Балалар өмірін ұйымдастыру және тәрбиелеуді жоспарлау циклограммасы «Балапан»



бет3/8
Дата20.06.2022
өлшемі222.56 Kb.
#174662
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ЦИКЛ 22 апта Қыстайтын құстар қаңтар
9 апта Жыл құстары дұрыс-1
Ойындар, Ұйымдастырыл-
ған оқу қызметіне (ҰОҚ) дайындық

Балалармен ұйымдастырылған оқу қызметін ұйымдастыруда ойындар және баяу қимылды ойын-жаттығулар

Тәрбиешінің жетекшілігімен
Д\о: «Үй, дала құстары»
Мақсаты: Құстар туралы білімдерін бекіту.Тез ойлау қабілетін, зейінін тәрбиелеу, белсенділігін арттыру. (коммуникативтілік)



Тәрбиешінің жетекшілігімен
Д\о: «Қайсысы қайда тіршілік етеді?»
Мақсаты: құстарды ұқсас белгілеріне қарай табу, олардың мекен-жайын анықтау. Сөздік қорын молайту. (креативтілік)

Тәрбиешінің жетекшілігімен
Д\о: «Құстар»
Мақсаты: Балаларды үй-дала құстарын ажыратуға, дыбыстайтынын және дене мүшелерін суреттер арқылы, оларды қорғауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу. (коммуникативтілік)

Тәрбиешінің жетекшілігімен
"Менің орным қайда?"
Мақсаты: Сандар қатары туралы түсініктерін бекіту.
(коммуникативтілік)



Тәрбиешінің жетекшілігімен
Д\о: «Құстарды қалай күту қажет?»
Мақсаты: Балалардың үй құстары туралы білімін тереңдету. (коммуникативтілік)

Мектепке дейінгі ұйым кестесі бойынша ұйымдастырыл-
ған оқу қызметі

1.Жаратылыстану
Тақырыбы: Ауладағы құстар.
Мақсаты: Балалар аулаға ұшып келетін құстар, қарға мен торғайды ажырата алады. Тірі табиғат өкілдеріне қамқорлық жасайды.
Қыс туралы еске түсіріп, қыстайтын құстар туралы қараймыз (сурет бойынша әңгіме айтамыз).
Есік қағылып Дымбілмес келеді. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге қызық көрсетейін деп келдім. (Қолтығынан торғай алып шығады) Міне – торғай, жаңа ғана ұстап алдым. Сен құстарды ұстауға болмайтынын білмейсің бе? Қыстайтын құстарға тиіспей, оларға қамқор болу керек. Сенің қыстайтын құстар туралы білгің келе ме? Онда балалармен бірге отырып тыңда. Қарға – ворона, торғай-воробей. Құстардың ортақ қасиеті: қанаты бар, ұшады, тұмсығы бар, шоқиды.
Құстардың айырмашылығы: әртүрлі дауыстайды.


Құстардың пайдасы:олар ағаштарды зиянды жәндіктерден тазалайды.
Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық,
Қолымызды созайық.
Құсқа ұя жасайық,
Алдына жем шашайық.
Қарға құсап жорғалап,
Жемге тойып алайық.
Орнымыздан тұрайық,
Қане, қанат қағайық.
Жарайсыңдар балалар
Қимылдық ойын: торғайлар мен автомобильдер. Балалар сендерге ойын ұнадыма? Жарадыңдар, тамаша. Жарайсыңдар.
Қорытындалау. Біз нелер туралы әңгімеледік? Құстар
Қандай құстар? Құстап ақалатын құстар. Қандай құстарды білесіңдер?Балалар естерінде қалған құстарды атап береді. Қарға мен торғайлар. Жарайсыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет