Бағдарламасы шымкент, 2011ж. Қабылдау емтиханның бағдарламасы 050509



жүктеу 152.2 Kb.
Дата22.09.2017
өлшемі152.2 Kb.
түріБағдарламасы

Ф.7.22-17

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығы

«Банк ісі» кафедрасы




«Бекітемін»

ҒЖжХҚ жөніндегі проректор


_________________ Бахов Ж.К.
« » ______________ 2011ж.

6М050900 – «Қаржы»

мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның
БАҒДАРЛАМАСЫ

Шымкент, 2011ж.


Қабылдау емтиханның бағдарламасы 050509 «Қаржы» мамандығының пәндердің «Қаржы», «Банк ісі», «Ақша, несие, банктер», «Инвестицияларды қаржыландыру және несиелендіру», «Сақтандыру» және «Бағалы қағаздар нарығы» типтік бағдарламалары негізінде құрылған

Қабылдау емтиханның бағдарламасы кафедраның мәжілісінде талқыланған

« 25 » 02 2011ж., № _7__ хаттамасы

Кафедраның меңгерушісі ________________ э.ғ.д., профессор Жакипбеков С.Ж.

Қабылдау емтиханның бағдарламасы «Экономика және қаржы» факультетінің әдістемелік комиссиясымен мақұлданған « 15 » 05 2011ж., № 10 хаттамасы

Төрағасы _______________________ аға оқытушы Сулейменова И.А.


Қабылдау емтиханның бағдарламасы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығымен келісілген
ЖООКББО бастығы ________________________Ж.Д. Изтаев

Кіріспе
«Банк ісі» кафедрасы 6М050900 – «Қаржы» мамандығы бойынша магистрлерді даярлайды. Қаржы мамандығын бітірушіге – Қаржы магистрі академиялық дәрежесі №0000085 лицензиясына сәйкес 10.06.2000ж мерзімсіз кезеңге және ҚР Білім және ғылым министрлігі 11.06.2003ж. №178 бұйрық бойынша берілген.

Магистратурада 6М050900 – «Қаржы» мамандығы бойынша мамандарды даярлау екі бағыт бойынша жүргізіледі: кәсіптердіру және ғылыми-педагогикалық.

Қаржы магистрінің кәсіби объектілері болып: ұйымдар мен кәсіпорындар, фирмалар, корпорациялар, олардың жекешелген формасы мен мөлшеріне және қызмет көрсету аясына тәуелсіз, әртүрлі қаржы құрылымдары, мемлекеттік басқару органдары, сыртқы экономикалық қызметтердің бөлімшелері, жоғарғы оқу орындары мен ғылыми мекемелері саналады. Мамандықты ашу қажеттілігі нарықтық экономикадағы қаржылық саласын жақсы білетін мамандандырылған кадрлардың аймаққа мұқтаждылығы қарастырлып көзделген.

Магистрлер шаруашылық субъектілердің қызметін ұйымдастыруды, қаржылық есеп беруді құрастырудың оңтайлы әдістері мен амалдарын есептеу, кәсіпорындардың объектілерін құру, ұлғайтуға, қайта құруға техникалық жағынан жабдықтауға кететін шығындарды қаржыландыру және несиелендіру жүйесін жаңа инвестициялық саясат саласында банктердің атқаратын қызметі мен міндеттерін, сонымен қатар негізгі қорлар мен күрделі салымдарға қаржы бөлу және топтастыру жүйесін зерттеу, сол сияқты түрлі қаржылық операциялардың тәжірибелі жағдайларын қолданысқа алу.

Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша қаржы магистрі педагогикалық қызметпен шұғылданады: «Қаржы», «Банк ісі», «Ақша, несие, банктер», «Инвестицияларды қаржыландыру және несиелендіру», «Сақтандыру» және «Бағалы қағаздар нарығы» және т.б. пәндері бойынша оқу бағдарламаларын құрастырады, пәндер бойынша лекциялар жасайды, семинар және практикалық сабақтардың материалдарын нақты шаруашылық жағдайлар, есеп, ойындар, пікір-талас түрінде дайындайды, курстық және дипломдық жұмыстардың, СӨЖ, ОБСӨЖ тақырыптарын құрастырады, студенттердің ғылыми зерттеулерін және сол салалар бойынша бекітілген пәндер бойынша осы бағыттармен жұмыс істейді.

Қаржы мамандығы бойынша магистрі банкир, қаржылық


директор, қаржыгер, қаржылық талдаушы, есеп менеджері, әкімшілік органдардың кеңесші маманы, сақтандыру қызметкері, салық комитетінің қызметкері, жоғарғы оқу орындарында ғылыми қызметкерлері ретінде, оқу-әдістемелік мекемелердің эксперті ретінде жұмыс істей алады.

6М050900 – «Қаржы» мамандығы бойынша магистратура түлектері келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады: өндірістік-басқарушылық; есептік-экономикалық; бизнес-жоспарлау, экономикалық-ұйымдастырушылық, қаржылық-экономикалық, әкімшілік, ғылыми-зерттеу,ғылыми-педагогикалық.

Магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерудің мөлшерлі ұзақтығы алдыңғы даярлығы және бағытына байланысты 1 -2 жылды құрайды.

Білім берудің магистрлік бағдарламасын табысты игерген түлектер докторантурада оқуға даярланғандар және т.б.



1. «Қаржы», «Банк ісі», «Ақша, несие, банктер», «Инвестицияларды қаржыландыру және несиелендіру», «Сақтандыру» және «Бағалы қағаздар нарығы» пәндері және олардың негізі бөлімдері
1.1 Қаржы негіздері

Қаржы ұғымы құндық экономикалық категория ретінде. Қаржының объективті және субъективті себептермен анықталатын қажетгігі. Қаржы қатынастарының қатысушылары. Қаржының функциялары. Қаржы ресурстары мен қорлары қаржы қатынастарының материаддық-заттай иелері ретінде. Қаржы ресурстарының көздері. Қаржы ресурстарының өсу факторлары. Қаржы жүйесін ұйымдастыру. Қаржы саясаты және қаржы механизмі. Қаржы аппарат,. оның құрылымы. Қаржылық бақылаудын сыныптамасы. Аудит, оның ерекшеліктері, міндеттері, ұйымдастырылуы, тиімділігі.Ведомстволық қаржылық бақылау. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы. Мемлекет каржысынын жалпы сипапамасы. Салыктар және салык жүйесін ұйымдастыру. Мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар. Мемлекеттік несие және мемлекеттік борыш. Үй шаруашылыктарының қаржысы. Экономиканы мемлекеттік каржылық реттеу. Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі каржы. Қаржы және инфляция..


1.2 Банк ісі негіздері

Қазіргі кездегі коммерциялық банктер және қызметіндегі ерекшеліктер. Коммерциялық банктерді құру және қызмет көрсетуіндегі негізгі шарттары. Банктерді ашуға ҚБА-нің рұқсаты мен банктік операцияларды лицензиялау тәртібі. ҚР-дағы банктік қызметінің негізгі заңдылықтары. Коммерциялық банк қызметтерін пруденциалдық нормативтер арқылы реттеу. Банк ресурстарын қалыптастыру көздері. Пассивтік операциялар. Банктің өзіндік капиталын басқару. Коммерциялық банктің активтері мен активтік операциялар. Несиелеу жүйесі және негізгі элементтері. Жеке тұлғаларды несиелеу. Тұтыну және ипотекалық несие. Коммерциялық банктердің сыртқы экономикалық қызметтері. Коммерциялық банктердегі бағалы қағаздармен жүргізу операциялары. Банктік бақылау. Коммерциялық банктердегі қаржылық нәтижені талдау. Коммерциялық банктердегі төлем қабілеттілігі мен өтімділін басқару. Банктік менеджмент және маркетинг. Коммерциялық банктердегі баланстан тыс операциялар. Валюталық операциялар және валюталық тәуекелдерді азайту тәсілдері. Комиссиондық, кассалық және есептеу қызметтері. Коммерциялық бантердегі лизингтік, трастық, факторингтік, форфейтингтік операциялар.




    1. Ақша, несие, банктер пәнінің тақырыптары

Ақшаның мәні мен қызметтері. Ақша айналымы және ақша жүйесі. Ақша реформалары. Несиенің мәні мен қызметтері. Несиелік және банктік жүйелер. ЕДБ ұйымдастыру негіздері. ЕДБ пассивті және активті операциялары. Мемлекеттің орталық банкі: құрылуы мен дамуы. Ұлттық банк өкілеттігі, қызметтеі және операциялары Банк тәжірибесіндегі тәуекелдер. Валюталық жүйелер мен валюталық қатынастар.


1.4 Инвестицияларды қаржыландыру және несиелендіру негіздері

Инвестицияларды қаржыландыру көздері, инвестицияларды макро және микро деңгейде қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздері. Инвестицияларды жіктеу және олардың құрылымы. ҚР-дағы инвестициялық қызмет. ҚР-дағы шетелдік инвестициялар. Мемлекеттік және мемлекеттік емес инвестициялық институттар. Инвестициялық жоба түсінігі, типтері. Инвестициялық жобалардың негізгі кезеңдері. Инвестициялық тәуекелді реттеу процесі. Инвестициялық портфель: түсінігі, түрлері, қалыптастыру мақсаты және принциптері.


1.5 Сақтандыру негіздері

Сақтандырудың экономикалық мәні, оның іс-әрекет сферасы. Сақтандыру мен қаржы категорияларыньң ортақ белгілері. Сақтандыру қатынастарын олардың мақсатты нысаналылыгы бойынша топтастыру, олардың сипаттамасы. Нарыктык экономика жағдайында сақтык қатынастарының дамыуы, сақгық ісін коммерциялау. Әлеуметтік сақтандыру сферасындағы мемлекеттің саясаты. Әлеуметтік сақтандыру туралы заңнама. Зейнетақымен қамтамасыз ету. Міндетті мемлекеттік және ерікті әлеуметтік сақтандыру. Әлеуметтік сақтандыру қорлары, оларды қалыптастыру кағидаттары, өзара байланысы, қалыптастыру мен пайдалану проблемалары. Мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтау зейнетакы қорлары. Нарықтық экономикадағы әлеуметтік кепілдіктер мәселесі. Жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандырудың ерекшеліктері, оның зкокомикалык мәні және функциялары. Сақтық ісіндегі негізгі үғымдар мен терминдер. Жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандырулы басқаруды ұғымдастыру. Сақтық қадағалау. Қазақстанда сақтық нарығының дамуы.


1.6 Бағалы қағаздар нарығының негіздері

Қаржы ресурстарьн жұмылдыру мен бөлудегі каржы нарығының ролі. Бағалы қағаздар нарығы. Қор нарығы. Бағалы кағаздардың түрлері, олардын кысқаша сипаттамасы. Бағалы қағаздарды шығару және олардың айналысы. Корпоративтік бағалы қағаздар. Мемлекеттік бағалы қағаздар. Қаржы нарығының қатысушылары. Каржы нарығының инфроқұрылымы. Инвестициялык институттар мен қорлар. Инвестициялық жекешелендіру корлары. Бағалы қағаздардың бастапкы және қайталама рыноктары. Меншіктің акционерлік нысанън ұйымдастыру - қаржы нарығының жұмыс істеуінің негіздері. Қор биржасы, оның кызметін үйымдастыру. Қор нарығының. индикатордары.


2. 6М050900 – «Қаржы» мамандығының магистратураға қабылдау емтихан сұрақтарының ұсынылған тізімі

  1. Ақша айналысы, Ақша айналысын реттеу к,ұралдары және әдістері

  2. Ақша массасы. Ақша агрегаттары жене оның Қазақстандағы компоненттері.

  3. Ақша жүйесі және оның элементтері.

  4. Инфляция, оның себептері менсалдары.

  5. Нарықтық экономикадағы несиенің қызметтері мен формалары.

  6. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі.

  7. Қағаз ақшалар және олардың айналыс заңдылығы.

  8. Банкноталар: олардың шығу тeгi жене дамуы.

  9. Вексельдер, олардың түрлері және вексельдік айналыс.

  10. Бағалы қағаздар және олардың түрлері.

  11. Инвестицияық қорлар және институттар.

  12. Қор биржасы және оның қызметін ұйымдастыру.

  13. Қор нарығының индикаторлары.

  14. Екінші деңгейлі банктердің қызметі және олардың негізгі функциялары.

  15. Ұлттық банктің ақша-несие саясаты.

  16. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі: оның негізгі міндеттері, құрылымы және қызметтері.

  17. Қазақстандағы банк реформасы және банк жүйесі.

  18. 1988-1990 жылдардағы банк жүйесіндегі реформа.

  19. Несие сыйақысының мәні, оның түрлері мен ставкаларының мөлшері.

  20. Несие жүйесінің түсінігі және оның құрылымы.

  21. Несие ресурстары және оларды қалыптастыру көздері.

  22. Коммерциялық банктердің эмиссиялық қызметі.

  23. Банктік емес қаржылық институттар және олардың Қазақстандағы дамуы.

  24. Екінші деңгейлі банктердің активті операциялары.

  25. Екінші деңгейлі банктердің пассивті операциялары.

  26. Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеу: түрлері, қағидалары,

ерекшеліктері.

  1. Қазақстан Республикасының валюталық нарығы, оның сипаттамасы және

құрама элементтері.

  1. 1922-1924жж, 1947ж., 1950ж., 1961ж., 1993ж. ақша реформалары.

  2. Халықаралық валюталық-несиелік институттар және олардың Қазақстан

экономикасындағы ролі.

  1. Халықаралық валюталық-қаржылық қатынастар.

  2. АҚШ қаржылық –несиелік жүйесі.

  3. Еуропадағы экономикалық және валюталық интеграциялар.

  4. ТМД елдерінің қаржылық –несиелік жүйелері.

  5. Қазақстан Республикасындағы қаржылық жоспарлау және болжау.

  6. Қазақстан Республикасындағы шаруашылық субъектілердің ұйымдық-

құқықтық формалары және түрлері.

  1. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық қорлары және олардың қалыптасуы.

  2. Негізгі өндірістік қорлар және оларды қолдану тиімділігі.

  3. Кәсіпорынның өндірістік айналым қорлары және оны қолдану тиімділігі.

  4. Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі.

  5. Коммерциялық емес қызметтегі ұйымдар мен мекемелердің шығындары мен

қаржыландыру көздері.

  1. Мемлекеттің экономикалық қызметі және мемлекеттік қаржылық сипаттары.

  2. Мемлекеттік табыстардың мәні және сыныптамасы.

  3. Мемлекеттік және мемлекеттік емес сектордың валюталық ресурстары,

олардың қалыптасуы және қолдануы.

  1. Қаржылық басқылауды ұйымдастыру және әдістері

  2. Қазақстан Респуликасында қаржыларды басқаруды ұйымдастыру.

  3. Сыртқы экономикалық қызметтерді реттеу әдістері мен формалары.

  4. Бағалы қағаздардың эмиссиясы. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары.

Қор нарығы.



  1. Сақтандырудың экономическалық мәні. Сақтандырудың түрлері мен

формалары.

  1. Мемлекеттік қарыз. Мемлекеттік қарызды басқару.

  2. Жергілікті қарыздарды ұйымдастыру. Жергілікті бюджеттердің кірістері мен

шығыстары.

  1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік несиенің формалары мен әдістері.

  2. Бюджеттен тыс қорлар, оладың Қазақстан Республикасындағы қалыптасуы мен пайдалануы.

  3. Қазақстан Республикасындағы бюджеттік ұйымдастыру. Бюджет балансы.

Бюджет дефициті.

  1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қаржылық бақылау.

  2. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және оның құрылымы.

  3. Кәсіпорындағы қаржылық менеджмент.

  4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынасы: құрамы мен құрылымы.

  5. Қазақстан Республикасындағы қазіргі заманғы салық жүйесі. Қазақстандағы

салық реформалары.

  1. Корпоративтік табыс салығы: есептеу және төлеу тәртібі.

  2. Жеке табыс салыығы: есептеу және төлеу тәртібі.

  3. Қосымша құн салығы: есептеу және төлеу тәртібі.

  4. Акциздер: есептеу және төлеу тәртібі.

  5. Жер қойнауын пайдаланушылар салықтары және арнайы төлемдері.

  6. Әлеуметтік салық: есептеу және төлеу тәртібі.

  7. Жер салығы: есептеу және төлеу тәртібі.

  8. Көлік құралдарына салынатын салық: есептеу және төлеу тәртібі.

  9. Мүлік салығы: есептеу және төлеу тәртібі.

  10. Қазақстан Республикасында арнайы салық режимдері.

  11. Қазақстан Республикасындағы салымдар, баждар, төлемдер.

  12. Кеден төлемдері: түрлері, есптеу және төлеу тәртібі.

  13. Мемлекеттік шығындардың құрамы. Мемлекеттік шығындарды қаржыландыру әдістері.

  14. Бырыңғай бюджеттік сыныптама. Бюджеттік кірістердің және шығыстардың

сыныптамасы.

  1. Қазақстан Республикасындағы зейнеткерлік қамтамасыз ету.

  2. Салық мультипликаторы. Лаффер қисығы.

  3. Елдің төлем балансы. Қазақстан Республикасындағы төлем балансының

құрылымы.

  1. Қазақстан Республикасындағы міндетті сақтандыру түрлері.

  2. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қисығы. Сақтандыру нарығының

инфрақұрылымы.

  1. Қазақстан Республикасындағы сыртқы экономикалық қызметі:формалары мен оларды реттеу әдістері.

  2. Коммерциялық банк қызметіндегі макроэкономикалық реттеудің мәні мен мазмұны.

  3. ҚР-дағы пруденциалдық нормативтердің жүйесі.

  4. Коммерциялық банктің депозиттік портфелі: оны қалыптастыру және басқару.

  5. Банктік ресурстардың депозиттік емес көздері және банкаралық несиелік ресурстар.

  6. Несиелеуді ұйымдастыру және қарыз алушының несиені төлеу бағасы.

  7. Банктік ссудаларды қайтаруды қамтамасыз ету түрлері және формалары.

  8. Орта және кіші бизнесті несиелеу ерекшеліктері.

  9. Несиелік портфелі және мәселелік несиелерді басқару.

  10. Сактық қорлары, оларды жасаудың әдістері және пайдалану бағыттары.

  11. Әлеуметтік сақтандырудың мәні мен объективті қажеттігі.

  12. Халықты әлеуметтік корғау.

  13. Қазақстан Республикасьнда зейнетақы жүйесінің реформасы.

  14. Жалпы сақтандыру мен өмірді сақтандырудың сыныптамасы.

  15. Инвестицияларды қаржыландыру көздері, инвестицияларды макро және микро деңгейде қаржыландырудың ішкі және сыртқы көздері.

  16. Инвестицияларды жіктеу және олардың құрылымы.

  17. Мемлекеттік және мемлекеттік емес инвестициялық институттар.

  18. Инвестициялық портфель: түсінігі, түрлері, қалыптастыру мақсаты және принциптері.

Ұсынылған әдебиеттердің тізімі


  1. «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» ҚР Президентінің 1993ж. 12 қарашадағы жарлығы.

  2. «Қазақстан Республикасынын ақша жүйесі туралы» 1993ж. 13 желтоқсандағы ҚР заңы.

  3. «Қазақстан Республикасының ұлттық банкі туралы» 1995 ж. 30 наурыздағы ҚР заңы.

  4. «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметі туралы» 1995 ж. 31 тамыздағы ҚР-ң заңы.

  5. «Валюталық реттеу туралы» 1996ж. 14 сәуірдегі ҚР-ң заңы.

  6. «Төлемдер мен акша аудару туралы» 1998ж. 29 маусымдағы ҚР-ң заңы.

  7. «ҚР вексель айналысы туралы» 1997ж. 28 сәуірдегі ҚР-ң заңы.

  8. «Үй құрлысына жинағы туралы» 2000 ж. 7 желтоқсандағы ҚР-ң заңы.

  9. «Қазақстанның даму банкі туралы» 2001ж. 5 сәуірдегі ҚР-ң заңы.

  10. «Акционерлік қоғамдар туралы»2003 ж. 13 мамырдағы ҚР-ң заңы.

  11. «Бағалы қағаздар нарығы туралы» 2003ж. 2 шілдедегі ҚР-ң заңы.

  12. «Қаржы нарығы және қаржы үйымдарын мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003ж. 4 шілдедегі ҚР-ң заңы.

  13. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005ж. 12 маусымдағы ҚР-ң заңы.

  14. «ҚР-дағы екінші деңгейлі банктердегі міндетті кепілдендірілген депозиттре туралы» 2006ж. 07 шілдедегі ҚР-ң заңы.

  15. 2008 ж. 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Салық Кодексі

  16. Бабичева Ю.А Банк ісі Анықтама нұсқауы. - М: Экономика, 1993ж.

  17. Голубович А.Д., Кулагин М.В., Мирилеская О.М. Коммерциялық банктердің валюталық операциялары. - М: Менатеп-ИНФОРМ, 1994ж.

  18. Доллан Э.Дж. Кемпбелл Колин Д., Кемпбелл Розмари Дж. Ақша, банк ісі және ақша-несие саясаты (ағылшын тілінен ауд.).- С-Пб., 1994ж.

  19. Жуков Е.Ф. Ақша, несие, банктер. Оқулық.-М., «Банктер және биржалар», ЮНИТИ,1999ж.

  20. Красавина Л.Н. Халықаралық валюталық – несиелік және қаржылық қатынастар. Оқулық.- М.: «Қаржы және статистика»,2000ж.

  21. Колесников В.И., Кроливецкая Л.П. Банк ісі. – М: «Қаржы және статистика», 1995ж.

  22. Колесников В.И., Таркановский В.С. Бағалы қағаздар. – 2-ші баспа. – М.: «Қаржы және статистика», 2002ж.

  23. Құлыпбаев С.К, Баязитова Ш. Қаржы теориясы: Оқу құралы -Алматы: Мерей, 2001ж.

  24. Лаврушин О.И. Банк ісі, М: «Қаржы және статистика», 2000ж.

  25. Маркова О.А. және т.б. Коммерциялық банктер және оарлдың операциялары. М: «Банктер және биржалар», ЮНИТИ, 1995ж.

  26. Мельников В.Д. және т.б. Қаржы жалпы курсы: Оқулық- Алматы: Қазақстандағы даму институты, 2001ж.

  27. Пушкарева В.М. Салықтардың саясаты және қаржы пікірінің тарихы: Оқулық нұсқауы. – М.: Инфра-М, 1996ж.

  28. Романовский М.В. және т.б. Қаржы: Оқулық – М.: Перспектива, «ЮНИТИ», 2000ж.

  29. Рудый К.В. Шет елдердегі қаржылық-несиелік жүйесі: Оқулық нұсқауы – М.: Жаңа білім, 2003ж.

  30. Сейтқасымов Г.К. Ақша, несие, банктер: Оқулық- Алматы. Экономика, 2001ж.

  31. Химичева Н.И. Қаржылық құқық: Оқулық. - М.: Юристъ, 1999.

  32. Шахов В.В. Сақтандыруға кіріспе: Оқулық нұсқауы. – 2-ші басылым – М.: «Қаржы және статистика», 2000ж.

  33. Шуляк П.Н. Қаржы кәсіпорыны: Оқулық. – М.: Баспа «Дашков и К», 2000ж.

  34. Iлиясов Қ.Қ, Құлыпбаев С.К. “Қаржы” 1-II бөлiм. Оқулық Алматы 2003ж

  35. . www. kase.kz – Қазақстан қор биржасы.








Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет