Тимур Құлыбаев пен жұбайы, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаева ең бай қазақстандықтар тізімінде көш бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2024 жылы Тимур Құлыбаевтың байлығы 4,6 миллиард долларға жетті. Оның зайыбы Динара Құлыбаевада да дәл осындай қаржы бар. Forbes журналының әлемдік рейтингінде ерлі-зайыптылар 627-ші орынды иеленген.

Құлыбаевтардың негізгі табысы қаржы бизнесінен келеді. Отбасы елдегі ең ірі банк Қазақстан Халық банкін басқаратын ALMEX компаниясына иелік етеді. Сонымен қатар, олардың активтерінде бірнеше мұнай кен орындары бар.

Фото: forbes.com

Өткен жылғы Қазақстанның ең бай адамы, KAZ Minerals және Қазақмыс акцияларына иелік ететін Владимир Ким 2024 жылы екінші орынды иеленді. Оның активтері 2023 жылдағыдай 4,6 миллиард долларды (642-орын) құрады.

Үшінші орында Kaspi-дің иесі Вячеслав Ким 4,4 миллиард доллармен тұр. Ол әлемдік тізімде 676-шы орында.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.