Балалар өмірін ұйымдастыру және тәрбиелеуді жоспарлау циклограммасы «Балапан»


Музыка Музыка жетекшісінің жоспары бойынша 1. Дене шынықтыру



бет4/8
Дата20.06.2022
өлшемі222.56 Kb.
#174662
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ЦИКЛ 22 апта Қыстайтын құстар қаңтар
9 апта Жыл құстары дұрыс-1
2.Музыка
Музыка жетекшісінің жоспары бойынша


1. Дене шынықтыру
Тақырыбы: Құстарға жем шашайық Мақсаты: Балалар допты бастан асырып алысқа лақтыра алады. Допты алысқа лақтыру техникасын дағдыларын қайталайды. Допты лақтыруда алысқа дәлдей алады.
– Балалар, әдемі шеңбер жасап, доппен орындалатын жалпы дамыту жаттығуларын жасауға дайындалайық.
– Енді менімен бірге жаттығуларды жасаймыз!
1. "Допты қой" ойыны.
Бастапқы қалып аяқты алшақ қойып, допты оң қолмен ұстап тұру.
1 – екі қолды жан-жаққа созу, қайтадан допты алу.
2 – бір қолды алға созып, допты сол қолға ауыстыру.
екі қолды жан-жаққа созу
4 – бастапқы қалыпқа

келу (3 рет).


2. "Допты бер" ойыны.
Бастапқы қалып аяқты алшақ қойып, допты алдыда екі қолмен ұстап тұру.
1 – жерге отыру, допты жерге қою.
2 – бастапқы қалыпқа келу.
3 – жерге отыру, допты жерге қою.
2.2. Негізгі қимылды жаттығулар
"Допты қағып ал" жаттығуы.
Тәрбиеші бір не екі баланы өзіне қарай шақырып алады, қолына ұстаған допты балалар қағып алуы үшін оларға кезекпен лақтырады.
– Балалар, қазір допты қағып алуды үйренеміз. Мен допты екі қолыммен алып, алдыға қарай Мақсатқа лақтырамын. Міне, көрдіңдер ме? Допты сәл жоғары қарай лақтырамын, Мақсат допты қағып алады. Міне, осылай. Жарайсың! Мақсат допты қағып алды.
Ойын барысында педагог балаларды бір-бірден қойып, допты нұсқау бойынша лақтырады, әр бала допты екі қолымен ұстап қағып алады.
"Айман, алақаныңды көрсетші, допты қағып алуға дайын бол, Міне, менен допты қағып ал. Оп! Ұстап алдың!

Бәркелді!" деген сөздерді айтып, балаларға қолдау көрсетеді.


Тәрбиеші допты балалардан өзіне қарай кері лақтыртуды ұйымдастыра алады "Ал енді сен допты маған лақтыр. Мен саған лақтырғандай етіп лақтырасың. Мен қағып аламын. Лақтыр! Жарайсың!"
"Құс ұясы" қимылды ойыны
Педагог балаларды екі топқа бөліп, екі үлкен шеңбердің ішіне отырғызады. Педагог "Құстар ұшады" деген кезде балалар шеңберден шығып, қолдарын сермеп жүріп, жерге отырып, саусақтарымен тізелерін соғып, жерден дән жеп жатқандай кейіпке енеді. "Құстар ұяда" деген кезде балалар жүгіріп барып, шеңбердің ішіне кіреді. Тәрбиеші ойын кезінде балаларға бір-бірін итермеуін ескертеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет