Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы сағат белдеуі ауысқан кезде намаз уақыты қалай өзгеретінін түсіндіріп берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay

Мүфтияттың хабарлауынша, бір уақыт белдеуіне көшуге байланысты ресми сайттағы намаз уақыты 1 наурыздан бастап жаңарады. 

“29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Қазақстан бойынша UTC (Дүниежүзілік үйлестірілген уақыт) +5 уақытына ауысқан сәтте намаз уақыттары да автоматты түрде өзгереді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми www.muftyat.kz сайтындағы намаз кестесінен өздеріңізге қажет ауыл мен қаладағы намаз уақыттары жайлы мәліметті алуға болады. Ал жұма намазына қатысты ақпарат төмендегі кестеде көрсетілді”, делінген діни басқарма хабарламасында. 

Сонымен қатар жұма намазының кестесі төмендегідей болатынын ескертті: 

Фото: muftyat.kz

Бұған дейін маман бірыңғай уақыт белдеуіне ауысқан соң қандай өзгерістер болатынын айтқан еді.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.