Australian Open 2024 жылғы Австралия ашық чемпионатының есте қаларлық сәттерін еске түсіріп, маусымдағы бірінші үлкен дулыға турнирінің қорытындысын шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: lenarybakina Instagram-парақшасы

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина "турнирдің үздік матчы" атағын алды. Australian Open 2024 турнирінің екінші кезеңінде ол ресейлік Анна Блинковамен кездесіп, сенсациялық түрде одан үш ойында 4:6, 6:4, 6:7 (20:22) есебімен жеңіліп қалды.

Екінші раундта әлемнің 57-нөмірімен кездескен Рыбакина жеңіледі деп ешкім ойламады.Ол қарсыласымен үшінші сетте 2:4 есебімен ойнадыы. Матчтың келесі тай-брейкі ең қызықты көрініс болды. Матч жарты сағатқа созылып, 42 ұпай жинады.

Сондай-ақ олардың текетіресі Australian Open-2024 турнирінің үздік 5 матчының қатарына енді.

"Үшінші орындағы Рыбакина турнир алдында жеңіске үмітті боп көрінді және оны Арина Соболенко оны басты қарсылас ретінде қарастырды. Бірақ қазақстандық ойыншы бұрын-соңды екінші кезеңге өте алмаған Блинковадан жеңілді”, – делінген материалда.

Жұптың ойыны 2 сағат 46 минут бойы жалғасты.

Бұған дейін Елена Рыбакина әлемдік рейтингте төменге түсіп қалқаны айтылды. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.