Балабақшаға кезек нөмірін қарау



Дата27.03.2019
өлшемі29 Kb.
#75029

Балабақшаға кезек нөмірін қарау

Қазіргі уақытта баланы балабақшаға кезекке қойғанан кейін www.egov.kz порталы арқылы кезектің нөмірін қарауға болады.

Бұл үшін порталда «Отбасы » - «Балабақшаға кезек нөмірін қарау» сілтемелері арқылы өтіп, «Онлайн қызметке тапсырыс» батырмасын басу керек. Ашылған бетте өтінімді толтыру қажет Облыс және баланың ЖСН немесе тегін, атын қосымша туған күнін енгізу қажет. "Сұранысты жіберу" батырмасын басып, батырманы басқаннан кейін кезек нөмірі туралы мәліметтер бірден пайда болады.


Қызметті алушылар: ҚР азаматтары

Қызмет көрсету орны: www.egov.kz порталы және мобильді қосымша eGov.kz

Қызмет көрсету мерзімі: өтініш берген сәтінде

Қызмет көрсету нәтижесі: балабақшаға баланың кезегінің нөмірін қарау


Егер де үйіңізде ғаламтор болмаған жағдайда ХҚКО-на келіп «өзіне-өзі қызмет көрсету секторынан» кеңес алуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет