Бала тәрбиесіндегі отбасының ролі



жүктеу 55.37 Kb.
Дата06.07.2018
өлшемі55.37 Kb.

Бала тәрбиесіндегі отбасының ролі
Кабышева Алма Шаймерденовна

68 МИИБ кешені



Тәрбиеші
Отан - отбасынан басталады дегендей, біз өз Отанымызды, елімізді жанымыздай сүюге, Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры берік, болашағы баянды болуына жан-жақты атсалысуымыз қажет. Отанымызды сүюге тәрбиелейтін бірден-бір орта – бұл отбасы. Отбасы-шағын мемлекет.

Мемлекеттің пайда болу теориясын зерттеуде Қазақстанның заңгер ғалымдары зерделеген еңбектерінде Патриархалдық теориялық ілімнің негізін салған Платон, Аристотель пікірі бойынша мемлекеттің құрылуына отбасылық қағидалар басшылыққа алынып, қоғамдық-саяси ұйымдық билік етуде отбасындағы басқару үлгілері қолданылған деген ілімді  танытады.

Жалпы, отбасының өзіндік қағидаларымен қоғамда алар орны ерекше. Олай дейтініміз, азаматтық қоғамның бір бөлшегі болып саналатын отбасы- барлық тәрбиенің ошағы. «Ел боламын десең – бесігіңді түзе» деп қазақ даналары бекер айтпаған. Мемлекет айыптап, жазалап отырған құқықбұзушының өзі де сол отбасынан шығады. Неғұрлым отбасында адам рухани тазалыққа, тәртіптілікке тәрбиеленсе, соғұрлым  мемлекет ісін жүзеге асыруда мұқияттылық қалыптасып, оның қоғамдық ортада абыройлы да беделді өз орны болмақ. Қоғамымызда белсенді құқықтық тәртіпке сай мінез-құлықты азаматтар саны басым болса, ол мемлекетіміздің нығайып, өсіп-өркендеуіне мол үлес қосатыны сөзсіз. Ал, керісінше енжар мінез-құлықты адамдардың көбеюі, ол салақтыққа, немқұрайдылыққа әкеліп, тәртіпсіздікке, тіпті құқықбұзушылыққа апарып соқтыруы мүмкін. Осы мәселердің алдын-алу, өз елімізді әлемдік аренада өзіндік беделі болуын қазірден бастап қолға алғанымыз абзал. [2]

Отбасы – адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын – тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Ата-аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы., ал балалары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады. Бүгінгі таңдағы отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі «ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» деп көрсетілген Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Балалар ата-анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата-аналар да балаларының күн сайынғы әрекеттерін қадағалап жағдайларын біліп отырады. Отбасының берік негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас ынтымақта болуы, береке бірлігі ең алдымен ата-ана мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен шешенің бір-біріне, балаларына, олардың достары мен жолдастарына деген қарым-қатынасына байланысты болады. Босағасы берік отбасында әрбір адам өзара қамқорлық пен татулыққа, үй іші жұмыстарын жұмыла кірісіп орындауға, жақсы мен жаман туралы пікірлерін ортаға салып ұштастыруға, қаражатты дұрыс бөліп тұтынуға, еңбекпен табылған ақша құнын бағалап, қадірлеуге үйренеді. Отбасындағы тіршіліктің дұрыс ұйымдастырылуы балалардың еңбекқор болуы, әр нәрсеге жоғары жауапкершілік сезіммен қарау, адамды құрметтеу сияқты адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Баланың адамдармен қарым-қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады. Сондай-ақ, отбасының баланың дамуы мен қалыптасуы процесіндегі ролі де ерекше. Отбасында тұрмыстың белгілі жағдайлары жасалады, мәдени орта қалыптасады, сезімдік күйлер орнығады. [1].

Тәрбие басы – тал бесік» деп қазақ халқымыз бекер айтпаған. Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Әл-Фараби атамыз айтқандай «тәрбиесіз білім – адамзаттың қас жауы, апаты», халқымыз қашанда бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Сәби дүниеге келгенен бастап, оның ойлы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл-ойының жетілуіне назар аударған. Шыр етіп туған күннен бастап, тәрбиенің негізін қалаған халық, ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Сәбидің жүріп, сөйлей бастағаннан әдепке, мәдениетке баулу, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу отбасынан басталар мақсатты, халықтық педагогиканың даналығы. [4]

Балаға үнемі әдептілік тәрбиесін беру арқылы оларды дұрыс жола бағыттау – өмір заңы. Бала өсе келе көп нәрсеге үйренеді, халқының, ұлтының кім екендігін айқын түсіне бастайды, отаншылдық сезімі арта түседі. Кіндік қаны тамып, туып өскен мекенін, табаны тиіп тұрған топырағын аялай бастайды. Қазақ жері – қазақ даласы! Қандай керемет, қандай ыстық!

Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиеле, өз ұлтының тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар. Жан-жақты мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу отбасынан басталады. Қазақ халқы балаға тәрбие берудің өзіндік әдет-ғұрып дәстүрлерін жинақтады. Әділдік, адалдық, имандылық, адамшылдық, бауырмалдық, шыдамдылық, парасаттылық, қамқорлық, кеңпейілділік. т.б. адамның рухани-моральдық нормаларын бала жанына сіңіре білді. Біздің халқымыздың отбасылық тәрбие дәстүрлерінде ежелден бері қалыптасқан тәлімді үлгілері, оңды салттары аз емес. Әр отбасы ұл-қызына атадан түйгенін үйретеді. «Ұядан не көрсен ұшқанада соны ілерсің», «Ата көрген оқ жанар», «Ұлың өссе – ұлы жақсымен көрші бол, қызың өссе – қызы жақсымен көрші  бол», «Қызға қырық үйден тиым» деген мақалдар соның дәлелі. Біздің тәрбиеміздің ерекшелігі – қыз балаға қамқорлықпен қарау. Себебі халқымыз қыз тәрбиеіне баса назар аударған. «Ел боламын десең бесігінді түзе» дегендей, тәрбие бесіктен басталатыны бәрімізге белгілі. Ал бесік иесі – ана. Ал қазірге заманда қыз баланы, яғни болашақ бесік иесін тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлуіміз керек. Өйткені қыз бала – ертеңгі бойжеткен, ана, халқымыздың болашағы. Сондықтан да отбасының берекесі болмай, отанның мықты болуы мүмкін емес. Ұл бала тәрбиесіне де халқымыз зор көңіл бөлген.  Мысалы: «Жігітке жеті өнер де аз»,  «Нағыз жігіт берік болар антына», «Нағыз жігіт қорған болар халқына» сынды ұлағатты сөздер осының айғағы. Халқымыздың ұлттық тәрбиесі негізінен жүйелі болған. Өйткені тәрбиеге  әке-шеше, отбасынан бастап, ағайын-туыс, көрші-қоланың бәрі қамқорлық жасаған.

Сол себепті ұлтымыз: «Балаң өзіңе тартса – жұбан, қоғамға тартса – қуан» деп бекер айтпаған. «Кәріге құрмет – үлкенге міндет» демекші, үлкендерді, қарттарды, ақсақалдарды сыйлау, тәрбиеміздің ең басты ерекшелігі деп санауға болады. Себебі, халқымыздың тарихына үңілсек, ұлттық танымды қалыптастырушы ата-анаға деген көзқарас пен құрмет ерекше болған. Яғни, халқымыздың ұрпақ тәрбиелеу үрдісі, отбасындағы қарым-қатынас үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету тәрізді ұлттық дәстүрлерді әрқашан сақталған және оның ұрпақ  тәрбиелеудегі маңызы айрықша, халықтық мінез-құлқы мен іс-әрекетінің рухани негізі. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық пен әділдік сияқты қошеметтеріміз ұлттық дәстүр ретінде қалыптасқан. Бұған дәлел «Үлкенді ұлықтап өскен ел ойсырамайды», «Атасыз үй – бассыз, анасыз үй – панасыз» деген ұлағатты сөздеріміз бекер айтылмаған болуы керек. [3]

Көзге түсерлік рольді тәрбиеші мен оның оқушылар ата-анасымен өзара қарым-қатынасы ерекше орындайды. Олардың бірге жұмыс істеуі – оқушының үй жағдайындағы ерекшелігі туралы жан-жақты ақпарат алуына, жанұядағы өзара қарым-қатынас туралы мінезіне, ата-ананың өз баласының жетістіктері мен кемшілігі туралы біліп отыруына үлкен әсер етеді. Осыған байланысты ата-ананың өз балаларына деген тартылымдығын, оларға қандай бағдар беріп, отыратындығын байқауға болады. Осындай ақпараттарды тәрбиеші қаншалақты кен алып отыратын болса, оның ата-анамен оқушыларға педагогикалық тиімді әсер етуінін мүмкіндіктері өте үлкен болмақ. [4]

Қорыта келе, отбасының басты қазығы, алтын тіреуі, діңгегі – бала, ал баланы тәрбиелеу отбасынан басталады. Ендеше, егеменді ел болып, еліміздің көсегесін көгертетігін, қазақ ғылымын дамытып, дүниежүзілік аренаға көтере білетін терең білімді ұлдар мен қыздарды тәрбиелей білгеніміз жөн.


Пайдаланған әдебиеттер
1. Асылбеков А. Бала тәрбесіндегі семьяның рөлі. – Алматы: Мектеп, 1986.

2. Ахметова З. Шуақты күндер: Естелік, эссе. – Алматы: Жалын, 1987.

3. Қоянбаев Ж. Балаларды семьяда тәрбиелеу. – Алматы: Білім, 1997.

4. Нұсқабайұлы Ж. Әдеп: Инабаттылық дәрістері. – Алматы: Рауан, 1998.



   
Каталог: uploads -> doc -> 1333
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
1333 -> Сабақтың тақырыбы: «Автоматты бөлшектеу және жинақтау, қару жарақпен жұмыс істегенде техника қауіпсіздік ережелерін сақтау»
1333 -> 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздіктің көкбайрағы» атты тәрбие сағаты


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет