Жоғарғы сот төрағасының бұрынғы орынбасары, адвокат-заңгер Тагир Сисинбаев Abay live Youtube-арнасына берген сұхбатында Желтоқсан оқиғасы кезіндегі істерді айта отырып, Қайрат Рысқұлбековтің өліміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Заңгердің айтуынша, милицияларға қастандық жасады деп айыпталғандардың кінәсі нақты дәлелденбеді. Соның ішінде телеоператор Савицкийді өлтірді деп жалған айып тағылған Қайрат Рысқұлбеков бар.

“Рысқұлбековтің Савицкийді өлтіргеніне дәлел жоқ. Кейін жалған куәлар әкелінді. Алайда ол ақталды. Қылмыстық істің құрамы болмағандықтан, іс қысқарды. Қайрат түрмеде отырған кезде өзіне қол салған болуы мүмкін деді. Алайда оған қастандық жасалып, өлтіре салған шығар”, – деді Сисинбаев.

  • "Алдымен өлтіріп, кейін асып қоюы мүмкін": Түрме күзетшісі Қайрат Рысқұлбековтың қазасы туралы айтып берді

Адвокат әлі күнге дейін Желтоқсан оқиғасынан қанша адам өлгені белгісіз екенін айтты. Сөзінше, бүгінге дейін бұл оқиға туралы бейтарап ақпарат жоқ.

“Желтоқсан оқиғасы кезінде жастарға көп қастандық жасалды, оларды киімсіз тауға апарып, мазақ қылған. Тіпті жай қарап тұрғандарды күштеп алып кетіп, бәрін топпен ұрып-соқты. Бір тобын изоляторға қамады, қинады”, – дейді ол.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.