Бағдарламасы Күршім ауылы, 015 ж Мазмұны Паспорт Ағымдағы жағдайды талдау 6


Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесі



жүктеу 2.02 Mb.
бет7/10
Дата07.03.2018
өлшемі2.02 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2.6. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару жүйесі


Мемлекеттік басқару

Күршім ауданының мемлекеттік мекемелері – мәслихат, 13 барлық деңгейдегі әкімдік аппараттары (аудан әкімінің аппараты - 1, 12 ауылдық округ әкімінің аппараты), жергілікті қаражаттан қаржыландырылатын 9 бөлім.

2012-2014 жылдар аралығында аудан әкімдігі мемлекеттік басқару жүйесіне өзгерістер жүргізіп, бөлімдер біріктірілгеннің нәтижесінде 12 бөлімнен 9 бөлімге қысқартылды.

Күршім ауданы әкімдігінің жұмысы ақпарат, талдау, басқару және т.б. әрекет түрімен айналысып қана қоймай, бизнес-үрдісті автоматтандыру арқылы жергілікті өзін-өзі басқару мекемелердің мемлекеттік қызметтер көрсетуі сапалы болуын қадағалайды. Мемлекеттік басқару жаңа жүйесін енгізу мемлекеттік органдардың қызметінің ашықтылық деңгейінің жоғарылауын талап етеді. Сондықтан аудан әкімінің блогы жұмыс істейді, аудан әкімінің сайтында тұрғындарға сұрақ-жауаптар жүйелі өткізіліп тұрады.

Мемлекеттік мекемелермен электрондық түрде (Е-gov) 2013 жылда 76, 2014 жылы 97, 2015 жылы 147 мемлекеттік қызметтер жасалды. Осыған байланысты сапалы және мерзімінде бақылау және мониторинг жүргізу қажет.

Ауданда жергілікті өзін-өзі басқару Концепция және Елбасының «100 қадам» Іс-шарасы негізінде жүзеге асуда.

«е - үкіметтің » негізгі компоненттерімен интеграциясы

Е - үкіметтің негізгі компоненттері:

- электрондық құжат айналым жүйесі,

- «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесі,

- ИИС «Халыққа қызмет көрсету орталығы» мемлекеттік дерекқоры

- «Е-разрешение»мемлекеттік дерекқоры.

2011-2015 жылға жергілікті атқару органдардың қызмет нәтижелілігін жоғарылату үшін ауылдық округ әкімдерінің аппараттарына БЭҚАЖ жүйесін енгізу, қызметкерлердің санын арттыру, автоматтандырылған жұмысшы орындардың үлесін арттыру, локалдық желіге қосу жұмыстары сияқты шараларды арттыру қажет. Бүгінгі күні 6 дербес бөлім және әкім аппараты енгізілді.

2012 жылы аудан әкімдігінің құжат айналымы 4055-ке жетіп, оның ішінде электронды түрде 2433, бұл 60 пайызды құрады.

2013 жылы аудан әкімдігінің құжат айналымы 6864-ке жетіп, оның ішінде электронды түрде 4736, бұл 69 пайызды құрады.

2014 жылы аудан әкімдігінің құжат айналымы 4651-ке жетіп, оның ішінде электронды түрде 3730, бұл 80 пайызды құрады.

2013 жылы ауданда ауылдық округтарының әкімдері сайлауы өтті. Нәтижесінде 12 ауылдық округтерінің әкімдері сайланды.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдармен келесі функциялар қосылды:

әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді қарау және оларға 165, 300, 310 (2-ші тармақшасынан басқа) (мекемелердегі құқықбұзушылықтар мал дәрілер және мал азығына қоспалар шығару), 311, 311-2, 311-3, 387 баптарына сәйкес әкімшілік жаза қолдану;

Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес нотариалдық іс-әрекеттер жасау.

Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – әкімдер) салық төлеуші – жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралы салықтарын, жер салығын жинауды ұйымдастырады.

Сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының алдында тұрған негізгі кедергі қаржы ресурстарының жеткіліксіздігі.

Халықтың компьютерлік сауаттылығының деңгейі

Аудан халқының компьютерлік сауаттылығының деңгейі 2012 жылы 50%, 2013 жылы 77,2% құрады. Қазақстан Республикасы Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық модернизациялау – Қазақстанның басты даму векторы» Жолдауының іс-шаралар жоспарында көрсетілген «Халықтың компьютерлік сауаттылығының деңгейі» көрсеткіші орындалды.

Компьютерлік сауаттылық деңгейін көтеру бағдарламасымен 2012 жылы 1 865 000 теңге қаражат жұмсалып 402 адам, 2013 жылы 1 303 000 теңге қаражат жұмсалып 329 адам оқытылды.
Саланың SWOT - анализі:


Мықты жақтары (S):

  1. Жергілікті атқарушы органдардың жеткілікті техникалық жабдықтануы;

  2. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізу үшін негіздің болуы;

  3. Виртуалды қабылдау іске асырылған;

  4. Ауданның дербес бөлімдерінде бірыңғай көлік желісінің болуы;

  5. Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінің болуы;

  6. Мемлекеттік органдар функциялары бизнес-процестерінің автоматтандырылуы;

  7. Мемлекеттік қызметтерді «электронды үкімет» порталы арқылы ең қысқа мерзімде көрсету.

Әлсіз жақтары (W):

  1. Ауданның жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қаржы ресурстарының жеткіліксіздігі;

  2. Жауапты мемлекеттік органның электрондық мемлекеттік қызметтерді тұтынушылармен өзара әрекеттестік тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық базаның толық жетілмегендігі ;

  3. Халықаралық тәжірибенің заманауи үздік тәжірибелерін ескере отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын және тиімділігін мониторингілеу және бағалау әдіснамасының жетілдірілмегендігі;

  4. Қызет көрсету мерзімдерінің бұзылуы (меморгандардағы тікелей орындаушылардың қанағаттандырмаушылық жұмысы, кадрдың жеткіліксіздігі, жұмыс көлемінің үлкендігі);

  5. Әлсіз бағдарламалық және материалды-техникалық қамтамасыз ету;

  6. Халықтың ақпараттандырылмауы (көрсетілетін қызметті алушылар қызметті қайдан алатынын білмеуі - ХҚКО немесе мемлекеттік органда;

  7. «Электронды үкімет» порталымен жұмыс істеу қиындығы.

Мүмкіндіктер (O):

  1. E-gov порталының ары қарай дамуы және электронды мемлекеттік қызметтермен аудан тұрғындарын толығымен қамту;

  2. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қосымша кіріс көздерін беру.

Қауіп-қатерлер (T):

  1. Салық түсімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілуіне байланысты аудан бюджетіне кірістің төмендеуі;

  2. Интернет желісіне қолжетімділіктің шектелуіне байланысты электрондық мемлекеттік қызметтердің талапқа сай болмауы;

  3. Жеке аудандарда ХҚКО аумақтық қол жетімсіздігі, халықтың электрондық мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттанбауы.

Проблемалық сұрақтар:



  • Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет сапасы және мониторинг жүйесінің жұмысының тиімсіздігі;

  • Стратегиялық құжаттарды қабылдауда және ауданды басқаруға және дамытуға шешім қабылдауда азаматтық қоғам институттарын және тұрғындарды қатыстырмау;

  • Жоспар және әлеуметтік маңызды жобалардың орындалуын бақылау үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың даму деңгейінің төмендігі.

Аудан бюджеті

2014 жылы бюджет көлемі 5395,4 млн.теңге, 2012 жылы – 3678,1 млн.теңге, соның ішінде меншіктік табыс үлесі 2014 жылы – 10 %, 2012 жылы – 12,6 % құрады.

Трансферттер мен субвенциялар үлесі 2014 жылы – 88,3 %, 2012 жылы – 86,2 %. 2014 жылдағы бөлінген трансферт көлемі 2012 жылмен салыстырғанда 50,3 %-ға көбейді.

Сурет 16. 2012 және 2014 жылдардағы аудан бюджетінің құрылымы, млн.теңге


Бюджет шығынын қаржыландыру Президент белгілеген басымдықтар, дағдарысқа қарсы іс-шаралар іске асыру, ауданның аумақтық даму бағдарламасы негізінде жасалады. Сондай-ақ, бюджеттік шығындар «Жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында іске асырылды. Осының арқасында дағдарыс кезеңінде аумақтың әртүрлі салаларда ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары атқарылып, жұмыссыздық деңгейін едәуір төмендетті.

Тұрғын-үй шаруашылығын және құрылыс саласын қаржыландыру бюджеттік саясаттың елеулі бөлігі болып табылады.

2014 жылы ауданда өткізілген жұмыстардың нәтижесінде меншікті түсімдер өткен жылмен салыстырғанда 16,1 пайызға өсті.

ЖӨБ дербес бюджеті жергілікті қоғамдастықпен көрсетілген және келісілген бірінші кезектегі қажеттілікке ақша ағындарын жедел бағыттауға мүмкіндік береді.

Келесі кіріс көздері бойынша ЖӨБ бюджетін қалыптастыру:

1) салық емес түсімдер– 2013 жылы Республика бойынша барлық ауылдық округтерге қолма –қол ақшаның бақылау шоттары ашылған, соларға келесі қызмет түрлері бойынша кірістер түседі:

- жеке және заңды тұлғалардан ерікті жинақтары;

- сыртқы жарнаманы орналастыруға төлем;

- мемлекеттік мүліктің мүліктік қарызынан кірістер;

- әкімшілік айыппұлдар.

2) салық түсімдері– 2015 жылғы сәуірде Бюджет кодексіне өзгерістер енгізілді, солар бойынша ЖӨБ органдарына өткенде аудандардың бюджеттеріне түскен 4 салық түрі тапсырылады:

- төлем көздерінен салық салынбайтын кірістерден жеке табыс салығы ( жеке кәсіпкерлер);

- жеке тұлғалардың мүлігіне салық;

- жеке тұлғалардан көлікке салынатын салық;

- елді мекендердің жерлеріне жеке тұлғалардан жер салығы.

Аталған салық түрлері орнықты сипаты бар, сыртқы факторлардың әсерінен байланысты емес, нақты аумақтық байланыс және жоғары дәрежедегі жеткілікті жинақтылығы бар салық базасынан төленеді.



Бюджеттің әлеуметтік бағыттылығы сақталды, және шығыстарды жоспарлағанда негізгі басым әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау және білім беру, сондай – ақ облыстағы экономиканың сапалы өсімі үшін жағдайлар жасау болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет