Бағдарламасы түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы 017 жыл Өңірлік макроэкономика 14



жүктеу 2.72 Mb.
бет4/17
Дата21.04.2019
өлшемі2.72 Mb.
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Сауда, бойынша SWOT-талдау:



Күшті жақтары:

Жергілікті тауар өндірушілермен көрме және жәрмеңкелер өткізіп отыру;

Тауар өндірушілерге делдалсыз сауда орындарын ашуға көмек көрсету.



Әлсіз жақтары:

Шығыны бар кәсіпорындардаң болуы;

көтерме сауда, базарлар, тұрмыстық қызмет көрсету, заңды қызмет көрсету, сақтандырулар дамымаған;

күнделікті жұмыс жасап тұрған көтерме сауда орны, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің тауарларын сататын базар жоқ.




Мүмкіндіктер:

Бәсекелестер, шикізат жеткізушілер, дайын өнімді тасымалдаушылар және тендерлерге қатысушылар туралы сұраныстар мен ұсыныстар беру үшін ақпараттық банктер құру.





Қауіп-қатерлер:

Ішкі рынкта импорттарға тәуелділік;

теңгенің құнсыздауынан әлеуметтік маңызы бар азық түлік тауарларының бағасының өсуі;

мұнай өнімдерінің бағасының өсуі;

тасымалданатын азық-түлік тағамдарының, жеміс-жидектердің, дәрі-дәрмектердің бағасының өсуі.


2.1.1.5.Инвестициялар.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі

Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2015 -2016 жылдарда 87 млрд. теңгеден 45,8 млрд. теңгеге дейін, НКИ 48,1% .


1 –кесте . Ауданның инвестициялар бойынша деректер

Атауы

Негізгі капиталға салынған инвестиция

(мың. тенге)



2016жыл, 2015 жылдың деңгейіне (%)

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінің үлес салмағы (%)

Тупкараған ауданы

45808,6

48,1

11,7

2016 жылғы қаңтар – желтоқсанда 2015 жылғы қаңтар – желтоқсанмен салыстырғанда инвестициялардың көлемі 45% -ға азайды. Инвестициялардың басым көздері 2016 жылдың қаңтар – желтоқсанында меншікті қаражаттары болып табылады 86,4%. Инвестициялардың технологиялық құрылымында ғимараттар мен құрылыстарды салу және күрделі жөндеу бойынша жұмыстар 41,3%, өзге де күрделі жұмыстар мен шығындар 24,4%, машиналар, жабдықтар, құралдар, құрал–саймандар 34,3% құрады. Инвестиция салымдарының тартымды саласы 2016 жылдың қаңтар –желтоқсанында инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы 97% құрайтын өнеркәсіп болып қалып отыр, соның ішінде кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 82,7%.



Индустрияландыру картасы. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын (ҮИИДМБ) іске асыру мақсатында ауданда 2010 - 2015 жылдар аралығында 9 жоба іске қосылды.

«Маңғыстау облысының кеме жөндеу зауыты» ЖШС (Кеме жөндеу бойынша қызмет көрсету) Серіктестік 25.03.2008 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. ҮИИД картасына енгізілген жобасы бойынша Баутин поселкесіндегі кеме жөндеу зауытын 2011 жылдың 1 жартыжылдығын іске қосты. Жұмыс орны 200 адамға есептелген. Түпқараған ауданынан 13 адам жұмыс жасайды. Негізінен заводтың қуаттылығы бір мезгілде 15 кемені жөндеуге мүмкіндігі бар.

«Балықшы» ЖШС (Теңіз операцияларын қолдау базасы) Серіктестік 26.10.2000 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Жобаға сәйкес 2010 жылдың желтоқсанында Баутин (Аташ) поселкесінде Каспий қайраңының солтүстік бөлігінде мұнай, газ кенорындарын барлау және өндірумен айналысатын компаниялар үшін қызмет көрсету. Жұмысшылар вахталық ауысыммен жұмыс жасайды. Кеме тұрағында (причал) «Вагенбург-Казахстан» Б.В компаниясының кемелеріне қызмет кеөрсетеді.

«Эм-Ай Дриллинг Флюидз Интернэшнл, Б.В.» филиалы (қуаттылығы жылына 84 мың тонна бұрғылау ерiтiндісін дайындау өндiрiсі)
«КАЗ ЭМ АЙ» біріккен кәсіпорын 2008 жылдың қараша айынан бастап жұмыс жасап келеді. Компанияның құрылтайшылары «ТеңізСервис» ЖШС-51% «Эм-Ай Дриллинг Флюидз-49%. Жоба бойынша 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап Қуаттылығы жылына 84 мың тонна бұрғылау ерiтiндісін дайындау өндiрiсімен Түпқараған ауданында іске қосылды. 2012 жылдың желтоқсан айынан бастап 4 жылға АДЖИП ККО-мен бұрғылау ертінділерін дайындау үшін келісім шарты бар. Негізгі өнім дайындау қуаттылығы жылына 84 000 тонна, қазір соның 20% (16800т) дайындап отыр.
«Казахстан Каспиан Оффшор Индастриз» ЖШС (Теңіздегі мұнай операцияларын қолдау, Каспий өңірінде мұнай-газ саласының теңіздегі және жағалаудағы нысандарына қызмет көрсетуге қабілетті болатын, жобалау, материалдық-техникалық жабдықтау, технологиялық кешендер құрылысы мен қондырғылары саласы) Серіктестік 29.07.2008 жылдан бастап жұмыс жасап келеді. Ауданда 2011 жылдың 22 сәуірінен бастап теңiз металл құрылымдарының өндiрiсi бойынша 100 жұмысшымен жұмыс жасап отыр.

Ғылыми өндірістік кәсіпорын «Осетр-Аралды» ("Осетр-Аралды" сервистік ауылшаруашылық серіктестігі (Бекіре шикізат фирмасының құрылысын салу) жоба байынша 2012 жылдың желтоқсан айында іске қосылды. Бағдарлама аясында қажетті инфрақұрылым (тоқ,газ - жол) құрылыстары салынды. Өнім беру қуаттылығы 60 тонна.

«Таушық» ауыл шаруашылығы» ЖШС ( жүн өңдейтін цех)

Шығарылатын өнімнің түрі: түйе, қой жүндерін түту, киіз басу, көрпе жасау, түтілген жүндер, басқа да жүннен өндірілген бұйымдар шығару. Цех 2014 жылы іске қосылды. Құны 35,7 млн. теңге. Қуаттылығы 1 жылға 60 мың тонна жүн өнімін өңдеу. Жобаның іске асатын орны: Түпқараған ауданы Таушық селосы.


Инвестиция бойынша SWOT талдау


Күшті жақтары:

Ауданның инвестициялық тартымдылығын арттыратын инвестициялық жобалардың сәтті жүзеге асырылуы;

Бетон мен бетон өнімдерін өндіру көлемінің артуы, ауданның құрылыс индустриясының дамуы;

Қазақстанның машина жасау саласында – кеме жасау, кеме жөндеу машина жасау, кеме қозғалысын басқару жүйесі сияқты жаңа салалардың пайда болуы;

Ауданның энергетикалық қуатының артуы, газбен 99% қамтамасыз етілуі;

Жүзеге асырылатын жобалардағы қазақстандық үлестің артуы;

Құрылыс компанияларының жұмысынан түсетін салық түсімдерінің артуы;

Инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға байланысты жаңа жұмыс орындарының пайда болуы;

жаңадан ашылған кәсіпорындарда жұмыс істейтін қазақстандық мамандардың кәсіпқойлық деңгейінің артуы;

Ауданның әлеуметтік саласын дамытуға ірі және орта кәсіпорындардың қолдау көрсетуі;




Әлсіз жақтары:

Құрылыс материалдарын өндіруге ерекше мән беру, басқа материалдарды өндіруге тиісті деңгейде назар аудармау;

Қолдау базаларын дамытуға арналған инвестициялық жобалардағы қазақстандық үлестің аз болуы;

Тамақ өндірісінің, жеңіл өнеркәсіп салаларының әлсіз дамуы;

Ауданның туризмді, балық шаруашылығын дамыту әлеуетін, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу әлеуетін пайдаланбауы;

Ауданның мемлекеттер арасындағы жүк тасымалдау транзиттік артықшылықтарын және фосфорит пен мыс кен орындарындағы шикізат қорын жеткілікті пайдаланбауы (суперфосфаттық тыңайтыштарды өндіру және мысбалқыту өндірісі);

Мемлекеттік инвестициялардың төмен деңгейі;

Ауыз суды өндіру көлемінің қысқаруы;

Мемлекеттің ғылыми-зерттеу жұмыстары мен және инновациялық жобаларға қатысу және қаржыландыру деңгейінің төмен болуы.


Мүмкіндіктер:

Ауданда өндірістік қуаттар мен инвестициялық тартымдылықты күшейтуге, тереңірек өңдеу барысында жоғары қосымша құны бар тауарлар шығаруға мүмкіндік беретін қазба байлықтары бар.

ауданда тоқыма, тігу, аяқ киім өнеркәсіптерін дамытуға керекті ауыл шаруашылық шикізаты (жүн,тері) мол.

фосфор кен орындарының болуы болашақта Ақтаудағы істеп тұрған азот тыңайтқыштарын өндіру зауыты негізінде минералдық фосфаттық және суперфосфаттық тыңайтқыштар өндірісін дамытуға үлкен мүмкіндіктер береді.




Қауіп-қатерлер:

дағдарыс қолдау базасының дамуы мен инвестиция құйылуын тежеуі мүмкін;

аудан өндіруші аймаққа айналып, басқа салалардың артта қалуы , содан халық шаруашылығының дамуында инфрақұрылымдық сәйкессіздік туындауы мүмкін.

азық-түліктің басым көпшілігін басқа аймақтардан тасымалдауға тәуелділік оның бағасының өсуіне ықпал етуі мүмкін.

сапасыз ауыз суын қолдану тұрғындар арасында аурулар туғызып, шаруашылықтың басқа да салаларының дамуына кері әсер етуі мүмкін.



2.1.1.6. Экономикалық өсу орталықтарын дамыту

Шағын қалаларды дамыту

Түпқараған ауданында 1 шағын қала – Каспий теңізінің жағасында (Түпқараған мүйісінде) орналасқан Форт-Шевченко қаласы бар. Ол 1846 жылы Форт-Александровск бекінісі ретінде құрылды. Қала мәртебесін 1928 жылы Форт-Шевченко қаласы ретінде алып, 1972 жылдан бастап Түпқараған ауданының орталығы болып табылады.

Аумағы – 26,8 мың га. Облыс орталығына (Ақтау қаласы) дейінгі арақашықтық – 132 км. Ақтау қаласымен байланыс «Ақтау – Форт-Шевченко» автомобиль жолы бойынша жүзеге асырылады. Қала халқының саны 1.01.2017 жылға 6,4 мың адамды құрайды. Қалаға жақын маңда халық саны 4,5 мың адам болатын Баутин ауылы бар.

Қала экономикасын дамытудың негізгі бағыттары мұнай-газ өндіру өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру болып табылады.

Каспий қайраңын игеруге байланысты Баутин портының маңында АДЖИП ККО компаниясы мен басқа да сервистік кәсіпорындар қызметінің жандануы қаланың өндірістік әлеуетінің дамуына себепші болды. Ақтау АТСП РМК-ның Баутин жүк ауданы, Аджип ККО қолдау базасы, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» АҚ-ның құрғақ жүк таситын кеме айлағы дамып жатыр.

Қосалқы және қызмет көрсетуші кәсіпорындар орналастыру тұрғысында Каспий теңізінің қазақстандық секторындажүзетін флотты жөндеу жұмыстарымен (кемелерді, жүзбелі және жағалаулық қызмет көрсету құралдарын жөндеу, жасау және жаңғырту, барлық түрдегі металл конструкцияларды дайындау жөне жөндеу) қамтамасыз ететін кәсіпорын – «Сага-Аташ» ЖШС жұмыс істейді. «САГА Аташ» ЖШС «Кеме жөндеу өндірісін дамыту және жаңғырту» жобасын іске асыруда, инвестициялар көлемі –2640,0 млн. теңге, аяқтау мерзімі – 2019 жыл. Қаржыландыру көздері: меншікті қаражат және шетелдік стратегиялық әріптестің қаражаты.

«Сага-Аташ» ЖШС жобаны іске асыру үшін 2013 жылы «Паллада» Херсон мемлекеттік зауытымен (Украина) жүк көтерімділігі 8500 тонналық жүзбелі док жасауға және жеткізуге келісімшарт жасасты. Бүгінге «Сага-Аташ» ЖШС стратегиялық әріптеспен жобаны қоса қаржыландыру жөнінде келіссөздер жүргізуде. Жобаны іске асыру 2017 жылдың басында басталады, іске асыру мерзімі – 2 жыл. Кәсіпорын бұрыннан бар бағдарламалар, оның ішінде «Өнімділік 2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын алуды жоспарлап отыр.

Индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында мыналар: «Маңғыстау облысының кеме жөндеу зауыты» ЖШС-нің «Баутин кентіндегі кеме жөндеу зауыты», «Балықшы» ЖШС-нің «Теңіз операцияларын қолдау базасы», «Эм-Ай Дриллинг Флюидз Интернэшнл, Б.В.» филиалының «Қуаттылығы жылына 84 мың тонна бұрғылау ерітінділер өндірісі», «Теңіз Сервис» ЖШС-нің «Металл конструкциялары зауытының өндірістік алаңы», «Қазақстан Каспиан Оффшор Индастриз» ЖШС-нің «Теңіз металл конструкцияларын өндіретін өнеркәсіптік кешен салу» жобалары іске асырылды.

Қашаған кен орнын игерудің 2-фазасы мерзімдерінің ауыстырылуына байланысты, көрсетілген кәсіпорындар өндірістік қуаттылықтарды жүктеумен байланысты проблемалар тартып отыр.

Экономиканы әртараптандыру мақсатында Форт-Шевченко қаласында құрылыс саласы дамуда, негізгі кәсіпорын – әр түрлi мақсаттағы объектілерді салумен және күрделі жөндеумен, бетон бұйымдар, тауарлық бетон дайындаумен және өткізумен айналысатын «Түпқараған» ЖШС. Ұлутас өндіретін карьерлер жұмыс істейді.

Қалада теңіздегі балық кәсіпшілігін, тауарлық балық өсіруді дамыту перспективалары бар. Ауқымды табиғи-рекреациялық және минералды ресурстар: шомылу және демалу үшін жарамды жылы климат, тамаша жағажайлары бар қолайлы айлақ, тарихи ресурс (Т.Г. Шевченконың мемориалдық мұражайы, өлкетану және этнографиялық мұражай, Новопетровск бекінісінің қалдықтары) туристік индустрияны дамыту үшін алғышарттар құрады.



«Зәкірлі» жобаларды іске асыру мақсатында Форт-Шевченко қаласында алдағы жылдары «Балық аулайтын және қайта өңдейтін кәсіпорын ұйымдастыру», «Ұлутас пен құрылыс тасын, олардан құрылыс материалдарын өндіру» сияқты жобаларды іске асыру мәселелері пысықталуда. «Форт-Шевченко қаласында туристік индустрияны дамыту жөніндегі 2017-2020 жылдарға арналған шебер-жоспар» әзірлеу жоспарланды.

2015 жылдың қорытындысы бойынша Форт-Шевченко қаласында шағын кәсіпкерліктің 405 субьектісі тіркелген, 2012 жылмен салыстырғанда өсімі –28,2% (316 бірлік). Тіркелген заңды тұлғалардың жалпы санында 27% – құрылыс саласында (тұрғын және тұрғын емес ғимараттар, жолдар мен автомагистралдар, өзге де инженерлік құрылыстар), 17,8% – көтерме және бөлшек сауда саласында, 13,3% – құрылыс жұмыстары саласында, 6,7% – теңізде балық аулау саласында, 35,2% – өзге көрсетілетін қызметтер саласында жұмыспен қамтылған.

«БЖК-2020» бағдарламасының аясында 2012 жылы ДК «Чалак Бехзад Айчарекулына» «Жылыжай шаруашылығының қазандығын газбен жабдықтау» жобасы бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау (жобаның жалпы құны –5,12 млн. теңге) кредиттерді ішінара кепілдендіру (кепілдіктің жалпы сомасы – 2,56 млн. теңге) бойынша мемлекеттік қолдау көрсетілді. 2015 жылы ДК «Е.Ж. Сарбасовтың» «Арнайы техника сатып алу» жобасына пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша қолдау көрсетілді (жалпы құны – 9,5 млн. теңге).

Қала электрмен жабдықтаумен, газбен жабдықтаумен, телефон және ұялы байланыспен, Интернетпен, ішінара орталықтандырылған сумен жабдықтаумен (екі қабатты 22 және 634 жеке үй), қалған 566 үй орталықтандырылмаған сумен жабдықтаумен (су Кетік кен орнынан су тарату пункті арқылы су тасушылармен жеткізіледі) қамтамасыз етілген. Қазіргі кезде жоғары дәрежеде тозған және жаңғыртуды қажет ететін «Баута» су тұщыту зауытының су ішінара пайдаланылады.

«Ақбұлақ» бағдарламаның аясында Форт-Шевченко қаласында ауыз су құбырын және тұрмыстық канализация желілерін салу жобасы іске асырылуда. Үйлердің бір бөлігі қамтамасыз етілді. Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен толық қамтамасыз ету үшін Форт-Шевченко қаласы мен Баутин ауылында су құбыры мен канализация салуға ЖСҚ әзірленді (ұзындығы – 61,8 км). Жоба құны – 1450 млн. теңге. Жобаға 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен қаржыландыруға өтінім беріліп, қолданды.

Форт-Шевченко қаласында баламалы энергия көздерін (дәлірек айтқанда, жел энергиясын) дамытуға мүмкіндіктер бар. Жел электр станцияларын салу жобаларын іске асыру үшін инвесторлар іздеу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Қазіргі кезде Форт-Шевченко қаласындағы білім беру саласында «Дарын» қосымша білім беру орталығы, Е. Өмірбаев атындағы орта мектеп, «Балбөбек» балабақшасы, «Құлыншақ» балабақшасы, «Айгөлек» балабақшасы, «Алпамыс» балабақшасы, өнер және кәсіпке бағдарлау мектебі, Маңғыстау политехникалық колледжінің филиалы жұмыс істейді.

Үш ауысыммен оқытуды жою мақсатында, 2016 жылы Форт-Шевченко қаласындағы 550 орындық мектеп-интернаттың құрылысы аяқталды (инвесторлар қаражатының есебінен).

Форт-Шевченко қаласындағы Дарын орталығының 60 орындық жатақханасы бар әкімшілік ғимаратының құрылысы аяқталды. Форт-Шевченко қаласында 100 орындық жатақхана салуға ЖСҚ әзірлеу жүргізілуде.

Денсаулық сақтау саласында Орталық аудандық аурухана, оның ішінде диспансерлік (туберкулез) бөлімше, балалар бөлімшесі жұмыс істейді.

Мәдениет саласында 1 мұражай кешені (этнографиялық мұражайды, Тарас Шевченко мұражайын, Мұрын жырау мұражайын қамтитын), Мәдениет үйі, орталық аудандық кітапхана жұмыс істейді.

Көлік инфрақұрылымын дамыту тұрғысында «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» (43-75 км) автожолын күрделі жөндеу жалғасуда, «Форт-Шевченко – Ақтау-Қаламқас жолының 43 километріне дейін» (75-122 км) автомобиль жолын орташа жөндеу аяқталды. Осы жобаларды іске асыру Форт-Шевченко қаласының облыс орталығы Ақтау қаласымен автомобиль байланысын жақсартады.

Форт-Шевченко қаласының транзиттік әлеуетін арттыру, өткізу рыногтарына қолжетімділікті қысқарту мақсатында «Маңғышлақ-Баутин» темір жол тармағын, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолданумен салу мәселесі пысықталуда.

Ақшұқыр - Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданындағы ауыл. 1870 жылы іргесі қаланған ауыл Ақтау қаласынан 14 шақырым қашықтықта, Каспий теңізінің жағасында, Ақтау-Форт-Шевченко тас жолының бойында орналасқан. Тарихи құжаттарға сүйенсек, Ақшұқыр ерте кезден-ақ Маңғыстау өңіріндегі Түрікмен болысының орталығы болған. 1870-1919 жылдар аралығында Маңғыстау түрікмендерін басқарған Машырық қажы Хожаназарұлы Каспий теңізінің жағасындағы Ақшұқыр мекеніне алғаш қоныстанып, тау тасынан үй салдырып, сары өрік бағын өсіруге мұрындық болған. Машырық түрікмен болғанымен, Адай ауылдарымен қоныстас отырып, ақсақалдармен сыйлас болып, ел татулығын сақтауға ықпал еткен. Азия аймағының кен байлықтарын зерттеген көрнекті ғалым Керім Машырықов - осы Машырық қажының баласы, 1909 жылы Ақшұқырда туған. Қазіргі таңда, ауыл әкімдігінің бастамасымен Машырық қажының бағын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Статистикалық мәліметтерге сәйкес халық саны - 8130 адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 135 адамға артып отыр. Тұрғын үй саны – 44 үйге артып, 1224 үйді құрайды.

Білім беру саласы бойыша ауылда 2 білім беру нысаны бар. Мектептерде барлығы - 115 сынып бойынша 2275 оқушы оқиды, 209 мұғалім білім береді. Материалдық-техникалық базалары толықтай талапқа сай қамтылған, интернетке қосылған. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 14 маман жұмысқа қабылданып, көтермелеу қаражаттарын алды.

ҰБТ қорытындысымен аудан бойынша жоғары көрсеткіш көрсетіп, Ақшұқыр мектеп-лицейі 1-ші орында, М.Әбдіхалықов мектеп-гимназиясы 2-орында болды. Биылғы ҰБТ-2016 қорытындысы бойынша сапа 90 пайыз, үлгерім 100 пайыз, 14 оқушы - 100 ұпайдан жоғары бал жинады. 17 оқушы Грант иегері атанды. Мектепке дейінгі ұйымдар саны - 8, оның ішінде 2 мемлекеттік балабақша және 6 шағын орталық бар. «Балапан» бағдарламасы аясында 1 балабақша және 6 шағын орталық жұмыс жасайды. Осы жылдың ішінде «Балапан» бағдарламасы аясында әрқайсысы 50 орындық 3 (үш) мектепке дейінгі ұйымы (шағын орталық) ашылып, барлығы 150 бала балабақшамен қамтамасыз етілді.

Ауыл әкімдігінің балабақша кезегінде барлығы 0-6 жас аралығында - 577 бала кезекте тұрған, оның ішінен 2016 жылы 3-6 жас аралығындағы 335 бала балабақшамен қамтамасыз етілген.

Денсаулық сақтау саласында Ақшұқыр дәрігерлік амбулаториясы тұрғындарға медициналық тұрғыда қызмет көрсетеді. Амбулатория төрт салада қабылдау көрсетеді: жалпы практикалық дәрігер, гинеколог, стоматолог, фтизиатр, балалар неврологі, 10 төсектік күндізгі стационар бар. Ақшұқыр дәрігерлік амбулаториясына 10 236 адам тіркелген, оның ішінде балалар саны- 3816, жасөспірімдер саны- 290, күндізгі стационарда ем алғандар саны – 770, үйде жатып емделгендер саны – 45. Дүниеге келген бала саны – 386. Ана мен бала өлімі тіркелген жоқ.

Жедел жәрдем бөлімшесіне 7597 шақыру түсіп, күні-түні шұғыл медициналық көмек көрсетеді.

Ауылішін абаттандыру бойынша орталық саябақ, Ақжол-1, Ақжол-2 саябақтарының қоршауы жаңартылды. Сонымен қатар, III квартал, Б.Сәрсенов, Б.Қожашева және Жаңақоныс көшелерімен жанасатын жағы теңізге қарай, Б.Қожашева, теңіз жағалауынан жаяу жүргіншілерге арналған жолдар салынды.

Ауылда 79 кәсіпкерлік нысан бар, ауыл әкімдігіне тіркелген жеке кәсіпкерлер саны – 67, кәсіпкерлік саласындағы жұмысшылар саны – 127 адам. Кәсібін ашқысы келетін жұмыссыздар санатынан 25 адам «Бизнес-кеңесші» оқу семинарына оқытылды.

Ауылда 1 мәдениет үйі қызмет етеді. Мәдениет үйінде 273 қатысушы бар 14 клубтық құрылымы және 40 қатысушы бар 1 халықтық ұжымы жұмыс жасайды. Есепті кезеңде мәдениет үйінде 61 шара өткізіліп, 10871 көрермен қамтылды.

Материалдық-техникалық базасы НКОК компаниясының демеушілігімен – 6 008 987 (6 млн. 8 мың 987 теңге) мың теңгенің музыкалық аппаратурасымен жабдықталды.

«Коммуналдық қызмет» МКК-мен Ақшұқыр ауылы бойынша 1725 тұрғын үй тоқ көзімен қамтамасыз етілген. Жыл басынан бастап тоқ көзіне қосылуға 145 дана жеке тұрғын үйден арыз қабылданды, қазіргі таңда арыздар толықтай қанағаттандырылып тоқ көзіне қосылды.

Ақшұқыр ауылына тасылған су көлемі шамамен 140790 м3. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 10 дана ауыз су тасымал автолкөлігі қызмет көрсетуде. 6 данасы кәсіпорын тарапынан қалған 4 данасы жалдамалы автокөлік.

«Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша «Альянс ЛТД» мердігер мекемесі ауылішілік су құбырының құрылысын жүргізуде. Өтпелі нысан болуына байланысты алдымыздағы жылы жоспардағы тұрғын үйлердің әрқайсысына жеке–жеке су есептегіш құрылғысымен крайниктер қойылуы көзделуде.

Газбен қамтамасыз ету саласы бойынша «Қазтрансгаз Аймақ» АҚ-ның Түпқараған бөлімшесі қызмет атқарады. 2016 жылы тұрғындар 6млн 400мың м.куб газ пайдаланды. Тұрғын үйлерге газ жүйесін тартуға 230 үйге тапсырыс беріліп, оның 197 тұрғын үй газ жүйесімен қамтамасыз етілді. Диспетчерлік қызмет бойынша 487 тапсырыс қабылданып, оның 378-і қанағаттандырылды.

Ауылда «Жайлау» ЖШС-і орналасқан және 22 шаруа қожалығы тіркелген. Жеке сектормен қоса алғанда барлық мал саны: ірі-қара – 2459 мал басы, ұсақ мал – 5095 мал басын құрайды. «Жайлау» ЖШС-інде 2200 бас қой, 42 бас жылқы бар.

2016 жыл ішінде 1459 бас ұсақ малға, 479 бас ірі қара малына бірдейлендіру жұмысы жүргізіліп, базаға енгізілді.

Сонымен қатар, ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес, 4620 ұсақ малға және 1760 бас ірі қара малдарына оба ауруына, бруцеллез ауруына, Сібір жарасына қарсы вакцинациялар егілді.

Ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында, жеңілдетілген пайызбен 7 кәсіпкер 3 млн теңгеден несие алып, ірі қара малын өсіру бойынша кәсіппен айналысады.

Әскери есеп бойынша 2016 жылы дәрігерлік сараптамадан өтуге шақырылған азаматтар саны -218. Оның ішінде студенттер -43, үйленгендер – 24, оқушылар-2, мүгедектер-4, әскерге кеткені – 22.

16 жастағы әскери есепке жаңадан отырған жасөспірімдер саны – 67.

Ауыл бойынша қылмысқа және құқықбұзушылыққа бейім 37 тұлға профилактикалық есепте тұр. Оның ішінде: мерзімінен бұрын босағандар -6, әкімшілік қадағалауда тұрғандары – 2, формальды әкімшілік қадағалауда – 5, бұрың сотталған азаматтар -8, шартты түрде сотталғандар -16 тұлға.

Ақшұқыр ауылының аумағында 1029 әкімшілік хаттама толтырылған және 30 қылмыстық оқиға тіркелген, атап айтқанда: ұрлық -28, алаяқтық -2. Осылардың 20-сы ашылып, 10-на қатысты криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Діни экстремизм, террорлық әрекеттердің жолын кесу, алдын алу шаралары бойынша жедел профилактикалық және басқа да көптеген шаралар өткізілді. Қазіргі жағдай тұрақты.



2.1.2. бағыт. Әлеуметтік сала
2.1.2.1. Білім беру

Түпқараған аудандық білім бөлімі ауданның білім саласындағы жұмысын Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүргізуде. Бағдарламаны іске асыру мақсатында елді мекендерде толық біліммен қамтуға қол жеткізу және білім сапасын арттыру бағытында жұмыстанып келеді. Жалпы білім беретін мектептер желісі – 11,1%-ға, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының желісі – 25%-ға кеңейді, балаларды мектепалды даярлықпен қамту 100%-ға қамтамасыз етілді, мектептердің 25%-дан астамы электронды оқыту жүйесі енгізілді.

Каталог: media -> uploads
uploads -> Утверждено
uploads -> Маңғыстау облысының 2015 жылғы қаңтар-маусымдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша жұмыс 2015 жылы Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> «ЖАҢАӨзен қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылда атқАРҒан жұмыстары туралы есебі
uploads -> МаңҒыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2015 жыл мазмұНЫ
uploads -> Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
uploads -> Аймақтық экспорт
uploads -> Информация по осуществлению мониторинга
uploads -> Бағдарламасы түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы 015 жыл мазмұны өңірлік макроэкономика 9


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет