Отандық киноиндустрияның жұлдызы, актриса Жәния Джуринская жүкті келіншектерге кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/djurinskaya/

Актриса жақында екінші сәбиін дүниеге әкеледі. Осы орайда өнер иесі оқырмандарының сұрақтарына жауап берді. Алайда “Қыз туа беретініңізге күйеуіңіз ренжімей ме?” деген сауалға желі жұлдызы кеңінен тоқталды. 

“Біріншіден, әйел біреу үшін бала тумайтынын түсінуі керек. Балалар анасына ғана жақын болады. Әр бала дүниеге келген сайын, “күйеуім ренжіп қалған жоқ па екен” деп емес, “осы балаға лайық ана бола аламын ба” деп бас қатыру керек. Әйел адамдар, қашан өзінің құнын бәрінен жоғары қоюды үйренеді екен?!. 9 ай бойы жүктілігің қарбыз көтеріп жүргенмен бірдей. Сай-сүйегің сырқырап, баланы дүниеге әкелу – бөлек әңгіме. Соны біле тұра, күйеудің ренжуі туралы әңгіме айтасыздар. Ұл тумадың, қыз туа бересің дейтін еркектен аулақ жүріңдер. Ол қандай жынысты бала болса да тек рақмет айтуы керек”, – деп жауап берді актриса. 

  • Депутат Дементьева әріптесі Тұрлыхановтың отбасылық жанжалдарына қатысты: Әр адамның бір саусағы бүгулі

  • Еркектерді қорғамаймын, бірақ ұрысты басу әйелдің қолында – Депутат Дементьева әріптесінің даулы пікірі туралы

Сонымен қатар өнер иесі әйелдерді алдымен өзін құрметтеуге үндеді.

“Еркектің жолында өлуге дайын әйелдерге айтарым, өздеріңді сыйлап, құрметтеуді үйреніңдер! Сонда ғана ондай ой бастарыңа келмейтін болады. Ал еркекті бірінші орынға қойсаң, ол ойына келгенін істейді. Мысалы, тоқал аламын деп, сені сыйламайды, басқа қыздарға барады, жалпақ тілмен айтқанда, сен оның аяқ сүртетін шүберегіне айналасың. Өйткені сен өзіңді соған лайықпын деп есептейсің”, – деп жазды желі жұлдызы.  

Фото: https://www.instagram.com/djurinskaya/

Еске салайық, Жәния Джуринская күйеуінің ұлтына қатысты қауесетке нүкте қойғанын жазған едік. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.