Байқоңыр байтақ байлығымыз



жүктеу 18.42 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі18.42 Kb.

Байқоңыр – байтақ байлығымыз.

Байқоңыр ғарыш айлағы Қазақстан жеріндегі ғаламдық маңызы бар күрделі кешен, ғылыми-техникалық орталық. Және дүние жүзіндегі ғарыш айлақтарының ішіндегі ең ірісі де бірегейі. Ол Қызылорда облысындағы Төретам бекетінен 20 шақырым жерде орналасқан. Ұлы Отан соғысынан кейін елдің қорғаныс қабілетін жетілдіру мақсатымен 1955жылы құрылысы қауырт басталған алып кешен 2 жылдай уақытта салынып, пайдалануға берілді. Кешеннің аумағы 6,717 мың шаршы километр алапты және зымыран көтергі бунақтары құлап түсетін 4,3 мың шаршы километр көлемдегі жерді алып жатыр. Байқоңыр ғарыш айлағының кешенінде бөлек-бөлек орналасқан 9 ғарыш айлағы, 200-ге тарта әскери сынақ алаңдары, құрастыру- сынақ жүйелері, әскери сынақ алаңдары, құрастыру-сынақ жүйелері, әскери бөлімдер бар. Кешеннің жер асты аумағы бірнеше шақырымға созылып жатқан, тереңдігі төрт қабаттыүймен тең қалашық. Онда темір жол, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, суық оттегі меназот өндіретін зауыттар, ғарыштық-техникалық орталықтар, отын сақтайтын қоймалар, жылу, байланыс жүйелері орналасқан. Мұндай алып кешен әлемдегі көптеген дамыған елдердің өзінде де жоқ.1957 жылдың 4-қазанда Байқоңырдан тарихта тұңғыш рет жердің жасанды серігі ұшырылып, ол күн Гиннес рекордтар кітабына жазылды. 1961 жылдың 12-сәуірде космонавтика тағдырында айтулы оқиға болды. Қазақ жерінен ұшқан алғашқы ғарышкер Юрий Гагарин есімі дүниені дүр сілкіндірді. Ғарышты адамзат баласының шрлауына жол ашты. Содан бері дүние жүзінің 270-тен астам адамы ғарышкер-ұшқыр және астронавт атақтарына ие болыпты.

Ал 1991 жылдың 2-қазанында ғарышқа көтерілген тұңғыш қазақ перзенті Тоқтар Әубакіровтің есімімен қазақ космонавтика дәуірі ашылды. Екінші ғарышкер Талғат мұсабаев ғарыштағы «Мир» орбиталық бекетін де 1994 жылы 176 тәулікке, 1998 жылы 194 тәулікке, созылған сапарын жасады. Ол сондай-ақ бекеттен ғарыш тұңғиығына шығып, түрлі тәжірибе жасап, «Мирді» апаттан аман алып қалу жөнінде дүниежүзілік рекорд көрсетті. Сөйтіп, бұл жетістікте, Гиннес кітабына тіркелді.

1991жылдың 31-тамызында Байқоңыр ғарыш кешені Қазақстанның меншігі болып жарияланды. Дегенмен, 24 миллиард долларға бағаланатын алып ғарыш кешенін бір Қазақстанның өзіне игеріп, ұстап тұру оңай соқпасы белгілі. Сол себептен, Байқоңыр ғарыш кешені 1991 жылдың тамызында Рессейге 20 жылға жалға беріліп, 2005 жылы жалға берілу мерзімі2050-жылға дейін ұзартылды. Бірақ, бұл Байқоңыр айлағын Ресейге беріп қойып, екі қолды қалтаға салып қарап отырамыз деген сөз емес. Олармен бірлесіп, тереземізді тең ұстап, ғарыш айлағын бірге пайдалану деген сөз.



Соның айқын айлағындай, 2005 жылы еліміз «Қаз Сат» атты тұңғыш ғарыш серігін жұлдызды аспанға самғатты. Сөйтіп, Қазақстан да әлемдегі санаулы ғарыштық ержавалардың біріне айналды.




Каталог: uploads -> konspekt -> drygie-materiali -> raznoe
raznoe -> «Ә. Марғұланның ауыз әдебиті мұралары» тарих мұғалімі Мекебаева Жанара Болатовна
raznoe -> Сабақтың тақырыбы: «Қараш-қараш оқиғасындағы»
raznoe -> Формальді түрде берілген және оны сақтау, өңдеу және таратуды қамтамасыз ететін ақпарат
raznoe -> «Мақал сөз мәйегі» і-жүргізуші
raznoe -> Vi халықаралық білім беру және біліктілікті көтеру жүйесінде педагогикалық инновациялар жәрмеңкесі
raznoe -> Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Барақ батыр негізгі орта мектебі «Имандылық, мейірімділік дәстүрлері»
raznoe -> Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының салт-дәстүрлері Мақсаты
raznoe -> Без өйдә бөтен эшне дә бергә эшлибез
raznoe -> Сабаќ жоспарыныѕ картасы
raznoe -> Сабақ № Сабақ жоспары Күні Тобы Сабақтың тақырыбы: Қауіпті жүктерді тасымалдау Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет