылы орталықтандырылмаған су көздерімен қамтылған адам саны – 13351 немесе 38,7 пайызды, ашық су көздерін пайдаланатын адам саны – 1152 адам немесе 42 пайызды құраған.

Сумен қамтамасыз ету қызметімен 2 коммуналдық мекеме атқарады: МКК «Күршім» және МКК «Теректі» олар қажетті ақы-пұлдарымен және мамандармен қамтамасыз етілген.


SWOT - талдау:

Күшті жақтар (S)

Нашар жақтар (W)

  1. жер асты тұщы су қорының жеткілікті деңгейі;

  2. сумен қамтудың қолданыстағы жүйелерінің бар болуы.

  1. қолда бар жер асты тұщы су қорын жеткіліксіз пайдалану;

  2. сумен қамту нысандары мен желілерінің аса тозуының және осының салдарынан апаттардың, ауыз су сапасының төмен деңгейінің болуы;

  1. сумен қамту жүйелерінің жаңаларын салу мен қолданыстағыларын қайта жаңартуға мемлекеттік және жеке инвестициялардың жетіспеушілігі;

  2. ауданда берілетін судың сапасын бақылауды жүзеге асыратын лабораториялардың болмауы, сол себептен инфекциялық аурулардың туындау қауіптілігі;

  3. ауылдық елді мекендерде сумен қамту және су тарту кәсіпорындарының жеткіліксіз дамуы.

Мүмкіндіктер (O)

Қауіптер (T)

  1. жер асты тұщы суларының жаңа кен орындарын игеру;

  2. сумен қамту жүйелерінің техникалық жай-күйінің жақсаруы, су тазарту және су дайындауға шығынның ұлғаюы;

  3. пайдалану қызметін материалдық-техникалық базаны жарақтандыру жолымен жетілдіру.

  1. мемлекеттік қаржыландыру көлемінің азаюы тұрғындардың сапалы сумен қамтылуына ықпал етеді;

  2. ұңғымаларды пайдалану тәртібінің бұзылу нәтижесінде жер асты су көздері сапасының төмендеуі, жер асты суының техногендік ластануы;

  1. табиғи тозудың салдарынан жабдықтың жұмыс істемей қалуы, қоршаған ортаға теріс әсер ету тәуекелі;

  2. жұқпалы аурулар таралуының қаупі;

  3. апаттың көбеюі, тәулік бойы судың болмауы.

Мәселелік сұрақтар:

- сумен қамту нысандарының ұзақ мерзім пайдаланудың нәтижесінде қалыптасқан

қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйі;

- қолда бар жер асты тұщы су қорын жеткіліксіз пайдалану.


Су бұру

Аудандағы 53 елді мекеннің ішінде тек қана Күршім ауылы орталықтандырылған су құбырларымен жабдықталған. Ауданда 3 кәрізді-насосты стансасы бар, 2 тазарту қондырғысы бар.

Кәріз жүйесінің ұзындығы 14 шақырымды құрайды, осы жүйенің 100 пайызға тозғандығы жиі апатты жағдайларға әкеліп соқтырады.

70-ші жылдары салынған тазарту қондырғылары тозды, олардың жобаланған қуаты жеткіліксіз. Осының салдарынан Күршім өзеніне тазаланбаған шаруашылық тұрмыстық, өнеркәсіптік және лас сулар ағылып құйылып жатыр.

2014 жылы Күршім ауылында 1 шақырым кәріз жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Теректі ауылындағы №2 медициналық бірлестік және көп пәтерлі үйлер кәріз жүйесіне қосылған. Бірақ бұл жерде не кәрізді-насосты стансасы, не тазарту қондырғысы орнатылмаған.

Жоғарыда аталған нысандардан ағып шығатын ағындылар қоршаған ортаны ластап жатыр. Инвестиция, кірістердің тозуы және тариф құрылымында шамалы үлес алатындықтан, қызметтердің сапасын жоғарылату және технологияларды жаңартуға бағытталған су бұрылысындағы қазіргі кездегі тарифтер комплексті жаңарту өткізу шығындарын ескермейді.
SWOT - талдау:


Күшті жақтар (S)

Нашар жақтар (W)

  1. 2014 жылы аудан тұрғындары су бұру қызметімен 2012 жылмен салыстырғанда 3,2 пайыздан 4,2 пайызға өсті.




  1. тазарту қондырғылары мен кәріз жүйелері 100% нашар жағдайда болғандықтан, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

Мүмкіндіктер (O)

Қауіптер (T)

  1. мекемелерді, тұрғын үйлерді кәріз жүйесіне қосу мүмкіндігі;

  2. су тарту нысандарын, кәріз жүйелерін, тазарту қондырғылары мен кәріз желілерін салу және қайта жаңартудың инвестициялық жобаларын іске асыру тұрғындарды су тарту қызметтерімен қамту деңгейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

  1. су тарту нысандарын, кәріз жүйелерін, тазарту қондырғылары мен кәріз желілерін салу және қайта жаңарту жобаларының мемлекеттік бюджеттен жеткіліксіз қаржыландырылуы нысандарды пайдалануға беру мерзімін бұзуы және аудан халқының санитарлық-экологиялық аман-есендігіне кері әсерін тигізуі мүмкін.

Мәселелік сұрақтар:



  • қоршаған ортаның су бұру нысандарының ағындыларынан ластануы;

  • кәріз жүйесі тозуының жоғары деңгейі.



Электрмен қамту

ШҚ ӨЭК желілерімен электр қуатын жеткізетін аудандағы электрмен қамтитын «Шыгысэнерготрейд» ЖШС кәсіпорыны болып табылады.


Күршім ауданының электр жүйесі құрылғыларды бөлуші және оларды қосатын кернеуі 0,4-10 кВт болатын электр жүйесін таратуға арналған қосалқы станция жиынтығымен жабдықталған.

Аумақтық жүйелер арқылы кернеуі 220 кВт және одан да жоғары басқару және таратуды теңгерімінде 1671 шақырым электрожүйелер, 18 қосалқы станциялар, 391 ТП және КТП бар Күршім аудандық «Шығыс Қазақстан аумақтық электржүйелік компания» АҚ аудандық элетрстанциясы атқарады. Электр станциялардың негізгі жабдықтарының, электр беру желілерінің, коммутация аппаратураларының жартысына жуығы пайдаланудың нормативтік мерзімін өтеген және істен апаттық шығу сатысында тұрғанын ескерілу қажет.

Аумақтық электржүйелер қанағаттанарлықсыз жағдайда, олардың тозуы 70 пайызды құрайды. Сондықтан негізгі құрылғылардың тозуы 60 пайыздан астам, ВЛ-110 кВт 50 пайызға өз қызметін атқарды. Аудан тәулігіне «күн»-«түн» және элетр құатын тұтынуға дифференциалдық тарифтер енгізілген, олар халық арасында энергия қорының үнемділігін нақты ынталандырушысы болып табылады.

Аудан бойынша «иесіз» электр желілері жоқ.

Энергия қорын негізгі тұтынушылар жылу энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы (жылу энергиясының жартысынан көбі). Аудан аумағында электростанциялар, көмір, жаңғыш тақтатас және табиғи газ өндіру орындары жоқ. Ауданда өндіріс әлеуетіне желді пайдалану мүмкіндігі зор.

Аумақтық элетрстанция ВЛ 0,4 кВт 588,892 шақырым қосалқысымен 10/0,4 кВт КТП 391 ТП электроқұрылғылармен жабдықталған.

Аудан бойынша пайдаланылған электр құаты:

2010 жылы – 48987300 кВт

2011 жылы – 53365846 кВт

2012 жылы –57453094 кВт

2013 жылы – 55096940 кВт.

Электр қуатын пайдалану көлемінің артуы өнеркәсіп өндірісінің өсуіне, тұрғын үй саласының кеңеюіне ( көше жарықтандыру, электрмен жылыту және т.б.), халықтың өмір сүру деңгейінің жақсаруына (электр жабдықтары санының, тұрмыстық техниканың көбеюі) байланысты.

«ШҚ АЭК» АҚ қаражаты есебінен жыл сайын электроқұрылғыларға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде апаттық жағдайлардың азаюы байқалады.

Ауданда электр қуатының қайта жандандыру көздерінің бар потенциалын қолдану қажет. Осы мақсатта Күршім өзенінде Күршім электростанциялар каскадының, Қалжыр өзенінде Қалжыр электростанциялар каскадының құрылысы қажет.

SWOT - талдау:


Күшті жақтар (S)

Нашар жақтар (W)

1) кернеулігі 110 кВ және төмен электр берудің қалыптастырушы желілерінің жүйесі дамыған;

2) жаңартылатын энергияның елеулі әлеуетінің бар болуы.



  1. электрлік өңірлік желілердің тозуының жоғары деңгейі (65-70%).

Мүмкіндіктер (O)

Қауіптер (T)

1) жаңартылатын энергия көздерін енгізу.

1) аудан тұтынушылардың энергия мен қамтамасыз ету сапасының едәуір тозудың кесірінен төмендеуі.

Мәселелік сұрақтар:

- электрлік өңірлік желілердің тозуының жоғары деңгейі;

- жаңартылатын энергия көздерінің дамымауы.

Абаттандыру


Аудан аумағында 237 шақырым жолдар мен көшелер, 17 га саябақтар, тұрғын үй аулалары, 14 ескерткіштер, қатты тұрмыстық қалдықтарды пайдалануға арналған арнаулы орындар бар.

Ауданның елді мекендерінің санитарлық жағдайын қалпында ұстап тұру және көріктендіру деңгейін көтеру, күзгі және көктемгі кезеңде тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық амандығын қамтамасыз ету үшін жыл сайын аумақтарды абаттандыру мен көгалдандыру бойынша іс-шаралар жүргізіледі, соған сәйкес көшелер мен жолдарды, саябақтар, алаңдар, тұрғын үйлер аулаларын, мектептер мен мәдениет мекемелерінің аумақтарын тазалау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Қатты тұрмыстық қалдықтарды пайдаланатын орындар қанағаттанарлық жағдайға келтіріліп, көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Жыл сайын аудан бойынша орта есеппен алғанда 23 мыңнан аса ағаш, 4 мың метр көшеттер және 2,5 мың шаршы метр гүлзарлар отырғызылады.

2012-2014 жылдар аралығында ауданды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына аудандық бюджеттен 186,5 млн. теңге бөлінді, 100 пайыз игерілді.

2012-2014 жылдар аралығында абаттандыру және көгалдандыру бойынша келесі жұмыстар атқарылды:


  • Сарыөлең, Қалжыр ауылдарында саябақтар қоршалып, субұрқақтар, демалыу орындары абаттандырылып, балаларға арналған ойын алаңы орнатылды;

  • Боран ауылында балаларға арналған аула ойын алаңдар орнатылды;

  • Күршім және Теректі ауылдарында мини-футбол алаңдары жасалынды;

  • Боран, Сарыөлең және Қалжыр ауылдарының бас жобалары дайындалды;

  • Күршім ауылында «Қазақ елі» монументі салынды;

  • Күршім – Мульковое ауылдар арасындағы теректер қоршалды;

  • Құйған ауылының спорт алаңы қоршалды.

Ауданға бюджетті оңтайландырудан абаттандыруға 130 млн.теңге бөлуді жоспарланған. Ағымдағы жылы Күршім ауылының Тоқаев көшесінің 3 шақырым жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер: «Дерикар» ЖШС. Бөлінген қаражат – 34,5 млн.теңге. Бүгінгі күнге жұмыстар толығымен аяқталды. 2015 жылдың 15 қыркүйегінде жұмыс комиссиясы өтті.

Күршім ауылының аумағы 1900 м2 18 көшенің жолдарына шұңқырларды тегістеу жұмыстары жүргізілді.


SWOT - талдау:

Күшті жақтар (S)

Нашар жақтар (W)

1) аумақтарды абаттандыру мен көгалдандыру бойынша жыл сайын іс-шаралар жүргізу, соған сәйкес көшелер мен жолдарды, саябақтар, алаңдар, тұрғын үйлер аулаларын, мектептер мен мәдениет мекемелер аумақтарын тазалау бойынша жұмыстарды жүргізу.

1) аумақтарды абаттандыру мен көгалдандыру іс-шараларының жеткіліксіз қаржыландырылуы.

Мүмкіндіктер (O)

Қауіптер (T)

  1. аумақтарды абаттандыру, қасбеттерді, аула аумақтарын, скверлерді, саябақтарды және т.б. жөндеу бойынша мемлекеттік-жеке меншік серіктестігінің болашағы;

  2. абаттандыру жұмыстарын көбейту арқылы жаңа әлеуметтік жұмыс орындарын ашу.

  1. аудан елді мекендерінің қанағаттанарлықсыз санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйі;

  2. тұрғын қорының, абаттандыру элементтерінің тез тозуы; жабындардың, қасбеттердің қанағаттанарлықсыз жай-күйі;

  3. елді мекендердің келісімсіз келбеті.

Мәселелік сұрақтар:

- елді-мекендердің инфрақұрылы жаңартудың қажеттілігі;

- көппәтерлі үй қорының аумақтарын жаңарту, балалар және спорттық алаңдарын жасау, жасыл желектерді түгендеу, ескі тоғайларды кесу жұмыстарыны қажеттілігі.


    1. Экология және жер қорлары

Жер қоры

Күршім ауданы облыс аймағының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан.

Аудан су қорларына бай. Зайсан көлінің Күршім ауданында қарасты бөлігін қосқанда, 16 көл бар. Климаты шұғыл континенталды, ауа температурасының тәулік, маусым және орташа жылдық ауытқуларының амплитудасы үлкен, бірақ жалпы егін, мал шаруашылығы дамуына қолайлы. Аудандық әкімшілік құрамында 12 ауылдық округі бар.

2015 жылдың 1 қаңтарына Күршім ауданының жер қоры 2319,9 мың га болып, облыс аумағынан 8,2 пайыз құрап отыр, оның ішінде (сурет 14):

- ауылшаруашылығындағы жерлер – 345,8 мың га (облыстың жер қорының 3,3%);

- елді-мекендер жерінің көлемі – 139,8 мың га (4,7%);

- өндіріс, көлік, байланыс, ғарыш жұмыстарына, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және басқа да жерлер – 3,3 мың га (1,8%);

- ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсатындағы жерлер – 103,0 мың га (6,7%);

- орман қорының жері – 420 мың га (19,6%);

- су қорының жері – 207,7 мың га (36,4%);

- босалқы жерлер – 1103,7 мың га (10,5%).

Сурет 14. Жер қорының құрылымы

Облыстың ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің ауданы 10424,9 мың га, оның 3,3 пайызы Күршім ауданына тиесілі – 345,8 мың га (кесте 24):
Кесте 24 – ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер, мың га


Атауы

Жалпы ауданы

Жалпы ауылшаруашылық алқаптар

Егістік

Көпжылдық екпелер

Тыңайған жерлер

Шабындық

Жайылым

Бақшалар мен қызметтік үлес

ШҚО

10424,9

10270,4

1430,7

2,2

34,8

441,7

8360,7

0,3

Күршім ауданы

345,8

334,3

20,2

0,1

7,5

22,6

283,9

0

2015 жылдың басына ауылшаруашылық агроқұрылымдарға бекітілген егістік ауданы 20,2 мың га, бұл 4,8 мың гектарға азайды. Жайылым ауданы – 283,9 мың га, 2012-2014 жылдар аралығында бұл көрсеткіш ауданда мал шаруашылығының дамуына байланысты 5,5 мың гектарға өсті.

Ауылшаруашылық құрылымдардың саны 926 бірлік болды, 2012 жылмен салыстырғанда 14,8 пайызға төмендеді (сурет 15).

2014 жылы шаруа қожалығының саны 161 қожалыққа азайды. Олар 579,9 мың га жерді пайдалануда, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 81,2 мың га өсті.

Мемлекеттік емес ауылшаруашылықтағы заңды тұлғалар саны 255,1 мың га ауданда 20 бірлікті құрап отыр, оның ішінде шаруашылық серіктестіктерде – 250 мың га, басқа мемлекеттік емес кәсіпорындар – 5,1 мың га, бұл 2012 жылдың деңгейінде қалды.


Сурет 15. Агроқұрылымдардың аудандарын салыстыру, мың.га

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әрбір жоба агроқұрылымдар қожалығындағы жер болуы керек.

Жер кадастрын мен жергеорналастыруды дұрыс жүргізу дұрыстылығы мен жерді ұтымды пайдалану мен қорғау шараларын орындау бойынша жерлерді пайдалану ережелерін сақтауға шаралар жүргізіледі.

Бүгінгі күнге агроқұрылымдарда жердің ішкіқожалық жобалары жоқ. 600 га ауданымен 3 шаруа қожалығы тапсырыс беріп отыр.

Ауылшаруашылық құрылымдарға 2012-2014 жылдар арасында ауылшаруашылық алқаптардың инвентаризациясы өткізіліп, 74,8 мың га пайдаланылмаған жерлерді тауып, олардың ішінен 39,9 мың га пайдалана бастады, 34,9 мың га сот шешімімен мемлекеттік иелігіне берілді.
SWOT - талдау:


Күшті жақтар (S)

Нашар жақтар (W)

1) бос жерлердің болуы;

2) агроқұрылымдардың ауылшарушылық жерлерді пайдалануды ұлғайту.



1) ауылшаруашылық жерлерін тиімсіз пайдалану;

2) білікті мамандардың жетіспеушілігі;

3) жер потенциалын пайдалану төмен тиімділігі;

4) жер паспорттарының болмауы.



Мүмкіндіктер (O)

Қауіптер (T)

  1. жерді тиімді пайдалану;

  2. жерді пайдаланудың ұтымды жоғарлату үшін тыңайтқыштарды пайдалану;

  3. білікті мамандарды дайындау;

  4. ауылшаруашылық өндірістің тиімділігін жоғарлату;

  5. шаруаішілік жерге орналастыру жобасын дайындау.

  1. топырақ құнарлылығының төмендеуі;

  2. табиғи-климаттық жағдайлары.

Мәселелік сұрақтар:

- жер қойнауын пайдалану әрекетін жоғары дәрежедегі қауіп-қатерге жатқызу және жер қойнауын қорғау және пайдалану бойынша тексеріс жүргізудің негізгі тәртібін қолдану қажет;

- жерді қорғау және тиімді пайдалану, айналадағы табиғат ортасын сақтау және жақсарту, ауыл шаруашылық өндірісін дамыту бойынша жеке тұлғалар және заңды тұлғаларды (коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар) тексеру бөлімінде заңнамаға өзгерістер енгізу қажет.
Қоршаған ортаның ахуалы

Күршім ауданы табиғи ресурстардың әлеуеті жоғары аудан болып табылады. Қатты тұрмыстық қалдықтар – ауаны ластау мәселесінің бірі. Жүйелі түрде қалдықтарды өртеп, шығару нәтижесінде қалдық полигоны табиғатты ластайтын заттар косымша көзі болып отыр.

Аймақта экономикалық өсу үрдісі байқалады, сондықтан экологиялық мәселелер шешу тұрақты дамудың шарты болып табылады. Тұрғылықты халықтың экологиялық білімі, қоршаған ортаның ахуалы туралы хабардар ету жүйесі дамуда.

Аудан аумағында жыл сайын қатты тұрмыстық қалдықтың көлемі арта түсуде.


SWOT - талдау:

Күшті жақтар (S)

Нашар жақтар (W)

1) заманауи техногендік ластануға байланысты жағымсыз экологиялық ықпалы азаюы байқалады.

1) аяқасты қоқыстар саны өсуі елді-мекендерде полигондардың жоқтығы.

Мүмкіндіктер (O)

Қауіптер (T)

  1. қалдықтарды кәдеге жарату және екінші қайтар өңдеуді енгізу;

  2. табиғи ресурстарды дұрыс пайдалануды ұғыну бойынша азаматтардың көзқарасын қалыптастыру.

  1. табиғи-климаттық жағдайдың күрт өзгеруі.

Мәселелік сұрақтар:

- елді-мекендерде қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған полигондардың жоқтығы;

- жуынды-шайынды, қоқыстарды сүзу құрылғылардың жоқтығы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет