Францияның оңтүстігіндегі аккумуляторларды қайта өңдейтін зауытта жалын болып, шамамен 900 тонна литий батареясы өртенді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі France24 басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: PascalMazet

Өрт сенбі күні Тулузаның солтүстігінде орналасқан Вивье қаласындағы SNAM қалдықтарды басқару тобына тиесілі қоймада болды. Оқиға орнына 70-ке жуық өрт сөндіруші барды.

Аверон префектурасының жергілікті шенеунігі Чарльз Джусти тұрғындарға төнетін қауіп жоқ екенін айтты.

Префектураның кеше түнде жасаған мәлімдемесінде өрт бақылауға алынғанымен, оның бірнеше сағатқа созылатыны айтылған.

Литий батареялары телефондар мен электрлік көліктер, яғни электр құрылғылары үшін өте маңызды. Алайда олар өртке осал ететін тұтанғыш материалдардан тұрады, улы заттар шығарады.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.