Бахтиярова Б. А. фармакогнозия және химия кафедрасының магистранты



Дата19.09.2017
өлшемі73.3 Kb.
#1397

Бахтиярова Б.А. - фармакогнозия және химия кафедрасының магистранты, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы, Шымкент қ, Қазақстан, e-mail: balzhan_a_b@mail.ru

Омирбаева А.Е - фармакогнозия және химия кафедрасының докторанты, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы, Шымкент қ, Қазақстан
ARTEMISIA L. ТҰҚЫМДАСЫНЫҢ ӨСІМДІКТЕРІ – ЖАҢА ПЕРСПЕКТИВТІ ӨСІМДІКТЕР
ТҮЙІН
Мақалада қазіргі әдебиеттерге талдау негізінде, жаңа дәрілік өнімдер алу мақсатында Artemіsіa туысының өкілдерін халық және ғылыми медицинасында зерттелуі мен қолданылуы көрсетілген.

Кілт сөздер: туран жусаны, дәрілік өсімдік шикізаты, , биологиялық белсенді заттар, дермене жусан, ащы жусан.
Біздің мемлекетіміздің негізгі міндеттерінің бірі халықтың денсаулығын жақсарту мен оны дәрімен қамтамасыз етуді дұрыс қолға алу. Бұл тапсырманың бір шешімі ретінде денсаулық сақтау тәжірибесіне жаңа әсерлі дәрілік заттарды, соның ішінде өсімдік тектес препараттарды дамыту және енгізу қарастырылған. Осыған байланысты Қазақстан флорасының жаңа перспективалық дәрілік өсімдіктерін анықтау, оларды зерттеу, оны тәжірибеге енгізу фармацевтикалық ғылымның маңызды мәселелерінің бірі. Оңтүстік Қазақстанның түрлі флорасы емдік қасиеті бар өсімдіктерге бай десек те оларды жеткілікті зерттелмегендіктен кең қолдануға мүмкіндік аз. Осыған орай фармацевтикалық ғылымның даму талаптарының ең маңызды шарттарының бірі – жаңа биологиялық белсенді қосылыстардың негізіндегі Туран жусаны өсімдігінен әйгілі отандық шикізат көздерін іздеу мен оларды қолдануға бағытталған.

Жусан эфир майлы өсімдік тобына жатқандықтан эфир майлы өсімдіктерді және олардың компоненттік құрамын, биологиялық белсенділігін зерттеу өте өзекті,әсіресе Қазақстанның эфирмайлы өсімдіктерін зерттеу маңызды, себебі Қазақстан флорасы эфирмайлы өсімдіктерге бай. Бұл өсімдіктерден бөлінетін маңызды биологиялық белсенді заттар, эфирмайлары үлкен практикалық маңыздылыққа ие. Атап айтқанда, олар тамақ, косметика, фармацевтика өндірісінде, сондай-ақ медицинада, ароматерапияда кеңінен қолданылады. Қазақстанның денсаулық сақтау саласы және фармацевтика өндірісі өсімдіктектес жаңа және эффективті дәрілік заттарға сұранысы өте үлкен, өйткені дәрілердің 70-80 % импорт арқылы келеді.Өсімдік тектес дәрілерді яғни фитопрепараттарды қолдану өте ұтымды, себебі олар аз уыттылықа ие, комплексті әсер етеді, қосымша әсерлерді бермейді, сондай-ақ олар арзан және оңай қолжетімді шикізат көзінен алынады. Халықтың да осындай препараттарға деген сұранысы үлкен. Эфирмайлы яғни ароматты және дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамын зерттеу, олардан қажетті негізгі компонентерді бөліп алу және модификациялау өте өзекті. Мұндай зерттеулерді жүргізе отырып біз Қазақстан Республикасының тамақ, косметика, фармацевтика, медицина салалары үшін арзан және қолжетімді шикизат көзімен қамтамасыз етеміз, сондай-ақ осы салалардың өндірістік процесіне елеулі үлес қосып қазіргі нарықтық экономикалық жағдайлардағы негізгі талаптарға сәйкес болуын қамтамасыз етеміз.

Оңтүстік Қазақстан облысында эфир майлы өсімдіктерден кең тараған Жусан туысы өкілдері болып табылады.

Медицина саласында кең қолданылатын өсімдіктердің бірі Жусан туысы өкілдері. Жусан туысы өсімдіктерінің қолданылуы халық және ғылым медицинасында жаңа дәрілік өнімдер алу мақсатында ботаникалық тұқымдасының өкілдерін зерттеуге негізделген.

Қазақстанда өсетін эфирмайлы өсімдіктердің ішінде жусан тұқымдастығы өсімдіктері маңызды. Жусан тұқымдастығы өсімдіктері барлық географиялық және экологиялық зоналарда кеңінен таралған және 500-ден көп түрлері бар.

Жусан (Artemіsіa) –астрагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір немесе екі жылдық шөптесін өсімдіктер, жуан сүректенген тамырсабақты, биіктігі 30-150 см-ды құрайтын жартылай бұталы, шөптесін өсімдік. Әдетте тік сабақты. Барлығында дерлік аздаған немесе көптеген қалың ақшылт және сұрғылт өрмелегіштері болады.

Жапырақтары саусақсалалы немесе қауырсынды тілімделген, тұтас жиекті, ұсақ жіңішке бөлікке бөлінген. Жапырақтары бұтақтарына кезектесіп, қарама-қарсы немесе топтасып орналасады, кейде олар жертаған түзіп қатты қысқарады. Төменгі жапырақтары ірілеу, ал ортаңғы мен үстіңгілері ұсақтау.

Гүлдері ұсақ, сары кейде қызғылт түсті, бастары жұмыртқа тәрізді, шар тәрізді диаметрі 1-10 мм-ді құрайтын ұсақ гүлшоғырға жинақталған. Себеттің сыртын гүл асты жапырақшалары жауып тұрады, олардың жиынтығы орама түзеді. Себеттің үстіңгі беті жазықта, ойыста, дөңесте болуы мүмкін; тікенектермен немесе түктермен жабылған; іші толтырылған немесе қуыс. Гүлшоғыры жіңішке түтік тәрізді үлпек жабынмен қапталған қосжынысты, шеткілері жіп тәрізді даражынысты гүлдерден құралған.

Себеттері ұзын шашақ, масақ, сыпыртқы тәрізді жинақталған. Кейбір түрлерінде тостағаншасы шеткі түтік тәрізді аналық гүлдері бір қатар бойымен және көптеген қосжынысты гүлдерден (Artemisia туыс тармағы); ал енді біреулерінде тостағаншадағы гүлдері аталықтар (Dracunculus туыс тармағы) немесе себеттегі түтік тәрізді қосжынысты гүлдерден тұрады (Seriphidium туыс тармағы).

Жемісі тегіс, ұсақ тұқымша.

Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында 37 түрі (шыбық жусан, ащы жусан, сирекбас жусан, шренк жусан, Қаратау жусан, үшкір жусан, дәрмене жусан, қатты жусан, ақшуғақ жусан, ұзын жусан, памир жусан,Черняев жусан, ақбалауыз жусан, келлера жусан, жоңғар жусан, түкті жусан, шашақты жусан, қасқа жусан, ақшыл жусан, қияқ жусан, турнефор жусаны, біржылдық жусан, тас жусан, австрия жусан, Ашурбаева жусан, рутажапырақ жусан, ащы жусан, сиверс жусан, шырылжын жусан, ермен жусан, сантолин жусан, парсы жусан, туран жусан, басты жусан, п.кемрудская, Тянь-Шань жусан, леман жусан) кездеседі және оны халық медицинасында: тамаққа тәбет ашуға, асқазан бүріп ауырғанда, аяқ астынан дене құрысып, қалтырап діріл пайда болғанда (лихорадка), әсіресе аяқтағы көктамыр бадырайып шығып білініп тұрғанда, қан жасушалары азайғанда, бауыр, көкбауыр ауырғанда, суық тигенде, ұйқы қашқанда, іштегі паразит құрттарды түсіруге және т.б. қолданады.

Жусанның химиялық құрамы: жапырағында дәрумен А (каротин)- 12 мг , дәрумен С (аскарбин қышқылы)-175 мг, алкалоидтар, эфир майы, кумарин, шырышты заттар, тамырында- қантты заттар, эфир майы, инулин, алкалоид, сексвитерпенді сапонин, кумарин, шырышты заттар, иілік заттар, шөбінде- эфир майы ( цинеол, туйон, борнеол, камфен, а-пинен 0,6% дейін) , иілік заттар, шырышты заттар, дәрумен А, дәрумен С, гүлінде- сантонин, шырыш, май, эфир майы, ащы заттар.



Жусанның 17 түрі – сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал Қазақстанда ғана өсетін бір түрі – дермененің дәрілік өсімдік ретінде ерекше мәні бар. 

Халық медицинасында дермене жусаны жүрек талмасы бар науқастарға пайдаланады. Дәрілік шикізат ретінде тамырымен есепсіз жұлынғандықтан, бүгінде қатары қатты сиреген.  Қазақтың халық емшілері ішек құрты ауруына қарсы қолданған. Бабаларымыз бұл өсімдікті атам заманнан бері шет елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп отырды. Қара жусанның тамырын тәбет ашуға, ішек, асқазан, бауыр, өт қалтасы ауруына пайдаланады.

Ащы жусан халық медицинасында қолданылуы: ащы ерменді ата-бабамыз ертден-ақ әр түрлі ауруларға қолданған. Бастың сақинасына, аяқ-қол сырқырағанда буланған. Асқазан ауруына тұнбасын ішкен. Халық медицинасында: тамаққа тәбет ашуға, асқазан бүріп ауырғанда, аяқ астынан дене құрысып, қалтырап діріл пайда болғанда (лихорадка), әсіресе аяқтағы көктамыр бадырайып шығып білініп тұрғанда, қан жасушалары азайғанда, бауыр, көкбауыр ауырғанда, суық тигенде, ұйқы қашқанда, іштегі паразит құрттарды түсіруге және т.б. Ветеринария саласында қоюлау тұнбасын паразит жәндіктерді құрту үшін жағады. Күйіс қайыратын малдардың күйіс қайыруы бәсеңдесе ұнтағын ұнға, тұзға, суға араластырып береді.

Тұнбасын дайындау тәсілі: 1 қасық шөбін 5 асқасық спиртке  (1/5) салып 7күнге қояды. Дайын болған тұнбаны астан 30мин бұрын 15 тамшыдан күніне 3 рет ішеді. Судағы ерітіндісін дайындау үшін шөбінің 1 шай қасығына 2 стакан қайнап тұрған ыстық су құйып 20мин тұндырады. Дайын болғанда асқа дейін 30мин бұрын стаканның 1/4 бөлігіндей мөлшерде күніне 3 рет ішеді. Жусанның дәрісін қабылдауды бір айдан асырмай арасында 1-2 апта үзіліс жасау керек



Қазақстанның орталық аймағында өсетін жусанның бір түрі – тықыр жусан деп аталады. Осы жусан түрінен көпжылдық ізденулердің нәтижесінде «Арглабин» деген жаңа дәрі жасап шығарды. Қазіргі кезде бұл дәрі әлемнің көптеген елдерінде – АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Қытай, Германия, Швеция т.б. таралып, қатерлі ісік ауруына қарсы қолданылуда.

Әдебиеттік басылымдарға сәйкес Туран жусанның (A.turanica Krasch) биіктігі 10 – 60 см, кейде 1,5 – 2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Қыркүйектен қазанға дейін гүлдейді. Жемісі – тұқымша.

Таралуы: ОҚО барлық аудандарында (Бәйдібек, Түлкібас, Шардара, Түркістан,Арыс, Ордабасы) кездеседі. Құмды жерлерде, тастың беткейлерінде, таудың етегінде өседі.

Химиялық құрамы: эфир майы, алкалоид, иілік заттар, флаваноид, кумарин, шырышты және шайырлы заттар бар.

Халық медицинасында қолданылуы: тыныштандыратын, ауырсынуды басатын, ыстық түсіретін, қабынуға, құрттарға, саңырауқұлақтарға, микробқа қарсы әсер көрсетеді.

Сондықтан шикізат көздерін іздеу мен фитохимиялық зерттеу фармакологиялық белсенділігі жоғары, келешегі бар жаңа препараттарды жасап шығару актуалды мәселе болып тұр.

Біздің зерттеудегі мақсатымыз Оңтүстік Қазақстанда өсетін туран жусаны өсімдігін фармакогностикалық және фитохимиялық зерттеу, сонымен қатар медицинада қолданылу мүмкіндігіне ғылыми дәйектеме беру.

ҚР өсетін туран жусаны өсімдігінің фармакогностикалық және фитохимиялық зерттеулері алғаш рет жасалынуда және зерттеу жалғастырылуда.



ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Растительные ресурсы СССР: цветковые растения, их химический состав, использование; семейство Asteraceae (Compositae).—СПб.: Наука, 1993.—С.140.

  2. Көкенов М.К., Әдекенов С.М., Рақымов Қ.Д. және б. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы. – Алматы: Ғылым, 1998.

  3. Т.Тәттімбетова, Жусанның емдік қасиеті - № 5, ПГУ им. С. Торайгырова, 58-59б.C., 2012.

  4. Адекенов С.М. Способ получения антиатеросклеротического и гиполипидемического средства « Атеролид» из полыни беловатый Artemisia leucodes schrenk//ин.патент РК №23091, 15.11.10 г, бюл.№11.

  5. ГОУ Якутская научно-исследовательский институт сельского хозяйства Сибирского отделения РАСХН. Пищевая добавка из листев полыни обыкновенный (чернобыльника) //патент РФ №2353106, 27.04.09 г.

  6. Ханина М.А. Эфирное масло из полыни и способ его получения. // патент РФ №2356567, 27.05.09 г, бюл.№15

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет