Бағдарламасы «СӘндік косметика және грим»



жүктеу 99.42 Kb.
Дата10.05.2019
өлшемі99.42 Kb.
түріБағдарламасы

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

АЛМАТЫ Қ.БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

АМСжТК әдістемелік кеңесінің

шешімімен бекітілген

«___»_________2018 ж.

Директор,ОӘБ төрайымы

___________




ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

«СӘНДІК КОСМЕТИКА ЖӘНЕ ГРИМ»

0506000 «ШАШТАРАЗ ӨНЕРІ ЖӘНЕ СӘНДІК КОСМЕТИКА»

Алматы 2018

МАЗМҰНЫ



  1. Түсінік хат ……………………………………………………………………………2

  2. Тақырыптық жоспар ………………………………………………………………..4

  3. Бағдарламаның мазмұны ……………………………………………………………6

  4. Бақылау тапсырмалары …………………………………………………………….14

  5. Әдебиет және оқу-әдістемелік құралдар ........……………………………………. 18

1. ТҮСІНІК ХАТ

Осы жұмыс оқу бағдарламасы типтік оқу бағдарламасына сәйкес 0506000 «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығы бойынша әзірленген.

Осы жұмыс оқу бағдарламасы пән мазмұнының міндетті минимумына және даярлау деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптарды іске асыруға арналған «Сәндік косметика және грим» пәні және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарының жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеуге негіз болып табылады.


Осы жұмыс оқу бағдарламасын іске асыру барысында 0506000 «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес

Танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыру түрлері ұсынушы сипатта болады. Бөлімді меңгеруге бөлінген сағат саны ұсынушы сипатта болып, пән бойынша білім мазмұнының минимумын сақтай отырып өткізілуі мүмкін.

Осы жұмыс оқу бағдарламасы орта мамандандырылған оқу орындарындағы шаштараз өнеріндегі суретші-модельерді дайындайтын оқушыларға арналған. Бұл бағдарлама бет, мойын терілерін гигиеналық және алдын-ала теріні күтіп сақтауда, сондай-ақ косметикалық процедуралардың орындалуын, макияж жасау техникасы мен технологиясын үйрете отырып, олардың іс жүзінде меңгерілуін көздейді, оқытуды қарастырады.

Осы жұмыс оқу бағдарламасы «Санитария және гигиена», «Шаштараз жұмысының технологиясы», «Шаштараз жұмыстарының материалдары», «Шаш сәнін көркемдеп үлгілеу» пәндері бойынша оқушылардың білімділігі, іскерлігі және дағдыларына негізделеді.

«Сәнді косметика және грим» пәнін оқу барысында төмендегі пәндермен пәнаралық байланыс жүргізіледі (ұсынылады): «Пластикалық анатомия және физиология», «Сурет және кескіндеме», «Постиж», «Шаш сәнінің тарихы», «Өнер тарихы».

Теориялық сабақтар мен косметикалық процедуралар және макияж техникасын үйрету оқушылардың өздеріне жасалатын лабораториялық жұмыстар оқу материалын оқытудың негізгі әдістері болып табылады. Сабақтар жүрген кезде ең алдымен керекті құрал-жабдықтар болуы керек: түрлі-түсті кестелер, суреттер, слайдтар, диафильмдер, кинокөркемдер. Бұлар шығармашылық ізденіс, оқушының талғамын, қиялдық бейне стилін қалыптастыруға көмектеседі.

Осы жұмыс оқу бағдарламасын іске асыру барысында төмендегі дидактикалық және көрнекі құралдарды қолдану ұсынылады: «Шаштаразь өнері және сәндік косметика» мамандығының оқу-әдістемелік бірлестігі даярлаған және келісілген плакаттар, үлгілер, оқу бейнефильмдер, оқу және оқу-әдістемелік құралдар.

Бұл пәнді оқып бітірген оқушылар театралдық гримінің технологиялық негізін, емдік косметика мен сәнді косметиканы жақсы игеруі тиіс және сахналық гримнің негізін, бет терісін емдеу, тазалау, бет –мойынға массаж жасау, күтім, күрделі және жәй макияжының жасалу технологиясын білуі тиіс.



Осы жұмыс оқу бағдарламасын 4 сағаттан өткізу керек яғни оқушылар осы уақыт ішінде берілген бағдарламаны талаптарын толық игеруі тиіс.


  1. ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР





Бөлімдер мен тақырыптар атаулары

Сағат саны

Теор. сабақтар

Практ. сабақтар

1

Кіріспе

1







1.Макияж техникасы







2

Макияждың көркемдік жабдықтары

1




3

Бет әлпетінің бөліктері және пішіндерінің пропорциялары. Бет әлпетін оқып білу

1




4

Макияждың түрлері,берілуі

1




5

Макияжды сәнге бағыттау

1







Барлығы бөлім бойынша

5







2. Макияждың технологиясы







6

Жәй макияждың күндізгі және кешкі бағытта жасалу технологиясы

1







Барлығы бөлім бойынша

6







Барлығы пән бойынша

6




3. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ

Сабақтың мақсаты мен мазмұны. Бағдарламаның бөлімдері және методикалық оқу жолымен таныстыру. Косметиканың тарихи өрлеуі. Косметиканың салалары. Косметикалық, гигиеналық, сәнді косметиканың қызмет көрсетуі.

1.МАКИЯЖ ТЕХНИКАСЫ

Тақырып 1 Макияждың көркемдік және техникалық жабдықтары

Макияждың көркемдік және техникалық жабдықтары: сурет, ритм, сызық, сәуле, көлеңке, сәулелі көлеңке, түс. Макияжды көлемді етіп көрсетуге қол жеткізудің кескіндеме тәсілдері. Түстердің үйлесімі – түстердің сәйкес келу заңдылығы, жылы және суық түстердің тепе-теңдігі.

Беттің моделі – бет пішіні мен бөлшектерінің құрылуы. Макияж жасаудың техникалық құралдары – косметика, құрал-жабдықтары, материалдар.



Тақырып 2 Бет әлпетінің бөліктері және пішіндерінің пропорциялары.

Бет әлпетін «оқып білу»

Беттің пропорциялары. Әдеміліктің шарты – дұрыс пішінді бет. Беттің пішіндері: овалды, дөңгелек, төртбұрышты, ұзартылған, үшбұрышты, трапеция тәрізді, ромб тәрізді; оларға сипаттама.

Беттің бөліктері: пішіндері мен өлшемі. Бет әлпетін оқу жүйелілігі.

Тақырып 3-4 Макияждың түрлері Макияждың берілуі

Жәй және күрделі макияж, оларға мінездеме.

Макияждың түрлері – күндізгі, кешкі, жастарға арналған, жасы келген әйелдерге, конкурстық, қиялдық және т.б. Оларға мінездеме.

Тақырып 5 Макияжды сәнге бағыттау

Макияжды сәннің бағытына байланысты орындау.


Осы бөлімді оқып бітіргеннен кейін оқушылар мынандай білімдерді көрсету керек:

  • макияждың көркемдік және техникалық жабдықтары;

  • бет әлпетінің бөліктері мен пішіндерінің пропорциялары;

  • бет әлпетін оқып білу;

  • макияждыі түрлері;

  • макияждың сәнге бағытталуы.



2.МАКИЯЖДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

Тақырып 6. Жәй макияждың күндізгі және кешкі бағытта жасалу технологиясы

Керекті құралдарды, декоративтік косметиканы таңдау. Макияждың жасалу технологиясы.

Жәй макияждың көрсетілуі және жасалу технологиясы. Жәй макияждың күндізгі бағытта жасалу техникасының көрсетілуі және орындалуы.



Көздің коррекциясы: идеалды көздің жақын пішіні – миндальді. Контур қарындаштың, түрлі-түсті теньдердің көмегімен коррекция жасау.

Қас коррекциясы: қасқа керекті пішінді таңдау, эпиляция жасау. Қарындашты, теньдерді қолдану.

Мұрын коррекциясы: мұрын өлшемі бет пішіндерінің пропорциясына байланысты.

Иек астының коррекциясы: тоналды крем, опа, румянаның көмегімен коррекция орындау.

Маңдай коррекциясы: косметикалық заттардың көмегімен маңдайдың пішінін қысқарту немесе ұзарту.

4. БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАСЫ

Бақылау тапсырмалары әр пән бойынша бағдарламалық материалдың мазмұнының қалыптасу деңгейін анықтау және бағалау мақсатында дайындалады, бағалаумен өз бетінше жұмыстар, тестер, сынақтар, лабораториялық жұмыстарды орындау.



ТЕСТ

  1. «Косметика» деген сөз қандай тілден аударылғанда нені білдереді?

а) сұлулық

б) бояну


в) бейнелеу өнері

  1. «Демакияж» дегеніміз не?

а) маникюр

б) бетті косметикадан тазарту

в) түстік теньдер


  1. Майлы терінің анықтамасы:

а) идеалды бет терісі

б) эластикалық, қалың, майлы бездері ашық болады

в) әжімделген


  1. Құрғақ терінің анықтамасы:

а) тітіркенбейтін, жылтыр болып келеді

б) жұқа болып келген, тез тітіркенеді

в) иегі майлы тері болып келген, бет терісі құрғақ


  1. Адам бет әлпетін қандай бөліктерге бөледі?

а) маңдай, самай

б) жоғарғы, ортаңғы, астыңғы

в) мойын, самай


  1. Косметикалық татуаж дегеніміз:

а) перманентті макияждың түрі

б) бет бояудың суреттік әдісі

в) бет терісін тазарту


  1. Спрей деген сөздің мағынасы:

а) крем - опа

б) себу, шашырататын аэрозоль

в) коррекция жасайтын қалам


  1. Скраб не үшін қажет?

а) бет терісін қоректендіру үшін

б) терінің үстіндегі жарылған тері клеткасын сырғыту

в) көзді бояу үшін арналған арнайы коррекциялық қарындаш


  1. Ең идеалды көздің пішіні:

а) дөңгелек

б) миндаль тәріздес

в) көздің ішкі бұрышы сыртқы бұрышынан төмен орналасқан


  1. Боди-арт дегеніміз:

а) ерінге арналған арнайы жылтыр

б) денені сәнді косметика арқылы бояу

в) макияждың бір элементі

5. ӘДЕБИЕТТЕР ЖӘНЕ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАР



  1. Киреев П.Ф. Декоративная косметика и грим. Легкая индустрия, 1980

  2. Абахадзе А.Ф. Косметика. Учебное пособие для массажистов. М., Медицина, 1985

  3. Школьников С.П. Основы сценического грима. Москва, Высшая школа, 1976

  4. И.С. Сыромятникоа. Технология грима. Москва, Высшая школа, 1991

  5. И.И. Кольчуненко, Г.М. Бутаковская. Косметика и косметология. Знание, 1990

  6. В.И. Васичкин. Массаждың анықтамалары. Ленинград., Медицина, Лен. отделение, 1990

  7. С.И. Ленсина. Косметика. Таллин, «Валгус», 1979






Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет