Еліміздегі алғашқы виртуалды 5G операторы болып саналатын табысты қазақстандық стартап – FMobile-ға қосылу енді Қазақстанның 18 қаласында қолжетімді!

FMobile үшін іске қосудың бірінші кезеңі өте сәтті өтті: қолданба AppStore және PlayMarket онлайн дүкендерінде пайда бола салысымен жүктеп алу көрсеткіші бойынша ТОП-қа шықты. Бір тәуліктен аз уақыт ішінде оператор мың сәтті қосылымның шегін артта қалдырды. Бір атап өтерлігі, бұл тек Астана мен Алматы тұрғындары ғана жазылушы бола алатынына қарамастан осындай көрсеткішке жеткен.

Қазір FMobile Қазақстанның 18 қаласында ұсынылған: Астана, Алматы, Шымкент, Көкшетау, Қарағанды, Қостанай, Түркістан, Павлодар, Петропавл, Семей, Өскемен, Тараз, Жезқазған, Ақтөбе, Атырау, Орал, Ақтау және Қызылордада. Бірегей провайдер жоғарыда аталған қалалардың тұрғындарына бесінші буынның қолжетімді бағасын ғана емес, ең бастысы, әрбір тұтынушы үшін мүлдем бөлек жайлылық пен қызмет көрсетеді.

Сондай-ақ алдыңғы шепте тұрғандар үшін де өмір жылдамдауда, себебі FMobile олардың айналасындағы виртуалды кеңістікті тездетеді. Оператор сонымен қатар өте тиімді тарифтік бағаларды ұсынады:

“Ход конем” 1990 теңгеге 20 ГБ пакеттің шектеусіз жарамдылығы; 

"Шах" 2490 теңгеге, 40 ГБ топтаманың шектеусіз әрекет ету мерзімімен;

5G мобильді интернетке шексіз қол жеткізу үшін айына 2990 теңгеге "Шах және Мат" тарифын қоссаңыз болады.

FMobile – қоғамның жоғары жылдамдықтағы инновациялық онлайн шешімдерге деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін тек 5G технологиясы негізінде ұялы байланыс қызметтерін ұсынатын алғашқы оператор. FMobile командасы – өз елін ең жоғары технологиялық елдер қатарында көргісі келетін телекоммуникация және IT саласындағы кәсіпқойлар.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.