Алматыда қызды үйінің кіреберісінде атып кетті. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Кадрлардан оқиға орнында жүрген полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем көлігін байқауға болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Кадрдан алынған скрин

Видео авторының айтуынша, кіреберісте көршісін бұрынғы күйеуі атып кеткен. Оқиға орнында екі оқ жатқаны айтылған. 

Видеоның сипаттамасында ірі кәсіпкердің бұған дейін де бұрынғы сүйіктісінің интимдік видеосын таратқаны үшін ұсталғаны айтылған. Содан кейін кәсіпкердің тапсырысымен аталған мекенжайға белгісіз ер адам келіп, қызды екі рет атып кеткен.

  • "Әйелін қызғанған": Астанада ер адам мешіт қызметкеріне пышақ сұққан
  • Әйелі қызғанған: Шымкентте полиция қызметкері бірге түскен суреттерін желіге салған тұрғынды ұрып-соққан

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, бұл қылмыс кедергісіз тез ашылған.

"Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді", — делінген хабарламада.

Полиция Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сілтеме жасап, зардап шеккен қыздың жағдайын және оқиғаның қандай бап бойынша тергеліп жатқанын нақтыламады.

Айта кетейік, бұған дейін Өскеменде әйелін қызғанған еркек кіреберісте ер адамды атып кеткені туралы жазған едік.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.